Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың ІV тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІV тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдармен Тізілімге сәйкес 286 мемлекеттік қызметтің түрі (электронды түрде – 266 қызмет (93%); қағаз түрінде – 20 қызмет (6,9%); мемлекеттік корпорация арқылы – 82 қызмет (28,7%)) көрсетіледі.

2024 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша ЖАО-мен
3 323 202 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 303 407 қызмет (99,4%);
  • қағаз түрінде –     196 қызмет (0,05 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   19 599 қызмет (0,55 %). 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1 480 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмаған.

Жамбыл облысының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанында 1 042 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

          2024 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-ның және бағынысты мекемелерінің 33 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІV тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша

қысқаша есебі

 

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанында
25 бақылау іс-шаралары (17 жергілікті атқарушы органдар және 8 ведомстволық бағынысты ұйымдар) жүргізілді (25 нысан).

Оның ішінде 1 бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерін сарапшы ретінде тарта отырып ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 543 заңбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
12 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар:

-         мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзудың 5 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің175 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етудің 19 фактісі;

-         ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етудің
155 фактісі;

-         мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
109 фактісі;

-         мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың
23 фактісі;

-         заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 11 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету кезеңдері туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауының 34 фактісі;

-         мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 12 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 89 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылдың ІV тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
14 января 2025