Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

 

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.     

Қаратау қаласындағы саябақтарды ретке келтіру бойынша талдап  («Рухани Жаңғыру» және Орталық саябақ), мәселесін шешу

2024 жылғы шілде

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

1. 2023 жылы Қаратау қаласындағы «Орталық саябаққа» 16,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру (суландыру жүйесі жүргізіліп, келушілерге арналған әжетхана салынып, кіреберісіне субұрқақ орнатылды) жұмыстары жүргізілген.

2024 жылы саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол бойы жарықтандырылды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 400,0 млн. теңгеге 2 жобаны (Орталық саябақ ішіне Этномәдени тұрғыда абаттандыру және 5 мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшалары) іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2. Қаратау қаласы «Рухани Жаңғыру» аллеясын 2025-2027 жылдары абаттандыру мақсатында 2024 жылы ЖСҚ әзірленді. Жоба құны - 361,8 млн. теңге. Аталған жобаларды 2025 жылы қаржыландыру күтілуде.

 

2.     

Аудандағы жөндеуді қажет ететін каналдарды ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу (Бостандық а/о «Ұзын», «ЛВМК Жиембет», «Қыдыр», «Көккөл», «Әбіш» каналдарыы, Аққұм а/о «ПВМК Жиембет», «Аққұм» каналдары, С.Шәкіров а/о «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек» каналдары, Ойық а/о «ЛВМК Ойық», «МЛР» каналдары, Ақкөл а/о «Орта арық», «Жаңатоған» каналдары)

2024 жылғы қараша

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы табиғи ресурстар басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Аудан теңгеріміндегі 14 каналды қайта жаңғыртудан өткізу үшін 2023 жылы аудандық бюджеттен 167 млн. 990 мың теңге қаржы қарасытырылып, жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Сондай-ақ, барлық каналдардың (ПВМК Жиембет, Жиембет, ЛВМК Ойық, Орта Арық, Шаруашылық, Ұзын, Жұмабек, Жаңатоған, Қыдыр, Әбіш, АВМК Жиембет, Аққұм, Көккөл, Қазақбай) мемлекеттік сараптамасы алынып, қаржыландыру мақсатында 2024 жылы қыркүйек айында құжаттар топтамасы облыстық «КазСуШар» мекемесіне өткізілді. Жалпы жобалар құны 32 млрд. 518,2 млн. теңгені құрады.  Қаржыландыру күтілуде.

 

 

3.     

Аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету

2024 жылғы қыркүйек

Талас ауданының әкімі

Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жеке ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 15 млн. теңге қаражат қарастырылып, Қаратау қаласы әкімдігі тарапынан Қаратау қаласындағы Д.Қонаев көшесі №35 мекен-жайда орналасқан 2 қабатты ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң ғимарат «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміне берілетін болады (болжаммен 2025 жылдың 15 мамырына аяқталады). 

 

 

4.     

Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 шақырым жерде Тамды тас жолының бойында орналасқан «Талас»  индустриялық аймақта жалпы құны 43 млдр. 638 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

1. «Talas Investment Company» ЖШС-гі жобаны құны 25 млрд. 838,0 млн. теңгені құрайды. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Қазіргі таңда жарық, инфрақұрылымы тартылуда, газ, су инфрақұрылымы тартылған. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жыл. Толық қуаттылыққа шығу 31.03.2026 жылға жоспарлануда.

2. «Karatau Chemicals» (Каратау Кемикалс) ЖШС. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіру. Жалпы инвестиция 2 млрд. 800,0 млн теңгені құрайды. Жобаны ағымдағы жылдың тамыз айына іске асырылды. Толық қуаттылыққа шығу 31.07.2025 жылға жоспарлануда.

3. «Азия хим» ЖШС-не 20,4 га жер берілген. Жоба құны 15 млрд. теңгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фосфор тыңайтқышын шығаратын болады. Жобаны іске асыру 2024-2026 жылдары жоспарлануда. Бүгінгі таңда зауаттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленді. Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың наурыз айына жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылануда.

