Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

 

Орындалуы туралы ақпарат

1.     

Ауданда туризм саласын дамыту үшін нақты шаралар қабылдап, ұсыныс енгізу

2024 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

     Алдыңғы жылы Меркі ауданы аумағында спорт туризм оның ішінде альпинизм бағыты бойынша іс шара өткізілді.

     Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің  қатысуымен Меркі тау шатқалдарына 3 күндік экспедициялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде БАҚ көздерінде «Меркідегі мәңгі мұз» «Әулие көл» атты және т.б. мақалалар мен видеороликтер көрсетілді.

     Меркі тау шатқалында «Қасқасу» көпірінің маңында альпенистік база орналастыру үшін арнайы жер телімі анықталып, бүгінгі күнге аталған жер теліміне «халық паркі» мәртебесін беру мақсатында, тиісті құжаттар әзірленіп, техникалық экономикалық негіздеме экологиялық сараптамадан өтуде.

     А.ж. «Тараз-Туризм» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық тау гидтері қауымдастығы федерациясының (IFMGA) көмегімен тау гидтерін дайындау                  іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.

2.     

Көктемгі дала жұмыстарына қаржы институттарынан қосымша қаржы алу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізу

2024 жылдың наурызы

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

     Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы қаржыландыру қарастырылған. Бүгінгі күні Меркі ауданы бойынша 6 шаруа қожалықтан 632,5,0  млн теңге несие алуға өтінім беріліп, 5 шаруа қожалықтың өтінімдері мақұлданып, 4 шаруа қожалыққа 151,5 млн. теңге қаражат төленіп берілді, 1 шаруашылық төлемге шешім шыққанын күтуде.

3.     

Ауданға жеке инвесторларды тарту арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жүргізу 

 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

     2024 жылдың қорытындысымен 994,0 млн теңгеге 11 жоба іске асырылып, 35 жаңа жұмыс орны ашылды (көлік жуу, тжо, азық-түлік дүкендері, тойхана, сауда орталығы, спорттық сауықтыру кешені).

     2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,9 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 128,3% құрады.

     2025 жылға 31,6 млрд теңге инвестиция тарту межесі бекітілді. Бүгінгі күнге, жоспарға сәйкес 4,3 млрд теңгеге мемлекеттк бюджет есебінен (21 жоба), 6,6 млрд теңгеге ауылшаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар (14 жоба), 9,3 млрд теңгеге кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар (8 жоба), 3,8 млрд теңгеге туризм саласындағы инвестициялық жобаларды (5 жоба) жүзеге асыру жоспарлануда.

4.     

4.1. Ауданда жол мәселесіне қатысты (Меркі, Сарымолдаев, Т.Рысқұлов ауылдары) туындаған проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу, ЖСҚ әзірлеу.

 

 

 

 

 

4.2. Меркі-Бурылбайтал көлік дәлізі бойындағы жөнделген жолдың сапасына тексеру жүргізіп, өтініш білдірген азаматқа жазбаша ақпаратын жолдау(жол сапасын жақсарту бағытында қандай шаралар қабылданғандығы туралы)

(Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Б.Жақсылықбаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың
1 сәуірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың
4 наурызы

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» РКК (келісімі бойынша)

 

 

 

     Меркі ауданы аумағындағы Ә.Исмаилов, М.Маметова, Сарымолдаев көше жолдарын ағымды, орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар республикалық, облыстық мәндегі автомобиль жолдары бүгінгі таңға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

     Аталған мәселеге байланысты бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» 7-273 шқ. автомобиль жолының Меркі ауданы аумағы арқылы өтетін Iб - техникалық санаттағы  «Меркі-Шу» 7-90 шқ аралықтарында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының асфальт жабынының құрылымдық қабаты екі бөліктен тұрады: төменгі және жоғарғы қабаттары (нижний и верхний слой асфальтобетонного покрытия). Атап айтқанда 2023 жылы бірінші, яғни асфальтбетон жабынының төменгі қабатының құрылғысы толығымен аяқталып, ағымдағы жылғы сәуірден бастап Шу ауданынан Меркі ауданына дейін жоғарғы қабатының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Жол құрылысының сапасын анықтау мақсатында сынамалар алынып, анықталған кемшіліктер бойынша тұрақты түрде ұйғарымдар  «Жол активтерінің Сапа орталығы» тарапынан берілуде. Жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.

