Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Көктал және Мырзатай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Көктал және Мырзатай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде

АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалуына жауаптылар

Іске асыру мерзімдері

Орындалуы

1.             

Мырзатай ауылдық округіне                                      «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие беру жолдарын қарастыру

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша ауданның 17 ауылдық округінен жалпы құны 1 млрд. 319,6 млн. теңге құрайтын 157 жобаға тұрғындардан «Тараз ӘКК» АҚ-на сұраныс түскен, оның ішінде Мырзатай ауылдық округінен жалпы құны 15,2 млн. теңгені құрайтын 3 жоба. Бұл жобалар қаражат бөлінуіне байланысты алдағы уақытта іске асырылатын болады.

Тапсырма орындалу үстінде

2.             

Мырзатай ауылындағы Мырзатай орта мектебінің жаңындағы шағын орталықтын шатырын жабу жолдарын қарастыру

Облыс әкімінің орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

3 тоқсан

 

Бүгінгі күнге Мырзатай орта мектебінің жанындағы шағын орталықтың шатыры жұмсақ жамылғымен (рукан) толықтай жабылды.

Тапсырма орындалды

3.             

Сарыкемер ауылында 5-қабатты 60 пəтерлі тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4) белгіленген мерзімде құрылысын бітіру

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

2 тоқсан

 

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бес қабатты 60 пәтерлі төрт тұрғын үйге конкурс жарияланып, жеңімпазы «БИНОМ» ЖШС анықталған. Әр үйдің жалпы сметалық құны 651476,4 мың теңге, оның ішінде құрылыс монтаж жұмыстарына 607675,7 мың теңгені құрады. Нысанның конкурстық құны 438 004,0 мың теңге. құрады. Бүгінгі күнге 4 үйдің құрылысы және абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып,. Ағымдағы жылы 240 пәтерді толығымен тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға пайдалануға берілді.

Тапсырма орындалды

4.             

Сарыкемер ауылында қуаты 2х16000 кВА ВЛ-35 кВ 35/10 кВ ҚС 2 тізбекті желін белгіленген мерзімде қосуын қамтамасыз ету

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

1 тоқсан

 

Аудан тұрғындарын және жаңадан салынып жатқан нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін,                       2022 жылдың қараша айында Сарыкемер ауылына қуаты 2х16000 кВт Вл 35кВ 35/10кВ екі тізбекті желілі подстанциясының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары «АСБ Электромонтаж» ЖШС-і арқылы                            855, 9 млн. теңгеге жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 100% аяқталды.  

                                    Тапсырма орындалды

5.             

Сарыкемер ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан көп қабатты үйлердің және денсаулық нысандарының жарамсыз қалдықтары мен жалпы кәріз жүйесін қалыптастыру ТЭН-ге (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленсін.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

Сарыкемер ауылы тығыз орналасқандықтан әр көше бойымен кәріз жүйесін тарту мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты кәріз жүйесін қажетті аймақтарды қамти отырып, ауыл сыртына шығару жоспары қарастырылуда. Аталған нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және сараптамадан өткізу жұмыстарына болжамды түрде 296 млн. теңге қаржының қажеттілігі анықталды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарын бастау үшін 10 млн. теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялау үшін қажетті құжаттары рәсімделуде.

                         Тапсырма орындалу үстінде

 

6.             

Байзақ ауданында 1 ай көлемінде «Дала күні» (День поля) іс-шарасын ұйымдастырсын

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

Облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі

2023 жыл

4 тоқсан

 

«Дала күні» (День поля) іс-шарасы 2023 жылдың 28-қарашасы күні Байзақ ауданы «Агрохолдинг Aspan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 200 гектар жаңбырлатып суару технологиясымен өсірілген қант қызылшасы алқабында ұйымдастырылды.

                                    Тапсырма орындалды

7.             

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылар санының өсуіне байланысты жаңа мектеп құрылысын салу бойынша жолдар қарастырсын

Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

2024 жыл

4 тоқсан

 

Сарыкемер ауылынан 600 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жер телімін таңдау актісі, мектептің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт әзірленіп «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-не ұсынылған. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша 600 орындық жаңа мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоспарға сәйкес, жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылдың қараша айында аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын болады (сараптама қорытындысын алу мерзімі 1,5 ай).  

Тапсырма орындалу үстінде

             

 

Жамбыл облысы әкімінің Байзақ ауданы Көктал және Мырзатай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде АҚПАРАТ
Дата публикации
29 октября 2024