ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2020 жылғы «8» қазандағы

№225 қаулысымен бекітілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

(екінші кезең)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз қ.  2020 жыл

 

 

Мазмұны

1.

Жамбыл облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері ………………………………………………….........................

 

3-11

 

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары …………………….

3-11

2.

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған  әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі  басым бағыттары …………........

 

12-14

3.

Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары …………………

14-23

3.1

Бюджет-салық саясаты ……………………………………..………………….

14-15

3.2

Инфляция деңгейін тежеу ……………………………………..……………….

15-16

3.3

Экономика салаларын дамыту: …………………………………..……………

16-23

 

Өнеркәсіп ……………………………………..…………………………………

16-17

 

Ауыл шаруашылығы …………………………………………………………

17-19

 

Туризм……………………………………..………………………………….....

19

 

Құрылыс ……………………………………..…………………………………..

19

 

Көлік ……………………………………………………………………………..

19

 

Байланыс…………………………………..…………………………………..

20

 

Сауда ……………………………………………………………………………

20

3.4

Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту ……………..

20-21

3.5

Адами капиталдың сапасын жақсарту ……………………………….

21-23

4.

Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы ……………………………………………………

 

23-24

5.

2021-2023 жылдарға арналған жерлікті бюджеттің негізгі параметрлері …

24-28

5.1

2021-2023 жылдарға арналған жерлікті бюджеттің негізгі параметрлердің болжамы ................................................................................................................

 

24-25

5.2

Бюджетаралық қатынастар ……………………………………………………

25-26

5.3

Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары ………………………..

26-27

5.4

Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары ………………………………………….

 

26-27

5.5

Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары......................................................................................................

 

27-28

6.

Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың (аудан, облыстық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі) негізгі көрсеткіштерінің және жоспарлы кезеңге арналған (аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде) бюджет параметрлерінің (қосымша түрінде) болжамы

7.

Жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

 

  1. Жамбыл облысының 2019-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері

 

Экономиканың сыртқы және ішкі даму шарттары

Соңғы жылдары облыс экономикасы тұрақты өсуді көрсетіп отыр.

2019 жылы жалпы өңірлік өнімнің өсімі 3,8% - ды құрап, 2018 жылдың серпінін сақтап қалды (ЖӨӨ НКИ-103,7%). Экономиканың барлық сегменттері оң үрдісті көрсетті.

2019 жылы экономикалық өсудің негізгі факторлары экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік болды.

Салаларда өсім еңбек өнімділігінің 5,0%-ға өсуімен қатар жүреді. Өсім ауыл шаруашылығында (7,3%-ға), өнеркәсіпте (8,5%-ға), құрылыста                 (20,8%-ға), саудада (0,2%-ға) еңбек өнімділігі көлемінің артуы есебінен.

2019 жылдың қорытындысы өңірдегі өнеркәсіп өсімінің оң динамикасын көрсетті, онда нақты көлем индексі 2018 жылға қарағанда 106,8% құрап, 477,0 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Өнеркәсіп құрылымында кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 14,5%-ға (57,8 миллиард теңге), өңдеу өнеркәсібінің – 7,1%-ға (352,1 миллиард теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 6,7%-ға                               (4,2 миллиард теңге) өсуі байқалады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі 0,7%-ға төмендеді (62,9 миллиард теңге).

Өсімге түсті металдар (7,7%-ға), тас көмір (1,8 есе), фосфатты майда тартылған шикізат (18,1%-ға) және фосфатты ұсақталған (4,6%-ға), тұз және натрий хлориді (1,1 есе), тамақ өнімдері өндірісінде (3,3%-ға), химия өнеркәсібінде (1,2 есе), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде (8,0%-ға), машина жасауда (5,2%-ға) ұлғаюы әсер етті.

Облыста өңдеу саласы дамыған, оның үлесі жалпы көлемде 74%-ды құрайды, онда маңызды өнім түрлерінен ет өндірісі 9,6%-ға, шұжық өнімдері – 1,7 есе, сары май - 1,9 есе, ірімшік және сүзбе - 1,6 есе, ұн - 1,3 есе, сары фосфор - 5,4%-ға, азот және фосфор тыңайтқыштары - 1,5 есе, натрий цианиді - 1,4 есе, тауарлық бетон - 1,4 есе, өңделген тас - 1,7 есе ұлғайды.

Өнеркәсіптегі осындай өсудің ынталандырушы факторларының бірі негізгі капиталға 134,0 миллиард теңге (2018 жылдан 1,2 есе көп), оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке - 36,8 миллиард теңге инвестициялау болды.

Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бес жыл ішінде 52,0 миллиард теңгеге 31 өндіріс іске қосылды, 1,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде 2019 жылы 4,5 миллиард теңгенің      4 жобасы іске қосылып, 127 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан басқа, кәсіпкерлерді қолдау Картасынан тыс 105,2 миллиард теңге сомасына                      16 жоба пайдалануға берілді (шетелдік қатысумен 65,4 миллиард теңге сомасына 3 жоба).

Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Жалпы белгіленген қуаты 269,7 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің                12 объектісі бар (5 су электр станциясы – 14,75 МВт, 3 жел электр станциясы – 54,15 МВт, 4 күн электр станциясы – 200,75 МВт), оның ішінде Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы «Burnoye Solar» ЖШС-і болып табылады. Есепті кезеңде қуаты 100 МВт «М-КАТ GREEN» ЖШС күн электр станциясы пайдалануға берілді (француздық «Total Eren» компаниясының қатысуымен).

2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығына                             15,8 миллиард теңге субсидия, негізгі капиталға 26,1 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

Тиімді шаралар негізінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2018 жылғы деңгейге қарағанда 3,7%-ға өсіп, 325,7 миллиард теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 4,4%-ға (183,5 миллиард теңге), мал шаруашылығы–3,0%-ға (141,4 миллиард теңге). Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі 7,3%-ды (жұмыспен қамтылған бір адамға 1,2 миллион теңге) құрады.

Ылғал сақтау технологиясының алқабы 29,8 мың гектарға дейін, су үнемдеу – 20,5 мың гектарға дейін жеткізілді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі (тазаланғаннан кейінгі салмақта) 2018 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,3%-ға (749,6 мың тонна) өсті, орташа түсімділігі гектарынан 21,3 центнерді құрады.

