Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңатас қаласы тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру жобасының жоспар кестеге сәйкес аяқталып, іске қосылуын қамтамасыз ету |
2024 ж. Қараша
|
Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Интеллект Азия» ЖШС-і, жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге мердігер тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары (комплект) және 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары (комплект) жеткізілді және құрылыс-монтаж (демонтаждау) жұмыстары 100,0% аяқталды. Желілік сорғылар (сетевой насос) және түтін құбыры (дымовая труба) «Қалалық қазандыққа» жеткізілді, қазандықтардың барлық қажетті қондырғылары ортатылып, қалаға жылу берілуде.
|
|
2. |
Ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар ашуды ұйымдастыру, кәсіпорын басшыларымен бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін пысықтау
|
Тұрақты
|
«КазЦемТрайнинг» ЖШС-нің «Цемент өнімін өндіру зауыты» - құрылыс жұмыстары аяқталуда. Электр желілерін іске қосу үшін «Кентау трансформаторлық зауыт» АҚ мамандары жұмыс жүргізуде. Болжамға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірде зауыт өз жұмысын бастап, 200-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Кәсіпорын қажет етілген мамандық иелерін бірінші кезекте жергілікті жерден қабылдайтын болады.
|
|
3. |
Саудакент ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ІІ-кезеңі және Жайылма мен Маятас ауылдарының орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша дайындалған жобаларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну
|
2024 ж. ІV тоқсан
|
"Саудакент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту" ІІ кезең бойынша (қалған 414 ауланы) ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалау сметалық құжат әзірленуде. 2024 жылға ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып (Жобалаушы: «ТалдыкорганГеодезияКварц» ЖШС), жобаға сараптама қорытындысы алынды және тиісті салалық басқармаға (энергетика басқармасы) бюджеттік өтінім ұсынылды (жоба құны – 417,3 млн.тг). 2024 жылы Жайылма және Маятас ауылдарында ауыз су жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 390,5 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған. Аталған жоба 2024 жылдың «Жол картасына» енгенімен қазіргі таңда бұл жоба қолдау таппады. Сол себепті 2024 жылға аталған жобаны түзету енгізу үшін аудандық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаралып, «Сарысу сулары»КМК тарапынан жобаға өзгеріс енгізіліп, сараптамадан өткізілді Жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрап, бюджеттік өтінім ұсынылды.
|
|
4. |
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларының су табанын тазарту және бөгетті көтеру жұмыстарының тиімділігін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу
|
2025 ж. ІІ тоқсан
|
«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, «Ынталы» және «Бүркітті» су қойасының табанын тазалау және дамбасын нығайтуға жұмыстары барысы зерделенді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңі (қыркүйек айы) аяқталған соң, «Ынталы» су қоймасының бас шлюз маңындағы табаны тазаланып жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. «Бүркітті» су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізу «ҚазСуШар» РМК филиалы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
5. |
Жаңатас қаласынан аудандық орталық аурухана мен қалалық емхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен пысықтау және тиісті жұмыстарды жүргізу
|
2024 ж. ІV тоқсан
|
Сарысу аудандық орталық ауруханасына жаңа аурухана ғимаратын салуға жобалық – сметалық құжаттамасына 6,5 млн. теңге қаражат бөлуге облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім берілген.
|
|
6. |
Аудан мектептеріне оқушылар тасымалына қажетті жаңа автобустар қажеттілігін зерделеп, ұсыныс енгізу
|
2024 ж. қараша |
Сарысу ауданы бойынша мектеп оқушыларын облыс орталығында өтетін олимпиадаларға және Байқадам ауылдық округінде Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебіне елді мекендерден 6 мектептің жоғары сынып оқушылары оқу сессиясына қатынап қатысуына байланысты Сарысу ауданына 1 бірлік автобус қажеттілігі бар. Қазіргі таңда, аудандық білім бөлімі тарапынан ұсыныс дайындалуда.
|
|
7. |
«Қазфосфат» ЖШС теңгеріміндегі «Үш алып» ғимаратын қайта пайдалану бойынша кәсіпорын басшылығымен жұмыс жүргізіп, ұсыныс енгізу
|
2025 ж. ІІ-тоқсан
|
Жаңатас қаласы Аулие ата 16 мекен жайы бойынша спорт залы орналасқан (0,1230 га жер учаскесі бекітіп берілген). Соғылған жылы – 1975 жыл. Табиғи тозы – 40 жыл. (2015) Үй жайлар, бөлмелер саны – 26. 13.02.2023 ж №2-3 актілерімен (ОС- 1) Жаңатас қаласы әкімі аппараты КММ-ның теңгеріміндегі Жаңатас қаласы Аулие ата 16/1 мекен жайы бойынша «Үш алып» жатақхана ғимараты және Жаңатас қаласы Аулие ата 16 мекен жайы бойынша спорт залы Казфостат ЖШС-і теңгеріміне берілген. Казфостат ЖШС-і тарапынан 270 орындық жатақхана жасау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Казфосфат ЖШС-і басшылығымен «Үш алып» ғимаратының алдағы қолданысы туралы қосымша келіссөздер жүргізілуде.
