Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

 

Орындалуы туралы ақпарат

1.     

Ауданда туризм саласын дамыту үшін нақты шаралар қабылдап, ұсыныс енгізу     

2024 жыл ішінде

Облыс әкімдігінің туризм басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

2024 жылы Меркі ауданы аумағында спорт туризм оның ішінде альпинизм бағыты  бойынша 1 іс шара өткізілді. Сонымен қатар Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Меркі тау шатқалдарына 3 күндік экспедиция ұйымдастырылды.  Аталға іс-шара аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің  қатысуымен өтті. Нәтижесінде түрлі БАҚ көздерінде  «Меркідегі мәңгі мұз» «Әулие көл» атты және т.б. мақалалар мен видеороликтер көрсетілді.  

Меркі тау шатқалында «Қасқасу» көпірінің маңында альпенистік база орналастыру үшін арнайы жер телімі анықталып, бүгінгі күнге аталған жер теліміне «халық паркі» мәртебесін беру мақсатында тиіісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда құжат топтамасы толық әзірленіп, техникалық экономикалық негіздеме экологиялық сараптамадан өтуде.

Жер телімінің құжат топтамасын рәсімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, альпенистік база орналастыру үшін кететін шығын есептелінетін болады. 

 

2.     

Көктемгі дала жұмыстарына қаржы институттарынан қосымша қаржы алу мүмкіндіктерін қарастырып, ұсыныс енгізу

2024 жылдың наурызы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы 2,5 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күні Меркі ауданы бойынша «Меркі несие серіктестігі» ЖШС 9 шаруа қожалықтан 143,2  млн теңге несие алуға өтінім беріліп, 7 шаруа қожалықтың өтінімдері мақұлданып, 2 шаруа қожалыққа 70 млн. теңге қаражат төленіп берілді. Сонымен қатар қаржы институттарынан қосымша қаржы алу бойынша 362 млн теңгеге 18 шаруа қожалықтың тізімі жинақталды. Меркі ауданынан несие беретін «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-нан беретін 5 пайыздық көлемді 3 пайызға төмендету және кепілге егістік жерді алу ұсынылады.

3.     

Ауданға жеке инвесторларды тарту арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жүргізу 

 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

2024-2027 жылдары аралығында кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгені құрайтын 65 жоба іске асырылып, 344 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

2024 жылдың жоспары бойынша 5,5 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске асырылып, 204 жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 994,0 млн. теңгеге 11 жоба іске асырылып 35 жаңа жұмыс орны ашылды (көлік жуу, тжо, азық-түлік дүкендері, тойхана, сауда орталығы, спорттық сауықтыру кешені).    144,0 млн. теңгеге 4 жоба жыл соңына дейін ашылады деп күтілуде (азық-түлік дүкендері, тойхана).

4.     

4.1. Ауданда жол мәселесіне қатысты (Меркі, Сарымолдаев, Т.Рысқұлов ауылдары) туындаған проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу, ЖСҚ әзірлеу.

 

 

 

 

 

4.2.        

Меркі-Бурылбайтал көлік дәлізі бойындағы жөнделген жолдың сапасына тексеру жүргізіп, өтініш білдірген азаматқа жазбаша ақпаратын жолдау (жол сапасын жақсарту бағытында қандай шаралар қабылданғандығы туралы)

(Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Б.Жақсылықбаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың
1 сәуірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылдың
4 наурызы

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазавтожол» РКК (келісімі бойынша)

 

 

 

Меркі ауданы аумағындағы Ә.Исмаилов, М.Маметова, Сарымолдаев көше жолдарын ағымды, орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар республикалық, облыстық мәндегі автомобиль жолдары бүгінгі таңға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

Аталған мәселеге байланысты бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» 7-273 шқ. автомобиль жолының Меркі ауданы аумағы арқылы өтетін Iб - техникалық санаттағы  «Меркі-Шу» 7-90 шқ аралықтарында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының асфальт жабынының құрылымдық қабаты екі бөліктен тұрады: төменгі және жоғарғы қабаттары (нижний и верхний слой асфальтобетонного покрытия). Атап айтқанда 2023 жылы бірінші, яғни асфальтбетон жабынының төменгі қабатының құрылғысы толығымен аяқталып, ағымдағы жылғы сәуірден бастап Шу ауданынан Меркі ауданына дейін жоғарғы қабатының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Жол құрылысының сапасын анықтау мақсатында сынамалар алынып, анықталған кемшіліктер бойынша тұрақты түрде ұйғарымдар  «Жол активтерінің Сапа орталығы» тарапынан берілуде. Жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.