Ет өндірісінде - 3,4%-ға, сүт - 2,7%-ға, жұмыртқа - 2,6%-ға,                                  жүн - 2,2%-ға; ірі қара мал санында - 6,8%-ға, қой - 2,6%-ға, жылқы - 6,1%-ға, түйе - 4,4%-ға, құс - 5,0%-ға өсім байқалады.

2019 жылы 1578 тонна сиыр еті (105,1%), 1010 тонна қой еті (101,0%) экспортталды. ҚР-дағы қой етінің жалпы экспортының 38,0% Жамбыл облысына тиесілі (ҚР-да 1 орын).

Қуаттылығы жылына 2,0 мың тонна сиыр етін құрайтын 27,0 мың басқа арналған 26 бордақылау алаңы құрылды.

10 ауданда (11 пилоттық ауылдық округ) «Жамбыл облысы халқының табысын ауқымды және тиімді арттыру жөніндегі жоба» іске асырылуда. Жобамен 7886 аула шаруашылығы (барлық аулалардың 94%) қамтылды,             7,2 миллиард теңге сомасына 2478 өтінім қаржыландырылды.

Жыл сайын кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 2019 жылы «пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша 6,9 миллиард теңгеге                                         148 жобаға, «банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 1,4 миллиард теңгеге 97 жобаға, «өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 454,0 миллион теңгеге                          10 жобаға, «гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 339,0 миллион теңгеге 165 жобаға қолдау көрсетілді.

Нәтижесінде, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69,9 мың бірлікке жетті және 2018 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға ұлғайды, оларда жұмыспен қамтылғандар саны –            127,4 мың адам (6,6%-ға). 520,4 миллиард теңгеге (3,1%-ға) өнім шығарылды.

Бөлшек сауда айналымы азық-түлік тауарларының (8,4%-ға),                       азық-түлік емес тауарлардың (6,2%-ға) өсуі есебінен 1,1%-ға өсті.                          Жүк тасымалы 99,5% құрады. Жолаушыларды тасымалдау 7,0%-ға, жүк айналымы –2,8%-ға, жолаушылар айналымы –4,3%-ға ұлғайды. Байланыс қызметтерінде интернет желісін пайдаланушылардың өсуіне байланысты (3,2%-ға) өсім 2,6% құрады.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 380,4 миллион АҚШ долларын құрап, 1,2%-ға өсім тіркелді.

2018 жылмен салыстырғанда оң сальдо 58,4 миллион АҚШ долларын құрады. 219,4 миллион АҚШ долларына тауарлар экспортталды (121,8%),   161,0 миллион АҚШ долларына тауарлар  импортталды (82,2%).

Экспорттың ең үлкен көлемі Қытайға (31,7%), Францияға (25,4%), Канадаға (18,5%), Өзбекстанға (9,8%) келді, ол экспорттың жалпы көлемінің 85,4%-ын құрады. Экспортталған тауарлардың басым көпшілігін химия сала өнімдері құрайды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 1,7%-ға, оның ішінде импорт – 9,8%-ға, Армения – 3,7 есе, Қырғызстан – 1,3 есе, Ресей – 8,5%-ға тауарлар көлемінің өсуі есебінен өсті. Ресейге сауданың 29,8%-ға төмендеуіне байланысты экспорт 8,5%-ға қысқарды.

2019 жылдың негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 296,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылға 10,2%-ға ұлғайды. Өсім жел және күн электр станциясының құрылысына инвестиция тарту есебінен қамтамасыз етілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 33 тұрғын үйдің 6 жалдамалы                    (510 пәтер), 12 кредиттік (900 пәтер) тұрғын үй және 4 жатақхана                         (180 пәтер) пайдалануға берілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қордай ауданында Төле би көшесінде көпір салынды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 141,9 миллиард теңгені (110,3%) құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 507,4 мың шаршы метрді құрап,           2018 жылдың тиісті кезеңіне 5,2%-ға артты.   

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 2019 жылы облыстың         4 қаласында 1665 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 291 үй немесе 17,4% жөндеуді талап етеді.

1182,0 миллион теңге сомасына 39 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізілді (Тараз - 30 үй, Қаратау - 5, Жаңатас - 1, Шу - 3). Таразда жергілікті бюджет есебінен қосымша 625,5 миллион теңгеге 17 үй жөнделді. Нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 17,6%-ды құрады.

Газдандыру 190 елді мекенде 377-ден жүргізілді, газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету деңгейі 50%-ға немесе 841 мың адамға (74,6%) жетті. Тараз қаласына қосылған 35 тұрғын үй алабының 35646 тұрғынның 8102-сі газбен қамтамасыз етілген.

2019 жылы сумен жабдықтау нысандарының құрылысына 5,3 миллиард теңге игерілді. 4 қалада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету                  88,0%-ды, 373 ауылдық елді мекеннің 57,4%-ын (214) құрады. 10 нысан пайдалануға берілді (аудандарда: Жуалы – Қарасаз ауылы; Қордай – Әлжан ана ауылы; Мойынқұм – Бурылбайтал станциясы, Мирный-Қияқты ауылы; Сарысу – Қызылдихан, Арыстанды ауылдары; Талас – Есейхан, Қасқабұлақ ауылдары; Шу – Мойынқұм ауылы).

606 км жолдар мен көшелер құрылыспен, реконструкциялаумен, орташа және күрделі жөндеумен (16,2 км құрылыс, 10,2 км реконструкциялау, 30 км күрделі және 550 км орташа жөндеу) қамтылған. Нәтижесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесі 85%-ға дейін жеткізілді.

2019 жылдың желтоқсан айында инфляция деңгейі 2018 жылдың желтоқсанына 5,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары  9,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,1%-ға, ақылы қызметтер 0,3%-ға көтерілді .

  Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР –5,4%).

Өндірістік белсенділік әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсерін тигізді. Басты басымдықтардың бірі - жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру болып табылады.

Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары мен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жалпы қамту 48523 адамды құрады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1747 адам, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 22469 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен - 1574 адам, жастар практикасымен - 2453 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 5208 адам қамтылды,  қысқа мерзімді оқытудан - 3322 адам және кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан - 4018 адам өтті.

Жалпы, 2019 жылы жұмыспен қамту органдарына жүгінген 37857 адамның 27 988 адам жұмыспен қамтылды.