5.     

«Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алуға өтінім берген азаматтардың тиісті несиені алу үшін заң талаптары аясында жан-жақты қолдау көрсету, тұрғындардың табысын арттыру бағытында жұмысты белсендіру

 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК

 

     «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 бағыты бойынша  әр ауылдық округ әкімдері ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ауданымыздан жалпы 1,6 млрд. теңгеге 189 жобаға несие алуға ниет білдірді. 20.12.2024 жылғы «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының мәліметінде Меркі ауданында 572,9 млн. теңгені құрайтын 73 жоба толық құжаттарын өткізіп, қаржыландыруды күтуде. Оның ішінде,  бүгінгі күнге 139,8 млн. теңгеге 18 жоба қаржыландырылды (демалыс кешені, кондитерлік цех, саңырауқұлақ өсіру, ТЖО, робототехника кабинеті т.с.с).

6.     

Андас батыр ауылдық округі Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатын қажетті жиһаздармен қамтамасыз ету

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 
1 қыркүйегі

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

     2024 жылы Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатына мектеп жиһаздарын алуға 10,4 млн.теңге бөлініп, жиһаздар алынды.

 

7.     

Гранитогорск ауылындағы мектеп-интернатының жатақханасын күрделі жөндеу бойынша  ЖСҚ әзірлеу, бюджеттік өтінім енгізу

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 шілдесі

Облыс әкімдігінің құрылыс, білім басқармалары

     Қазіргі таңда интернаттың жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, жоба құны 370 млн теңгені құрауда. Жобалаушы «Baitau» ЖШС-гі, 15 шілде 2024 жылы №61 екі жақты келісім-шарт жасалған, шартқа сәйкес жобалау жұмыстарының құны 11 млн теңгені құраған. Алайда, жобалаушы тараптан келісім-шартқа сәйкес шарт талаптарын орындамауына байланысты, 2025 жылдың 06 қаңтары күні тапсырыс беруші тарапынан Түркістан облысы Шымкент қалалық аудан аралық мамандандырылған экономикалық сотына арыз талап шағымы берілген. Қазіргі таңда іс қаралуда.

8.     

Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы саябақты мемлекеттің меншігіне алу жұмысын аяқтау  (аудан әкімі Ж.Баубековтің тамыз айында аяқталады деген баяндамасы назарға алынсын). 

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың тамыз айы

Меркі ауданының әкімі

 

 

     Жамбыл ауылдық округіндегі  ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш жанындағы жерлер ҚР «Жер кодексінің» 84-бабына және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі №119 қаулысымен халықтың ортақ пайдаланатын паркін орналастыруға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару процесі басталған. Аудан әкімдігі ҚР Жер кодексінің 84-бабы, ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63, 64-баптарында көрсетілген, оның ішінде меншік иелеріне хабарлама және шарт жобасын тапсыру жөніндегі барлық әрекеттерді қабылдаған.

     Меншік иелерінің жер  учаскелеріне тәуелсіз бағалаушы тарапынан есептеу жүргізіліп, бір меншік иесі жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Алайда екінші меншік иесі Л.Абитаева жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт талаптары бойынша келіспегендіктен, аудан әкімі жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мақсатында талап қоюмен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

     Барлық сатыдағы сот процестері аудан әкімінің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюын қанағаттандырып, сот сарапшысының 25.09.2024 жылғы қорытындысымен жер учаскесінің нарықтық құны  14 684 689 (он төрт миллион алты жүз сексен төрт мың алты жүз сексен тоғыз) теңге өтеу мөлшері айқындалған.

     Бүгінгі күнге жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, меншік иесіне жер учаскесінің нарықтық құны өтелетін болады.

9.     

Аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесі мәселелерін заңнама талаптары аясында шешу және тиісті бюджеттік өтінімдерді енгізу, бұдан бұрын салынған кәріз жүйесінің заңдылығын тексеру

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

Ауруханадағы медициналық қалдықтардың заңда көзделген орындарға шығарылу мәселесін шешу

(Қ.Илиповтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

      06.05.2024 жылы келісім-шарт жасалынып, ЖСҚ әзірленді. (нысанның жұмыс жобасы 2024 жылдың 12 қыркүйегі №990240002176/240228/00 шарт негізінде мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылды).