5.     

«Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алуға өтінім берген азаматтардың тиісті несиені алу үшін заң талаптары аясында жан-жақты қолдау көрсету, тұрғындардың табысын арттыру бағытында жұмысты белсендіру

 

Тұрақты

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» ӘКК

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасының 5 бағыты бойынша  әр ауылдық округ әкімдері ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ауданымыздан жалпы 1,6 млрд. теңгеге 189 жобаға несие алуға ниет білдірді. 20.12.2024 жылғы «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының мәліметінде Меркі ауданында 572,9 млн. теңгені құрайтын 73 жоба толық құжаттарын өткізіп, қаржыландыруды күтуде. Оның ішінде,  бүгінгі күнге 139,8 млн. теңгеге 18 жоба қаржыландырылды (демалыс кешені, кондитерлік цех, саңырауқұлақ өсіру, ТЖО, робототехника кабинеті т.с.с).

6.     

Андас батыр ауылдық округі Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатын қажетті жиһаздармен қамтамасыз ету

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 
1 қыркүйегі

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Меркі ауданының әкімі

2024 жылы Гранитогорск елді мекеніндегі мектеп-интернатына мектеп жиһаздарын алуға 10,4 млн.теңге бөлінді.

 

7.     

Гранитогорск ауылындағы мектеп-интернатының жатақханасын күрделі жөндеу бойынша  ЖСҚ әзірлеу, бюджеттік өтінім енгізу

(Медиатор А.Тоғысбаеваның өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 шілдесі

Облыс әкімдігінің құрылыс, білім басқармалары

Өтінім берілді

8.     

Жамбыл ауылдық округі Жеміс-жидек ауылындағы саябақты мемлекеттің меншігіне алу жұмысын аяқтау  (аудан әкімі Ж.Баубековтің тамыз айында аяқталады деген баяндамасы назарға алынсын). 

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың тамыз айы

Меркі ауданының әкімі

 

Жамбыл ауылдық округі, Жеміс жидек ауылы, Мырзабай Құттыбекұлы көшесіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің оңтүстік және солтүстік бөлігінде бос жатқан  ауданы 0,30 және 0,35 га жер телімдері 2018 жылы сауда-саттық арқылы кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін жеке тұлғаларға табысталған.   Қазіргі таңда аталған жерлерді мемлекет мұқтажы үшін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бір меншік иесі ұсынылған қаражат соммасымен келісіп, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды.                     Ал екінші меншік иесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, 2024 жылдың 10 қазанында бірінші сатыдағы сот шешімі бойынша талап қою қанағаттандырылып, кәсіпкерлік ғимаратына қызмет көрсету үшін жеке меншікке берілген ауданы 30 соттық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін қайтару 14 684 689 теңге өтеу мөлшері айқындалды.

9.     

Аудандық орталық ауруханасының кәріз жүйесі мәселелерін заңнама талаптары аясында шешу және тиісті бюджеттік өтінімдерді енгізу, бұдан бұрын салынған кәріз жүйесінің заңдылығын тексеру

(С.Дәулетовтің өтінішіне сәйкес)

 

Ауруханадағы медициналық қалдықтардың заңда көзделген орындарға шығарылу мәселесін шешу

(Қ.Илиповтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

Тозуына байланысты кәріз суларының сүзу алаңында топыраққа сіңбей, жердің бетінде жиналуын жою үшін аурухана тарапынан алдын-ала шара қолданылды, орындалатын жұмыстың көлемі анықталып, дефект актісі дайындалды. Жұмысты орындаушы мемлекеттік сатып алу порталында, 05.01.2024ж. – 12.01.2024ж. аралығында,  баға ұсыныстарын сұрау әдісімен анықталды. Хабарландыру нөмері 11259404-1. Лоттың нөмері 66896600-ЗЦП1. Сатып алудың қорытындысы бойынша жеңімпаз ИП «Income» келісімшарт жасалынды, 16.01.2024 ж. №16 келісімшарт сомасы – 7 600 000 тг. Келісімшартқа сәйкес тиісті жұмыстар орындалып, кәріз суларының сүзу алаңында топыраққа сіңбей, көлшік болып жиналуы жойылды. Жамбыл облысының мемлекеттік сәулер-құрылыс бақылау басқармасының 22.02.2024ж. №15 нұсқамасына сәйкес «Меркі аудандық орталық ауруханасының кәріз суларына арналған септикпен сүзу алаңын орнату» нысанына Жобалау-сметалық құжаттаманы Орындаушы мемлекеттік сатып алу порталында анықталды. "DosStroyProject" ЖШС-імен 06.05.2024ж. №124 келісім-шарт жасалынып, кәріз суларының сүзу алаңына Жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Нысанның жұмыс жобасы 12.09.2024ж. №990240002176/240228/00 шарт негізінде мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылды. Сараптаманың қорытындысы 20.11.2024ж. дайын болуға тиіс еді. Бірақ 12.11.2024ж. нысанның жұмыс жобасы мемлекеттік сараптама тарапынан қайта толықтырып, пысықтауға жіберілді. Қазіргі уақытта жұмыс жобасын толықтырып, пысықтау жұмыстары жүргізіп жатыр. Ол жұмыстар аяқталысымен, жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуге қайта бағытталатын болады.

