Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Сарыөзек және Жаңакәрітоған каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-тоқсан

Сарысу ауданының әкімі

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалы «Ислам даму банк»-не қаржыландыруға ұсынылған 10 каналды жөндеуден өткізу жобасы қолдау тапты (жоба құны 11 млрд. тг).

10 каналдың ішінде «Сарыөзек» және «Жаңа Кәрітоған» каналдары бар. «Сарыөзек» пен «Дюкер» каналдары және «Жаңа Кәрітоған» мен «Ескі Кәрітоған» каналдарының жобалары біріктірілген. Аталған каналдарды жөндеуге қарастырылған жоба құны 3,5 млрд. теңгені құрайды.

Жұмыстар биылғы жылдың вегетациялық кезеңі аяқталған соң басталуы тиіс. Мәселе тұрақты бақылауда.

2.

Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде ангар типтегі спорт кешендерінің құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-жартыжылдық

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылға облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сарысу ауданы бойынша Жаңатас қаласындағы Дегерес елді мекеніне, Ә.Бүркітбаев және Ұ.Сыздықбай елді мекендеріне ангар типтегі спорт зал құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім берілген болатын.

2025 жылға Жаңатас қаласында соғылатын спорт кешені жобаның қаржыландыруы қолдау тапты. Жобаның жалпы құны 582,0 млн. теңгені құрайды. Ә.Бүркітбаев және Ұ.Сыздықбай елді мекендерінде жобаны іске асыруға қаржыландыру кейінге қалдырылды.

3.

Жаңаталап ауылдық округінде бокс және күрес үйірмелерін ашуды ұйымдастыру

 

2024 ж.
қаңтар

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Жаңаталап ауылдық округінде бокс және күрес үйірмелері ашылды. Қазіргі таңда аталған үйірмеде 2 тренер жұмыс жасауда, үйірмелерге 75 оқушы қатысуда. 

 

4.

Аудан орталығында жаңа аурухана құрылысын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну

2024 ж.

І-тоқсан

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау),

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

Сарысу аудандық орталық ауруханасына жаңа аурухана ғимаратын салуға облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жобалық  сметалық құжаттамасына 66,0 млн. теңге қаражат бөлуге облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім берілген. Жалпы жаңа аурухана құрылысы жобасының құны  30,0 млрд. теңгеге жуық болады деп күтілуде.

5.

Аудандық орталық аурухананың лифтін қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру

 

 

 

2024 ж.

ІІ-тоқсан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жылы орталық аурухананың бөлімшелері орналасқан екі ғимаратқа жедел сатылар (лифт) орнатылыды, қазіргі таңда толық іске қосылып, жұмыс жасауда.

 

6.

«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның техникалық су сақтайтын резервуарын жаңарту үшін жаңа құралдарды (РВС - 2000 м.куб) алу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-тоқсан

Сарысу ауданының әкімі

Қалалық қазандыққа 1976-1978 жылдары орнатылған сиымдылығы РВС-2000 м.куб техникалық су сақтайтын темір резевуарды ауыстыру үшін  2024 жылы жоба 146,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, 2000 м.кубтық су сақтайтын резервуар сатып алынды. Қазіргі таңда «Жаңатас Су-Жылу» КМК пайдаланылуда.

7.

«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу бойынша 2024 жылға бюджеттік өтінімдер ұсыну

 

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Тиісті мекемеге электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу облыстық бюджеттен 2024 жылға 230,5 млн.теңге қаржы қаралды.  Нәтижесінде,      4 дана электр  қуатын өндіретін генератор сатып алынып, пайдалануға берілді. Аталған генераторлар тек авариялық жағдайларда қолданылады.

 

8.

«ЕвроХим» МХК құрылысының 2-ші кезеңін жоспарға сәйкес аяқтауды қатаң бақылауда ұстау

Тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

«ЕвроХим» МХК II кезең - тұз қышқылының ыдырауының инновациялық технологиясын қолдана отырып, минералды тыңайтқыштар мен фосфориттерден жасалған өнеркәсіптік өнімдерді шығаратын химиялық зауыт. Іске асыру мерзімі 2022 - 2026 жылдар. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын аяқтау 2025 жылдың 4 тоқсанында жоспарланып отыр. Өндірістік қуаты жылына кемінде 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер. Жұмыс орындары, құрылыс сатысында 2000-ға дейін жұмыс орны, сондай-ақ пайдалану сатысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орны құрылады. Қосымша сервистік кәсіпорындарда (аутсорсинг) жұмыс орындары құрылады.

