Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың 12 айында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың 12 айында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдармен Тізілімге сәйкес 286 мемлекеттік қызметтің түрі (электронды түрде – 266 қызмет (93%); қағаз түрінде – 20 қызмет (6,9%); мемлекеттік корпорация арқылы – 82 қызмет (28,7%)) көрсетіледі.

2024 жылдың 12 айында облыс бойынша ЖАО-мен
12 980 151 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 12 797 765 қызмет (98,6 %);
  • қағаз түрінде – 931 қызмет (0,01%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 181 455 қызмет (1,39%).

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 875 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
 шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 33.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың 12 айында 4 323 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

          2024 жылдың 12 айында ЖАО-ның және бағынысты мекемелерінің 178 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына жүргізілген

 ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2024 жылдың 12 айының қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың 12 айында
116 бақылау іс-шаралары (67 жергілікті атқарушы органдар, 45 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 4 ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғалар) жүргізілді (116 нысан).

Оның ішінде 19 бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін сарапшы ретінде тарта отырып ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 1 510 заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
41 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар:

-         мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзудың 6 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің

369 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 26 фактісі;

-         ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етудің

157 фактісі;

-         мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың

265 фактісі;

-         мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 23 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 96 фактісі;

-         көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауының 3 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 34 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 531 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 264 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың 12 айында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
14 января 2025