Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат (01.09.2020ж.)
«Еңбек» бағдарламасы аясында 2020 жылға барлығы 16,8 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 13,1 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 3,7 млрд.теңге бөлінді.
2020 жылдың 1-қыркүйегіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 34353 адам тартылды, (соның ішінде бос жұмыс орындарына - 11346 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1526 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1500 адам, жастар практикасына 2117 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 11520 жұмыссыз тартылды, 754 адам шағын несие алды, 3253 адам грант алды) оның ішінде есепті мерзімде 26483 адам жұмысқа орналастырылып, (жоспар - 42623) 62,1 пайызға орындалды.
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» атты Бағдарламаның 1-ші бағыты аясында 2020 жылы барлығы 2291 адамды оқытуға 1898,7 млн.теңге бөлінді.
Соның ішінде 770 адамды жұмысшы мамандықтарына 2,5 жыл мерзімінде кәсіптік даярлауға 1554,0 млн.теңге (өткен 2017-2018 және 2019 жылдардан оқуын жалғастырушыларды қоса есептегенде) қаралды. Жаңа оқу жылында 770 адам оқуға жолданып, бөлінген қаржыны толықтай игеру көзделуде.
Қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 1521 адамды оқыту үшін 344,7 млн.теңге қаралды. Өңірлік комиссия шешімімен Тізілімге енген білім ұйымдары кесіндісінде қысқа мерзімді кәсіптік оқу өтетін мамандықтар бойынша орындар бөлінді, оқыту құны белгіленді. Оқыту 35 мамандық бойынша 24 білім ұйымдарында (6 колледж, 18 оқыту орталықтарында) оқыту басталды. Қысқа мерзімдік есепті мерзімде 1526 адам оқытуға жолданды, соның ішінде 167-і оқуын аяқтап 26 азамат жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның 2-ші бағыты аясында барлығы 11828 адамды қамтуға (шағын несиеге – 1326 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 3650 адам,қайтарымсыз грантқа – 6852 адам) 9314,7 млн.теңге қаржы бөлінді (шағын несиеге – 5355,8 млн.теңге, несиені мемлекет тарапынан кепілдендіруге – 188,3 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға – 31,7 млн.теңге, қайтарымсыз грантқа – 3738,9 млн.теңге).
Бұл бағыт аясында азаматтар алдымен кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 3650 адамды кәсіпкерлікке оқыту жоспарланып отыр. Есепті мерзімге 2337 адам оқуын аяқтады.
Микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 5355,8 млн.тенгенің шағын несиесі 1326 адамға беріледі деп жоспарланды (ауылда – 1290 адамға 4939,7 млн.теңге, қалада – 36 адамға 416,1 млн.теңге).
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 754 адамға 3013,6 млн.теңге несие берілді. Оның ішінде ауылда 741 адам 2826,0 млн.теңге шағын несиесін алды, ал қала бойынша 13 адам шағын 187,6 млн. теңге несие алды.
Биыл 6852 адам 3738,9 млн.теңгенің қайтарымсыз грантын беру жоспарланған болатын. Есепті мерзімде 3253 адам 1773,8 млн.теңгенің қайтарымсыз грантын алды.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 15391 адамды қамтуға 7505,1 млн. теңге бөлінді.
Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1168 орынға 236,6 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1500 адам жолданды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 2346 орынға 1826,7 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 2117 түлек жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 11877 адамды тартуға 5441,8 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 11520 адам жолданды.
Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.
Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыс күші тапшы өңірлерге 103 отбасы, 299 адам қоныс аударды, оның ішінде:
Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың 2-тоқсанында 4,8 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,8%-ды құрады.