Мемсараптаманың оң  қорытындысы дайын болған кезде, жұмысты орындау бойынша тиісті орындарға ұсыныс енгізіледі.

Қосымша айтатын жағдай, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындайтын орындаушыны мемлекеттік сатып алу порталында анықтау, ЖСҚ дайындау, жұмыс жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарының әрқайсысы белгілі бір уақытты және қаражатты қажет етеді.       Медициналық қауіпті қалдықтарды шығару және жою/өртеу/көміп тастау үшін аурухана мен «ЭКО РБК» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу порталында келісім жасалынған, №1  2024 жылдың 8 қаңтарында. Медициналық қауіпті емес қалдықтарды шығару үшін аурухана мен «ЭКО Групп» ЖК арасында мемлекеттік сатып алу порталында келісім жасалынған, №21  2024 жылдың 17 қаңтарында.

10.  

Меркі ауылының кәріз жүйесінің құрылысы бойынша бюджеттік өтінім енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

«Меркі ауданының кәріз тазарту құрылыстарын салу» жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме «Регион-Сервис KZ» ЖШС-мен 26,9 млн. теңгеге келісімшарт жасалды. Жобалау жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. 2024 жылы жобалау тапсырмасына өзгерістер енгізіліп, қосымша тапсырмалар берілді. Жобалау жұмыстары жүруде. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.

11.  

Интернет желісінің елдімекендерде қолжетімділігіне талдау жүргізіп, мобильді операторлар басшыларымен кеңес өткізу

2024 жылдың

7 наурызы

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы (жинақтау), аудан әкімдері және Тараз қаласының әкімі

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен мобильді байланыс операторлар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында байланыс операторлар өкілдеріне «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енген облыстың елді мекендерін сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттілігі ескертілді.

Елді мекендерде жүргізілген талдау нәтижесі:

Бүгінгі таңда 367 елді мекеннің 51-і (13,89%) – 2G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.

Байзақ ауданы – 3 елді мекен (Қайнар рзд., Жаңатұрмыс, Көкөзек);

Жамбыл ауданы – 3 елді мекен (Әулиекөл, Қостөбе, Еңбек);

Жуалы ауданы – 9 елді мекен (Қазбастау рзд., Ақтоған, Шақпақ ст., Күркіреусу ст., Әбдіқадыр, Майбұлақ, Амансай, Қаратас, Жүрімбай);

Қордай ауданы – 4 елді мекен (Көкадыр, Күнбатыс 1, Алға, Қалғұты);

Меркі ауданы – 10 елді мекен (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық, Қайыңдысай, Аққайнар, Аралқыстақ, Қазақдихан, Талдыбұлақ);

Мойынқұм ауданы – 1 елді мекен (Ұланбел);

Сарысу ауданы – 8 елді мекен (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала, Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы, Шығанақ, Жайлаукөл, Арыстанды);

Талас ауданы – 1 елді мекен (Ақтөбе);

Т.Рысқұлов ауданы – 12 елді мекен (Құмарық ст., Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе, Қорағаты ст., Мамай-Қайыңды, Алғабас, Тасшолақ, Көкарық, Қарақат);

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында мобильді операторлардың жоспарына сәйкес 2024 жылы 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

 

№

Байланыс операторы

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Билайн

Байзақ

2 (Жаңатұрмыс, Көкөзек)

2

Билайн

Жуалы

2 (Қаратас, Жүрімбай)

3

Билайн

Қордай

4 (Көкадыр, Күнбатыс 1, Қалғұты, Алға)

4

Теле2/Алтел

Жуалы

2 (Шақпақ ст., Күркіреусу ст.)