Сонымен қатар, «КазМеталГрупп» ЖШС жылына 20,0 мың тоннадан 100,0 мың тоннаға дейін металл магний өнімін өндіретін зауыт соғу жоспарлануда. Қазіргі таңда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны Іске асыру 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.

 

 

5.     

Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау

тұрақты

Талас ауданының әкімі

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 1 247 азамат (ша) тіркелген. Оның ішінде:

1. жетімдер - 3;

2. Көп балалы отбасылар - 238;

3. Әлеуметтік осал топтар - 722;                       4. Мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлер – 429.

Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайту мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттен 2 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту мен инженерлік-инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға 666 млн. 144 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5, №6 жатақханалар ғимаратын қайта жаңғыртуға әр қайсына 318 млн. 072 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары толықтай аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Пәтер саны – 100.

Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға республикалық бюджеттен 2 млрд. 457 млн. 600 мың теңге бөлініп, Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 (96 пәтер), Б.Момышұлы көшесі №13 (80 пәтер) 3 мөлтек ауданы №16 (96 пәтер) үйлер сатып алынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі №17 (85 пәтерлі), Б.Момышұлы көшесіндегі №15 (40 пәтерлі), 3 мөлтек ауданы №64 (65 пәтерлі) жаңа тұрғын үйлерді 2024 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қоры» АҚ-ның есебінен 2 728 653,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 2024 жылдың желтоқсан айында сатып алынды. Кезекте тұрған азаматтарға беру мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Жалпы кезекте тұрған 190 азаматтарды пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 

6.     

Ағымдағы жылға жопарланған аудандағы елді мекендерді ауыз су (Сейілбек,Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары)  және табиғи газбен қамтамасыз етуді (Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал а/о) мерзімімен жүргізу

 

тұрақты

2024-2025 ж.ж.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

1. 2024 жылы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 7 елді мекенге (Сейілбек, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) ауыз су тарту үшін барлығы 2 млрд. 850,8 млн. (ҰҚ- 2 178 523,0 мың теңге, ОБ - 672 291,0 мың теңге) қаржы қарастырылып, Ақтөбе,  Тұрымқұл, Сейілбек және Қожағаппар елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған Қараой, Арал, Қайыр ауылдарының құрылыс жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде  (Мердігерлер: «Самұрық Констракшн», «ФортеКапитал», «ТемирСтрой», «Байсн», «Прақ-Құрылыс», «ИнтелектАзия» ЖШС).

2. Майтөбе, Қожағаппар ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге  жалпы қажетті 2 млн. 900 млн. теңгенің 2024 жылы Ұлттық Қордан 1,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі. Мердігер «AKBARS STROY Ltd» ЖШС.

Ал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой, Көктал ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айында облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді. Жалпы сметалық құндары – 4 млрд. 433,7 млн. теңге (Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой ауылдарына газ таратушы жүйесіне 2 млрд. 176 млн. 938,7 мың теңге, ішкі кварталдық газ жүйесіне жалып 995 млн. 855,8 мың теңге, Көктал ауылана газ тарту желісі – 1 млрд. 260 млн. 977 мың теңге).

Бүгінга таңға, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарына газ тарту желісінің құрылысын жүргізу үшін жалпы бюджеттен  555 млн. 550 мың теңге (РБ-500 млн. тг., ОБ-55 млн. 550 мың теңге) қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз мердігер «Газсервис» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған жобалар бойынша қаражат қарастыру күтілуде.

 

 

7.     

Қаратау қаласы, А.Шымырұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жылғы желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қаратау қаласы, А.Шымырұлы, Суханбаев, Көшек батыр, Сеченов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен бөлінген 39 млн. теңгеге 2024 жылы маусым айында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Мердігер: «Тараз Көлік Жолдары» ЖШС.

 

8.     

Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы көшесін жарықтандыру мәселесін шешу

2024 жылғы желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы, А.Момбеков және Фабричный көшелерін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 8,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары а.ж. шілде айында толық аяқталды.

Мердігер: «АлираСервисКомпаний» ЖШС.

 

9.     

Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін қарастыру

 

2025 жыл

желтоқсан

Талас ауданының әкімі

 

Қаратау қаласындағы «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу жұмыстары үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 5 млн. 058,0 мың теңге қаржы қарастырылып, ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы мекеме «КазЦентрПроект» ЖШС. Аяқталуы мерзімі: 12.05.2025 жыл.

 

 

10.  

Қаратау қаласындағы көппәтерлі ғимараттардың алдын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

 

2024 жылғы

қыркүйек

Талас ауданының әкімі

Қаратау қаласы бойынша барлығы 153 шағын және көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде:

Екі қабаттысы - 84 үй;

Үш қабаттысы – 2 үй;

Төрт қабаттысы – 17 үй;

Бес қабаттысы – 48 үй;

Тоғыз қабаттысы – 2 үй.

2024 жылы Қаратау қаласы бойынша жарықтардырылмаған Ә.Молдағұлова көшесі №20, №22, Тамды әулие көшесі №1 шағын қабатты және Б.Момышұлы көшесі №9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына тіректер (столб) орнатылып, демеуші есебінен толық жарықтандырылды. Бүгінгі таңда, Қаратау қаласы бойынша шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары толық жарықтандырылған.

 

 

11.  

Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған екі спорт залының мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2024 жылғы маусым

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Тамды ауылындағы Қойгелді орта мектебі          1990 жылы кірпіштен соғылған, типтік. Жобалық қуаттылығы 720 орынды. 2023-2024 оқу жылында 284 бала білім алды.

Қазіргі таңда, мектептің спорт залының тозығы жеткен.

Осыған орай, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес 2026-2027 жылдары Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Білім басқармасы тарапынан құрылыс басқармасына 2025 жылы Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2,5 млн. теңгеге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. .

 

12.  

Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік мәселесін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізу

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасында барлығы 512 медицина қызметкерлері бар (91 дәрігер, 421 орта медицина қызметкерлері).

Аудан бойынша Қаратау қаласында дәрігерлер тапшылығы 8 бірлік (ересектер мен балалар акушерия және гинекологиясы 2, Оториноларингология ересектер, балалар 1,травматология-ортопедия (камбустиология) ересектер, балалар 1, офтальмология (ересектер, балалар) 1, невропатолог  ересектер  1,  хирург (ересектер, балалар) 1, неонатолог 1)

Өңірдегі кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Жоғарғы медицина уневерситеттерін бітіруші түлектердің  «Дипломмен  ауылға» жәрмеңкесіне қатысып, ауданға жас мамандарды шақыру жүргізілуде. Медициналық ұйымдардың есебінен, атап айтқанда,   офтальмология және радиология (сәулелі диагностика) мамандықтары бойынша 2 дәрігерді резидентурада оқытып, мамандарды дайындауда. Оның ішінде радиология мамандығын бітірген резидент дәрігер 2023 жылы жұмысқа орналасты.

2024 жылы өңірге 1 жас маман келді, резидентураны тәмамдаған соң  2024 жылға жергілікті бюджетпен бітірген 3 дәрігердің,  жұмысқа орналасуы күтілуде. Атап  айтқанда   Анестезиолог-реаниматолог - 1 ,   Неонатолог  - 1,  Кардиолог  - 1.

Сонымен  қатар жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды

Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 35 дәргер өңірге жұмысқа келді.

Одан бөлек, 56 дәрігер резидентурада оқиды.

 

13.  

Малдарға егілетін екпелердің (сібір жарасы, конго-кырым т.б.) мерзімінде егілуін, «Беккер» шұңқырының жетіспеушілігін шешуді қамтамасыз ету

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ветеринариялық басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

1. Аудан бойынша 7 сібір жарасының ошағы бар (Берікқара а/о-2; Қасқабұлақ а/о-1; Қаратау а/о-2; Үшарал а/о-1; Қаратау қ-1). Ошақтардық сырттары қоршалып «Абайлаңыз сібір жарасы!»  деген тақтайшалар ілінген. 2024 жылы кешенді ветеринариялық  іс-жоспарға сәйкес наурыз-сәуір айларында сібір жарасы ауруына қарсы аудан бойынша МІҚ малы – 12 000 бас; қой-ешкі малы – 183 800 бас; жылқы  малы – 6 500 бас; түйе малы – 1 800 бас егілді.