     Алайды, сараптаманың қорытындысы 2024 жылы дайын болмауына байланысты, мемлекеттік сараптама тарапынан ЖСҚ қайта толықтырылып, пысықтауға жіберілді.

     А.ж. жобаны толықтыру және пысықтау жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтуге қайта ұсынылып (Сараптамадан өту үшін 2025 жылдың 21 қаңтарында №1-0095 келісім-шарт жасалынды), 2 сәуірде теріс қорытынды шықты.

     Мәселені шешу үшін, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы «Эйкос» ЖШС-мен байланыс орнатылды («Эйкос» ЖШС технологиялық схемаларды әзірлеу, жабдықтарды жобалау және өз зауытында дайындау, өнеркәсіптік және коммуналдық сарқынды суларды тазарту жөніндегі кешендерді жинақтау, монтаждау және пайдалануға беру, т.б. жүзеге асыратын ұйым).

     Сәуір айында «Эйкос» ЖШС-нің өкілдері орталық аурухананың сүзу алаңының жағдайымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге жабдықтар мен жүргізілетін жұмыс көлемі есептелуде.

     Медициналық қауіпті қалдықтарды шығару және жою/өртеу/көміп тастау үшін аурухана мен «ЭКО РБК» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу порталында 2024 жылдың 8 қаңтарында №1 келісім-шарты жасалған. Медициналық қауіпті емес қалдықтарды шығару үшін аурухана мен «ЭКО Групп» ЖК арасында мемлекеттік сатып алу порталында 2024 жылдың 17 қаңтарында №21 келісім-шарт жасалған, жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда.

10.  

Меркі ауылының кәріз жүйесінің құрылысы бойынша бюджеттік өтінім енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау) Орындалмау қаупі бар

 

 

     Меркі ауданының кәріз тазарту құрылыстарын салу» жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме «Регион-Сервис KZ» ЖШС-мен 26,9 млн. теңгеге келісімшарт жасалды. Жобалау жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. 2024 жылы жобалау тапсырмасына өзгерістер енгізіліп, қосымша тапсырмалар берілді. Жобалау жұмыстары жүруде. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.

11.  

Интернет желісінің елдімекендерде қолжетімділігіне талдау жүргізіп, мобильді операторлар басшыларымен кеңес өткізу

2024 жылдың

7 наурызы

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы (жинақтау), аудан әкімдері және Тараз қаласының әкімі

 

 

ЖКХ

      Ағымдағы жылдың 29 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен мобильді байланыс операторлар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында байланыс операторлар өкілдеріне «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енген облыстың елді мекендерін сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілді.

     Елді мекендерде жүргізілген талдау нәтижесі:

     Бүгінгі таңда 367 елді мекеннің 51-і (13,89%) – 2G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.

Байзақ ауданы – 3 елді мекен (Қайнар рзд., Жаңатұрмыс, Көкөзек);

Жамбыл ауданы – 3 елді мекен (Әулиекөл, Қостөбе, Еңбек);

Жуалы ауданы – 9 елді мекен (Қазбастау рзд., Ақтоған, Шақпақ ст., Күркіреусу ст., Әбдіқадыр, Майбұлақ, Амансай, Қаратас, Жүрімбай);

Қордай ауданы – 4 елді мекен (Көкадыр, Күнбатыс 1, Алға, Қалғұты);

Меркі ауданы – 10 елді мекен (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық, Қайыңдысай, Аққайнар, Аралқыстақ, Қазақдихан, Талдыбұлақ);

Мойынқұм ауданы – 1 елді мекен (Ұланбел);

Сарысу ауданы – 8 елді мекен (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала, Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы, Шығанақ, Жайлаукөл, Арыстанды);

Талас ауданы – 1 елді мекен (Ақтөбе);

Т.Рысқұлов ауданы – 12 елді мекен (Құмарық ст., Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе, Қорағаты ст., Мамай-Қайыңды, Алғабас, Тасшолақ, Көкарық, Қарақат);

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында мобильді операторлардың жоспарына сәйкес 2024 жылы 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

 

№

Байланыс операторы

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Билайн

Байзақ

2 (Жаңатұрмыс, Көкөзек)

2

Билайн

Жуалы

2 (Қаратас, Жүрімбай)

3

Билайн

Қордай

4 (Көкадыр, Күнбатыс 1, Қалғұты, Алға)

4

Теле2/Алтел

Жуалы

2 (Шақпақ ст., Күркіреусу ст.)