5

Теле2/Алтел

Меркі

5 (Қайыңдысай, Аққайнар, Қазақдихан, Талдыбұлақ, Аралқыстақ)

6

Теле2/Алтел

Т.Рысқұлов

3 (Қорағаты ст., Тасшолақ, Көкарық)

7

Кселл

Т.Рысқұлов

3 (Алғабас, Қарақат, Құмарық ст.)

8

Кселл

Сарысу

3 (Шығанақ, Жайлаукөл, Арыстанды)

9

Кселл

Мойынқұм

1 (Ұланбел)

ЖАЛПЫ

 25 ЕМ

 

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында жергілікті атқарушы орган есебінен антенна-діңгек құрылысымен және электр желісімен қамтамасыз еткен жағдайда 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етілетін елді мекендер

№

Аудан атауы

Елді мекен саны

1

Байзақ

1 (Қайнар рзд.)

2

Жамбыл

1 (Әулиекөл)

3

Жуалы

5 (Қазбастау рзд., Ақтоған, Әбдіқадыр, Майбұлақ, Амансай)

4

Меркі

5 (Шемен рзд., Тасөткел рзд., Жауғаш батыр, Ақкөз-Қайнар, Беларық)

5

Т.Рысқұлов

5 (Сұңқайты, Тайқұдық, Аққайнар, Әбілқайыр, Мамыртөбе)

6

Сарысу

5 (Кіші Көкдала, Үлкен Көкдала Ақтам,  Майлыкөл, Қамқалы)

7

Талас

1 (Ақтөбе)

ЖАЛПЫ

23 ЕМ

12.  

Ақарал ауылында интернеттің қуатын арттыру бойынша атқарылатын жұмыстар туралы өтініш иесіне жазбаша ақпарат жолдау

2024 жылдың

15 наурызы

Меркі ауданының әкімі

Ақарал ауылдық округі Ақарал ауылында Мобильді операторлардың жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылы және 2025 жылы қосымша антенна-діңгектік мұнара орнату жоспары бар. Өтініш иесіне жазбаша ақпарат жолданды.

13.  

Ақарал ауылы маңынан өтетін жол бойынан жаяу жүргіншілер үшін жол салу (тротуар) мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

Ақарал ауылы Асубай көшесінің солтүстік жақ бетіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуарға ЖСҚ жасау жоспарлануда. 2025 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады.

14.  

Ақарал ауылындағы дәрігерлік пунктке жаңа жедел-жәрдем көлігінің берілуін шешу (бұрынғы көліктің жарамдылығын тексеру)

 

2024 жылдың 1 мамыры

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Меркі ауданының әкімі

 

«LADA NIVA Travel» жедел жәрдем көлігінің бір данасы Ақарал ауылдық округіне береміз деп орталық аурухананың бас дәрігерінің хатында көрсетілген болатын. 24.01.2024 жылы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің КММ-не жалпы соммасы 28 392 857, 14 теңгені құрайтын 2 дана "Lada Niva travel" "медициналық қызмет" маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға № 372613 өтінім келісуге жіберілді. 11.03.2024 жылы аталған ұйым өтінімді растады. 20.03.2024 ж. № 11903318-1 лоты бойынша ашық конкурс жарияланды. Ашық конкурстың аяқталу мерзімі 04.04.2024 ж. Конкурсқа қатысушы болмағандықтан, аталған конкурстың күші жойылған. 10.07.2024 ж. Жамбыл облысы денсаулық басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2 дана "Lada Niva travel" "медициналық қызмет" маркалы санитарлық автокөлікті сатып алуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қайта хабарлама берілген. Бұл автомобильдерді сатып алу Ақарал ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлануда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған ашық конкурс ойнатылып келісім шарт жасалынып, «LADA NIVA Travel» жедел жәрдем көлігі дәрігерлік амбулатория Ақаралға берілді.

15.  

«Ауыл аманаты» жобасы аясында («Тәтті 24» шаруа қожалығы) ауыл шаруашылығы техникаларын алу барысында туындаған мәселелерді  заң талаптарына сәйкес шешу

