Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

                                                                                                                                                   БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі

___________ Е.Қарашөкеев

«____» _________ 2025 жыл

Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған

ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

«Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының жарамсыз жеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

2.

Аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарды жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларына тіркеу бойынша жұмыстар атқарып, нақты ұсыныс енгізу

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер  департаменті (келісімі бойынша)

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

3.

Аудан бойынша барлық кен орындарына заңнама аясында зерделеу жұмыстарын жүргізу (тіркелу аумағы, жұмысшылар саны, Мойынқұм ауданы тұрғындарының үлесі, орташа айлық жалақысы т.б.)

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

4.

Аудандық орталық аурухананы магниттік-резонанстық және компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз ету

2026 жыл                4 тоқсан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

5.

Ауданда өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін бос жерлерге зерделеу жүргізіп, кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін беруді ұйымдастыру

 

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

6.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және құқықбұзушылық профилактикасын күшейтуді қатаң бақылауға алу

 

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

(келісім бойынша)

Мойынқұм ауданының әкімі

7.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жер телімдерін заңнамалар аясында беру және  суармалы егістік жерлерлердің көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау

 

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

8.

№8 Мойынқұм колледжінде қосымша техникалық   мамандықтарды  ұлғайту жұмыстарын жүргізу және материалдық-техникалық базасын жандандыру (құрылысшы, тау-кен өндірісі мамандықтары)

 

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

 

9.

Мойынқұм ауылынан ардагерлерге арналған ғимарат мәселесін қарастырып, ұсыныс беру

Жыл соңына  дейін

 

Мойынқұм ауданының әкімі

10.

Мойынқұм ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу

Жыл соңына  дейін

 

Мойынқұм ауданының әкімі

11.

Аудандық полиция бөліміндегі кадр тапшылығын жою бойынша нақты шаралар қабылдау

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

 (келісім бойынша)

 

12.

Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды қатаң бақылауда ұстау

 

Тұрақты

Мойынқұм ауданының әкімі

13.

Заңнама аясында Биназар тоғанының Шу ауданына тиесілі жерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдау

 

Жыл соңына  дейін

Шу ауданының әкімі

14.

Жамбыл ауылындағы ауыз су жүйесіндегі мәселені түбегейлі шешу

2026 жыл

2 тоқсан

 

Мойынқұм ауданының әкімі

15.

Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының бойындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жиегін қоршау мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

 

2025 жыл

2 тоқсан

 

«Қазавтожол» АҚ (келісім бойынша)

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

16.

Ауданға инвестиция тарту мақсатында  инвесторлармен кездесіп, олардың инвестициялық жобаларын ауданда іске асыру бағытында тиісті шаралар жүргізу

 

Тұрақты

 

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық

дамыту басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

17.

«Ауыл аманаты» жобасының 5-бағыты бойынша жоспарды және тауарлық несие бойынша ауданға жоспарланған 8 жобаны жыл қорытындысымен толық аяқтау

 

Жыл соңына  дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

18.

Мойынқұм ауылының тұрғыны М.Серікбаеваның көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерін жекешелендіру жұмыстарына заңнамалар аясында қолдау көрсету

 

2025 жыл

сәуір айы

 

Облыс әкімі аппараты,

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын              үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

19.

Ауданның әлеуметтік көрсеткіштерінің тиісті межеде орындалуын қамтамасыз ету

 

Тұрақты

Мойынқұм ауданының әкімі

20.

Күшаман ауылынан ангарлық үлгіде спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысымен тиісті басқармаға бюджеттік өтінім өткізу

 

30.06.2025 жыл

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

21.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау

 

Тұрақты

Облыстық полиция департаменті

 (келісім бойынша)

 

22.

Аудан аумағындағы кәсіпорындардың өндірген өнімінің (табысының) тиісті мөлшерін (пайызын) жергілікті бюджетке түсіру заңдылығын қарау

Жыл соңына  дейін

Облыс әкімдігінің қаржы басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

 

Жамбыл облысы әкімі

аппараты басшысының м.а.                                                                                  С. Құрманбеков

 

Мойынқұм ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
14 апреля 2025