5

Теле2/Алтел

Меркі

5 (Қайыңдысай, Аққайнар, Қазақдихан, Талдыбұлақ, Аралқыстақ)

6

Теле2/Алтел

Т.Рысқұлов

3 (Қорағаты ст., Тасшолақ, Көкарық)

7

Кселл

Т.Рысқұлов

3 (Алғабас, Қарақат, Құмарық ст.)

8

Кселл

Сарысу

3 (Шығанақ, Жайлаукөл, Арыстанды)

9

Кселл

Мойынқұм

1 (Ұланбел)

ЖАЛПЫ

 25 ЕМ

 

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында жергілікті атқарушы орган есебінен антенна-діңгек құрылысымен және электр желісімен қамтамасыз еткен жағдайда 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

№

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Байзақ

1 (Қайнар рзд.)

2

Жамбыл

1 (Әулиекөл)

3

Жуалы

5 (Қазбастау рзд., Ақтоған, Әбдіқадыр, Майбұлақ, Амансай)

4

Меркі

5 (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық)

5

Т.Рысқұлов

5 (Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе)

6

Сарысу

5 (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы)

7

Талас

1 (Ақтөбе)

ЖАЛПЫ

23 ЕМ

12.  

Ақарал ауылында интернеттің қуатын арттыру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы өтініш иесіне жазбаша ақпарат жолдау

2024 жылдың

7 наурызы

Меркі ауданының әкімі

 

 

     Ағымдағы жылдың 29 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен мобильді байланыс операторлар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында байланыс операторлар өкілдеріне «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енген облыстың елді мекендерін сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілді.

     Бүгінгі таңда Меркі ауданы аумағында 8 елді мекен (Меркі шипажайы, Қазақ Дихан, Талдыбұлақ, Арал Қыстақ, Гранитогорск, Аққайнар, Қайындысай, Ойтал); мобильді операторлардың жоспарына сәйкес 2025 жылы 4G мобильді байланысымен қамтамасыз ету жоспарланған.

 

13.  

Ақарал ауылы маңынан өтетін жол бойынан жаяу жүргіншілер үшін жол салу (тротуар) мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

 

 

     2024 жылы Ақарал ауылы Асубай көшесінің солтүстік жақ бетіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға ЖСҚ жасалып, бюджеттік өтінім ұсынылған. Алайда бюджет тапшылығы себебінен колдау таппады. 2025 жылға бюджеттік өтінім қайта берілетін болады.

14.  

Ақарал ауылындағы дәрігерлік пунктке жаңа жедел-жәрдем көлігінің берілуін шешу (бұрынғы көліктің жарамдылығын тексеру)

 

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Меркі ауданының әкімі

 

     24.01.2024 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің КММ-не жалпы соммасы 28 392 857, 14 теңгені құрайтын 2 дана «Lada Niva travel» медициналық қызмет маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға №372613 өтінім келісуге жіберілді. 11.03.2024 жылы аталған ұйым өтінімді растады. 20.03.2024 ж. №11903318-1 лоты бойынша ашық конкурс жарияланды. Ашық конкурстың аяқталу мерзімі 04.04.2024 ж. Конкурсқа қатысушы болмағандықтан, аталған конкурстың күші жойылған. 10.07.2024 ж. Жамбыл облысы денсаулық басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2 дана «Lada Niva travel» медициналық қызмет маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қайта хабарлама берілген. Бұл автомобильдерді сатып алу Ақарал ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ашық конкурс ойнатылып келісім шарт жасалынып, «LADA NIVA Travel» жедел жәрдем көлігі дәрігерлік амбулаторияға берілді.

15.  