(Б.Шайхыбековтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

1 мамыры

«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша),

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

«Ауыл аманаты» жобасы аясында («Тәтті 24» шаруа қожалығы) ауыл шаруашылығы техникаларын алу бойынша мәселе 2024 жылдың қаңтар айынан бастап несие алу ережелеріне өзгерістер енгізіліп, заң талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы техникаларына қаражат берілмейтін болып шешілген. «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша 2023 жылы  пилоттық ауылдық округтерде 38 кооператив құрылды. Оның ішінде 2023 жылдың бірінші тоқсанында «Ауыл Аманаты» жобасы шеңберінде облыстың 33 ауылдық округке жалпы сомасы 1,0 млрд. теңгені құрайтын 64 бірлік өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Сонымен қатар, аталған кооперативтерге жалпы сомасы  600 млн. теңгеге 139 бірлік аспалы және тіркемелі жабдықтар сатып алуда. Осыған орай, 2023 жылы  3 қарашада облыс әкімінің орынбасары  Қ. Мәдібектің төрағалығымен «Ауыл аманты» жобасынның барысы туралы өткен  кеңестің хаттамасында  «Ауыл аманаты»  жобасы аясында қаржыландырылып жатқан округтердің тізбесіне 3 ауданнан 5 округ (Қордай ауданы бойынша Сарыбұлақ, Қақпатас а/о; Талас ауданы бойынша  Саду Шәкіров а/о, Меркі ауданы бойынша Кеңес, Тәтті а/о) енгізілді. Жобаға  қосылған 38 кооперативтермен ауылдық округ тұрғындарымен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер кезінде жоба аясында құрылатын  ауыл шаруашылығы кооперативтерін техникамен қамтамасыз ету мақсатында  жергілікті бюджет есебінен әр кооперативке 100 млн теңгеге дейінгі, пайыздық мөлшерлемесі 2,5% болатын несие берілетіндігі,  жалпы көлемі 3,3 млрд теңге қаражат бөлінетіндігі жарияланды. Алайда, 2023 жылдың екінші жартыжылдығында қосымша қосылған 3 ауданнан 5 округ (Қордай ауданы бойынша Сарыбұлақ, Қақпатас а/о; Талас ауданы бойынша  Саду Шәкіров а/о, Меркі ауданы бойынша Кеңес, Тәтті а/о)  бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаражат қарастырылмады.

16.  

Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу мәселесі үшін бюджеттік өтінім беру

ЖСҚ әзірленген мемлекеттік сараптамаға ұсынылған

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың

маусымы

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Ойтал ауылы маңынан өтетін темір жолдың үстінен аспалы көпір соғу бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Мемсараптама» РМК мекемесінен он қорытындысы алынып, 2025 жылға  бюджеттік өтінім берілді.

17.  

Аудандық орталық ауруханаға халық кіру үшін батыс беткейдегі есікті ашып беру мәселесін зерделеп, жауабын өтініш иесіне жолдау

(Д.Қосымовтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Меркі аудандық орталық ауруханасы ғимаратының бір бөлігін литер А қабылдау бөлімінің құрылысымен қайта жаңарту жүргізілуіне байланысты қабылдау бөлімі батыс беткейге көшірілді.  Аурухана аумағындағы батыс беткейдегі есік қабылдау бөліміне келушілерге ыңғайлы болу үшін тәулік бойы ашылды.

18.  

Мүгедектерге бөлінетін коммуналдық, санаторлық жеңілдіктер және гемодиализге тасу мәселесі бойынша өтініш берушіге нақты жауап берілсін.

(Ақарал ауылынан С.Бегасиловтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 15 наурызы

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес BB Diacare Kazakhstan амбулаториялық гемодиализ орталығында ем қабылдайды.
2023 жылдың қазан айында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерге ТМККК шеңберінде көрсетілетін гемодиализ қызметтеріне тарифтерді қайта қарауға қатысты сұрау салуды жариялады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сұрау салуды қарап, жан-жақты талдау жүргізіп, қолданыстағы тарифті сақтау туралы шешім қабылдады. Мәселен, ҚР ДСМ  және гемодиализ орталықтары қауымдастықтарының өкілдері гемодиализ қызметтерін алатын науқастарды тасымалдаумен және тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қосу қажеттігі туралы мәлімдеді. Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыс органы пациенттерді көлік қызметтерімен қамтамасыз етудің, сондай-ақ гемодиализ қызметтерін алатын пациенттерді тамақтандырумен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне талдау жүргізді; пациенттерді гемодиализ қызметтеріне тасымалдауға арналған шығыстарды тарифтерге қосу және кейіннен қаржыландыру орынды емес. Пациенттерде I топтағы мүгедектік болған жағдайларда көлікпен қамтамасыз ету және сүйемелдеуді әлеуметтік қызметтер жүзеге асырады. Сонымен қатар, гемодиализ қызметтерін көрсететін пациенттерді тамақтандыру мәселесіне қатысты Кодекске өзгерістер енгізу қажет, оң шешім қабылданған жағдайда мәселені республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылды.

