Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Шу ауданы Бірлік, Жаңақоғам ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Берілген тапсырмалардың барлығы: 11
Оның ішінде:
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Бірлік ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу үшін ЖСҚ әзірлеу
|
2024 жылдың мамыр айы |
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Бірлік ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 462,1 млн.) сараптаманың оң қорытындысы алынды (№ Сарс-0104/23 18.05.2023). ҚР-ның Ұлттық қоры қаражаты есебінен 2024 жылы Шу қаласы мен Бірлік ауылында ангар типтегі спорт ғимараттарының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге «Казахмыс коорпарациясы» ЖШС-і тарапынан демеушілік есебінен ЖСҚ әзірленіп, келісімшарт жасалып, мердігер мен тех надзор аныкталды. Қажетті құжаттары дайын. Бүгінгі күнге, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. ағымдағы жылдың мамыр айында аяқтау жоспрада. Орындалды.
|
|
2. |
Бірлік ауылы тұрғындарын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 4,8 шқ құрайтын «Бірлік» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірлеу
|
2024 жылдың мамыр айы |
«Қазсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Белбасар ауылынан бастау алатын «Бірлік» каналына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 312,1 млн.), сараптаманың оң қорытындысы алынды (№САРС-0014/24 от 13.01.2024 г). Су ресурстары және ирригация Министрлігіне бюджеттік өтінім берілді. Бүгінгі күнге, Ислам даму банкінің қаржы есебінен іске асырылатын Шу ауданындағы 45 каналдың тізбесіне енген. Іске асыру мерзімі 2025-2027 жж.
Орындалды.
|
|
3. |
Бірлік ауылында орналасқан мұнай базасының экологиялық әсерін зерделеп, нәтижесін ауыл тұрғындарына хабарлау |
2024 жылдың ақпан айы |
Шу ауданының әкімі |
Бірлік ауылында ауаның ластануы және ауаға шығарылған зинды заттардың алдын алу, шу деңгейін анықтау мақсатында Шу ауданды эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан а.ж. 14-15 ақпан күндері аралығында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шекті рұқсат етілген мөлшерден аспайтындығы туралы хаттама толтырылып, ауыл тұрғындарының назарына жеткізілді. Орындалды.
|
|
4. |
Бірлік ауылында табиғи газ кірмеген көшелерге газ құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеп, газ тарату мекемелерімен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру
|
2024 жылдың 1 сәуірі |
Шу ауданының әкімі |
Қыс мезгілінде газ қысымының жетіспеушілігіне байланысты, газ жүргізу жұмыстары тоқтап тұр. Жоспарға сәйкес 2025 жылы АГРС құрылысы аяқталған соң газбен қамту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
5. |
Барлық елді мекендердегі ауыл шетінде орналасқан, инфрақұрылым тартылмаған тұрғын үйлерге зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау
|
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі |
Аудан бойынша 35 елді-мекенге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, елді-мекен аумағынан шалғай орналасқан 17 тұрғын үй анықталған. Зерделеу нәтижесіне сәйкес аталған тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Сонымен қатар, Шу қаласы және Жаңақоғам ауылдық округ аумағында орналасқан инженерлік инфрақұрылым жүргізілмеген көшелерге ЖСҚ әзірленуде. Орындалды.
|
|
6. |
Бірлік ауылындағы «Бастау» дүкенінде алкогольдік сусындар сатудың заңдылығын зерделеу
|
2023 жылдың соңына дейін |
Шу ауданының әкімі
|
Бірлік ауылындағы «Бастау» дүкеніне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, заңсыз алкогольдік сусындар сатқандығы анықталды. Осы орайда, Шу аудандық сотына материалдар жолданды. Нәтижесінде, 2024 жылдың 15 ақпанындағы Шу аудандық сотының қаулысымен Меруерт Калиевна Кырманбаева ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 200 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 844 (жиырма бес мың сегіз жүз қырық төрт) теңге сомасында айыппұл салынды. Бүгінгі күнге айыппұл төленіп, сот қаулысы толық орындалды. Бүгінгі күнге ДҮКЕН жұмысын тоқтатқан.
