Облыс әкімінің Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

Облыс әкімінің Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған

ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.            

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Аса-Тараз» тас жолы бағытындағы «Ас-Ер» мал базарынан Тараз қаласына өткен шекарада жылдамдықты шектеу белгілерін заңнама талаптарына сәйкес орнату

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Облыстық маңызы бар «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының «Ас-ЕР» мал базарынан Тараз қаласына өткен шекарада жылдамдықты шектеу жол белгілері Жамбыл облыстық полиция департаменті тарапынан зерделеніп, аталған аралық  тұсында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол белгілері заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды.

Орындалды.

2.            

Аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім енгізу

 

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Аудандық орталық  аурухана ғимарты күрделі жөндеу жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамалары «ТенгриСтройИнвест» ЖШС әзірленіп, 2023 жылдың  желтоқсан  айында мемлекеттік сараптамаға тапсырылып 24.01.2024жылы теріс қорытынды берілген, кемшіліктер түзетіліп, 26.03.2024 ж. қайта мемлекеттік сараптамаға беріліп, 10.04.2024ж. құжаттардың толық болмауына байланысты толықтыруға қайтарылған. Қазіргі таңда «Экависмут» ЖШС-нің 16.07.2024 жылғы мәліметіне сәйкес сараптамаға 03.06.2024 күні берілген, 04.09.2024 күні мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады.

Орындалу үстінде.

3.            

Ауданда денсаулық мекемесінде балалар эндокринолог маманы жоқтығына байланысты кадр мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүргізу

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл аудандық орталық ауруханасында қазіргі уақытта эндокринолог-дәрігер тек ересек азаматтар қабылдауын жүргізеді.

18 жасқа дейінгі балалар жолдамалар бойынша Тараз қаласындағы медициналық мекемелерге балалар эндокринологының қабылдауына жолдануда. Жолдамалар бойынша шектеулер қойылмаған, эндокриндік аурулары бар балалар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. Аудандық емхананың эндокринолог дәрігерін алдағы уақытта балалар аурушаңдығы бойынша оқыту жоспарда бар.

Орындалу үстінде.

4.            

Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдайтын спорттық үйірмелер мен оңалту орталығын ашу

 

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

Аудан  көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып спорттық іс-шаралар жоспарға сәйкес өткізілуде, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға спорт нысандары қолжетімді. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттың шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, жүгіру, қол күрес, т.б. түрлеріне қамтылғандары 254 адам. Ауылдық округтерде  қамтылған  мүмкіндігі шектеулі 14-35 жас аралығындағы 624 азаматқа Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 32 мүмкіндігі шектеулі жастармен шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, қол күрес спорттық үйірмелері жоспарға сәйкес өткізілуде.

Орындалу үстінде.

5.            

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайтын әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған инватакси қызметін ретке келтіру

 

2024 жылдың

мамыр айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2024 жылға «Асан-көмек» Корпоративтік қоры қызмет көрсетеді. 2024 жылдың 18 сәуірінде 4880,0 мың теңгеге №18 келісімшарт жасалып, 31 желтоқсан аралығына дейін қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге 60 мүгедектігі бар адамдар қызмет алуда.

Орындалды. 

 

6.            

Жамбыл аудандық орталық аурухананың қызмет көрсету сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат ұсынылмаған.

Орындалу үстінде.

 

7.            

Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруін ұйымдастыру

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

Ауыл тұрғындарының спортпен айналасуына қолжетімділігін ұйымдастыру мақсатында білім беру мекемелерінің басшыларымен келісіліп ауыл әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес ауылдарда орналасқан мектептердің спорт залдарында сабақтан тыс уақыттарында волейбол, баскетбол, футбол ойындарымен айналасуына жағдай жасалған. Аудан бойынша спорт нысандары жоқ елді мекендердегі мектеп спорт залдарына кешкі мезгілде ауыл тұрғындары барып спортпен тұрақты түрде шұғылдануы үшін арнайы қолжетімділік кестелері «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланды (24.01.2024 ж. №7).

Орындалды.

 

8.            