18844 жаңа жұмыс орындары құрылды (оның ішінде тұрақты -           13209, уақытша – 5635), бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп (тұрақты – 1,6 есе, уақытша – 2,6 есе). Жұмыспен қамтылған халық саны           63 адамға артып, 507,0 мың адамды құрады, жұмыссыздар саны 588 адамға азайып, 25447 адамды құрады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

2019 жылы бір жұмыскердің орташа номиналды жалақысы 127043 теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 16,1% - ға, нақты мәнде-10,3%-ға ұлғайды.

Еңбекақының ең жоғары мөлшері қаржы және сақтандыру                  қызметінде - 220776 теңге, ең төмен - ауыл, орман және балық шаруашылығында - 88349 теңге белгіленді. Аудандар арасында ең азы Талас ауданында - 108651 теңге, ең жоғарғысы Қордай ауданында - 138014 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы                      (2019 жылдың 4 тоқсанына)  74921 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға, нақты - 9,9%-ға өсті.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі 4,8% - ды құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 0,2 пайыздық тармаққа жоғары. Қалалық жерлерде - 2,9%, ауылдық жерлерде – 6,1%.

Өңірлік даму.

Ауылдық аумақтардың дамуы Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тірек және спутниктік ауылдарды дамыту есебінен жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерді анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес даму әлеуеті бар 238 ауыл іріктелді (67 тірек және 171 спутниктік ауыл).

2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында облыстың                      3 аудан орталығында (Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы, Жамбыл ауданы Аса ауылы, Шу ауданы Төле би ауылы) 108 жоба (4 – әлеуметтік нысандар құрылысы, 104 - әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік инфрақұрылымы объектілерін жөндеу) іске асырылды, онда 500 жұмыс орны құрылды.

2020 жылдың басынан бастап облыс экономикасында форс-мажорлық жағдайға (COVID-19 пандемиясы) байланысты даму динамикасының төмендеуі байқалады.

Сыртқы сын-қатерлердің салдарын бәсеңдету үшін шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және пилоттық жобалар шеңберінде халық табысының төмендеуіне жол бермеу бойынша дағдарысқа қарсы шаралар пакеті іске асырылуда.

2020 жылғы 1 тоқсанда жалпы өңірлік өнім 359,9 миллиард теңгені құрады (НКИ-104,3%). Жалпы өңірлік өнім құрылымында                                      21,3% - өнеркәсіпке, 5,7% - ауыл шаруашылығына, 17,5% - көлік пен байланысқа, 5,7% - құрылысқа, 10,7% - саудаға, 39,1% - өзге салаларға тиесілі.

Жамбыл облысының экономикалық өсімін қалпына келтірудің Кешенді жоспары аясында 2020 жылдың соңына дейін экономиканың әр саласы бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Нәтижесінде 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 320,0 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 2019 жылдың 8 айына 101,6%. Кен өндіру саласының өндіріс көлемі 3,9%-ға                 (37,0 миллиард теңге), өңдеу саласы – 0,2%-ға (234,9 миллиард теңге), электр энергиясымен жабдықтау–8,5%-ға (44,9 миллиард теңге), сумен жабдықтау–17,0%-ға (3,1 миллиард теңге) ұлғайды.

Металл кендерін өндіру 7,0%-ға, ұсақ тартылған фосфатты                       шикізат - 6,0%-ға, ұсақталған фосфатты шикізат– 28,6%-ға өсті. Химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 7,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 1,5 есеге, машина жасау - 1,2 есеге өсуі байқалады.

Индустрияландырудың 3 кезеңі аясында 2020 жылы құны 14,8 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Аяқталу кезеңіндегі ірі жобалар: 2,2 млрд.теңгеге құрылыс арматураларын шығару («Арматуралық Тараз зауыты» ЖШС), мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтар - 98%-ға, 297 жаңа жұмыс орындары ашылады. «Амир и Д» ЖШС – 250 жаңа жұмыс орынын құрумен құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын жылына  15 миллион дана болатын экспресс-тестілер өндірісі.

Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 97,3 миллиард теңгеге 19 жобаны іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 22,4 миллиард теңгеге 5 жоба пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, қуаты 113,6 МВт, 55,1 миллиард теңгеге баламалы электр энергиясын өндіру бойынша 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде жалпы қуаты 9 МВт 2 жел электр станциясы («Wind Power city» ЖШС, «Wind Electricity» ЖШС) іске қосылды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 22,8 миллиард теңге субсидия бөлінді, оның 12,8 миллиард теңгесі игерілді.

Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,2%-ға өсіп, өсімдік шаруашылығы (5,5%-ға) және мал шаруашылығы (1,9%-ға) есебінен 155,1 миллиард теңгеге жетті.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 734,9 мың гектар алаңда орналасқан, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 47,7 мың гектарға немесе 7,0%-ға артық. Дәнді масақты дақылдар 378,8 мың гектарға себілді, 8 айда жалпы өнім 359,3 мың гектарды құрады (орташа түсімділігі гектарына 22,7 центнер).

Ет (2,8%-ға), сүт (1,9%-ға), жұмыртқа (1,7%-ға);МІҚ мал басы саны (7,1%-ға), қой (6,0%-ға), жылқы (9,8%-ға), құс (4,8%-ға) өндірісіндегі өсім байқалады. 671 тонна ет экспортталды.

2020 жылдың басынан бері мемлекетке 48,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды және 22 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілді. 21 арна мен лотокта мехотряд жұмыс істейді, жөндеу жұмыстары «Тасөткел» және «Ақкөл» 2 су қоймасында жүргізілуде.

Азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында «Алқатпан сөреге дейін» пилоттық жобасы іске асырылуда. Үкімет резервінен кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген бюджеттік кредиттер үшін 1,0 миллиард теңге сомасында қаржы қаражаты бөлінді.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны            67,6 мың бірлікті немесе 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 96,5%-ды құрады. 3 айдың қорытындысы бойынша өнім шығару 75,1 миллиард теңгеге (97,3%) дейін жеткізілді, субъектілерде жұмыспен қамтылғандар                               саны - 122,1 мың адам (102,5%).

COVID-19 таралуы және оның салдары жағдайында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне елеулі қолдау көрсетілді:                 14,1 мың кәсіпкер салық жеңілдіктерін алды; 690 субъектіге кредиттер төлеу тоқтатылды; жұмыспен қамту жол картасы бойынша 831 инвестициялық жобаны іске асыруға 61,2 миллиард теңге; «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6759 жаңа бизнес – жобаны құруға арналған гранттарға 3,7 миллиард теңге; «Бизнестің жол картасы - 2025» бойынша –171 миллион теңге қайтарымсыз гранттар бөлінді.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде екінші деңгейдегі банктер мен Агро-Кредиттік Корпорация 70,5 миллиард теңге сомасына 146 жобаны мақұлдады, оның ішінде 48,6 миллиард теңге сомасына 127 жоба қаржыландырылды.

