Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-қыркүйектегі

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 Өнеркәсіп. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 365,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 101,7%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 2,7%-ға                                 (42,0 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі - 0,1%-ға (269,2 млрд. теңге),                       электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 8,2%-ға (50,3  млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 17,8%-ға (3,5млрд. тенге) өсуі байқалады.

2020 жылы 1050 жаңа жұмыс орындары құрылатын, инвестиция көлемі
14,8 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда («Элнур Адил Групп» ЖШС – ұн тарту өнімдерін шығару өндірісін ұйымдастыру, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС – қорғасын және мырыш қождары қалдықтарын қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Тараз Арматуралық зауыты» ЖШС - құрылыс арматурасының өндірісі, ЖК «Империя» – балмұздақ цехының құрылысы, «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС – жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу цехының құрылысы, «Байтұр 2050» ЖШС - сүт өнімін өндіру бойынша зауыты «Әмір және Д» ЖШС – фармацевтикалық кешенін салу).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 272,3млрд.теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 103,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 164,9  млрд. теңге (НКИ – 104,7%), мал шаруашылығы –
106,8 млрд. теңге (НКИ – 101,6%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2020 жылы 22,8 млрд. теңге субсидия қарастырылған (оның ішінде республикалық бюджеттен -
13,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 9,7 млрд. теңге).
2020 жылдың                 1 қазанына жалпы 15,7 млрд. теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен- 9,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен-6,5 млрд.теңге) игерілді.

2020 жылдың 3 қыркүйегіне 359,3 мың га дәнді-масақты дақылдар жиналды немесе жиналған алқап – 100%, ондағы өнімділік 22,7 ц/га құрады, майлы дақылдар 56,4 мың га (99,9%, 8,0 ц/га), картоп дақылдар 11,1 мың га (99,8%, 272,2 ц/га).

Шаруашылықтың барлық санаттарында 86,8 мың тонна ет                              (тірі салмақта) өндірілді немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 102,2%, сүт – 258,1 мың тонна (101,9%), жұмыртқа – 106,6  млн. дана (102,1%).

МІҚ саны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға өсіп, 448,3 мың басты құрады, қой – 5,8%-ға (3055,4 мың бас), жылқы – 9,9%-ға (145,1 мың бас), құс – 4,6%-ға (1704,0  мың бас).

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2020 жылдың 1 қазанға           68,4 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 97,0%-ды құрады.

2020 жылдың қаңтар-маусымында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 193,6 млрд. теңгені (109,2%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны - 124,7 мың адамды (100,1%) құрады.

Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі                80,5%-ды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы                    111,5 млрд. теңгені құрайтын 1924 жоба қолдау тапты.

Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 92,3 млрд.теңгені құрайтын 1116 жоба (2020 ж. – 3,7 млрд. теңгеге 75 жоба).

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 6,0 млрд. теңгені құрайтын 479 жоба жүзеге асырылуда (2020 ж. – 798,4  млн. теңгеге  53 жоба).

«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 12,6 млрд.теңгеге 107 жоба іске асырылуда                                               (2020 ж. - 998,6 млн. теңгеге 8 жоба).

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 500,9 млн. теңге сомасына 222 жоба қаржыландыруға мақұлданды.

ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2020 жылдың                          қаңтар-тамызында 97,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың                 қаңтар - тамызына 38,7%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 38,5 млн. АҚШ доллары (28,7%), импорт – 58,9 млн. АҚШ доллары (50,0%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 20,4 млн. АҚШ доллары.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек сауда айналымының көлемі 225,5 млрд. теңгені құрап, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1,8%-ға төмендеді. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 181,6 млрд. теңге сомасында қалыптасып – 0,1%-ға артты.

Көлік. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 9,1%-ға төмендеп, 65,4 млн.тоннаны құрады, жолаушылар тасымалдау – 51,9%-ға (367,5 млн. адам), жүк айналымы – 2,4%-ға (2103,4 млн. тн.км), жолаушылар айналымы – 48,6%-ға (3182,1  млн. жолаушы км).

