2024 жылы 221 құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 167 нұсқама беріліп, 342 әкімшілік іс қозғалды. Оның 231 тапсырыс беруші, 59 мердігер мекеме, 7 жобалаушы, 26 техникалық және 19 авторлық қадағалаушылар. Жалпы айыппұл соммасы 83 015 022 теңгені құрады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін 2 мердігер мекемеге қатысты істер сотпен қаралды.
Олардың 1-і лицензиясынан айырылып, 2-сі бойынша прокуратура органына аппеляциялық өтініш хат енгізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы 8 мердігер мекеме және 7 жобалаушы мекеме Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 312 бабының 1 тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
(Осы мекемелер жауапкершілікке тартылған уақыттан бастап 1 жыл ішінде құрылыс немесе жобалау жұмыстарын сапасыз орындауын қайталаған жағдайда лицензиясынан айырылу қауіпі бар. Оның салдарынан өз кезегіңде құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспардан тыс тоқтап, нысандар пайдалануға мерзімінде қабылданбай, қаржы игерілмей қалуы мүмкін).
Сол сияқты, тексерулердің нәтижесінде 16 техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен сондай-ақ тиісті тапсырыс беруші басқармалармен бірлесе отырып, 35 профилактикалық жиындар өткізілді. Тапсырыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес, құрылыс нысандарына жалпы 231 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) құрылыс жұмыстарын сапалы түрде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай орындау ескертілді.
Республикалық және облыстық телеарналарда 3 бейне сюжет, әлеуметтік желілерде 161, ақпараттық агенттікте 2 ақпараттар жарияланды.