Коронакризис жаңа қызмет түрлерін – азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернет-сату түрлерін дамытуға серпін берді. Алайда, жаңа қызметтерді қосқанда, олардың кейбірінде құлдырау байқалады. Бөлшек сауда 2,7%-ға қысқарды, көтерме сауда 1,7%-ға өсті. Жүк тасымалдары – 11,3%-ға, жолаушылар тасымалдары – 49,1%-ға, жүк айналымы–5,5%-ға, жолаушылар айналымы–45,7%-ға төмендеді. Байланыс қызметтерінде өсім 1,1%-ды құрады.

Сыртқы жағдайлардың нашарлауы мен сұраныстың төмендеуі сыртқы сауда айналымына теріс әсер етті, ол 2020 жылғы 7 айда 76,6 миллион АҚШ долларын немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге 48,2%-ды құрады. Оның ішінде экспорт – 33,8 миллион АҚШ доллары (70,6%), тауарлар импорты – 42,8 миллион АҚШ доллары (38,6%). Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 16,9%-ға, оның ішінде экспорт – 35,4%-ға, импорт-2,8%-ға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестициялар 185,9 млрд. теңгені құрап 8,1% - ға өсті. Өсім су тарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің құрылысына, елді мекендерге газ құбырын тартуға, Қордай ауданындағы өткізу пунктін қайта жаңартуға, 5 орта мектепті күрделі жөндеуге инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

2020 жылы 3706 пәтерлі 65 тұрғын үйдің («Нұрлы жер» - 48 тұрғын үй (3000), «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» - 12 тұрғын үйдің (706 пәтер) құрылысы жүргізілуде.

Жыл соңына дейін жалпы ауданы 181,0 мың шаршы метр болатын 3146 пәтерлік 57 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 32 261 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 8,6 млрд. теңге сомасына            66 жоба бойынша шарттар жасалды (денсаулық сақтау саласында – 31, спорт саласында – 1, білім беру саласында – 33, энергетика саласында - 1 жоба). Қосымша 21 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, құны 12,9 миллиард теңге болатын 8 әлеуметтік нысанның құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен демеушілік көмек бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 77,8 миллиард теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 119,1% құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 351,8 мың шаршы метрді (105,4%) құрады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. 1220 көп пәтерлі тұрғын үй E-SHANYRAQ бірыңғай зияткерлік ақпараттық жүйесіне қосылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 5,6 миллиард теңгеге «ақылды көше жарығы» жобасы іске асырылды.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымның 49 жобасын іске асыруға 5,4 миллиард теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мен ҚазТрансГаз қаражаты есебінен 10 елді мекенде 73,2 км газ құбырының құрылысына 5,6 миллиард теңге бөлінді.

Ауылдарда сумен жабдықтау бойынша «Өңірлерді 2025 дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8,1 млрд.теңге сомасына 25 жоба, Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 8,2 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылуда.

Жергілікті маңызы бар 1346,2 шақырым жолды жөндеуге 30,2 миллиард теңге, республикалық маңызы бар 556 шақырым жолға 65,3 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін «Меркі-Шу-Бурылбайтал» жолы іске қосылады.

2020 жылғы тамызда инфляция деңгейі 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 4,5% - ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша бағалары - 7,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 3,6%-ға, ақылы қызметтер - 1,5%-ға көтерілді.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР - 4,6%).

Әлеуметтік сала. 2020 жылғы қаңтар-тамызда 26733 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты - 17400, уақытша - 9333). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 34353 адам қамтылды. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 11345 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1500 адам, жастар практикасымен - 2117 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 11520 адам қамтылды. 72,9 мың азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 37427 адамның 31247-і жұмысқа орналастырылды.

Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2020 жылдың                   2 тоқсанында жұмыс күші 528,5 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық – 502,4 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі-4,9%.

Бір қызметкердің орташа айлық номиналды  жалақысы 161994 теңгені құрады (2020 жылдың 2 тоқсаны). Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда номиналды мәнде 28,1%-ға, нақты мәнде - 19,9%-ға өсті. Еңбекақы төлеудің ең жоғары шамасы қаржы және сақтандыру қызметінде - 228620 теңге, ең төмен - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 91068 теңге болып белгіленді.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
2020 жылдың 1 тоқсанында 77413 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға, нақты - 11,0%-ға өсті.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі  6,9%-ды (2020 жылдың 2 тоқсаны) құрады. Қалалық жерлерде - 5,6%, ауылдық жерлерде – 7,8%.

Білім беру саласында мектепке дейінгі білім берудің сапалы көрсеткіші болып 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтерімен 100% қамту болып табылады. Облыстың жұмыс істеп тұрған 551 мектепке дейінгі ұйымдарында (411 балабақша мен 140 шағын орталық)       56 мың бала қамтылды немесе 92,3% (1-6 жас), бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 8,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Жеке бастамалар есебінен 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыста 380 орындық 4 мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Облыстың барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен                   8 оқушыны құрайды. 405 мектепте 2604 интерактивті тақта орнатылған, барлық 442 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

Облыс тұрғындары үшін кардиохирургия, урология, балалар хирургиясы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек қолжетімді болды. Халықтың нысаналы топтарының скрининг белсенді түрде жүргізіледі, амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік көмек қамтамасыз етіледі.

2020 жылғы қаңтар-тамызда қант диабетімен, қан айналымы жүйесі ауруларымен, туберкулезбен, қатерлі ісіктермен, наркологиялық аурулармен және мерезбен сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады.

Жалпы өлім-жітім деңгейі 6,54-тен 6,31-ге дейін және нәрестелер өлімі 9,49-дан 6,08-ге дейін төмендеді.

Өңірлік даму.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2020 жылы 29 ауылдық елді мекенде 7,4 млрд.теңге сомасына 109 жоба іске асырылуда, онда 1200-ден астам жұмыс орны құрылады. 52 жоба іске асырылып, 1245 жұмыс орны ашылды.

 

 

 

  1. Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары

 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2021 – 2025 жылдары «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен 2025 Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың әл-ауқатын арттыру және экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін жүргізілетін саясаттың сабақтастығы қағидаттарын ұстанатын болады.

