Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылдың І тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың
І тоқсанында 3 191 048 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде   –    3 172 959 қызмет (99,4%);
  • қағаз түрінде   –     196 қызмет (0,04 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   17 893 қызмет (0,56 %). 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 329 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2025 жылдың І тоқсанында Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі көрсеткен мемлекеттік қызмет сапасына қатысты 1 шағым түсті.

2025 жылдың І тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың І тоқсанында 1 385 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2025 жылдың І тоқсанында ЖАО-ның және бағынысты мекемелерінің
45 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

І. Жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың І тоқсанында 17 бақылау іс-шарасы
(12 жергілікті атқарушы органдар және 5 ведомстволық бағынысты ұйымдар) жүргізілді (17 нысан).

Оның ішінде 2 бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін сарапшы ретінде тарта отырып ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 1 166 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің
    223 фактісі;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
    211 фактісі;
  • мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 8 фактісі;
  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 26 фактісі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 13 фактісі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті материалдармен (бұйрықтардың, хаттамалардың, шешімдердің, хаттардың, анықтамалардың, қызметтік жазбалардың, фотоматериалдардың көшірмелері) есептің және талдамалық анықтаманың болмауының 1 фактісі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 684 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 7 жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілі қаралды және кемшіліктерді жою бойынша 57 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі бақылау қызметтерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 923 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің
    558 фактісі;
  • заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 12 фактісі;
  • ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етудің
    36 фактісі;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
    89 фактісі;
  • мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 11 фактісі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 217 фактісі анықталды.
Дата публикации
15 апреля 2025