Бас мердігер - химия саласындағы жобаларға маманданған "CNCEC" (Chinese National Chemical Engineering Company) ірі қытай құрылыс-инжинирингтік компаниясы.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге химиялық кешен объектілерінің тік орналасу (планировка) аяқталды, арматуралық болаттан жасалған 1 770 тонна қаңқа орнатылды, 8 000 текше метр бетон құйылды, ауданы 6 800 ш. м. дейінгі іргетастарды гидрооқшаулау орындалды,бетон-ерітінді торабы орнатылды, мердігер қызметкерлерінің тұруы үшін ғимараттар салынуда.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰК " АҚ-мен 500 мың тонна күкірт қышқылын сатып алу ниеті туралы келісім жасалуда.

 

9.

«ЕвроХим» МХК-нің заңды тіркеуін Алматы қаласынан Жаңатас қаласына ауыстыру мәселесі бойынша салықтық және басқа да түсімдер мен төлемдерге тиісті зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу

 

2023 ж.
10 желтоқсан

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша),

Сарысу ауданының әкімі

 

Бұл туралы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры И. Георгадиге «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС кәсіпорны Жамбыл облысы Сарысу ауданында қызмет жүргізуіне байланысты, Сарысу ауданындағы жер қойнауын пайдаланушы ретінде заңды мекен-жайын Сарысу ауданына қайта тіркеу туралы ресми хат ұсынылды. Аталған кәсіпорын заңды мекен жайын Сарысу ауданына ауыстырған жағдайда қаржылай және кадрлар тапшылығына ұшырауы мүмкіндігін хабарлайды.

 

10.

Ауданда жайылым жерлерді кеңейту жұмыстарын жандандыру

 

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 639,1 мың га, оның ішінде жайылым – 532,7 мың га, шабындық – 34,1 мың га, бөгде жерлер – 47,4 мың га, егістік – 24,7 мың га және көпжылдық екпелер – 157 га құрайды. Шаруаларға жайылымдық жерлер конкурс арқылы кедергісіз берілуде. 2023 жылы  3 конкурс ұйымдастырылды, өткен конкурста  42 жер, 39 302,0 га   жер учаскесі айналымға енгізілді,оның 38 917,0 га жайылым, 327,0 га егістік (оның суармалы 61 га), 66 га шабындық.

2021 жылы аудан бойынша 49,4 мың га жайылым жер елді мекен жерлеріне бекітіліп берілсе, 2022 жылы 65,0 мың га жер бекітіліп берілді.Елді мекен жерлері 72470 га дан 182470 га ұлғайды.

Бүгінгі таңда аудандағы елді мекен  жайылымы 174,6 мың гектарды құрап, жайылым жетіспеушілігі жоқ.

11.

Ауданда іске асырылып жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінде және сапалы атқарылуын қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

2024 жылы қолдау тапқан ірі 19 жоба  10 955,4 млн.тг қолдау тауып, толық құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның ішінде:

- 14 ауылдық елді мекендерге газ құбырларын тарту; 

- Кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін су тартқышты салу;

- «Жаңатас–Су-Жылу» КМК орталық қазандығын газға ауыстыру;

- 2 шағын аудан №32 (90 пәтер) көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары;

- Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу;

- Саудакент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту;

- Өндіріс ауылындағы Отарбаев мектебін күрделі жөндеу;

- Тоғызкент ауылындағы Т.Аубакиров (0,320 км) және Есмырза (1,150 км) көшелерінің жол жабындысын орташа жөндеу;

- Жанаталап (0-2,6км), Тоғызкент (0,73км) кіре беріс жолдарын жөндеу;

- Жаңатас қаласындағы 12 көпқабатты тұрғын үйді модернизациялау;

- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу;

- Жанатас қаласындағы жылу жүйесін жөндеу;

- Жаңатас қаласындағы Абай орта мектебін күрделі жөндеу;

- Жаңатас қаласы Құрылысша масивіне (Строитель, Горняк, Фосфарит) су құбыры желілерінің құрылысын салу;

- Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту (аяқтау);

-Шығанақ ауылындағы Серікбаев көшесін орта жөндеу;

- Кіші Көкдала ауылына КБМ сатып алу.

