Стационарлық ем қабылдап жатқан балаларды
оқытуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ана мен баланы аялау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны оңалту орталығына келіп түскен 1-11 сынып аралығындағы оқушыларды қабылдау және оқытуды ұйымдастыру «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілсін.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова