Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен 

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру  

жөніндегі іс-шаралар жоспары 

 

Р/с 

№  

Іс-шараның атауы 

Іске асыру мерзімдері 

Жауапты орындаушылар 

Орындалуы туралы мәлімет 

1 

2 

3 

4 

5 

1 

Қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатқан М-1 жылу желісінің мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету 

2024 жылдың қазан айы 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

«Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы             М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінде басталған болатын. Қазіргі таңда, 3579 м (75%) лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілді.  2024 жылы жалпы 6138 м жылу құбырының 4772 м бөлігін қайта жаңғырту жоспарланған.  

Сонымен қатар, 3101 м (65%) лоток және 1908 м (40%) құбыр жүйесі орнатылды. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі тарапынан қоймаға және учаскелерге шамамен 7549 м құбыр, бекіту арматуралары құрылыс аумағын қоршауға арналған қоршаулар т.б. қажетті құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтар жеткізілген. "Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы              М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту" жұмыс жобасына сәйкес, қазіргі таңда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары 100%-ға аяқталды. Сонымен қатар, орнатылған жылу құбырлары тиісті гидравликалық қысыммен тексерілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары аяқталды. 

2 

«Ұлы Дала» (15) шағынауданы  №№27, 28, 29 көпқабатты тұрғын үйлерге ортақ аулада демеушілер есебінен балалар ойын алаңын салып беруді қарастыру 

2024 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі,  

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

 

2024 жылы аулаларды абаттандыру, оның ішінде, балалар ойын алаңшасын салуға қала бюджетінен 500,000 мың теңге қаражат бөлініп, 24 мекенжайда  «Аса» ш.а.  №36, Лесхозный көшесі, Жилкооперация 1А, Талас №27, Жауғаш батыр №8, 9, Төле би №9б, «Жансая» ш.а. № 23, Сүлейманов №8, «Ақбұлақ» ш.а. №1 (7 үй), Сағындықов №38, Сатпаев №1,  Сатыбалдиев №40, 42, «Мынбулак» ш.а. №46, Сыпатай батыр №2 А, 2 Б, «Астана» ш.а. №33, «Байтерек» ш.а. №36, Телеорталық №2, Қазыбек би №142, Қонаева 16«Атшабар» ТК, «Байтерек» ш.а. №5, «Талас» ш.а. №28, Төле би №92-96, «Салтанат» ш.а. №22) абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  

Сонымен қатар, «Ұлы Дала» шағынауданы №27,28,29 көп қабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңын орналастыруға  демеушілер қызығушылық  танытпауда. 

3 

«Барысхан» алқабындағы кіші-футбол алаңшасын түнгі жарықтандыру мәселесін қарастыру  

2024 жылдың соңына дейін 

  

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков 

Ғ.Алтаев 

«Барысхан» алқабындағы кіші-футбол алаңшасына түнгі жарық шамдары орнатылды. 

4 

«Орхун Медикал» медициналық орталығынан №53 мектепке барар жолға түнгі жарықтандыру мәселесін зерделеп, техникалық мүмкіндігіне қарай қосымша 5 бағана орнату  

2024 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

Ағымдағы жылы «Астана» (12) мөлтек аудандағы «Орхун Медикал» медициналық орталығынан №53 мектепке барар жолға түнгі жарық шамын орналастыру жоспарланды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар рәсімделуде. 

 

5 

Өзбек көшесінің                      2-бұрылысы түнгі жарықтандыру бағаналарын кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер тарапынан ауыстыруды қамтамасыз ету  

2024 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

 

Тараз қаласы, Өзбек көшесінің                                      2 бұрылысындағы электр бағаналары «ЖЭЖ» мекемесінің теңгерімінде. Инвест бағдарлама бойынша 2026 жылдың жоспарына электр бағаналарды ауыстыру жұмыстары жоспарланған. 

 

6. 

«Қарасай» алқабының көшелерін түнгі жарықтандыру мен  жолдарын жөндеу 

2024 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

«Қарасай» алқабындағы көшелерге түнгі жарық шамын орналастыруға                2024 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталу жоспарланып отыр. 

2024 жылы «Қарасай» алқабы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

7. 

«Қант зауыты» аймағындағы Театральный көшесі, №2 мекен-жайдағы бұрынғы онкологиялық аурухана ғимаратын қайта жаңғыртудан өткізуге әзірленіп жатқан ЖСҚ аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу 

2024 жылғы қарашаға дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Құрылыс басқармасы 

(Д.Садуақасов жинақтау) 

 

 

№7 қалалық емханасы ғимаратын реконструкциялау нысаны бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді.  

Сметалық құны 2 936,0 млн. теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге және клиникалық-техникалық негіздемесін (КТО) алуға қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта клиникалық-техникалық негіздемесі (КТО) әзірленуде. 2025 жылдың ақпан айына дейін мемлекеттік сараптамаға кіруі жоспарланған. 

8. 

Менделеев көшесінің 3-бұрылысы №1 мекен-жайдағы талдарды бұталау жұмыстарын жүргізу  

2024 жылғы  

1 шілдеге дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков 

Ғ.Алтаев 

Менделеев көшесінің 3-бұрылысы №1 мекенжайдағы қураған талдарға санитарлық бұталау жұмыстары жүргізілді. 

9. 

