Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-тамыздағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2020 жылдың қаңтар-тамызында 320,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 101,6%. 

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 3,9%-ға                                 (37,0 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 0,2%-ға (234,9 млрд. теңге),                       электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 8,5%-ға (44,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 17,0%-ға (3,1 млрд. тенге) өсуі байқалады.

2020 жылы 1050 жаңа жұмыс орындары құрылатын, инвестиция көлемі
14,8 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда («Элнур Адил Групп» ЖШС – ұн тарту өнімдерін шығару өндірісін ұйымдастыру, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС – қорғасын және мырыш қождарының қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу, «Тараз Арматуралық зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасының өндірісі, ЖК «Империя» – балмұздақ цехының құрылысы, «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС – жемістер мен көкеністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының құрылысы, «Байтұр 2050» ЖШС – сүт өнімін өндіру бойынша зауыты, «Әмір және Д» ЖШС – Фармацевтикалық кешенін салу).          

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-тамызында 155,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 103,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 62,2 млрд. теңге (НКИ – 105,5%), мал шаруашылығы –
92,6 млрд. теңге (НКИ – 101,9%).

2020 жылдың 28 тамызына 359,3 мың га дәнді-масақты дақылдар жиналды немесе жиналған алқап – 100%, ондағы өнімділік 22,7 ц/га құрады.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 74,2 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2019 жылдың қаңтар-тамызында 102,8%, сүт – 222,0 мың тонна (101,9%), жұмыртқа – 93,7 млн. дана (101,7%).

МІҚ саны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға өсіп, 457,2 мың басты құрады, қой – 6,0%-ға (3137,8 мың бас), жылқы – 9,8%-ға (150,7 мың бас), құс – 4,8%-ға (1583,5 мың бас).

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2020 жылдың 1 қыркүйекке            67,6 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 96,5%-ды құрады.

2020 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі 75,1 млрд. теңгені (97,3%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны - 122,1 мың адамды (102,5%) құрады.

Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі                79,9%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    111,5 млрд. теңгені құрайтын 1924 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 92,3 млрд.теңгені құрайтын 1116 жоба (2020 ж. – 3,7 млрд. теңгеге, 75 жоба).

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 6,0 млрд. теңгені құрайтын 479 жоба жүзеге асырылуда (2020 ж. – 798,4  млн. теңгеге, 53 жоба).

«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 12,6 млрд.теңгеге 107 жоба іске асырылуда                                               (2020 ж.-998,6 млн. теңгеге 8 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 500,9 млн. теңге сомасына 222 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2020 жылдың                          қаңтар-шілдесінде 76,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың                 қаңтар - шілдесіне 48,2%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 33,8 млн. АҚШ доллары (70,6%), импорт – 42,8 млн. АҚШ доллары (38,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 9,0 млн. АҚШ доллары.

2020 жылдың қаңтар-тамызында бөлшек сауда айналымының көлемі 195,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеді. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 159,0 млрд. теңге сомасында қалыптасып – 1,7%-ға артты.

Көлік. 2020 жылдың қаңтар-тамызында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 11,3%-ға төмендеген немесе 55,7 млн. тоннаны құрады, жолаушылар тасымалдау – 49,1%-ға (340,8 млн. адам), жүк                              айналымы – 5,5%-ға (1792,6 млн. тн.км), жолаушылар айналымы – 45,7%-ға (3004,7 млн. жолаушы км).

Негізгі капиталға инвестициялар 185,9 млрд. теңгені құрап 8,1% - ға өсті. Өсім Байзақ ауданындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысына, Т.Рысқұлов ауданындағы 5 орта мектепті күрделі жөндеуге, Меркі ауданындағы елді мекендерге газ құбырын тартуға,                 сондай-ақ Қордай ауданындағы өткізу пунктін қайта жаңартуға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 77,8 млрд. теңгені немесе
2019 жылдың сәйкес кезеңіне 119,1% құрады. Өсім Байзақ ауданында су қабылдау құрылыстары мен су құбыры желілерін салу, Меркі ауданында «Мерке» ГТС және су бұру газ құбырын салу, Мойынқұм ауданында                       Меркі-Бурылбайтал автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 351,8 мың шаршы метрді құрап, 2019 жылдың тиісті деңгейіне 105,4%-ды құрады.

2020 жылдың тамыз айында инфляция деңгейі 4,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 7,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,6%-ға, ақылы қызметтер – 1,5%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,6%).

2020 жылдың тамыз айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың шілде айына қарағанда 100,2%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 100,0%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – 100,6%,  ақылы қызметтер - 100,1%.

2020 жылдың тамыз айында  инфляция деңгейі 4,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалары – 7,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,6%-ға, ақылы қызметтер – 1,5%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,6%).

2020 жылдың тамыз айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың шілде айына қарағанда 100,2%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 100,0%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – 100,6%,  ақылы қызметтер - 100,1%.

Азық-түлік тауарлары бойынша 2020 жылдың тамыз  айында балық және теңіз өнімдері – 2,2%-ға, шұжықтар - 2,0%-ға, жармалар - 1,7%-ға            (оның ішінде қарақұмық жармасы – 2,3%-ға, арпа жармасы – 2,2%-ға), сүт өнімдері – 1,4%-ға (оның ішінде  пастерленген сүт - 10,2%,  жаңа сауылған сүт - 3,5%, қаймақ - 1,6%), макарон өнімдері - 1,1%-ға, ұн - 1,0%-ға,                       ет - 0,5%-ға (оның ішінде сиыр еті - 0,9%-ға, жылқы еті - 0,2%-ға),                           тұз - 0,4%-ға, күнбағыс майы, шәй - 0,2%-ға қымбаттады.

Ірімшік, сүзбе, қант, шошқа, қой еттерінің бағалары тұрақты болып сақталды.

