Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 қаңтарға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

  Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 19 қаңтарға аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2025 жылғы
19 қаңтарға Байзақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі, Жамбыл ауданының Айшабибі ауылдық округі және Сарысу ауданының Түркістан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.

Аудандық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/activities/64998?lang=kk&parentId=9110

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
11 декабря 2024