Сапалы экономикалық өсуді, әлеуметтік әл-ауқат пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ инфляция деңгейін төмендету және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу жалғастырылады.

Бес институционалдық реформа бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бағытын іске асыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтары айқындалды:

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:

- апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру практикасын жалғастыру жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек азық-түлік базарлары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту есебінен инфляцияны 2020 жылы 8-8,5% шеңберінде, 2021-2022 жылдары - 4-6% шегінде ұстап тұру, кейіннен                    2023-2024 жылдары 4-5%-ға дейін және 2025 жылы 3-4%-ға дейін төмендету.

Жедел тәртіппен тұтыну нарығындағы бағаның өзгеруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар қадағаланатын болады. Бәсекелес ішкі нарықтарды дамытуға жағдай жасау, бағалық сөз байласуға және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрес үшін азық-түлік тауарлары мен отынға бағаларды тежеуге бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Экономика салаларын дамыту арқылы:

- коронавирустың (COVID-19) теріс әсерінен экономиканы қалпына келтіруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар мен іс-шаралар арқылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң шеңберінде өңдеу өнеркәсібін дамыту: химия, тамақ, құрылыс индустриясы, металлургия және фармацевтика, инновацияларды және цифрландыруды енгізе отырып, индустрияландырудың үшінші бесжылдығын іске асыру, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту және жергілікті қамтуды ұлғайту міндеттерін орындау;

- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу және оның экспортын арттыру;

- «Бір белдеу-бір жол» жобасын пайдалана отырып, тікелей, шетелдік және портфельдік инвестицияларды, әсіресе шикізаттық емес секторларға тарту, сондай-ақ әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу арқылы мемлекеттік бюджет есебінен инвестициялар тарту;

- «Еңбек», «Бизнестің жол картасы 2025» Мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін төмендету, субсидиялаумен және микрокредит берумен қамтуды кеңейту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту және жалпы өңірлік өнімдегі оның үлесін ұлғайту;

- отандық тауарларды шетелдік нарықтарға ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, сауда байланыстарын нығайту мен дамыту, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты құру;

- «Нұрлы Жер» Мемлекеттік бағдарламасы және «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жаңа тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейте отырып, қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру. Көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру тетігін енгізе отырып, жастарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жалға берілетін пәтерлер салуды қамтамасыз ету. Сондай-ақ студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұруды қоса алғанда, өңірлік даму аспектілерін ескере отырып, тұрғын үй қорын жаңғырту, сондай-ақ одан әрі газдандыру және ауыз суға қол жеткізу;

- жылу, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелерін интеграциялай отырып, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды ұзарту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, зияткерлік көлік жүйесін енгізу;

- қазіргі заманғы жергілікті автожол желісінің желісін кеңейту, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту;

- экологиялық жағдайды жақсарту, ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеу биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану; орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Birge–taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу.

Теңгерімді Өңірлік даму арқылы:

- «өсу нүктелерін» дамыту және өңірлік стандарттар жүйесі негізінде өмір сүрудің базалық сапасын қамтамасыз ету жолымен облыстың даму әлеуетін іске асыру негізінде халықтың әл-ауқатын арттыру;

- елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно - және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;

– Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру жолымен ауылдарда дамыған инфрақұрылым құрумен озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану.

Адами капиталдың сапасын арттыру арқылы:

- сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру, әсіресе ауылда;

- білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа объектілер салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

- түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастыру;

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде азаматтарды белсенді шаралармен қамтуды ұлғайту жолымен халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

- халықпен кері байланысты жолға қою, оның ішінде тікелей талқылау, адамдарға мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін түсіндіру, «Жедел желі» телефондарын ұйымдастыру және әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы жұмысты күшейте отырып, азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану.

 

  1. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары:

3.1 Бюджет-салық саясаты

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономиканың өсуін ынталандыруға және қолдауға, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және орнықтылығын нығайтуға, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында 2025 Стратегиялық жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне бюджеттік бағдарламаларды ірілендіру жалғастырылады және стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары мен бюджет шығыстарын үздік байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жаңа форматы енгізілетін болады. Бөлінетін бюджет қаражатының қайтарымын арттыру үшін субсидиялар мен инвестициялық жобаларға арналған шығыстардың экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізу көзделген.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.

Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Жекешелендіру және мемлекет қатысатын кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беруде бюджеттің шығыс бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жұмыс берушілердің бірыңғай есептеу базасымен Біріккен әлеуметтік төлемін (БӘТ), сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын және БӘТ төлеу жөніндегі бірыңғай төлем құжатын енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, сала үшін бірыңғай режим түрінде ауыл шаруашылығына салық салудың ұзақ мерзімді үлгісін енгізу көзделеді.

Сонымен бірге, салықтық жеңілдіктерді олардың тиімділігі тұрғысынан талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар ескеріле отырып, шаралар қабылданатын болады.

 

3.2 Инфляция деңгейін тежеу

Инфляциялық процестерді тежеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды төмендету мақсатында тұрақты негізде баға мониторингі жүзеге асырылады, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша сауда кәсіпорындарымен ең төменгі сауда үстемесімен меморандумдар қолданылады. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті бағаларды белгілеу және тұрақтандыру қорының резервтерін пайдалану практикасы жалғастырылады.

Коммуналдық қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін және тарифтік сметаларын бекітуге арналған өтінімдерді қарау бойынша жария тыңдаулар өткізіледі.

Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағалатын болады және бәсекелі ішкі рыноктарды дамытуды, баға сөз байласуымен және жосықсыз бәсекелестікпен күресті ескере отырып, азық-түлік тауарлары мен отынға бағаларды ұстап тұру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

Азық-түлік нарығын реттеу және бағаның алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендетуге ерекше назар аударылатын болады. Азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс орталығында, аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу және сауда орындарын ұсыну практикасы жалғастырылады.

 

3.3 Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп.Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып табылады, оның үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде шамамен 75%-ды құрайды. 2026 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.

Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуының жақсаруына индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бесжылдық бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде 6,8 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялар көлемі 1046,8 миллиард теңге болатын 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлерді қолдау картасынан тыс облыста 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 2,5 триллион теңгеге 74 жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде 1,5 триллион теңге сомаға шетелдіктердің қатысуымен 21 жоба.

Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді. Бұл фофорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі («Қазфосфат» ЖШС, «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС, «Тараз» «Химиялықпаркі», «Талас InvestmentCompany» ЖШС, «KazChemical» ЖШС).