Аудан кәсіпкерлерін тарта отырып, «Damubala» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,  облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

«Damubala» жобасы арқылы балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту бойынша Жалпақтөбе ауылындағы «Мумин» ЖК футболдан 54 бала тіркелген, Айшабибі ауылындағы «Ералы» ШҚ каратэден 44, дзюдодан 138 бала тіркелген, Қарасу ауылдық округі, Ащыбұлақ ауылында «SAMGA» ЖК спорт үйірмесіне 102 бала тіркеліп (шахмат 34, бокс 32, каратэ 36) жаттығуда.

 Орындалу үстінде.

9.            

Аса ауылының тұрғыны мен «КазТрансГаз» АҚ филиалы тарапынан тұрғындарға берілген газ түбіртектерінің заңдылығын қарау

2024 жылдың

сәуір айы

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

Облыстық «КазТрансГаз» АҚ филиалы (келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Аса ауылы, Абай көшесі, №14А мекенжайындағы өтініш иесі Ж.Жайылғановаға «КазТрансГаз» мекемесіне 3 ай төленбеген берешегі туралы заңға сәйкес түсіндіру жұмысы жүргізілді. Өтініш иесі шағымы жоқтығын айтып, шағымын кері қайтарып алды.

Орындалды.

 

10.         

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Аса ауылы Жамбыл көшесінде орналасқан лоток жүйесін қоршау

2024 жылдың

соңына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

«КазСуШар» РМК

Жамбыл ауданының әкімі

 (жинақтау)

 

 

«Қуат» каналы Аса ауылдық округінде орналасқан ұзындығы 12,9 шақырым құрайтын 1236,0 га суармалы алқапты ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында 1925 жылдан бері қолданысқа берілген. Аталған канал бүгінгі таңға дейін топырақты канал болып келді, 2019 жылдан бастап ЕБРР бағдарламасы аясында каналды бетондау жұмыстары қолға алынды. «Қуат» каналында бетондау жұмыстары ағымдағы жылдың қазанында аяқталып, каналға су жіберілді. «Қуат» каналдың ескі арнасын бұзып, сол арнаға бетондау жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы «Қуат» каналы бойынша  37 шаруа қожалығы егістік суаруда. Каналдағы судың көлемі 0,3 м³/с. Ауыл ішінен өтетін бөлігінің 2 жақ бетін қоршауға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз 2122,2 мың тг. «Исламбай» жеке кәсіпкері анықталып, келісімшарт жасалынды.

Орындалу үстінде.

11.         

Аса ауылындағы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-на мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету

2024 жылдың

маусым айы

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-ін төмендетілген бағамен ішкі нарықта мұнай алатын компаниялардың тізіліміне енгізу үшін ҚР Энергетика министрлігіне хат жолданып, квоталық тізімге кіргізілді (05.03.2024 ж. шығ. №01-2003). Шілдеден бастап, квоталық бағамен 20 мың тн. мұнай келіп, зауыт толық іске қосылды.

Орындалды.

12.         

«Ауыл аманаты» жобасының                   5-ші бағытына басымдық беріліп, кәсіп ашу шаралары кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастыру

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы

(келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасарының ұйымдастыруымен семинар кеңестер тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде бүгінгі күнде 187 тұрғын 1 млрд. 351 млн теңгеге кәсібін ашуға өтінім берді.

Орындалды.

13.         

Аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

 облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

2024 ж. ауданда «Даму жоспарына» сәйкес 31 жоба іске асырылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 292 жұмыс орны ашылмақ. Ағымдағы жылдың II тоқсанына 12 жоба жалпы құны 4,8 млрд. тг іске асырылып, тұрақты 54 жұмыс орны ашылды.

Орындалу үстінде.

14.         

Көктемгі егіс дала жұмыстарына сапалы тұқым егілуін және ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын  және жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінуін бақылауға алу

 

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі

(жинақтау)