II-жартыжылдықта МІҚ малына, жылқы малына, түйе малына және шошқа малына – 78 500 доза сібір жарасы ауруына қарсы вакцина егілді. Ал ұсақ қой-ешкі малына – 77 100 доза вакцина егілді.

2. Талас ауданы бойынша 2025 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы 8 ауылдық округтер мен елді мекендердегі ауылшаруашылық малдарына және қора-жайларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ; Үшарал ауылдық округі бойынша: Үшарал ауылы, Ақатай , Әбділда би ,  Арал елді мекендері,  Аққұм ауылдық округі, Бостандық ауылдық округі және Кеңес ауылдық округі бойынша Көшек батыр және Бөлтірік шешен ауылдары. Осы аталған. Аталған ауылдық округтер бойынша осы жұмыстарды  атқару үшін облыстық бюджеттен 21 млн. 441 мың теңгеге дезинфекциялау жұмыстарына қажетті 8751,0 кг дельтометрин, 2004,9 л ципек, 334,1 л парисар препараттары алынып, қоймаға жеткізілді.

Жоғарыда аталған 8 елді мекенде дезинфекциялық шараларды жүргізуге барлығы 16,467 млн.тг қаражат қарастырылды. Залалсыздандыру жұмыстарының 1-кезеңі бекітілген кестеге сәйкес 14 сәуір - 2 мамыр аралығында жүргізілуде..

3. Аудан аумағында Тамды ауылдық округіне биотермиялық шұңқыр (Беккери) құрылысын жүргізу мақсатында 2024 жылы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, биотермиялық шұңқыр (Беккери) құрылысына қажетті жер таңдау актісі әзірленуде. Қаражат қарастыру ағымдағы жылға жоспарлануда.

 

14.  

Шаруа қожалықтармен кездесіп, ағын су, тыңайтқыш, субсидия мәселесін шешуді қарастыру

2024 жылғы
30 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауы бойынша шаруаларға несие, субсидия алу, техника жаңалау, минералды тыңайтқыш, дизель майы, т.б. жеңілдіктер жайлы түсіндіру, насихаттау семинарлары тұрақты өткізілуде.

Көктемгі дала жұмыстары барысында су қоймалары, өзен арналарындағы нысандардың қақпаларының толық өз деңгейінде жұмыс істеуі тексеріліп, ағын судың кедергісіз ағуы үшін елді-мекендердегі арық-атыздар, канал жүйелері және көпір асты арықтары қамыс пен қоқыстан тазартылды.

Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын орнату, жер асты суларын пайдалану, сонымен қатар су сорғы құралдарын заңсыз қолданбау (анықталған жағдайда айыппұл салу), ағын суды жүйелі, келісім-шарт жасасу арқылы пайдалану бойынша аудандық Қазсушар мекемесімен бірлесіп, Талас өзені бойындағы егінмен айналысып отырған шаруашылықтарға түсіндірілді. Осыған байланысты каналдардағы судың ретімен берілуіне тұрақты кезекшілік жасау мақсатында 5 бірлік ақылы қоғамдық жұмысшыларға өтінім қабылданды.

Аудан бойынша 2024 жылы жалпы 915,3 тонна (2023 жылы 489,7) тыңайтқыш алу жоспарланған. Оның ішінде: 396,7 тн- азотты, 91,3 тн- фосфорлы, 427,4 тн- басқа түрлері. Қазіргі уақытта 734 тн тыңайтқыш алынған.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың негізгі бағыттары: мал шаруашылығын субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, егін шаруашылығындағы көп жылдық екпелерді, тыңайтқыштарды, тұқымдарды субсидиялау, өнімді қайта өңдеуді субсидиялау және т.б. Gosagro.kz ақпарат жүйесінде субсидияға өтінім беру тәртібі мен талаптарын шаруашылық төрағалары мен округ әкімдіктерінің сала мамандарына түсіндіру семинарлары өткізілді.

 

15.  

Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру

2025 жылғы сәуір

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Үшарал ауылдық округі, Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін 176 млн. тг. ЖСҚ әзірленген. Алайда, қаражат қолдау таппуына байланысты жобаның мерзімі өтуіп, жобаны қайта түзету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. тг. қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Сметалық құны 540,6 млн. тг. Бүгінгі таңға,  Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 77,0 млн. теңге қаражат қарастырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттар топтамасы әзірленуде.

 

16.         

Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына демеушілер есебінен қоймалар соғып беру мәселесін қарастыру

 

2024 жылғы шілде

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі

2025 жылға облыстық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілген. Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына қоймалар соғуға 7 млн. 008 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер «Сабыр» ЖК тарапынан құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

 

17.         

Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету

 

2024 жылғы қараша

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі

2025 жылға облыстық бюджеттен Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы көлік алуға 31 млн. 360 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті көлікпен қамтамасыз етілді.

 

18.         

Қаратау қаласындағы колледждерде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тапшылығын зерделеп, ақпарат ұсыну

2024 жылғы маусым

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты 20 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын колледждердің саны – 10 (Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Қордай ауылшаруашылығы колледжі, № 7 Бетқайнар колледжі, № 9 Меркі колледжі, № 3 Байзақ колледжі, № 8 Мойынқұм колледжі, № 10 Шу колледжі, № 11 Сарысу колледжі, № 16 Жуалы колледжі, № 17 Жамбыл колледжі).

Аталған колледждер 7 білім беру бағдарламасы («Агрономия», «Ветеринария», «Зоотехния», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Балық шаруашылығы», «Ара өсіру және жібек шаруашылығы», «Орман шаруашылығы») бойынша жұмысшы және орта буын мамандарын (жұмысшы-11, орта буын-4) даярлауда.

Талас ауданының әкімінің келісімімен бекітілген  2024-2028 жылдарға арналған қажеттілік ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тізілімде жоқ.

 

19.  

Әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қадағалау

тұрақты

Талас ауданының әкімі

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі тарапынан 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

2025 жылдың 1 тоқсанында әлеуметтік көмек түрлері келесідей тағайындалып төленді:

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама– 126 отбасындағы (248 балаға) 4208,5 мың теңге; атаулы әлеуметтік көмек 150 отбасындағы 845 адамға 25912,3 мың теңге төленді.

Көмек түрі: жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен (34102 тг.) төмен аз қамтылған отбасыларға, табысы мен кедейшілік шегінің айырмасы ретінде тағайындалады.

Тұрғын үй көмегі – 6 отбасындағы 19 адамға 113,4 мың теңге;

Көмек түрі: аз қамтылған отбасыларға, коммуналдық шығындарын өтеу үшін, табысы мен тұрғын үй алаңын ескеріп тағайындалады.

Біржолғы әлеуметтік көмек – 39 адамға 4552,1 мың теңге;

Үйден оқыту – 42 мүгедектігі бар балаларға 935,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

Көмек түрі: мүгедектігі бар, денсаулығына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға үйден оқыту кезеңінде төленеді.

Отын сатып алу – әлеуметтік сала мамандарына маусым айынан құжат қабылданады.

Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына аудан тұрғындары тарапынан 2024 жылдың қорытындысымен 41 шағым оның ішінде 5 шағым (СРР) программасына арқылы, 5 шағым денсаулық сақтау басқармасы арқылы. 35 шағым call center орталығы, е-өтініш арқылы түскен. 8 шағым  мүгедектік берілмегендігі туралы, 5 шағым «Денсаулық» медициналық орталығына жолдама берілмегендігі және 4 шағым МРТ КТ жолдама берілмегендігі туралы,  ал, қалған шағымдар әр түрлі негізсіз себептермен жасағандар. Аталған шағымдар толық Заң талаптарына сәйкес мерзімінде қанағаттандырылды. Емдеу алдын-алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет сапалы әрі қол жетімді болу үшін стационарлық жағдайларда тәулік бойы білікті және мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде медициналық себептер бойынша профилактикалық, диагностикалық және терапевтік қызметтерді тұрақты көрсетуде.

 

 

Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Дата публикации
25 апреля 2025