Негізгі капиталға инвестициялар 230,3  млрд. теңгені құрап 8,2% - ға өсті. Өсім Байзақ ауданындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысына, Т. Рысқұлов ауданындағы алма бақ құрылысына,  сондай-ақ Қордай ауданындағы өткізу пунктін қайта жаңартуға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 121,4 млрд. теңгені немесе
2019 жылдың сәйкес кезеңіне 138,1% құрады. Өсім Байзақ ауданында су қабылдау құрылыстары мен су құбыры желілерін, Меркі ауданында «Мерке» ГТС және газ бұру құбырын салу, Мойынқұм ауданында Меркі-Бурыбайтал автомобиль жол учаскесін реконструкциялау есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға  енгізілген  тұрғын үйлердің жалпы көлемі 433,1 мың шаршы метрді  құрап,  2019 жылдың тиісті деңгейіне 138,1%-ды құрады.

2020 жылдың қыркүйек айында инфляция деңгейі 4,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары - 7,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 4,0%-ға, ақылы қызметтер - 2,0%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,9%).

2020 жылдың қыркүйек айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың тамыз айына қарағанда 100,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша - 100,1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 100,3%,  ақылы қызметтер - 100,2%.

Азық-түлік тауарлар тобы бойынша 2020 жылдың қыркүйек айында  қант бағалары 4,8%-ға, жұмыртқа - 2,4%-ға, ұн - 2,1%-ға, май және тоң май - 1,8%-ға (оның ішінде  күнбағыс майы- на 2,2%-ға, тұздалмаған сары май - 1,6%-ға),  шұжықтар - 1,7%-ға,  тұз - 1,3%-ға, ет -1,2% (оның ішінде жылқы еті - 2,0%-ға,  сиыр еті - 1,6%-ға), жармалар - 0,9%-ға (оның ішінде қарақұмық жармасы - 1,4%-ға, ұнтақ жармасы – 0,3%-ға), сүт өнімдері– 0,7%-ға (оның ішінде  айран - 2,1%,  шикі сүт - 1,4%), макарон бұйымдары -0,4%-ға көтерілді.

Шәй, күріш, сүзбе, шошқа және қой ет бағалары тұрақты болып қалыптасты. Бағалардың көкөністер - 6,1%-ға, жеміс-жидектер - 4,3%-ға, тары - 0,5%-ға төмендегені байқалады.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында газет, кітап пен кеңсе тауарлары - 2,7%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдары - 1,5%-ға, үйге қажетті заттар және тұрмыстық техника - 0,6%-ға, киім мен аяқ киім - 0,3%-ға көтерілді.

Фармацевтикалық препараттар бағасы 1,4%-ға, бензин мен дизель отыны - 0,1%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ыстық су тарифтері 5,3%-ға, тұрғын үйді жалға беру - 1,9%-ға,  амбулаториялық қызметтер - 1,0%-ға, шаштараз және жеке қызметтер - 0,6%-ға, жолаушылар көлігі қызметтері - 0,4%-ға (оның ішінде әуе көлігі – 10,6%-ға) өскен.

Салықтар мен бюджет. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде  мемлекеттік бюджетке 68,5 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 119,0%, оның ішінде республикалық бюджетке
– 21,9 млрд.теңге (болжамға 116,4%), жергілікті бюджетке – 54,1 млрд.теңге (болжамға 115,2%).

2020 жылғы 1 қазанға берешек сомасы  2,1 млрд. теңгені немесе                          2019 жылдың тиісті кезеңіне 99,1%-ды құрады.

2020 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар                400,0 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 68,6  млрд.теңге құрады.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларынының бюджет кірістері                          291,9 млрд. теңгеге (жоспар 248,7 млрд. теңге) немесе 102,5%-ға қамтамасыз етілді.

Меншікті кірістер жоспары 54,1 млрд. теңгеге (жоспар                              47,0 млрд.теңге) немесе 115,2%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 49,0 млрд. теңгеге (жоспар – 44,2 млрд.теңге) немесе
110,9%-ға, салықтық емес түсімдер 1,4 млрд. теңгеге                                   (жоспар - 939,6 млн.теңге) немесе 146,2%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,8 млрд. теңгеге (жоспар 1,9 млрд.теңге) немесе                199,8%-ға орындалды.