Бағалардың көкөністерге – 5,1%-ға, күрішке - 1%-ға, жеміс-жидектерге, жұмыртқаға - 0,7%-ға төмендегені байқалады.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында тұрғын үйге арналған материалдар - 3,5%, газеттер, кітап және кеңсе тауарлары - 3,1%-ға,                    көмір - 2,7%-ға, киім мен аяқ киім - 0,7%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдары - 0,5%-ға, үйге қажетті заттар және тұрмыстық техника - 0,3%-ға, шыны бұйымдары және үйге қажетті керек-жарақтар - 0,2%-ға  көтерілді. Жанар-жағармай бағалары тұрақты болып қалды.

Дәрі-дәрмектердің бағалары 1,5%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша үстіміздегі жылдың тамыз айында мейрамхана мен қонақ үйлер қызметтері – 1,8%-ға, амбулаториялық қызметтер - 0,6%-ға, қаржы қызметтері - 0,5%-ға көтерілді.   

Жолаушылар көлігі қызметтері - 0,2%-ға төмендеді (оның ішінде әуе көлігі -4,2% -ға).

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұрақты болып қалыптасты.         

Салықтар мен бюджет. 2020 жылдың қаңтар-тамыз мемлекеттік бюджетке 68,5 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 119,0%, оның ішінде республикалық бюджетке – 19,9 млрд.теңге (115,8%), жергілікті бюджетке – 48,6 млрд.теңге (120,4%).

2020 жылғы 1 қыркүйекке берешек сомасы  3,8 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 110,9 %-ды құрады.     

2020 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар                402129,4 млн.теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 67 696,4  млн.теңге құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамыз айларынының бюджет кірістері                          258709,6 млн. теңгеге (жоспар 250397,5 млн. теңге) немесе 103,3%-ға қамтамасыз етілді.

Меншікті кірістер жоспары 48631,6 млн. теңгеге                                          (жоспар 40398,2 млн.теңге) немесе 120,4%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 44305,5 млн. теңгеге (жоспар - 32827,9 млн.теңге) немесе
117,1%-ға, салықтық емес түсімдер 1227,3 млн. теңгеге                                   (жоспар-788,2 млн.теңге) немесе 155,7%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 098,8 млн. теңгеге (жоспар 1 782,2 млн. теңге) немесе 173,9%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 280 754,8 млн.теңгеге немесе 98,7%-ға игерілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2020 жылдың                           қаңтар-тамызында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде және жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 34353 адам қамтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына –
11345 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1500 адам, жастар практикасымен – 2117 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 11520 адам қамтылды.

2020 жылдың қаңтар-тамызында жаңадан 26733 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 17400. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 37427 адамның 31247-сі жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 2 тоқсанына 161994 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 28,1%-ға, нақты – 19,9%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2020 жылдың 1 тоқсанында 77413 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға, нақты – 11,0%-ға өсті.

2020 жылдың 1 қыркүйегіне 72,9 мың тұрғынға 5359,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек - 5265,8 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы - 64,4 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақысы - 29,5 млн. теңге.

Білім беру. Білім беру объектілерін дамытуға 2020 жылы бюджет есебінен 8,2 млрд.теңге қарастырылды (о.і. республикалық бюджеттен  -                             0,5 млрд. теңге (АЕБ), жергілікті бюджеттен – 6,3  млрд. теңге,                    «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,4 млрд. теңге).    

2020 жылы Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық мектептің, Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жапсарлас құрылысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы спорт залының, колледж асханасының жапсарлас құрылысы, Т. Рысқұлов ауданы Қазақ ауылындағы орта мектепке мәжіліс залы және екі пән кабинеті құрылысын салу жобалары аяқталып пайдалануға берілді.

         2020 жылы Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық, Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық, Алға ауылындағы 300 орындық орта мектептердің құрылысы, Тараз қаласындағы ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жапсарлас, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы спорт залының, колледж асханасының құрылыстары жалғасуда.

          Сонымен қатар, Қордай ауданы Масаншы ауылында 600 орындық, Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық мектептердің құрылысы, Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектепке спорт залының, Тараз қаласындағы №1 орта мектепке 300 орындық қосымша жапсарлас құрылысы, Тараз қаласындағы №22 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып,
600 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Тараз қаласындағы №2 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Тараз қаласындағы №4 орта мектептің ескі ғимаратттарын бұзып, 180 оқушыға арналған мектеп құрылысы жалғасуда.

Оның ішінде, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданы Аса ауылындағы өнер мектебін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді, Байзақ ауданы Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне спорт залы, акт залы, асхана және үш оқу сыныптары ғимараттарының жапсарлас құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты үшін 80 орындық оқу корпусының жапсарлас құрылысы, Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы, Меркі ауданы Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп құрылысы жүргізулуде.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 9 оқушыны құрайды.

Облыстың 432 мектептері Интернет желісіне қосылды, 403 мектепте 2604 интерактивті тақталар орнатылды, «Күнделік» жүйелеріне барлық               442 мектептер қосылды.

2020 жылдың 1 қыркүйегіне облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарда (411 балабақша, 140 шағын орталықтар) 56 мың бала немесе                        91,0%  (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен
7,0 пайыздық тармаққа өсті.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 14,9 млрд. теңге бөлініп, 9,5 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 6,1 млрд. теңге бөлінді және  4,9 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,0 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,3 млрд. теңге (оның ішінде РБ қаражаты есебінен - 3,8 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) көзделген.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасуда.

Есепті кезеңде қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктер, наркологиялық аурушаңдығы және сифилис аурулары төмендеді. Алайда, психикалық бұзылу ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 5 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 3, Байзақ ауданында – 1, Шу ауданында - 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
28 октября 2020