Байзақ ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар

БЕКІТЕМІН

Жамбыл облысының әкімі

__________  Е. Қарашөкеев

 «____» _________ 2025 жыл

 

 

Байзақ ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша

берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.

Ауыл және ауылдық округтер аумақтарындағы иесіз қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізу

2025 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2.

Қосақ ауылындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарастыру

2025 жыл

4 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

3.

Сарыкемер ауылында әлеуметтік және бюджеттік нысандардың, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің салынуына байланысты кәріз жүйелері құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

2025 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

4.

Аудан орталығына заманауи талапта балаларға арналған оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге жер телімін анықтап, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

2026 жыл

3 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов, облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

5.

2009-2015 жылдары Байзақ ауданы аумағынан «Интергаз» магистралдық құбырлары жер астымен жүргізілгеннен кейін зақымдалған егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

6.

Сарыкемер ауылдық округінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге болатын аумақтарды айқындау бағытында тиісті жұмыстарды жүргізу

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

7.

Сарыкемер ауылы Мәмбет батыр көшесінің бұрылысында орналасқан 37 үй «Интергаз» магистралдық құбырларының қорғау аумағында орналасуына байланысты ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау мақсатында мәселені шешу жолдарын қарастыру

2026 жыл

4 тоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Байзақ ауданының әкімі
(жинақтау)

8.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты №7 орта мектеп пен көпқабатты тұрғын үйлерге дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастыру

2027 жыл

3 тоқсан

Байзақ ауданының әкімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: ұзақ мерзімді тапсырмалар бойынша (4-8 т.т.)

аралық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде енгізу қажет.

Байзақ ауданына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар
Дата публикации
11 марта 2025