Жамбыл облысы бойынша жалпы өңірлік өнім

Жамбыл облысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2019 жылы 1712,9 млрд. теңгені құрады, НКИ -103,8%.Жан басына шаққандағы ЖӨӨ - 1518,8 мың теңге.

2019 жылы инфляция деңгейі 5,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары 9,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,1%-ға, ақылы қызметтер - 0,3%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 5,4%).

2019 жылы жұмыссыздық деңгейі - 4,8% құрады.

2020 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 767,9 млрд. теңгені құрады, НКИ-102,6%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 677,9 мың теңгені құрады.

Жамбыл облысының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2020 жылға арналған ЖӨӨ болжамы 1827,6 млрд теңгені (100%) құрайды.

2020 жылдың қыркүйек айында инфляция деңгейі 4,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 7,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 4,0%-ға, ақылы қызметтер – 2,0%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,9%).

2020 жылғы 2 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі - 4,9% құрады.

 

Валовый региональный продукт
Дата публикации
27 октября 2020