Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімі туралы ереже

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімі туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) Жамбыл облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

1) облыс әкімдігінің және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Қолданыстағы заңнама шеңберінде Мемлекеттік және өзге органдар, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті мәселелер бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер, қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге материалдарды сұратып алуға;

2) облыс әкімінің қарауына, әкімдік мәжілісіне, кеңестерге енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысуға облыс әкімі аппараты бөлімдерінің, департаменттер, басқармалар, құқық қорғау және басқа да бақылаушы және қадағалаушы органдардың қызметкерлерін тартуға;

3) құрылымдық бөлімше қызметін жақсарту бойынша облыс әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстарды енгізуге;

4) облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізуге құқылы;

5) құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді;

6) құрылымдық бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады;

7) құрылымдық бөлімше басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

8) құрылымдық бөлімше басшысы Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

9) құрылымдық бөлімше басшысы осы мақсатта:

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

құрылымдық бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

  1. Функциялары:

1) құрылымдық бөлімше өз қызметі шегінде денсаулық сақтау, балалардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметін үйлестіреді және жетекшілік етеді;

2) облыс әкімдігінің мәжілістеріне, кеңестеріне және басқа іс-шараларына ұсынылатын жобаларды уақытылы және сапалы әзірлеуін, мерзімде ұсынылуын үйлестіреді;

3) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының кеңестерінде өтетін тиісті салалар бойынша хаттамалардың орындалуын зерделейді;

4) облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарына және облыс әкімі аппаратының басшысына тиісті салалар жағдайын сипаттайтын материалдарды дайындау, салаларының жағдайы туралы талдау, зерделеу жұмыстарын жасауын бақылайды, үйлестіреді;

5) облыстағы тиісті салаларының дамытудың бағыттарына ұсыныстар жасау;

6) облыс әкімдігінің басқармаларымен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппараттарымен тиісті салалар бойынша өзара жұмыс жасауын үйлестіреді;

7) облыс әкімі тапсырмаларының орындалуы мен облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары және мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың орындалуы бойынша талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізеді, анықтама дайындайды;

8) тиісті салалар бойынша анықталған кемшіліктерді облыс әкімі аппараты басшысына ұсыныстарды дайындайды, еңгізеді, талдайды;

9) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, бөлім құзырына кіретін сұрақтар бойынша облыс әкімінің және оның орынбасарының азаматтарды қабылдауына қатысады, олар бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, бақылайды;

10) облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкімет қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді;

11) облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарының жұмысын ұйымдастырады;

12) облыс әкімі орынбасарының басшылық ететін салалары шеңберінде тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл жүргізеді;

13) министрліктердің тапсырмаларын және облыс әкімінің шешімдері мен қаулыларын уақтылы орындайды;

14) облыс әкімдігі жанынан құрылған жетекшілік ететін салалары бойынша консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастырады;

15) облыс әкімдігі жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жүргізеді.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімі туралы ереже
Дата публикации
24 декабря 2024