«Социалистік Еңбек Ері» аллеясын орнату мәселесін қарастырып, ұсыныс беру 

2024 жылғы 

 1 тамызға дейін 

Тараз қаласының әкімі,  

Н.Исабеков 

Сәулет және қала құрылысы басқармасы 

(Д.Раманкулова жинақтау) 

«Таразға тарту» жобасының аясында Әл-Фараби көшесінің бойындағы «Қаратау» шағын ауданы №25, 26, 27 көппәтерлі тұрғын үйлердің маңынан  абаттандырылған «Социалистік еңбек» скверіне «Социалистік Еңбек Ері» аллеясын орнату ұсынылды. 

Қосымша фото тіркеледі. 

10. 

Қала аумағындағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін балалар ойын алаңшасының тізімін ұсыну  

2024 жылғы 

 1 тамызға дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

 

Қазіргі таңда, қала аумағында жөндеуді қажет ететін (101) балалар ойын алаңшасының тізімі ұсынылды.  

11.  

№9 округ аумағындағы Братская көшесінің жолына толығымен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 

2025 жылдың ІІ-жартыжылдығы 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

Братская көшесіне орташа жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына ұсынылды. 

12.  

Жоспарға сәйкес «Барысхан» алабының жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау (республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда) 

2025 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков 

Д.Садуақасов  

Тараз қаласындағы «Барысхан» тұрғын алқабына асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарына «Uniserv» ЖШС-мен 13.09.2023 жылы №293 келісім-шарт жасалған. Техникалық қадағалаушы – «Аз и Мур Строй» ЖШС-і, авторлық қадағалаушы – «Құрылыс инвест жоба» ЖШС-і. Нысанның шарттық құны – 1 605,7 млн.теңгені құрайды.  

2023 жылы республикалық бюджет есебінен 100,0 млн.теңге, облыстық бюджет есебінен – 160,6 млн.теңге бөлініп, игерілген.  

2024 жылға республикалық бюджет есебінен 800,0 млнтеңге қарастырылған. Нысанды аяқтауға 545,1 млн.теңге қажет етіледі. Нысан 2025 жылға өтпелі. 

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшенің асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Барысхан тұрғын алқабында 529 тұрғын үй, 570 жер телімі бар. Тұрғындар саны 2650 абонентті құрайды. 

Қазіргі уақытта 1 көшенің асфальт негіздемесі дайындалып, 1 көшенің асфальттау жұмыстары толығымен  аяқталды. Ағымдағы жылға  жоспарланған 7 көшеге  асфальт жабындысы төселді. 

 

13.  

Целиноград көшесінің 2-тұйығының сыртқы жарығын жүргізу 

2025 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

Целиноград көшесінің 2-тұйығының түнгі жарық шамдары орналастырылған. Қазіргі таңда түнгі жарық шамдарына техникалық қызмет жасалып, қалыпты жағдайда жанып тұр. 

14. 

«Шалғай Қарасу 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7» алқабын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 

2025 жылдың соңына дейін 

Тараз қаласының әкімі, 

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

«Шалғай Қарасу 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7» алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік       сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан тиісті рұқсат құжаттары алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы тартылатын құбырдың ұзындығы – 82,5 шақырым. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 80% аяқталып, жұмыстар әрі қарай жүргізілуде.           2025 жылға құдықтарда фасондық бөліктерді жинау, дезинфекциялау, құбырларды жуу және су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары қалып отыр. Өтпелі нысан болғандықтан құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады. 

15. 

«Астана» (12) шағынауданын ағын сумен қамтамасыз ету  

2025 жылдың 

 І-жартыжылдығы  

 

Тараз қаласының әкімі,  

Н.Исабеков, 

Ғ.Алтаев 

«Жасыл ел Тараз» мекемесі тарапынан «Астана» (12) шағынауданында арық жүйелері қалпына келтіріліп,   ағын сумен қамтамасыз етілді. 

16. 

Қала аумағындағы шағын аудандар мен алқаптарды (массив) спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру 

Іс-шаралардың өтетін мерзімі мен орындары туралы кеңінен хабарландыру 

Тұрақты  

(әр тоқсан қорытындысымен ақпарат ұсыну) 

Тараз қаласының әкімі 

Г.Жауынбекова, 

Б.Тоқсанбаева, 

О.Борисюк 

Қала тұрғындарының жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қаланың 11 аумақтық округында апта сайын өтетін бұқаралық спорттық   және мәдени көпшілік                іс-шаралар туралы хабарлама әлеуметтік желілерге тұрақты жариялануда 

17. 

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау. 

Тұрақты  

(әр тоқсан қорытындысымен ақпарат ұсыну) 

Тараз қаласының әкімі, 

Б.Абилдаева, 

Б.Бектұрғанова 

Тараз қаласы әкімдігінің ресми парақшаларына келіп түскен өтініш-арыздар зерделеніп, уақытылы кері байланыс жасалынуда. 

Тараз қаласы әкімдігіне қатысты сыни бағыттағы әлеуметтік желіге түскен шағымдардың шілде айының басынан бүгінгі күнге дейінгі  Facebook, Instagram  желісіндегі түрлі парақшаларда қалалық әкімдіктің ресми парақшасын белгілеуі және жарияланған арыз-шағымдар саны – 225. Оның ішінде: 

1. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  128 арыз; 

2. «Жасыл Ел-Тараз»  мекемесіне           31 арыз;  

3. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне 25 арыз; 

4. «Тұрғын үй» қатынастары бөлімі      18 арыз; 

5. «Жамбыл Су» МКК  15 арыз; 

6. Білім бөлімі 8 арыз. 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
24 января 2025