Жамбыл облысы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің өз өкілеттіктері шегінде жүргізген тексерулер нәтижелері

2024 жыл ішінде облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі тарапынан 9 мемлекеттік аудит объектілеріне аудит жүргізілген. Аудитпен  41 008 123,7 мың теңге қаражат қамтылған. Анықталған бұзушылықтар сомасы 4 550 411,6  мың теңгені құраған, оның ішінде  169 891,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (қалпына келтіруге – 135 151,5 мың теңге, өтеуге – 27 753,5 мың теңге, есепке алуға – 8 549,2 мың теңге, сәйкестендіруге – 436,8 мың теңге), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4 380 520,6 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде 133 988,3 мың теңге.

Барлық анықталған бұзушылықтардан өтелгені 23 794,6 мың теңге, қалпына келтірілгені 4 592,3 мың теңге, бухгалтерлік есепте сәйкестендірілгені 8 549,2 мың теңге, түзетілгені  436,8 мың теңге, барлығы 37 372,9 мың теңге.

Жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесінде негізгі анықталған жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер:

- еңбекақы төлеу кезіндегі бұзушылықтар (жұмыс өтілін, лауазымдар санаттарын дұрыс анықтамау, сыйақыны артық төлеу, қосымша ақыларды негізсіз белгілеу және т.б.);

-  іссапар шығындарын артық төлеу;

- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар  (мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың негізсіз жүзеге асырылуы, қосылған құн салықтарының дұрыс есептелінбеуі және т.б.);

- бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаражатты негізсіз пайдалануға әкеп соққан салалық заңнаманы бұзу;

- бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар (бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу, негізгі құралдар мен қорларды есепке алуды жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар, активтер кіріске алынбаған, операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетпеу, бухгалтерлік есептің қосалқы шоттарын дұрыс қолданбау және т.б.);

- тауар-материалдық қорлардың жетіспеушілігі және т.б. кемшіліктер.

Аудит қорытындылардың нәтижесінде ішкі аудит қызметі тарапынан 33 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 6 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған және бюджетке түскен айыппұлдардың жалпы сомасы 2086,0 мың теңгені құрады.

Дата публикации
20 января 2025