12.

Аудандағы сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүйелі түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп, үстеме бағасының заң талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 18 сәуір 2025 жылғы №1-19/128 нөмірлі шығыс хаты  Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерге жолданды. Хатта ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №20-04-21/127-и хатындағы ӘМАТ тауарларына шекті сауда үстемесін сақтау жөнінде жаңартылған жадынамаларын жолдап, сауда субъектілері мен базарларға, сауда желілеріне және «үйдің жанындағы» дүкендердің көрнекті орындарына (кассалық бақылау машинасының жанына) орнату туралы сұратылған. Жадынама таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халыққа ақпарат ретінде әлеуметтік желілерде  (инстаграм, фейсбук) ақпараттар тұрақты жариялануда. Сауда үстемақысын 15%-дан асырмау жөнінде ескерту жадынамалары аудандық «Сарысу» газетіне ұсынылды.

Жергілікті сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша өндірушілер және тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Ауданда халыққа 613 кәсіпкерлік нысан (Жаңатас қ. - 478, а/о - 135) қызмет көрсетуде.

Аудан көлемінде 166 азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын сауда нүктелері аудан халқына қызмет көрсетуде. Оның ішінде Жаңатас қаласында 98-і орналасса, қалған 68-і ауылдық округтерде жұмыс жасауда.

Халыққа қажетті азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында әр сенбі күні Жаңатас қаласының орталық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. 2025 жылы 16 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2025 жылдың 20-21 ақпан күндері ЖК «Сағындықова» кіші жәрмеңке ұйымдастыру арқылы өз қаражатынан Жаңатас қаласы мен Байқадам ауылдық округтерінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмендетілген бағамен аудан тұрғындарына ұсынылды.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Байқадам ауылдық округінде орналасқан Самұрық, Марат, Саудакент және Сұлтан азық-түлік дүкендеріне ӘҚбтК 204 бабына сәйкес, ескерту түрінде шара қолданылған (2023 жылы 1 дүкенге айыппұл салынды), және 1 жылдың ішінде қайта тексеруге жататын болғандықтан ағымдағы жылдың 8 сәуір күні сауда департаменті тарапынан зерделенді.

13.

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларға өндіріс кезеңіндегі мамандар қажеттілігін анықтап, колледждерде сұранысқа ие болған мамандықтар бойынша оқытуды қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Ауданда жұмыссыз ретінде 1 048 адам тіркелген. Бүгінгі таңға, дейін жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың ішінде «ЕвроХим», «Казфосфат», «Жаңатас ЖЭС» және т.б. кәсіпорындарына жұмысқа түрғандар жоқ.

Жалпы ауданда 2 колледж  бар, олар:

1) «Жаңатас көпсалалы колледжінде» 12 мамандық және 18 біліктілік курстары бойынша 492 студент білім алады. Колледж тарапынан аудандағы барлық кәсіпорындармен 3 жақты меморандум жасалған. Бүгінге дейін колледж бітірген студенттердің ішінде «Қазфосфат» - 62, «ЕвроХим» - 3, «Жаңатас ЖЭС» - 2 түлек тұрақты жұмысқа орналасқан.

2) «№11 Сарысу колледжінде» 5 мамандық бойынша студенттер білім алады. Жалпы студент – 217.

14.

Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін тиісті құзырлы органдардың сараптама қорытындысын алып, ұсыныс енгізу

2024 ж.

сәуір

Сарысу ауданының әкімі

Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін ғылыми-негізделген қорытынды беру туралы «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» арқылы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, судың тұздылығы қалыпты деңгейден тым жоғары екені анықталды. Қазіргі таңда, аталған жер асты сулары мал суару үшін ғана пайдаланылуда.

15.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер асты суларын пайдалану бағытындағы қазылатын ұңғымаларға төленетін субсидия көлемі туралы ақпаратты тұрғындарға насихаттау

 

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

2023 жылы жайылымдық алқаптарды 36 дана су ұңғымасы қазылған. Мемлекет тарапынан осы жұмыстарға 307,4 млн теңгеге субсидия қаржысы аударылған. 2023 жылы қосымша 4 су ұңғымасының өтініші ауыл шаруашылығы басқармасына жолданған.

