«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру туралы

ЖОБА

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімін

беру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»                   1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының                  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

 

 

Қаулы
Дата публикации
13 октября 2020