Мәселе бойынша ақпарат Меркі аудандық орталық ауруханасы тарапынан өтініш иесі С.Бегасиловқа жолданды (16.04.2024 ж. №1101)

 

19.  

Суретші, гобеленші, Бәтима Заурбековаға «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру және облыста суретшінің көрмесін ашу мәселелері туралы

(Ш.Мамасерікованың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Облыс әкімі аппараты,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ақпаратына сәйкес суретші, гобеленші Бәтима Заурбековаға Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде арнайы экспозиция жасақталған, экспозицияға суретшінің суреттері мен еңбектері қойылған. «Облыстың Құрметті азаматы» атағы берілген жағдайда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналасқан «Жамбыл облысының құрметті азаматтары» интерактивті тақтасына цифрлық ақпараты енгізілетін болады. Б.Заурбекованың көрмесін Тараз қаласында ұйымдастыру 2024 жылдың жылдық жоспарында жоқ, алдағы уақытта ұйымдастырып, өткізу бойынша ұсыныс берілетін болады.

20.  

Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен (ірі, орта, шағын) «Меркі қанты» ЖШС базасында кездесу өткізу.

Қызылша егетін шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету

 

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Меркі ауданындағы қызылша егетін шаруалармен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ә.Тамабектің және қант қызылшасын өсірушілер ассоциясының төрағасы С.Манаповтың және Меркі қант зауыты ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен қант қызылшасын егетін шаруашылықтармен кездесу өткізілді. Меркі ауданы бойынша 2024 жылдың өніміне 2 700 гектар қант қызылшасын 114 шаруа қожалығы егеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруашылықтар ТОО СНEK POINT TOO EXPLANTA TOO AGRO TIMES   тұқым жеткізуші компанияларымен келісімшарт жасалды.  Аталған егістік жерге 4050 себу бірлік қант қызылшасы тұқымымен шаруалар қамтамасыз етілді.

21.  

Мойынқұм ауданының 2023 жылғы құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларына өтемақы беру мәселесін қарастыру

 

Ауыл шаруашылығы саласына берілетін субсидиялар мәселесі туралы өтініш иесіне хабарлау

(М. Татиевтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 7 наурызы

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Жамбыл облысында қалыптасқан қуаңшылық жағдайына байланысты 2023 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің №131-р «Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» өкімімен 6 ауданда (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас) табиғи төтенше жағдай жарияланды. Осы орын алған жағдайға байланысты зардап шеккен 358 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келтірілген шығынды өтеп беру үшін 2023 жылғы 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №834 Қаулысымен төтенше резервінен 2,8 млрд теңге қаражат төленді.

Мойынқұм ауданы әкімдігі тарапынан өңірде төтенше жағдай жариялануы туралы облыстық әкімдікке ұсыныс хат түскен жоқ. Сондықтан Мойынқұм ауданының шаруаларына өтемақы беруге мүмкіндік жоқ.

Сонымен қатар, М.Татиевке ауыл шаруашылығы саласында берілетін субсидиялар туралы түсіндірілді (Мыңжасар Татиев Мойынқұм ауданының тұрғыны)

22.  

Кеңес ауылына спорт кешенін салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Б.Байдәулетов Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Меркі ауданының әкімі

Демеушілердің көмегімен Кеңес ауылына спорт кешенін салу бойынша жер телімі бөлініп қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 2025 жылға бітіру жоспарлануда. Алдағы уақытта Спорт кешенін мемлекеттік меншікке алу жұмыстары қарастырылатын болады.

23.  

Кеңес ауылы маңындағы су қойманы тереңдету мәселесі бойынша ұсыныс енгізу

(Кеңес ауылынан келген өтініш иесінің ұсынысына сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі 

 

Меркі ауданының әкімі,

облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Кеңес ауылы маңындағы  «Кеңес» су қоймасының табанын тереңдету бойынша  ағымдағы жылы құны 30 817,4  мың теңгені құрайтын «Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес ауылдық округіндегі «Кеңес» су қоймасының табанын тазалау»  ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті қаржының қарастыру бойынша 2024 жылы 14 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

24.  

