Облыс әкімінің Тараз қаласының тұрғындарыменкездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Облыс әкімінің Тараз қаласының тұрғындарыменкездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

Р/с

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы мәлімет

1

2

3

4

5

1

Қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатқан М-1 жылу желісінің мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету

2024 жылдың қазан айы

Тараз қаласының әкімі

 

«Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкесқұрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 19 сәуірінде басталған болатын. Қазіргі таңда, 3579 м (75%) лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілді.  2024 жылы жалпы 6138 м жылу құбырының 4772 м бөлігін қайта жаңғырту жоспарланған.

Сонымен қатар, 3101 м (65%) лоток және 1908 м (40%) құбыр жүйесі орнатылды. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі тарапынан қоймаға және учаскелерге шамамен 7549 м құбыр, бекіту арматуралары құрылыс аумағын қоршауға арналған қоршаулар т.б. қажетті құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтар жеткізілген. "Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту" жұмыс жобасына сәйкес, қазіргі таңда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары 100%-ға аяқталды. Сонымен қатар, орнатылған жылу құбырлары тиісті гидравликалық қысыммен тексерілді. Қазіргі таңдаасфальт жабындысын төсеу жұмыстары аяқталды.

ОРЫНДАЛДЫ

2

«Ұлы Дала» (15) шағынауданы  №№27, 28, 29 көпқабатты тұрғын үйлерге ортақ аулада демеушілер есебінен балалар ойын алаңын салып беруді қарастыру

2024 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

Аулаларды абаттандыру бойынша: 2024 жылы аулаларды абаттандыру, оның ішінде, балалар ойын алаңшасын салуға қала бюджетінен қаражат бөлініп, 18 мекенжайда («Аса» ш.а. №36, Лесхозный көшесі, Жилкооперация 1А, Талас №27, Жауғаш батыр №8, 9, Төле би №9б, «Жансая» ш.а. № 23, Сүлейманов №8, «Ақбұлақ» ш.а. №1 (7 үй), Сағындықов №38, Сатпаев №1, Сатыбалдиев №40, 42, «Мынбулак» ш.а. №46, Сыпатай батыр №2 А, 2 Б, «Астана» ш.а. №33, «Байтерек» ш.а. №36, Телеорталық №2, Қазыбек би №142) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, 7 нысан (Қазыбек би №142, Сатыбалдиев №40, 42, «Мынбулак» ш.а. №46, Телеорталық №2, «Жансая» ш.а. № 23, Сатпаев №1, Сүлейманов №8) бойынша абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қосымша 7 мекенжайды (Гамалея №19, Қонаева 16, «Атшабар» ТК, «Байтерек» ш.а. №5, «Талас» ш.а. №28, Төле би №№92-96, «Салтанат» ш.а. №22) абаттандыру мақсатында үнемделген қаражат есебінен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мердігермен келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Ұлы Дала» шағынауданы №27,28,29 көп қабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңын орналастыруға  демеушілер тарапынан орнатуға ұсыныс түскен жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

3

«Барысхан» алқабындағы кіші-футбол алаңшасын түнгі жарықтандыру мәселесін қарастыру

2024 жылдың соңына дейін

 

Тараз қаласының әкімі

«Барысхан» алқабындағы кіші-футбол алаңшасына түнгі жарық шамдары орнатылды.

ОРЫНДАЛДЫ

4

«Орхун Медикал» медициналық орталығынан №53 мектепке барар жолға түнгі жарықтандыру мәселесін зерделеп, техникалық мүмкіндігіне қарай қосымша 5 бағана орнату

2024 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

Ағымдағы жылы «Астана» (12) мөлтек аудандағы № 53 мектепке барар жолға көше жарығының құрылысына техникалық шарт алынып, жобалық сметалық құжаттама жасауға мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілді. ЖСҚ дайын болған соң құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім беріледі. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда 2025 жылға жоспарлануда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

5

Өзбек көшесінің                      2-бұрылысы түнгі жарықтандыру бағаналарын кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер тарапынан ауыстыруды қамтамасыз ету

2024 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

Тараз қаласы, Өзбек көшесінің                                      2 бұрылысындағы электр бағаналарын инвест бағдарлама бойынша «ЖЭЖ» ЖШС-нің теңгерімінде және мекеменің  2026 жылдың жоспарына электр бағаналарды ауыстыру жұмыстары енгізілген.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

6.

«Қарасай» алқабының көшелерін түнгі жарықтандыру мен  жолдарын жөндеу

2024 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

«Қарасай» алқабындағы тұйық, бұрылыс және негізгі көшелеріне түнгі жарық шамы орналастыруға 2024 жылға жоспарланды. Қазіргі таңда көше жарығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес құрылыс жұмыстары 4 ай болып бекітілген. Аталған алқап қаржының тапшылығына байланысты  2025 жылға өтпелі. Ағымдағы жылы "Қарасай" алқабы көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары басталды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

7.

«Қант зауыты» аймағындағы Театральный көшесі, №2 мекен-жайдағы бұрынғы онкологиялық аурухана ғимаратын қайта жаңғыртудан өткізуге әзірленіп жатқан ЖСҚ аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу

2024 жылғы қарашаға дейін

Тараз қаласының әкімі,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы

 

 

№7 қалалық емханасы ғимаратын реконструкциялау нысаны бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы арқылы жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді.

Сметалық құны 2 936,0 млн. теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге және клиникалық-техникалық негіздемесін (КТО) алуға қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта клиникалық-техникалық негіздемесі (КТО) әзірленуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамаға кіруі жоспарланған.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

8.