2025 жылға дейін жоспарланған іске асырумен Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,5 млрд. теңгеден асады, 2000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде 40,0 миллиард теңгеге тау-кен кешені іске қосылды. Ресей мен Қазақстан арасында жобаның                        2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

«Тараз» Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында каустикалық сода және хлор; глифосат (гербицид) және үшхлорлы фосфор өндірістері; өсімдіктерді қорғаудың және микротыңайтқыштардың биологиялық жүйелерінің кешені; табиғи газды терең өңдеу жөніндегі зауыттардың; сутегі асқын тотығының; қант зауытының; минералды фосфор тыңайтқыштарын өндірудің; автобустар мен жүк автомобильдеріне арналған тұтас қаңқалы радиалды шиналардың құрылысы бойынша 8 жобаны іске асыру бойынша АЭА-ның 7 қатысушысы тіркелген. Инвестиция көлемі 661,3 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны                      123,5 миллиард теңге болатын, қуаты 400 мың тонна болатын, 250 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Нәтижесінде 2026 жылға қарай сары фосфор өндірісін 110 мың тоннаға дейін, минералды тыңайтқыштар өндірісін 220 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Натрий цианиді экспортының 6 мың тоннаға дейін, сондай-ақ портландцемент экспортының 1,3 мың тоннаға дейін өсуі есебінен шикізаттық емес экспорттың 1,2 есе өсуі жоспарлануда.

Азық-түлік өнімдерін өндіруде 72,7 миллиард теңге сомасына                        7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Құны 68,6 миллиард теңгеден астам ет құс шаруашылығын дамыту бойынша 800 жаңа жұмыс орнын құрумен ірі жоба («Алель-Агро» ЖШС) 2023 жылға жоспарланып отыр.

Металлургияда 53,5 миллиард теңге сомасына 6 инвестициялық жоба салу жоспарлануда, олардың ішіндегі ең ірісі тау-кен металлургия комбинатын салу бойынша «Aurum Deutschland» ЖШС болып табылады және құны 45,1 миллиард теңге, қуаты жылына 5,1 мың кг Доре қорытпасындағы алтын кен орындарын игеру, 800 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Фармацевтика өнеркәсібі жаңғыртылуда. «SUPER FARM» ЖШС медициналық бұйымдар үшін шикізат өндірісін 1,5 миллиард теңгеге және бір реттік шприцтерді 1,3 миллиард теңгеге іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, облыста биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жүргізілуде, онда қуаттылығы жылына 60 миллион вакцина болатын, құны                      5,1 миллиард теңге, 65 жаңа жұмыс орнын құрумен COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина әзірлеу жоспарлануда.

Перспективада қосылған құнның толыққанды тізбегін құруды және өндіріс көлемін өсіруді, кәсіпорындарда цифрландыруды ілгерілетуді көздейтін 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл, жиһаз және құрылыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол карталары шеңберінде базалық салаларды технологиялық жаңғыртуды жүргізу, экспорттық әлеуетті және еңбек өнімділігін ұлғайту, өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыру жалғастырылады.

Жергілікті қамту бойынша жүргізіліп жатқан саясат отандық экономиканың өсуіне, шикізаттық емес сектордың үлесін ұлғайтуға, жаңа өнім шығаруға ықпал ететін болады.

Облыста жиынтық қуаты 1390,2 МВт дейінгі гидро-, жел- және күн электр станцияларын (күн электр станциясы – 50 МВт, 2 жел-, су электр станциясы – 2 МВт және 18 МВт, жел электр станциясы – 100 МВт) салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімінің көлемін ұлғайтуға бағытталған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Нәтижесінде 2026 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жыл сайын 2%-ға ұлғаяды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 33,9%-ға өседі (ағымдағы орташа жылдық өсу 3-4%), ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейту есебінен көкөніс, рапс, соя, жүгері, құлпынай және таңқурай өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мал басы 110 мыңға және құс басы 102 мыңға өседі, балық, ара өсіретін шаруашылықтарды дамыту жалғасады.

Егістік алқаптарын кеңейту, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік алқаптарды айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте 28 мың гектардан 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады.                2026 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алаңын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақта бақтар белсенді түрде өсіріледі, оның ішінде қарқынды технология арқылы. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту қазіргі заманғы мал шаруашылығы шаруашылықтарын құру, асыл тұқымдық базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарын және қайта өңдеу кәсіпорындарын салу негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экспортқа бағдарланған өнімдердің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері – Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, ет және субөнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.

2019-2021 жылдарға арналған тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында күш-жігер өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға, халықаралық сапа стандарттарына көшуге, азық-түлік тауарларының ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыста 1,3 миллиард теңгеге 3 «Ақмола», «Ырғайты», «Қалғұты» су қоймалары салынады.

Бұдан басқа, суармалы жерлерді қосымша қалпына келтіруді механикалық жасақ, 7 жаңа су қоймасын салу, суару каналдары мен дренаж жүйелерін реконструкциялау жоспарлануда. Нәтижесінде суармалы жерлер 177 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін кеңейеді.

«Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы тұтынушыға әлеуметтік-азық-түлік тауарларын тиімді бағамен тікелей жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3 сүт кәсіпорнында 2 мың тонна шикізат, 3 ет комбинаты арқылы 1,5 мың бас ірі қара мал жеткізу, 9 сауда орталықтарында көкөністер мен қауындарды жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындардың жүктемесі 67,0%-ға артады.

Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.

Туризм. Туризм саласы дамудың басым драйверлерінің бірі болып табылады. Коронавирус пандемиясының жағдайы туризм индустриясына өз түзетулерін енгізді. Халықаралық қатынастарды тоқтата тұру, туристік ағындарды шектеу ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік берді. Әлемдік саяхатқа әсер еткен жағдайды назарға ала отырып, ішкі туризмді дамытуға бағытталған дағдарыстан кейінгі шаралар әзірленді.

Соңғы жылдары облыста ірі туристік аймақтарды салу, орналастыру орындарының санын ұлғайту, демалыс орындарын абаттандыру және көгалдандыру, ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туристік ағындар өсуінің оң серпіні байқалады.

Облыста үш туристік аймақ жұмыс істейді: «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені және «Каралма» тау шаңғысы курорты.

Облыста ішкі және келу туризмнің одан әрі дамуы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жамбыл облысының 2020-2022 жылдарға арналған туризмді дамытудың стратегиялық жоспары шеңберінде іске аспақ.

Туризмді одан әрі дамыту үшін:

- 2022 жылға дейін 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрумен «Каралма» тау шаңғысы курортының екінші кезеңін салу және 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасын іске асыру;

- 2021 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеу;

- 2025 жылға дейін креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Нәтижесінде өңірге қазақстандық және шетелдік туристер ағыны жылына орта есеппен 20 мың адамға ұлғайтылатын болады.

Құрылыс.Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Нұрлы Жол», «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы және «7-20-25» бағдарламасы, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы және 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде жаңа тұрғын үйдің қолжетімділігі арқылы қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

2025 жылға дейін 137,7 миллиард теңге сомасына 296 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр

Көлік. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, жаңа технологиялар енгізіледі.

Жұмыс көлік-транзиттік сектордың жетекші рөлін нығайтуға бағытталған «Нұрлы жол» екінші кезеңі аясында жалғасады.

Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие. 2026 жылға дейін облыстың барлық аудандарында 1,2 мың км автожолды (822,5 км облыстық маңызы бар жол, 398,2 км аудандық маңызы бар жол) салу, реконструкциялау және орташа жөндеу есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында Автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу), ол 2026 жылға қарай 52,0%-дан 90,0%-ға дейін ұлғаяды. Автобус маршруттарында электронды билеттер енгізіледі.

Байланыс. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда экономика саласында зияткерлік жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын жаппай енгізу, ауылда электрондық мемлекеттік қызметтер алу, 3G және 4G технологиялары бойынша ұтқыр байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік арқылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

2026 жылға қарай жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетті пайдаланушылардың үлесі 25%-ға дейін (қалаларда – 5%-ға дейін; ауылдық елді мекендерде – 20%-ға дейін) ұлғаяды. 133 елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сауда. Ішкі сауданы дамыту сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамыту, жұмыс істеп тұрған сауда нарықтары инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, электрондық сауданы жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Сауда саласын дамыту жөніндегі жұмыс сауданы дамытудың                   2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалғастырылатын болады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру,                     сауда-бөлу инфрақұрылымын құру, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің сауымына қолайлы жағдайлар жасау түйінді міндеттер болып айқындалады.

Облыста 3 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде                    (Тараз қаласы, Байзақ және Шу аудандары). «Қайқармет-Нұралы», «Ауыл-Береке» және «Арзан» сауда базарларын жаңғыртуды жүргізу жоспарлануда.

 

3.4 Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Кәсіпкерлікті дамыту облыс экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша өтеусіз гранттар беру, кредиттерді субсидиялау және кепілдік беру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, «Бизнес-Кеңесші», «Бастау-Бизнес», «Іскерлік байланыстар» құрамдауыштары бойынша оқыту сияқты құралдар бойынша қаржылық қолдау көрсетілетін болады.

Үкімет экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың қолданыстағы барлық кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуде кәсіпкерлерге қосымша көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасы әзірленетін болады.

Облыстағы басым міндеттердің бірі қолайлы инвестициялық ахуалды қолдау және сыртқы, сондай-ақ ішкі инвестициялардың ағынын одан әрі ынталандыру болып табылады. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 2026 жылға дейін 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Картадан тыс инвестициялар көлемі 2,5 триллион теңге болатын 74 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды, оның ішінде шетелдік қатысумен сомасы 1,5 триллион теңгеге 21 жоба.

«Нұрлы жер », «Нұрлы жол », «Бизнестің жол картасы 2025», «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Кешенді қолдау көрсету мақсатында «Жобалауды басқару және цифрландыру орталығы» КММ-сі жұмыс істейді, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «бизнеске арналған үкімет» өңірлік кеңсесін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасына, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға басты назар аударылатын болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғасады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау жоспарлануда, 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92,8%-ға дейін жеткізіледі.

2023 жылы Тараз қаласында Оқушылар сарайын салу есебінен қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту.

Ауыл орта мектептерін 297 химия, биология, физика жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау жоспарлануда.

Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына 9 мектеп салынады, 2 мектепке жапсарлас құрылыс (апатты ғимараттардың орнына) және 85 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық ниет білдірушілерді курстық даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттары мен білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады.

Денсаулық сақтаудағы басты басымдық алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту болып табылады. Осы мақсатта Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту, электрондық денсаулық сақтауды дамыту жетілдіріледі.

Нәрестелер өлім-жітімінің коэффициентін 9,12-ден 7,79-ға дейін төмендету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Жасөспірімдердің суицидінен (15-17 жас) 100 мың адамға шаққанда 2025 жылы 20,9-дан                 11,8-ге дейін.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында мобильді бригадаларды енгізе отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін                       100%-ға дейін арттыру, 685 бірлік медициналық жабдық, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 4 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда                   (2021 жылы Тараз қаласында 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер, 2023 жылы Тараз қаласында облыстық көп салалы аурухана,               2023 жылы Байзақ ауданында аудандық емхана және Қордай ауданында емханасы бар аудандық орталық аурухана).

Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеу үшін халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарының санын ұлғайту, аз қамтылған және көп балалы азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Мүгедек балаларға арналған 4 оңалту және бейімдеу орталығын,                  зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған 2 дағдарыс орталығын, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында 25 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектісін ашу жоспарлануда.

Мәдениет саласын дамытудың негізгі басымдығы Қазақстан халқының өзіндік мәдениетін жандандыруға, сақтауға, дамытуға және таратуға белсенді жәрдемдесу, мәдени мұраны зерттеу және ілгерілету болады.

Елдің бірыңғай мәдени кеңістігін қалыптастыру шеңберінде халықтың мәдени сала өнімдеріне кең қолжетімділігін және қазақстандық мәдени мұраны жаһандық кеңістікке интеграциялауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологияларды енгізу және мәдени коммуникациялардың жаңа нысандарын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Жалпы алғанда, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, театр, концерт және музей қызметін, киноиндустрияны дамытуға, сондай - ақ мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдауға, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, шығармашылық белсенділікке, танымал мәдени өнімді құру мүмкіндіктерінің бар болуына басты назар аударылатын болады.