«Жақсылық» шаруа қожалығының жерін егістік жерден суармалы бағытқа ауыстырудың заңдылығын қарап, өтініш иесіне жауап жолдау

(Бағдат Алагөзовтің өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 15 наурызы

 

Облыс әкімдігінің жер басқармасы, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Ақтоған ауылының тұрғыны Асқар Алакөзовке тәлімдік егістік жерін суармалы егістік алқап түріне ауыстыру бойынша заң талаптары түсіндірілді. ҚР Жер кодексінің 98-бабына сәйкес,  аудан әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі  №127, 128 қаулыларына сәйкес 150 гектар тәлімді егістік жер учаскелері суармалы егістік алқап түріне ауыстырылды.

 

25.  

Жамбыл, Меркі, Ойтал ауылдық округтеріне жаңадан ауыз су жүйесін жүргізу мәселесін қарастыру

(Б.Жылысбаевтың өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 мамыры

 

Меркі ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Жамбыл, Меркі және Ойтал ауылдарының ескірген ауыз су құбырларын жаңарту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, оң сараптама қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыру мақсатында облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінім тапсырылды. Басқарма тарапынан салалық министрлікке өтінім жолданып, қаржыландырылуы күтілуде.

26.  

Ауданға айналма жол салу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 шілдесі

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Меркі ауданы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» мен облыстық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолдарын байланыстыратын айналма жолын салу бойынша 2021 жылы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аталған жолдың техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, жолдың ұзындығы 4,5 шақырым, ал ені 7 метр құрайды, жалпы құны 2033,1 млн. теңге. Осыған байланысты техникалық экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама жүргізу жоспарлануда. Сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуіне жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

27.  

Тараз қаласындағы «ТарМУ» өңірлік университеті базасында жол саласы мамандарын оқытатын факультет ашу бойынша ұсыныс енгізу

(С.Қалманбетовтің өтінішіне сәйкес)

2024 жылдың 1 сәуірі  

 

«ТарМУ» өңірлік университеті (келісімі бойынша)

Жол саласы мамандарын дайындау 6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында жүргізіледі (Мемлекеттік лицензия 27.07.2020 ж. №KZ19LAA00018483, куәліктің жарамды мерзімі 28.03.2029 ж. дейін). Осы сала бойынша мамандар жетіспеушілігіне байланысты 01.03.2024 ж. «Автомобиль жолдары» комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерімен бірлескен  ұйымдасқан «онлайн» жиналыс өткізіліп, жол саласы мамандарының тапшылығы туралы көптеген мәселелер қозғалды. 6В07319 – «Автомобиль жолдарын салу және пайдалану» білім беру бағдарламасы В074 – «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламалар тобының ішіндегі бір мамандандырылуы болғандықтан осы  білім беру бағдарламасына соңғы екі жылда талапкерлер оқуға қызығушылығы төмен.

28.  

Ауданның орталық көшесін кеңейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алып бюджеттік өтінім тапсырсын

 

2024 жылдың 1 маусым

 

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармалары, Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданның орталық көшесін кеңейту және автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобалау сметалық құжаттамасы аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан әзірленді. «Мемсараптама» РМК мекемесінен сараптама қорытындысы алынды. 2025 жылға бюджеттік өтінім берілді.

 

29.  

Аудан тұрғындарына тұтынатын электр энергия тарифінің қымбаттауына байланысты аудандағы «бірыңғай операторды» қайта қарап, жергілікті электр энергиясын өндіруші компания басшыларымен кездесу өткізіп, мәселені заңнама аясында шешу

(Б.Рахымбаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау),

«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-і (келісімі бойынша)