Менделеев көшесінің 3-бұрылысы №1 мекен-жайдағы талдарды бұталау жұмыстарын жүргізу

2024 жылғы

1 шілдеге дейін

Тараз қаласының әкімі

Менделеев көшесінің 3-бұрылысы №1 мекенжайдағы қураған талдарға санитарлық бұталау жұмыстары жүргізілді.

ОРЫНДАЛДЫ

9.

«Социалистік Еңбек Ері» аллеясын орнату мәселесін қарастырып, ұсыныс беру

2024 жылғы

 1 тамызға дейін

Тараз қаласының әкімі, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы

 

«Таразға тарту» жобасының аясында Әл-Фараби көшесінің бойындағы «Қаратау» шағын ауданы №25,26,27 көппәтерлі тұрғын үйлердің маңынан  абаттандырылған «Социалистік еңбек» скверіне «Социалистік Еңбек Ері» аллеясын орнату ұсынылады.

Қосымша фото тіркеледі.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

10.

Қала аумағындағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін балалар ойын алаңшасының тізімін ұсыну

2024 жылғы

 1 тамызға дейін

Тараз қаласының әкімі

Қазіргі таңда, қала аумағында жөндеуді қажет ететін (101) балалар ойын алаңшасының тізімі ұсынылады.

ОРЫНДАЛДЫ

11.

№9 округ аумағындағы Братская көшесінің жолына толығымен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2025 жылдың ІІ-жартыжылдығы

Тараз қаласының әкімі

Братская көшесіне орташа жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланып отыр.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

12.

Жоспарға сәйкес «Барысхан» алабының жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтау (республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда)

2025 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

Тараз қаласындағы «Барысхан» тұрғын алқабына асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарына «Uniserv» ЖШС-мен 13.09.2023 жылы №293 келісім-шарт жасалған. Техникалық қадағалаушы – «Аз и Мур Строй» ЖШС-і, авторлық қадағалаушы – «Құрылыс инвест жоба» ЖШС-і. Нысанның шарттық құны – 1 605,7 млн.теңгені құрайды.

2023 жылы республикалық бюджет есебінен 100,0 млн.теңге, облыстық бюджет есебінен – 160,6 млн.теңге бөлініп, игерілген.

2024 жылғареспубликалық бюджет есебінен 800,0 млн. теңгеқарастырылған. Нысандыаяқтауға 545,1 млн.теңгеқажететіледі. Нысан 2025 жылғаөтпелі.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшенің асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Барысхан тұрғын алқабында 529 тұрғын үй, 570 жер телімі бар. Тұрғындар саны 2650 абонентті құрайды.

Қазіргі уақытта 1 көшенің асфальт негіздемесі дайындалып, 1 көшенің асфальттау жұмыстары толығымен  аяқталды. Ағымдағы жылға  жоспарланған 7 көшеге  асфальт жабындысы төселді.

ОРЫНДАЛДЫ

13.

Целиноград көшесінің 2-тұйығының сыртқы жарығын жүргізу

2025 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі,

Қ.Исмаил,

Ғ.Алтаев

Целиноградская көшесінің 1,2,3,4,5 бұрылыстарына көше жарығының құрылыс жұмыстарын жүргізуге  техникалық шарт алынып, жобалық сметалық құжаттама жасауға мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілді. Жобалық сметалық құжаттама дайын болған соң құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім беріледі. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда 2025 жылға жоспарлануда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

14.

«Шалғай Қарасу 1, 2, 3, 4, 5, 6,7» алқабын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету

2025 жылдың соңына дейін

Тараз қаласының әкімі

«Шалғай Қарасу 1,2,3, 4, 5, 6, 7» алқаптарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан тиісті рұқсат құжаттары алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы тартылатын құбырдың ұзындығы – 82,5 шақырым. Өтпелі нысан болғандықтан құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

15.

«Астана» (12) шағынауданын ағын сумен қамтамасыз ету

2025 жылдың

 І-жартыжылдығы

 

Тараз қаласының әкімі

«Жасыл ел Тараз» мекемесі тарапынан «Астана» (12) шағынауданында арық жүйелері қалпына келтіріліп,   ағын сумен қамтамасыз етілді.

ОРЫНДАЛДЫ.

16.

Қала аумағындағы шағын аудандар мен алқаптарды (массив) спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру

Іс-шаралардың өтетін мерзімі мен орындары туралы кеңінен хабарландыру

Тұрақты

(әр тоқсан қорытындысымен ақпарат ұсыну)

Тараз қаласының әкімі

Қала тұрғындарының жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қаланың 11 аумақтық округында апта сайын өтетін бұқаралық спорттық   жәнемәдени көпшілікіс-шаралар туралы хабарлама әлеуметтік желілерге тұрақты жариялануда

ТҰРАҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

17.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау.

Тұрақты

(әр тоқсан қорытындысымен ақпарат ұсыну)

Тараз қаласының әкімі

 

Тараз қаласы әкімдігінің ресми парақшаларына келіп түскен өтініш-арыздар зерделеніп, уақытылы кері байланыс жасалынуда.

Тараз қаласы әкімдігіне қатысты сыни бағыттағы әлеуметтік желіге түскен шағымдардың шілде айының басынан бүгінгі күнге дейінгі  Facebook, Instagram  желісіндегі түрлі парақшаларда қалалық әкімдіктің ресми парақшасын белгілеуі және жарияланған арыз-шағымдар саны – 225. Оның ішінде:

1. Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  128 арыз;

2. «Жасыл Ел-Тараз»  мекемесіне 31 арыз;

3. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне 25 арыз;

4. «Тұрғын үй» қатынастары бөлімі 18 арыз;

5. «Жамбыл Су» МКК  15 арыз;

6. Білім бөлімі 8 арыз.

ТҰРАҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

 

 

 

Облыс әкімінің Тараз қаласының тұрғындарыменкездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
Дата публикации
29 октября 2024