«Ауыл аманаты» жобасы аясында («Тәтті 24» шаруа қожалығы) ауыл шаруашылығы техникаларын алу барысында туындаған мәселелерді  заң талаптарына сәйкес шешу

(Б.Шайхыбековтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 мамыры

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     «Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 бағыты бойынша әр ауылдық округ әкімдері ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ауданымыздан жалпы 1,6 млрд. теңгеге 189 жобаға несие алуға ниет білдірді. 20.12.2024 жылғы «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының мәліметінде Меркі ауданында 572,9 млн. теңгені құрайтын 73 жоба толық құжаттарын өткізіп, қаржыландыруды күтуде. Оның ішінде, бүгінгі күнге 139,8 млн. теңгеге 18 жоба қаржыландырылды (демалыс кешені, кондитерлік цех, саңырауқұлақ өсіру, ТЖО, робототехника кабинеті т.с.с).

16.  

Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу мәселесі үшін бюджеттік өтінім беру

ЖСҚ әзірленген мемлекеттік сараптамаға ұсынылған

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

маусымы

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

ЖКХ

 

     Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Мемсараптама» РМК мекемесінен он қорытындысы алынып, 2025 жылға облыстық бюджеттен 150,0 млн.теңге, ал қалған 347,7 млн.теңге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер анықталды.

Мердігер: «Меркі жолдары» ЖШС келісім шарт құны 457,8 млн.теңге.

     Техникалық қадағалаушы: "Сапа Құрылыс Инжиниринг 2016" ЖШС келісім шарт құны 11,5 млн.теңге.

Жобалаушы: "CRB Construction" ЖШС келісім шарт құны 2,0 млн.теңге.

Жұмыстың басталуы: 01.05.2025 жыл

Жұмыстың аяқталуы: 01.09.2025 жыл

17.  

Аудандық орталық ауруханаға халық кіру үшін батыс беткейдегі есікті ашып беру мәселесін зерделеп, жауабын өтініш иесіне жолдау

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі аудандық орталық ауруханасы ғимаратының бір бөлігін литер А қабылдау бөлімінің құрылысымен қайта жаңарту жүргізілуіне байланысты қабылдау бөлімі батыс беткейге көшірілді. Аурухана аумағындағы батыс беткейдегі есік қабылдау бөліміне келушілерге ыңғайлы болу үшін тәулік бойы ашылды.

18.  

Мүгедектерге бөлінетін коммуналдық, санаторлық жеңілдіктер және гемодиализге тасу мәселесі бойынша өтініш берушіге нақты жауап берілсін.

(Ақарал ауылынан С.Бегасиловтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

Денсаулық

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес BB Diacare Kazakhstan амбулаториялық гемодиализ орталығында ем қабылдайды.
2023 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге ТМККК шеңберінде көрсетілетін гемодиализ қызметтеріне тарифтерді қайта қарауға қатысты сұрау салуды жариялады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салуды қарап, жан-жақты талдау жүргізіп, қолданыстағы тарифті сақтау туралы шешім қабылдады. Мәселен, ҚР ДСМ  және гемодиализ орталықтары қауымдастықтарының өкілдері гемодиализ қызметтерін алатын науқастарды тасымалдаумен және тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қосу қажеттігі туралы мәлімдеді. Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыс органы пациенттерді көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің, сондай-ақ гемодиализ қызметтерін алатын пациенттерді тамақтандырумен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізді; пациенттерді гемодиализ қызметтеріне тасымалдауға арналған шығыстарды тарифтерге қосу және кейіннен қаржыландыру орынды емес. Пациенттерде I топтағы мүгедектік болған жағдайларда көлікпен қамтамасыз ету және сүйемелдеуді әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады.

     Сонымен қатар, гемодиализ қызметтерін көрсететін пациенттерді тамақтандыру мәселесіне қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қажет, оң шешім қабылданған жағдайда мәселені республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылды.

Мәселе бойынша ақпарат Меркі аудандық орталық ауруханасы тарапынан өтініш иесі С.Бегасиловқа жолданды (16.04.2024 ж. №1101)

19.  