 

  1. Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерініңболжамы

Экономиканың дамуына елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру негізгі серпін береді, олардың шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұл еңбек өнімділігін, экспортқа бағдарланған өндірісті арттыру, ИИДМБ іске асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы көлік саласын дамыту және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы тұрғын үйді іске қосуды ұлғайту. Шағын және орта бизнестің дамуына бизнес-ахуалды жақсарту, сондай-ақ БЖК 2025, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ықпал ететін болады. Инвестициялық жобалар пулын іске асыру және инвестициялық ахуалды жақсарту ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесінің артуына ықпал ететін болады.

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған 2026 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.

2025 жылға жалпы өңірлік өнімді 4,4%-ға арттыру көзделіп отыр. Жалпы өңірлік өнім 2025 жылы 2020 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда 21,4%-ға артады.

2025 жылы орта мерзімді  инфляция деңгейі 3-4% дәлізде белгіленді.

2021-2025 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 4,0%-ды құрайды.

2021-2025 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жылына орта есеппен                  3,9%-ға өсетін болады.

2025 жылға қарай 2020 жылғы бағалаумен салыстырғанда жұмыспен қамтуда жұмыс күшін 0,4%-ға, жұмыспен қамтылған халықты - 0,6%-ға, жоғары білімі бар кадрларды шығару - 45,2%-ға ұлғайту жоспарлануда.

Экономиканың болжамды өсіміне сәйкес орташа айлық жалақы деңгейі бойынша бес жылдық кезеңге 2021 жылғы 157,1 мың теңгеден 2025 жылы 194,6 мың теңгеге дейін серпінді өсу болжанып отыр. Нақты жалақы индексі 2020 жылы 103,4%-ды құрайды және 2025 жылға қарай 103,9%-ға дейін ұлғаяды.

Жұмыссыздық деңгейі көрсеткіші бойынша 2025 жылға дейін тұрақты жағдай болжанады, жұмыссыздар саны 25,9 мың адамнан 24,9 мың адамға дейін төмендейді.

 

  1. 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

5.1 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері экономиканың өсуін ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және орнықтылығын нығайту, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Алға қойылған мақсаттарға сүйене отырып, бюджетті шоғырландыру және бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету, әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, фискалдық орталықсыздандыруды жалғастыру және ЖАО дербестігін арттыру орта мерзімді кезеңге арналған бюджет саясатының басымдықтары болады.

Қойылған мақсаттарға сүйене отырып, әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау және ЖАО-ның дербестігін арттыру орта мерзімді кезеңге арналған бюджет саясатының басымдықтары болады.

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылымды және денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Бұл ретте, экономикалық өсу деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілетін болады.

Бюджеттік инвестицияларды жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға ғана шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылатын болады.

Салық саясаты шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру, оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.

Экономика конъюнктурасының өзгеруін және салық төлеушілердің ұсыныстарын ескере отырып, салық саясатын жетілдіру жалғастырылады. Орта мерзімді кезеңде салық түсімдерінің ұлғаюын қарау және салықтарды төлеу рәсімдерін оңайлату жоспарлануда.

 

5.2 Бюджетаралық қатынастар

Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты халыққа Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңнамасымен кепілдік берілген бюджеттік қызмет көрсетуді ұсынуда өңірлердің тең фискалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар 2020-2022 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюлар) негізделетін болады.

Жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы үш жылдық кезеңде сақталады.

Өңірлік экономиканы ынталандыру, ШОБ дамыту, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту үшін жергілікті бюджеттерге шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдері берілді.

Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға байланысты жергілікті бюджеттердің кірістерінде шығындар не қосымша шығыстар пайда болған кезде жергілікті атқарушы органдардың шығындары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы өтеледі.

Бұдан басқа, жалпы сипаттағы үш жылдық трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін жергілікті бюджетке түсетін үстеме  кірісті дербес басқарады.

Бұдан әрі жүргізілетін фискалдық орталықсыздандыру шеңберінде бюджетаралық қатынастар саясаты ЖАО-ның қаржылық дербестігін кеңейтуге, ЖАО-ны өңірлік экономикаларды дамытуға және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайтуға ынталандыруға бағытталатын болады, бұл түпкілікті нәтижесінде өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігін төмендетуге ықпал ететін болады.

 

 

 

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

2021 – 2023 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының жариялаған бастамаларын одан әрі іске асыруға, сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуы салдарынан әлемдік экономиканың құлдырауы жағдайында экономиканы қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.

Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:

  1. Халық табысының артуы мен аз қамтылған топтарын қолдауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жаңғырту, адам капиталының сапасын арттыру;
  3. Сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру;
  4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қолдау;
  5. АӨК тиімділігін дамыту және арттыру;
  6. Қайта өңделген өнімнің экспортын ынталандыру арқылы ШОБ-ты қолдау;
  7. Транзиттік әлеуетті дамыту, оның ішінде өңірлік көлік инфрақұрылымын жаңғырту, елдің көліктік-логистикалық инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;
  8. Экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдайлар жасау;
  9. Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үйге, оның ішінде табысы төмен азаматтар үшін қол жетімділікті арттыру;
  10. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  11. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту.

 

5.4 Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

2021 жылға арналған облыс бюджетінде шығыстардың жаңа бастамалары көзделген:

- «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру;

- «Жұмыспен қамту жол картасы» арнайы бағдарламасын іске асыру;

- АӨК субъектілерін субсидиялау;

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдік беру;

- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту.

 

5.5 Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыруға бағытталатын болады.

Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру МЖӘ тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.

Бюджеттік инвестициялар үшін экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салалар басым болып табылады.

Экономикадағы құрылымдық реформалар жалғасып,мемлекеттің әлеуметтік, индустриалдық-инновациялық инфрақұрылым құру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі бастамалары аяқталады.

Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:

1) Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Аталмыш бағыттың аясында «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының, «5-10-25», «Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасының», «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының, ИИДМБ және басқа да мемлекеттік бағдарламаларының іс-шаралары басымды қаржыландырылатын болады.

2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

ШОБ өндірісінің көлемін сақтау және халықты жұмыспен қамту үшін БЖК-2025 іске асыру жалғасады.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен жүзеге асырылады. Білім беру мен ғылым, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар іске асыру жалғасатын болады.

4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және және мемлекеттік функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.

Тек жоғарғы әлеуметтік-экономикалық қайтарылымды жобаларға бюджеттік инвестицияларды шоғырландыру және жеке инвестициялар тарту арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғастырылады.

Бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау принциптерін пайдалана отырып, бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.  Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінетін болады.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ
Дата публикации
08 октября 2020