|
|
8. |
Егін орағынан жинақталған арпа және бидайдың нарықтағы сатылым бағасын тұрақтандыруын зерделеп, ұсыныстар енгізу |
2024 ж. қараша |
Ағымдағы жылы Сарысу ауданы шаруашылықтары бидай және арпа дақылдарын 60-90 теңгенің көлемінде сатылымға шығарды. Қазіргі таңда, шаруашылықтарда тек көктемгі дала жұмыстарына тұқым ретінде дайындап отырған 1600 тоннаға жуық арпа дақылы бар. Күзгі дала жұмыстары кезінде 3500 гектар күздік бидай дақылы егілген болатын. Көктемгі дала жұмыстары кезінде 8500 гектар арпа дақылын егу жоспарланған.
|
|
9. |
Жаңатас-Саудакент бағыты бойынша жол бойындағы көпірді су шаюдың алдын алу мақсатында қоқыстан уақытылы тазартуды ұйымдастыру
|
Тұрақты
|
Жаңатас-Саудакент бағыты бойынша жол бойындағы жер асты су өткелін (дюкер) су шаюдың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімі аппаратының инспекторлары тарапынан зерделенген. Аталған аумақта қазіргі таңда ешқандай қоқыс жоқ. Аудандағы барлық канал, көпір және жер асты су өткелдерінің жағдайы төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан үнемі бақылауда.
|
|
10. |
«Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры арқылы алынған трактор техникаларына төленетін мемлекеттік жеңілдіктердің төленбеуі бойынша зерделеу жүргізіп, ұсыныстар енгізу
|
Тұрақты |
2024 жылы 852,9 млн. теңгеге 67 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде 69 млн. теңгеге 1 комбайн, 687,6 млн. теңге 33 (түрлі) тракторлар және 96,3 млн. теңгеге 33 дана қосалқы құрылғылар. Жыл қорытындысымен сатып алынған 41 дана ауыл шаруашылығы техникларынының шығынын субсидиялауға 123,4 млн. теңге өтінім берілді. Барлық өтінім облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан қаралып, заңда белгіленген тәртіпке сәйкес субсидия төленуде.
|
|
11. |
Талас өзені суының Тоғызкент, Досбол, Игілік және Жайылма ауылдық округтеріне жетіспейтіндігін ескере отырып, оны шешу жолдарын қарастыру, оның ішінде заң аясында бекітілген ережелерге өзгерістер енгізуге ұсыныстар енгізу
|
2024 ж. қараша |
2024 жылдың қараша айында Талас өзенінің су аудан шекарасына келіп, бүгінгі күнге Досбол ауылдық округі «Серкеқырған» көлтабына жақындап қалды. Бұл суды уақтылы кедергісіз жеткізу үшін мынадай шаралар атқарылды. «ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалының ауыр техникаларының көмегімен Талас ауданы жеріндегі Талас өзенінің 2,7 шақырымы, Сарысу ауданындағы 0,5 шақырым өзен арнасына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл судың ауданға уақтылы және жылдам келуіне өз септігін тигізуде. Сонымен қатар, Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылындағы «Жарма» каналына және Досбол ауылы шегіндегі «Тоғызкент-Қамқалы» жолының бойында орналасқан аспалы көпірге су өлшегіш тоспасын орнату бойынша бүгінгі күнге жер учаскелері белгіленіп, жер учаскесінің сәйкестендіру құжаттары рәсімделді. Жобалық-сметалық құжаттама жасатуға қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттама бойынша қажетті қаражат көлеміне бюджеттік өтінім енгізілетін болады. Сарысу ауданына келетін Талас өзені суын бақылау үшін «ҚазСуШар» РМК тарапынан жүргізілуде.
|
|
12. |
Байқадам ауылдық округі аумағында жалдамалы жұмысшылардың және ауыл тұрғындарының артуына байланысты Саудакент ауылындағы учаскелік полициясының штат бірлігін ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу
|
Тұрақты |
Сарысу аудандық полиция бөлімі тарапынан аталған тапсырма бойынша облыстық полиция департаментіне ұсыныс енгізілмеген. Аудан әкімі аппараты тарапынан аудандық полиция бөліміне қосымша хаттар жолданған. Қазіргі таңда, Саудакент ауылында 6,0 мыңнан астам адам тұруда. Мәселе аудан әкімі аппаратының бақылауында.
|
|
13. |
«Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның жылу, су қызметтерінің қолданыстағы тарифтік бағаларын өзгертіп, қайта бекітілуін қамтамасыз ету
|
2024 ж. желтоқсан |
«Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның жылу, су қызметтерінің қолданыстағы тарифтік бағаларын өзгертіп, қайта бекіту үшін жаңа тариф жоспары 2024 жылдың қазан айынан бері Монолист.кз базасы арқылы жұмыстар жүргізілуде. Тариф жоспарлары бірнеше рет кері қайтарылды. Қазіргі таңда қайта толықтырулармен базаға жаңа тариф жоспары қайта жолданды.
|
|
14. |
«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішіне толыққанды зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы сомасын нақтылап, ұсыныс енгізу |
2025 ж. 2-ші тоқсаны |
«Саудакент қалажұрты» археологиялық ескерткішіне толыққанды зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлу жөнінде облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс енгізілген.
|
|
15. |
«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішінің оңтүстік жағына қоршау орнату жұмыстарын қарастыру
|
2025 ж. 2-ші тоқсаны |
«Саудакент қалажұрты» археологиялық ескерткішінің оңтүстік жағына қоршау орнату үшін Байқадам ауылдық округі тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалып, 10,0 млн. теңгеге аудандық бюджетке ұсыныс берілді.
|