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жедел жою мақсатында министрлік электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы арқылы электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін әзірледі. Осыған орай 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 «Электр энергетикасы туралы» Заңына (әрі қарай - Заң) біршама өзгерістер енгізілген. Оның ішінде, Заңның 1-бабының 2-2)-тармақшасына сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы деген ұғым пайда болды, яғни бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға. Осы орайда «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №212 бұйрығына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы болып «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы - есеп айырысу орталығы» ЖШС («ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС) - ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы анықталды. Енді көтерме нарықта тұтынушылар нақты тұтыну үшін емес, жүйелік оператордың тәуіліктік кестесіне енгізілген келісімшартталған жеткізілімдердің жоспарлы мәндері үшін төлейді. Егер бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жергілікті станциялармен тікелей жеткізу туралы шарттар жасаса, енді өндірушілермен бірыңғай сатып алушы жұмыс істейтін болады, содан кейін ол осы электр энергиясын жеткізуші ұйымдарға орташа бағамен сататын болады. Сонымен қатар, сауда-саттық нақты уақыт режимінде өтеді, баға кестесі сағат сайын қалыптасады. Бірыңғай сатып алушы бір жағынан энергия өндіруші компаниялар, екінші жағынан – энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдар арасында делдал рөлін атқарады. Нарық моделінің осы өзгерістері энергия жүйесіндегі теңгерімсіздікті, электр энергиясының тапшылығын сондай-ақ бәсекелестіктің тең емес жағдайларын жоюға мүмкіндік береді. Бірыңғай сатып алушы бойынша қабылданған заң шеңберінде бірыңғай сатып алушының тұтынушыларға атаулы қолдау көрсету функциясы бар. Бірыңғай сатып алушыны енгізе отырып, энергиямен жабдықтаушы – жеткізушілерге кепілдік беретін ұйымдар үшін әлеуметтік шиеленіс болмауы үшін атаулы қолдау көрсетілді. Өз кезегінде, бірыңғай сатып алушы электр энергиясын келісімшарт жасасу арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері сатады. Осы орайда аталған мәселені түсіндіру мақсатында Меркі ауданындағы тұтынушыларға және электр энергиясын өндіретін гидроэлектростанция басшыларымен, ҚР Энергетика вице-министрі Ж.Д.Нұрмағанбетовтің, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының, Меркі ауданы әкімдігінің және «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС басшыларының қатысуы мен кездесу ұйымдастырылып,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

30.  

Сарымолдаев ауылындағы №9 колледжге 120 орындық жатақхана салу мәселесін пысықтау

(М.Жұматаевтың өтінішіне сәйкес)

 

2024 жылдың 1 сәуірі

 

Облыс әкімдігінің білім, құрылыс басқармалары, Меркі ауданының әкімі

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес Меркі ауданындағы №9 колледжінің 100 орындық жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 28,369 млн. теңге қаржы бөлінді. Жобалаушы мекеме - «СуҚұрылысПроект» ЖШС мен облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арасында келісімшарт жасалып (01.04.2023 ж. №52/24), қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

31.  

77, 32 га алқаптарындағы инфрақұрылымды аяқтауға тиісті қаражат мәселесін шешу

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау

құрылыс басқармалары Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

Жамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылындағы 32 га, 77 га тұрғын үй алқаптарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (сумен жабдықтау) нысанын аяқтауға қажетті 93,0 млн. тг. 2024 жылға бөлінді. Құрылыс монтаж жұмыстары 11.06.2024 ж. аяқталды.

 

32.  

Сарымолдаев ауылындағы «ZETA» ЖШС-не электр бағаналарын мемлекеттік бағдарламалардың қаржыландыру тетіктерін пайдалана отырып қаржыландыру мәселесін қарастыру

2024 жылдың 1 мамыры

 

Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау,

энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары,

Меркі ауданының әкімі (жинақтау)

«ZETA» ЖШС-нің басшыларымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда «ZETA» ЖШС-нің өндіріс цехтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар 0,5 мгВт электр қуаты жүргізілді.

33.  

Кадр тапшылығы мәселесін толыққанды шешу үшін,  келіп жатқан мамандарға, әсіресе жастарға әлеуметтік қолдау көрсету («Дипломмен ауылға» жобасының құралдарын пайдалану)

 

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

      Дипломмен ауылға бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті салалар бойынша  2024 жылға арналған аудан әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №487 қаулысымен сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылды. Бүгінгі күнге 19 маманға 7 014 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді.

34.  

Дәрігерлік амбулатория және спорт нысандары жоқ елді мекендерге тиісті нысандар құрылысын жүргізу мәселелерін пысықтау, бюджеттік өтінімдер әзірлеу.

Білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануын ұйымдастыру

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары

Меркі ауданы білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелерінің спорт залдары ауыл тұрғындарына қолжетімді. Әр ауылдық округтің әкімі мен мектеп басшыларының қолжетімділік кестесі бекітіліп, күнделікті кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейінгі мезгілде ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына беріледі.

35.  

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау

Тұрақты

 

Меркі ауданының әкімі

Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да  күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 105 өтініш түсіп, толық жауап берілді.Әлеуметтік желілерде тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тұрғындар көтерген мәселелер дер кезінде бақылауға алынады және тұрғындардың сауалдарына сапалы әрі мерзімінде жауап беріледі.Сондай-ақ, облыс әкімі мен облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына Меркі ауданы тұрғындарынан 23 сұрақ түсіп, барлығына жауап берілді. Ал, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына 82 сұрақ түсіп, тиісті жауаптары берілді.

 

 

 

Облыс әкімінің Меркі ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
22 января 2025