Шаруа қожалықтар өз қаражаты есебінен су ұңғымаларын қаздырады.  Мемлекет тарапынан су ұңғымас қазылған жер бедерінің түріне байланысты субсидиялау жұмыстары жүргізіледі. Шөлейтті аридтік аумақтарда 375 метрге дейін су ұңғымасын қазуға рұқсат етілген. Бір метр құдық ұңғыма қазу және труба орнату үшін ең жоғарғы сомма 70,0 мың теңгеден аспауы тиіс. Осы сомаының 50% субсидияланатындығы туралы аудан тұрғындарына тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

16.

Ауданда балық шаруашылығын дамыту мәселесін қарастыру

 

 

2024 ж. тамыз

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Үлкен Қамқалы су айданын ЖК «Сәтті» (Баушенов Ринат Бақытұлы)  2021 жылдың желтоқсан айында 49 жылға пайдалану құқығын алды. Су айдынының жалпы жайылатын көлемі 301 га құрайды. 2022 жылдың қараша айында аталған көлге  құны 2,2 млн. теңге болатын 7,0 мың дана күміс тұқы және 25,0 мың дана сазан шабақтары жіберілді.  Алдағы уақытта көлдің өткел түсін темір тормен жауып, қосымша 100,0 мың дана шабақ жіберу жоспарлануда. Қыркүйек айынан бастап, балық аулау жұмыстары басталды. Ауланған балық көлемі 12,0 тонна. Су айданын пайдаланушы кәсіпкер 2026 жылы Су айданының басында балық өнімдерін консервілейтін қайта өңдеу цехінің құрылысын жүргізуді жоспарлауда.

17.

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың (Қазақсода, ЕвроХим және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту

2026 жыл

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың («Қазақсода», «ЕвроХим» және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту мақсатында 2 субаймақ құру жоспарланды. Субаймақ құрудың Жол картасы бекітілді. Бүгінгі күнге 2 субаймақтың (Сарысу-1» қосалқы аймағы – 38 га (Qazaq Soda ЖШС жанында), «Сарысу-2» қосалқы аймағы – 30 га («ЕвроХим-Қаратау» ЖШС маңы) жер телімдері анықталды. Бұл ретте инженерлік-инфрақұрылым желілеріне ең жақын қосылу нүктелері анықталып, алдын ала шығындар есебі жүргізіліп, «Тараз» Индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-не ұсынылды.

«Сарысу-1» (QazaqSoda маңы) субаймағы бойынша:

-        Ауданы 38 га жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы әзірленді;

-        Сарысу ауданы әкімдігімен жер учаскесін рәсімдеу туралы қаулысы қабылданды;

-        Сарысу ауданы әкімдігінің 11.03.2025 ж №55 ЖСҚ дайындауға рұқсат беру туралы қаулысы қабылданды (Сарысу-1 субаймағында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы (электрмен жабдықтау) нысанының ЖСҚ дайындау)

-        Сарысу ауданы әкімдігінің 11.03.2025 ж №56 ЖСҚ дайындауға рұқсат беру туралы қаулысы қабылданды (Сарысу-1 субаймағында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы (авто жолмен салу) нысанының ЖСҚ дайындау)

-        Жер учаскесіне мемлекеттік актісі алынды.

-        Жер учаскесі Әділет органдарында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

-        Қосымша 81.2457 га жер құжаттары рәсімделуде, зауыттан темір жол тұйығына дейін жол салу бойынша ақпан айында жобалаушыдан құжаттары мен құны анықталған жағдайда, наурыз айында министрлікке қаржы сұрау үшін ұсынылады. Қаржы мақұлданған жағдайда тендер ойнатылады.

«Сарысу-2» (Еврохим маңы) субаймағы бойынша:

-        Ауданы 21,5 га жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы әзірленді;

-        Сарысу ауданы әкімдігімен жер учаскесін рәсімдеу туралы қаулысы қабылданды;

-        Жер учаскесіне мемлекеттік актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Басқарушы компаниясы тарапынан барлық субаймақтар бойынша Коммуналдық қызметтерге инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттар алу жұмыстары жүргізілуде.

 

Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
Дата публикации
25 апреля 2025