Бюджеттік шығындар 319,3 млрд.теңгеге немесе 99,9%-ға игерілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2020 жылдың                           қаңтар-қыркүйегінде  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде және жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 45189 адам қамтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 16868 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1529 адам, жастар практикасымен - 2340 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 12636 адам қамтылды.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жаңадан 29503 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 19132. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 42234 адамның 36518-сі жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 2 тоқсанына 161994 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 28,1%-ға, нақты - 19,9%-ға артты.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2020 жылдың 2 тоқсанында 78222 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға, нақты – 4,8%-ға өсті.

2020 жылдың 1 қазанына 76,8 мың тұрғынға 5807,2 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 5706,9 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 66,0 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 34,3 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 183,6 млрд. теңге қарастырылып, 2020 жылдың 1 қазанына 136 млрд. теңге немесе есепті кезең жоспарының 100% игерілді.

Білім беру объектілерін дамытуға 2020 жылы бюджет есебінен                       8,0 млрд.теңге қарастырылды (о.і. республикалық бюджеттен  -                             0,5 млрд. теңге (АЕБ), жергілікті бюджеттен – 6,1  млрд. теңге,                    «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,4 млрд. теңге).

         2020 жылы Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық мектебінің, Тараз қаласындағы ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жапсарлас құрылысы, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы спорт залының, колледж асханасының жапсарлас құрылысы,           Т. Рысқұлов ауданы Қазақ ауылындағы орта мектепке жапсарлас құрылысы, Жуалы ауданы Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектепке спорт залының жапсарлас құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

         2020 жылы Қордай ауданындағы Қалғұтты ауылында 180 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, Шу ауданы Бірлікүстем ауылындағы 300 орындық, Шу ауданы Алға ауылындағы 300 орындық орта мектептердің құрылыстары жалғасуда.

          Сонымен қатар, Қордай ауданы Масаншы ауылында 600 орындық, Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық мектептердің құрылысы, Тараз қаласындағы №1 орта мектептің 300 орындық қосымша жапсарлас құрылысы, Тараз қаласындағы №22 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Тараз қаласындағы №2 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Тараз қаласындағы №4 орта мектептің ескі ғимараттарын бұзып, 180 оқушыға арналған мектеп құрылысы  жалғасуда.

Оның ішінде, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданы Аса ауылындағы өнер мектебін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, сонымен қатар, Байзақ ауданы Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне спорт залы, акт залы, асхана және үш оқу сыныптары ғимараттарының жапсарлас құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты үшін 80 орындық оқу корпусының жапсарлас құрылысы, Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің Жамбыл ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы, Меркі ауданы Гранитогорск ауылында 120 орындық мектеп құрылысы жүргізулуде.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 6 оқушыны құрайды.

Облыстың 432 мектептері Интернет желісіне қосылды, 403 мектепте 2604 интерактивті тақталар орнатылды, «Күнделік» жүйелеріне барлық               442 мектептер қосылды.

2020 жылдың 1 қазанына облыстағы 547 мектепке дейінгі ұйымдарда (411 балабақша, 136 шағын орталықтар) 56 мың бала немесе                        91,2%  (1-6 жас) тәрбиеленуде, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен
5,2 пайыздық тармаққа өсті.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 9 айында
15,5 млрд. теңге бөлініп, 11,1 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 10,2 млрд. теңге бөлінді және  5,4 млрд. теңге игерілді.

Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 3,3 млрд. теңге (оның ішінде РБ  – 2,8 млрд. теңге, ЖБ - 0,5 млрд. теңге) көзделген.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.

Есепті кезеңде қант диабеті, қан айналымы жүйесінің аурулары, туберкулез, жаңадан пайда болған қатерлі ісіктер, наркологиялық аурушаңдығы және сифилис ауруларының деңгейі төмендеді. Алайда, психикалық бұзылу ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 6 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 4 (оның ішінде 2 – COVID диагнозымен), Байзақ ауданында – 1, Шу ауданында - 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының 2020 жылдың қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
28 октября 2020