Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен

 кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1

Тараз айналма жолындағы Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына  бағдаршам орнату

2025 жыл, қыркүйек айы

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

(жинақтау)

Қазіргі таңда «City Road» мекемесімен қалаға батыстан кіреберіс жолды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобада Айша бибі ауылы мен «Шөлдала» алқабына қарасты жол қиылысына айналмалы қозғалыс (круговое движение) қарастырылған.

 

2

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды)              жол деңгейімен қалпына келтіру

2025 жыл, желтоқсан айы

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

 

«Шөлдала» алқабында көше жолдарындағы шағал тас астында қалған ауыз су құдықтарын (люктарды) жол деңгейімен қалпына келтіру жұмыстары мердігер «KATSA» мекемесімен жүргізілді.

 

3

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

 

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

Телецентр және Төңкеріс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларына түнгі жарық шамдарын орнату бойынша жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттары рәсімделуде.

 

4

Рысбек батыр көшесін кеңейту және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

Рысбек батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Аталған жобада көшені кеңейту және жаяу жүргінші жолын салу қарастырылған.

 

5

Қ.Тұрысов көшесінің жалғасы Әл-Фараби көшесінен «Қарасу» шағын ауданы       №19 көпқабатты тұрғын үйге дейінгі аралықтағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

 

Қ.Тұрысов көшесінің жалғасы Әл-Фараби көшесінен «Қарасу» шағын ауданы       №19 көпқабатты тұрғын үйге дейінгі аралықтағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланып отыр.

 

6.

«Арай» алқабы, Бәйдібек баба және Домалақ ана көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

«Арай» алқабы, Бәйдібек баба және Домалақ ана көшелерінің бойына жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылға жоспарланып отыр.

 

7.

М.Лермонтов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу

2025 жыл, желтоқсан айы

Н.Исабеков,

Ғ.Алтаев

М.Лермонтов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарын жүргізу ағымдағы жылға жоспарланып отыр.

 

8.

№55 орта мектептің қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

2025 жыл,

маусым айы

 Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Р.Қожамжарова

 (жинақтау)

Тараз қаласы білім бөлімі №55 мектептің  қасбетін әрлеу мен шатырын жөндеу, абаттандыру  жұмыстарына 2024 жылы  ЖСҚ  әзірленген. Сомасы - 22 191,0 мың теңге.       2025 жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде   қаражат қарастырылмады. Бюджетті нақтылауда қаражат қарастырылғанда конкурс арқылы шешімін табады.

 

9.

Бір апта мерзімде «Шөлдала» алқабы, Қоғалы көшесіндегі тұрғын үйлердің құжаттарын рәсімдеу, ауыз суға төленетін төлемақы мәселесін анықтап, шешімін беру

2024 жыл,

  желтоқсан айы

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы,

М.Беркімбаев

(келісім бойынша),

Ғ.Алтаев

(жинақтау)

Қоғалы көшесінің тұрғындары «Жамбыл су» мекемесі дербес  шот аштырып, қазіргі таңда ауыз сумен толық қамтамасыз етілуде

 

 

Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Тараз қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
24 января 2025