Суретші, гобеленші, Бәтима Заурбековаға «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру және облыста суретшінің көрмесін ашу мәселелері туралы

(Ш.Мамасерікованың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Облыс әкімі аппараты,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

     Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ақпаратына сәйкес суретші, гобеленші Бәтима Заурбековаға Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде арнайы экспозиция жасақталған, экспозицияға суретшінің суреттері мен еңбектері қойылған. «Облыстың Құрметті азаматы» атағы берілген жағдайда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналасқан «Жамбыл облысының құрметті азаматтары» интерактивті тақтасына цифрлық ақпараты енгізілетін болады. Б.Заурбекованың көрмесін Тараз қаласында ұйымдастыру 2024 жылдың жылдық жоспарында жоқ, алдағы уақытта ұйымдастырып, өткізу бойынша ұсыныс берілетін болады.

20.  

Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен (ірі, орта, шағын) «Меркі қанты» ЖШС базасында кездесу өткізу.

Қызылша егетін шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету

 

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

     Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Тамабектің және қант қызылшасын өсірушілер ассоциясының төрағасы С.Манаповтың және Меркі қант зауыты ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен қант қызылшасын егетін шаруашылықтармен кездесу өткізілді. Меркі ауданы бойынша 2024 жылдың өніміне 2 700 гектар қант қызылшасын 114 шаруа қожалығы егеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруашылықтар ТОО «СНEK POINT», TOO «EXPLANTA», TOO «AGRO TIMES» тұқым жеткізуші компанияларымен келісімшарт жасалды. Аталған егістік жерге 4050 себу бірлік қант қызылшасы тұқымымен шаруалар қамтамасыз етілді.

21.  

Мойынқұм ауданының 2023 жылғы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларына өтемақы беру мәселесін қарастыру

 

Ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидиялар мәселесі туралы өтініш иесіне хабарлау

(М. Татиевтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

     Жамбыл облысында қалыптасқан қуаңшылық жағдайына байланысты 2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің №131-р «Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» өкімімен 6 ауданда (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас) табиғи төтенше жағдай жарияланды. Осы орын алған жағдайға байланысты зардап шеккен 358 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келтірілген шығынды өтеп беру үшін 2023 жылғы 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №834 Қаулысымен төтенше резервінен 2,8 млрд теңге қаражат төленді.

Мойынқұм ауданы әкімдігі тарапынан өңірде төтенше жағдай жариялануы туралы облыстық әкімдікке ұсыныс хат түскен жоқ. Сондықтан Мойынқұм ауданының шаруаларына өтемақы беруге мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, М.Татиевке ауыл шаруашылығы саласында берілетін субсидиялар туралы түсіндірілді (Мыңжасар Татиев Мойынқұм ауданының тұрғыны)

22.  

Кеңес ауылына спорт кешенін салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Б.Байдәулетов Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

Демеушілердің көмегімен Кеңес ауылына спорт кешенін салу бойынша жер телімі бөлініп қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 2025 жылға бітіру жоспарлануда. Алдағы уақытта Спорт кешенін мемлекеттік меншікке алу жұмыстары қарастырылатын болады.

23.  

Кеңес ауылы маңындағы су қойманы тереңдету мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Меркі ауданының әкімі,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

     Кеңес ауылындағы «Кеңес-4» су бөгетін тереңдету және су лақтыру құрылғыларына (шлюз) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, меншік иесі «Жамбыл су қоймалары» мемлекеттік мекемесі тарапынан 12 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда конкурс жарияланған. Жөндеу жұмыстарын маусым айында жүргізу жоспарланған.

24.  

«Жақсылық» шаруа қожалығының жерін егістік жерден суармалы бағытқа ауыстырудың заңдылығын қарап, өтініш иесіне жауап жолдау

(Бағдат Алагөзовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 15 наурызы

 

Облыс әкімдігінің жер басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Ақтоған ауылының тұрғыны Асқар Алакөзовке тәлімдік егістік жерін суармалы егістік алқап түріне ауыстыру бойынша заң талаптары түсіндірілді. ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес,  аудан әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі  №127, 128 қаулыларына сәйкес 150 гектар тәлімді егістік жер учаскелері суармалы егістік алқап түріне ауыстырылды.

25.  

Жамбыл, Меркі, Ойтал ауылдық округтеріне жаңадан ауыз су жүйесін жүргізу мәселесін қарастыру

(Б.Жылысбаевтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

 

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

     Жамбыл ауылының ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мақсатында 2024 жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынды. А.ж. РБ 300 млн теңге, ОБ 33 млн теңге қаражат бөлініп, облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдері (конкурс) жүргізіліп, мердігер анықталуда.

