Облыс әкімінің 2025 жылғы 31 қаңтарда Қордай ауданына жұмыс сапары барысында
көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Қордай аудандық орталық стадионға қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, құрылыс басқармасы
|
|
2. |
Қордай ауданы «Степное» ауылдық округінің атауын «Ақдала» ауылдық округіне, «Степное» ауылының атауын «Дінмұхамед Қонаев» ауылына қайта атау мәселесіне қатысты ұсынысты облыстық ономастика отырысында қарау, нәтижесі бойынша заң аясында шешім шығарып, тиісті шараларды қабылдау (оның ішінде Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау)
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы |
|
3. |
Қордай ауылында «Достық үйі» құрылысына арналған жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, құрылыс басқармасы, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы |
|
4. |
Қордай аудандық емхана құрылысын салу бойынша жобалық сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамаға берілуін және оң қорытынды алынуын қамтамасыз ету, нәтижесі бойынша уәкілетті орталық мемлекеттік органның қарауына жолдау
|
2025 ж. наурыз |
Құрылыс басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі, денсаулық сақтау басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
|
5. |
Қордай ауылшаруашылық колледжінің оқу және жатақхана ғимараттарына күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жобаны қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізу
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Білім басқармасы (жинақтау), Қордай ауданының әкімі |
|
6. |
Ауыл шаруашылығы саласындағы 2025 жылға бекітілген межелерге жету жоспарларын анықтап, ауыл шаруашылығы басқармасына енгізу
|
2025 ж. 1 наурыз |
Қордай ауданының әкімі |
|
7. |
Қордай ауылындағы Қарасай батыр көшесінің жолын кеңейту және көпір құрылысын салуға дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы
|
|
8. |
«Жамбыл облысы, Қордай ауданы КН-КR-1, «Қаракемер-Керу» аудандық автомобиль жолының 0-18,1 шқ орташа жөндеу» бойынша дайындалған жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім әзірлеп, облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, оны нақтылау кезінде қарастыру
|
2025 ж. ІI тоқсан
|
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
|
9. |
Қордай ауданындағы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін, негізгі капиталға салынатын инвестициялардағы жеке инвестицияның үлесін ұлғайтуды жүзеге асыру
|
тұрақты |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы
|
|
10. |
Қордай ауданының инвестициялық жобалар пулын қалыптастырып, 4 ірі инвестициялық жобаның (оның ішінде 1-2 кен байыту фабрикасының) іске асырылуын қамтамасыз ету |
2025 ж. соңына дейін |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
|
11. |
Қордай ауданы бойынша кен байыту орындарының тізімін нақтылап, әлеуетті инвестициялық жобалардың тізімін әзірлеу
|
2025 ж. 1 наурыз |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
|
|
12. |
Қордай ауданы бойынша кен орындарын алып, ұзақ жылдар тиісті жұмыс атқармайтын мердігерлерден заң аясында жерлерді қайтаруға қажетті шараларды қабылдап, жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейтін мердігерлердің тізімін ұсыну
|
2025 ж. 1 наурыз |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, жер қатынастары басқармасы
|
|
13. |
Көктемгі дала жұмыстарына шаруашылықтарға қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету |
2025 ж. 1 сәуір |
Қордай ауданының әкімі (жинақтау), ауыл шаруашылығы басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша)
|
|
14. |
«Қордай» бақылау-өткізу бекітінде орнатылған «Q-Gate» автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесінің тиімділігін ескере отырып, облыстың басқа да бақылау-өткізу бекеттерінде орнату бойынша ұсыныс енгізу
|
2025 ж. 1 наурыз |
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша)
|