ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылдың қазан айының 21 жұлдызында С.Айдапкеловтың төрағалығымен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде:

  1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар-кеңестер өткізу;
  2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 қаулысының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту.
  3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау» туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес «Жамбыл облыстық мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру» туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 22 қазандағы №1 қаулысы қабылданды.
  4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/335 қаулысының қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес,   Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының құрамы және аумақтық сайлау комиссияларының мекен-жайлары туралы ақпаратты «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде және облыстық сайлау комиссиясының интернет парақшасына жариялау тапсырылды.

 

                                                              

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
22 октября 2020