Орындалды.
|
|
7. |
Ауылдық елді мекедерде жедел жәрдем көліктерінің қажеттілігін зерделеп, нақты шаралар қабылдау
|
2024 жылдың ақпан айы |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі |
Тозығы жетуіне байланысты 9 жедел-жәрдем автокөлігіне қажеттілік анықталды. 2024 жылы 3 санитарлық автокөлік берілді. (Баласағұн, Балуан Шолақ, Белбасар дәрігерлік амбулаторияларына). 2023 жылы 5 санитарлық автокөлік берілген: - Шу аудандық орталық ауруханасына 3 - Шу қалалық емхана мен аруханасына 2 Қосымша 1 санитарлық автокөліктер алу қажеттілігі бар. 2025 жылы беру жоспарлануда. Орындалды.
|
|
8. |
Бірлік ауылындағы «Алпамыс» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу
|
2024 жылдың 1 сәуірі |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Шу ауданының әкімі |
Облыстық білім басқармасының даму жоспарына сәйкес 2027 жылға жоспарланған. Ғимарат 1963 жылы 60 балаға арналып салынған. Көлемі 273 шаршы метр. Қазіргі таңда 3 топта 60 бала тәрбиеленіп отыр. Ғимараттың тозығы жеткен. Бүгінгі күнге дейін ғимаратқа ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілмеген. Білім басқармасы мәселені елді мекен аумағында 2015 жылы салынған М.Х.Дулати атындағы 600 орындық мектеп ішінен шағын орталық ашу арқылы мәселені шешпек. Орындалу үстінде.
|
|
9. |
Алға ауылдық округіндегі «Некс-Агро» ЖШС иелігіндегі жерлердің мақсатты пайдалануын заң аясында қарау |
2024 жылдың 30 сәуірі |
Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
2023 жылғы 16 қазаннан бастап 1 жыл мерзімге Алға ауылдық округіндегі «NEXAGRO корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кадастрлық нөмірі 06-096-058-113 көлемі 107,5 га және кадастрлық нөмірі 06-096-057-079 көлемі 1454,4 га жайылымдық ауыл шаруашылығы жер учаскелеріне қатысты шектеулер (обременение) қойылды. Сонымен қатар, аталған жер телімдері бойынша ағымдағы жылдың 8 сәуірінде «Мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» аудан әкімінің №126 қаулысы қабылданды. 2024 жылдың 3 маусымында «Корпорация NEXAGRO» ЖШС-не тиісті хабарлама жолданып, ұсынылған қаржылай өтеммен және тең дәрежелі көлемдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскесіне келіспейтіндігі мәлім болды. Заңмен белгіленген мерзімдерге сәйкес, 18.07.2024 жылы жер учаскелерін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару туралы талап арызбен Жамбыл облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, 31.07.2024 жылы сұхбаттасу жүргізілді. Бүгінгі күнге сот процессі жүруде. Орындалды.
|
|
10. |
Көктөбе ауылындағы құрылысы жүріп жатқан ауыз су жүйесінің құрылыс сапасын қатаң бақылауға алып, мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету |
2023 жылдың 30 желтоқсаны |
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Шу ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауыз су бойынша бүгінгі күнге құрылысы толық аяқталған. 515 ауланың 349 ауласымен келісім-шарт жасалынып, бүгінгі күнге 186 аулаға ауыз су кіргізілген, 163 аулаға кезең-кезеңімен су кіргізу жұмыстары жүргізілуде.
Орындалды.
|
|
11. |
Шу өзені және магистралды каналдардың бойына суғару кезеңінде су сорғы насостарының заңсыз орнатылуына жол бермеу шараларын атқару
|
Тұрақты |
«Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша), Шу ауданының әкімі (жинақтау)
|
2024 жылы 74 145 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Аудан әкімінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №457-ө н/қ өкімімен жұмысшы топ құрылып, егістік алқаптарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:Аудан бойынша 201 су сорғы насос құрылғылары анықталды. Оның ішінде 46 насос заңдастырылып суармалы егістік жер телімдеріне, ал қалған 155 насос тәлімдік егістік жер телімдеріне орналасқан. Шу, Ақсу өзендерінен рұқсатсыз су алып пайдаланған 5 шаруа қожалық иелеріне Шу-Талас бассейіндік инспекциясы тарапынан айыппұл салынған. Шаруа қожалық иелеріне тәлімді егістік жерлерін суармалы егістікке ауыстыру бойынша нұсқама берілді. Бүгінгі күнге 49 жер телімі суармалы егістікке ауыстырылған. Шаруалар тәліми жерді заңдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Орындалды.
|