Меркі және Ойтал ауылдарының ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, оң сараптама қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыру мақсатында облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды. Басқарма тарапынан салалық министрлікке өтінім жолданып, қаржыландырылуы күтілуде.

26.  

Ауданға айналма жол салу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 шілдесі

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі ауданы аумағындағы  орын алған жол көлік оқиғалары бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, аудандық мәндегі Қырғызстан республикасына батыстан кірме жолында (7,7шқ) автомобиль жолында көлік көп жүру себебінен ЖКО оқиғасы жиі орын алуда және айналма қосымша жолдар болмауына байланысты.

     Аталған  жолда жол көлік оқиғасы жиі болуына байланысты адам өмірін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,  Қырғызстан республикасына батыстан кірме жолына қосымша айналма жол қажеттігі туындап отыр.

     Бүгінгі таңға аудан тұрғындардың наразылығы жиі туындауда, қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі белгілі және ауданның әлеуметтік экономикасына кері әсер етуі сөзсіз екендігі анық.

     Осыған байланысты 2020 жылы техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, 4,5 шақырым, ені 7 метр және көлік көпір қажеттілігі бар.

Жоба құны бүгінгі нарық құнымен шамамен 5,1 млрд. теңге құрайды.

27.  

Тараз қаласындағы «ТарМУ» өңірлік университеті базасында жол саласы мамандарын оқытатын факультет ашу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі  

 

«ТарМУ» өңірлік университеті (келісімі бойынша)

     Жол саласы мамандарын дайындау 6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында жүргізіледі (Мемлекеттік лицензия 27.07.2020 ж. №KZ19LAA00018483, куәліктің жарамды мерзімі 28.03.2029 ж. дейін). Осы сала бойынша мамандар жетіспеушілігіне байланысты 01.03.2024 ж. «Автомобиль жолдары» комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерімен бірлескен  ұйымдасқан «онлайн» жиналыс өткізіліп, жол саласы мамандарының тапшылығы туралы көптеген мәселелер қозғалды. 6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы В074 – «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалар тобының ішіндегі бір мамандандырылуы болғандықтан осы  білім беру бағдарламасына соңғы екі жылда талапкерлер оқуға қызығушылығы төмен.

28.  

Ауданның орталық көшесін кеңейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алып бюджеттік өтінім тапсырсын

 

2024 жылдың 1 маусым

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Меркі ауданы аумағында орналасқан орталық көше Ә. Исмаилов автомобиль жолындағы көлік кептелісін жою, сапалы жолмен қамту және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, көше жолына жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2024 жылдың 15 тамыз күні мемлекеттік сараптамасынан оң қорытындысы алынды. 

Жобалау сметалық құжатаманың жалпы құны 4 млрд. 299 млн. теңге, ал жолдың ұзындығы 7,7 шақырым, ені 14 метр құрайды.

 

29.  

Аудан тұрғындарына тұтынатын электр энергия тарифінің қымбаттауына байланысты аудандағы «бірыңғай операторды» қайта қарап, жергілікті электр энергиясын өндіруші компания басшыларымен кездесу өткізіп, мәселені заңнама аясында шешу

(Б.Рахымбаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-і (келісімі бойынша)

     Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жедел жою мақсатында министрлік электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін әзірледі. Осыған орай 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 «Электр энергетикасы туралы» Заңына (әрі қарай - Заң) біршама өзгерістер енгізілген. Оның ішінде, Заңның 1-бабының 2-2)-тармақшасына сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы деген ұғым пайда болды, яғни бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға. Осы орайда «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №212 бұйрығына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы» ЖШС («ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС) - ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы анықталды. Енді көтерме нарықта тұтынушылар нақты тұтыну үшін емес, жүйелік оператордың тәуіліктік кестесіне енгізілген келісімшартталған жеткізілімдердің жоспарлы мәндері үшін төлейді. Егер бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жергілікті станциялармен тікелей жеткізу туралы шарттар жасаса, енді өндірушілермен бірыңғай сатып алушы жұмыс істейтін болады, содан кейін ол осы электр энергиясын жеткізуші ұйымдарға орташа бағамен сататын болады. Сонымен қатар, сауда-саттық нақты уақыт режимінде өтеді, баға кестесі сағат сайын қалыптасады. Бірыңғай сатып алушы бір жағынан энергия өндіруші компаниялар, екінші жағынан – энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасында делдал рөлін атқарады. Нарық моделінің осы өзгерістері энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікті, электр энергиясының тапшылығын сондай-ақ бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жоюға мүмкіндік береді. Бірыңғай сатып алушы бойынша қабылданған заң шеңберінде бірыңғай сатып алушының тұтынушыларға атаулы қолдау көрсету функциясы бар. Бірыңғай сатып алушыны енгізе отырып, энергиямен жабдықтаушы – жеткізушілерге кепілдік беретін ұйымдар үшін әлеуметтік шиеленіс болмауы үшін атаулы қолдау көрсетілді. Өз кезегінде, бірыңғай сатып алушы электр энергиясын келісімшарт жасасу арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері сатады. Осы орайда аталған мәселені түсіндіру мақсатында Меркі ауданындағы тұтынушыларға және электр энергиясын өндіретін гидроэлектростанция басшыларымен, ҚР Энергетика вице-министрі Ж.Д.Нұрмағанбетовтің, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының, Меркі ауданы әкімдігінің және «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС басшыларының қатысуы мен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

30.  

Сарымолдаев ауылындағы №9 колледжге 120 орындық жатақхана салу мәселесін пысықтау

(М.Жұматаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Меркі ауданының әкімі

     Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес Меркі ауданындағы №9 колледжінің 100 орындық жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 28,369 млн. теңге қаржы бөлінді. Жобалаушы мекеме - «СуҚұрылысПроект» ЖШС мен облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арасында келісімшарт жасалып (01.04.2023 ж. №52/24), қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

31.  

77, 32 га алқаптарындағы инфрақұрылымды аяқтауға тиісті қаражат мәселесін шешу

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау

құрылыс басқармалары Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылындағы 32 га, 77 га тұрғын үй алқаптарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (сумен жабдықтау) нысанын аяқтауға қажетті 93,0 млн. тг. 2024 жылға бөлінді. Құрылыс монтаж жұмыстары 11.06.2024 ж. аяқталды.

 

32.  

Сарымолдаев ауылындағы «ZETA» ЖШС-не электр бағаналарын мемлекеттік бағдарламалардың қаржыландыру тетіктерін пайдалана отырып қаржыландыру мәселесін қарастыру

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

     «ZETA» ЖШС-нің басшыларымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда «ZETA» ЖШС-нің өндіріс цехтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар 0,5 мгВт электр қуаты жүргізілді.

33.  

Кадр тапшылығы мәселесін толыққанды шешу үшін, келіп жатқан мамандарға, әсіресе жастарға әлеуметтік қолдау көрсету («Дипломмен ауылға» жобасының құралдарын пайдалану)

 

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

      Дипломмен ауылға бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті салалар бойынша  2024 жылға арналған аудан әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №487 қаулысымен сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылды. Бүгінгі күнге 19 маманға 7 014 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді.

34.  

Дәрігерлік амбулатория және спорт нысандары жоқ елді мекендерге тиісті нысандар құрылысын жүргізу мәселелерін пысықтау, бюджеттік өтінімдер әзірлеу.

Білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануын ұйымдастыру

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары

     Меркі ауданы білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелерінің спорт залдары ауыл тұрғындарына қолжетімді. Әр ауылдық округтің әкімі мен мектеп басшыларының қолжетімділік кестесі бекітіліп, күнделікті кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейінгі мезгілде ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына беріледі.

35.  

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

     Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 105 өтініш түсіп, толық жауап берілді. Әлеуметтік желілерде тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тұрғындар көтерген мәселелер дер кезінде бақылауға алынады және тұрғындардың сауалдарына сапалы әрі мерзімінде жауап беріледі. Сондай-ақ, облыс әкімі мен облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына Меркі ауданы тұрғындарынан 23 сұрақ түсіп, барлығына жауап берілді. Ал, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына 82 сұрақ түсіп, тиісті жауаптары берілді.

 

 

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
25 апреля 2025