Жергілікті атқарушы органдарына ағымдағы жылдың 9 айында 56 241 (2023 жылдың 9-айында – 59 985) өтініш тіркеліп (оның ішінде облыс әкімі аппаратына – 4 084 (3 709) өтініш) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға кеміген (3 744).
Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 56 241 (59 985) өтініштің 41 683 (43 698) арыз, 2 812 (3 082) шағым, 7 701 (8 085) сұраулар, 2 025 (2 845) хабарламалар, 1 955 (2 204) ұсыныс, 65 (71) үн қосу. Өтініштер ішінде басым бөлігі арыздар 41 683 (74,1%) болып келеді.
Өтініштердің жалпы санынан бөліп қарағанда 2024 жылдың 9-айында өтініштердің басым көпшілігі Тараз қаласына – 15 756 (16 266), Шу ауданына – 4 967 (5 103), Қордай ауданына – 3 060 (3 319), Жамбыл ауданына – 1 999 (2 003) түскен.
Сондай-ақ, облыс тұрғындары атынан Президент Әкімшілігіне 300 (300), Үкімет Аппаратына 188 (153) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде тиісті жауаптары берілген.
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратына барлығы 16 кіріс тапсырмалар түсіп мерзімінде жауаптар берілді.
Анықтама: ҚР Президенті Әкімшілігінен – 8, ҚР Үкімет Аппаратынан – 8.
Талдау көрсеткендей, түскен өтініштердің 18,8% (10 622) жер, 14,1% (7 880) білім саласы, 7,4% (4 199) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, 3,7% (2 131) жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету, 2,6% (1 471) тұрғын үй мәселесі, 2,3% (1 338) денсаулық сақтау салаларына қатысты.
Есепті кезеңде 28 471 (27 878) әкімшілік акт қабылданды. Өтініштердің 24 534 (23 040) қолайлы әкімшілік акт, 3 937 (4 838) ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданған, 2 067 (1684) әкімшілік рәсім тоқтатылды, 11 941 (12 954) оңайтылған әкімшілік іс қаралған.
Есептік кезеңде қабылданған қолайлы актінің саны 24 534 (23 040) 6%-ға артқан, ал ауыртпалық салатын әкімшілік акт 3 937 (4 838) 18,6%-ға азайған.
2024 жылдың 9-айында облыс бойынша барлығы 3 818 (3 253) қабылдау өткізіліп, 8 518 (8 984) азамат қабылданды.
Анықтама: облыс әкімі 30 қабылдау жүргізіп, 439 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің орынбасарлары – 42 қабылдау жүргізіп, 222 азаматты қабылдаған, облыс әкімінің аппарат басшысы - 5 қабылдау жүргізіп, 32 азаматты қабылдаған.
Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыс басқармаларының басшылары 3 741 қабылдау өткізіп, 7 825 азамат қабылдаған.
Қабылдауда болған 2 040 (5 816) азаматтың мәселелері қанағаттандырылса, 6 478-не (3 168) түсіндірме берілген.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жауаптарына қанағаттану бойынша өтініш берушілердің кері байланысы және пікірлеріне «Smart Data Ukimet» талдамалық модулінде мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1 985 (3,52%) өтініш бойынша ішінара бағалау түрінде кері байланыс және пікірлер алынды.
Нәтижесінде мемлекеттік органдардың жауаптарына «өте жақсы» - 1 302 (65,59%), «жақсы» - 266 (13,40%), «орташа» - 134 (6,75%), «жаман» - 53 (2,60%) және «өте нашар» - 230 (11,58%) деген бағалаулар берілген.