Көктемгі дала жұмыстарына қажетті                      2 516,6 тонна тұқым көлемі қолда бар, (100%-ды құрап отыр). Оның ішінде:                  I-репродукция–163,0 тонна 6,5%,                               II репродукция–1864,8 тонна 74,2%,                        III репродукция – 422 тонна 16,8%7. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 731 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Атап айтсақ, тракторлар 484 дана (100 %), соқалар – 92 дана (100,0%), 58 дәнсепкіштің 58-і (100 %), тырма –180 дана, қопсытқыш – 55 (100 %), тұқым дәрілегіш –13 дана (100,0%). 2024 жылға өздігінен жүретін машиналы-тракторлы паркін 6,5 пайызға (80 бірлік техника) жаңартуға жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы барлығы 55 ауыл шаруашылық техникалары 530 млн. 771 мың.тг алынды, оның ішінде: 29 трактор, 1 қант қызылшасын жинайтын комбайн, 25 басқа қосалқы техника. 2023 жылы ауданда 1136,2 млн. теңгеге негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының 147 бірлігі (1 астық  комбайн, 34 трактор, 112 аспалы және тіркемелі бірлік) сатып алынды, жаңару коэффициенті 12,5% (жоспар-12,0%-141 дана) құрады. Оның ішінде: лизинг жүйесімен -556,0 млн. теңгеге 1 бірлік (112,0 млн.тг.) астық комбайны, 13 бірлік (311,0 млн.тг.) трактор, 21 бірлік басқа да (133,0 млн.тг.) қосалқы ауыл шаруашылығы техникалары алынса, өз қаражаты есебінен  285,7 млн.теңгеге 21 бірлік трактор, 294,5 млн.теңгеге 91 бірлік басқа да қосалқы ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін кепілдендірілген дизель отынына Gosagrо.kz ақпараттық жүйесі арқылы Жамбыл ауданынан 224 өтінім қабылданып, ақпан–мамырға жалпы 621 тонна дизель отыны бөлінді. 2024 жылдың көктемгі дала жұмыстарына 621 тонна дизель отынына аудан бойынша 224 өтінімдер берілді, бүгінгі күнге                   71 шаруа қожалық 327,35 тн алды (ақпан 259 тонна, наурыз 130 тонна, сәуір 130 тонна, мамыр 102 тонна) Жамбыл ауданы бойынша оператор болып «Самойл» ЖШС-і белгіленді.

Дизель отынының бағасы 250 теңге болып белгіленді.

Орындалды.

15.         

Аса ауылының кіреберістегі демалыс орнын (аллея) күтіп ұстау, жарық жүйелерін ретке келтіру

2024 жылдың

мамыр айы

Жамбыл ауданының әкімі

 

Аса ауылының кіреберісінде орналасқан «Бақыт-шаттық» демалыс орнын ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Богенбаева Газиза Молдакуловна» ЖК жеңімпаз атанып, жалпы сомасы  4620000 теңгеге келісімшартқа тұрып, жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі келісімшартқа қол қойылған күннен бастап  1 ай мерзімде,                  15 тамызға жұмыстар аяқталуы күтілуде.

Орындалу үстінде.

 

 

16.         

Аудан көлемінде тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу, т.б.) бойынша жұмыстарды жандандырып, беріліп жатқан қолдаулар мен көмектерді кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

Аудан көлемінде тұрғындарға «Еңбек  нарығын дамытудың  2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында жоспарға сәйкес 10 ауылдық округте көшпелі мобильді орталықтар түсіндіру жұмыстарына шықты. Сонымен қатар, 7 көшпелі кеңес беру алаңы ұйымдастырылып, Мансап орталығының ресми әлеуметтік парақшаларында ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы қайтарымсыз гранттар беру Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 400 АЕК 2024 жылға 110 азаматқа  беру жоспарланды. Гранттар екі лек бойынша, яғни, 20-31 мамыр және 15-26 шілде айларына жоспарланған.
II тоқсан қорытындысы бойынша бірінші лек бойынша 113 адам өтініш білдіріп, 55 адамға (жоспар-55 адам) комиссияның оң шешімі шығарылған.

Алдағы уақытта да, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді кеңінен насихаттау жұмысы жалғасын табады.

Жұмыссыз жастарға және уақытша бос жүрген (NEET санатындағы) жастарға жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жыл басынан бері «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-7», «Кеңес беру алаңдары-12»,  Жастар ресурстық орталығының басшылық құрамымен қоғамдық қабылдаулар–10, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары өткізілді.Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау

Орындалу үстінде.

17.         

Ауданға инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін инвесторлармен 14 кездесу өтті. Оның ішінде: 2 шетелдік Қытай Республикасының «Alset LTD» компаниясы және Пәкістандық «HabibSyndicate» компаниялары. Инвесторларға алдағы уақытта ұсынылған жобаларды іске асыру мақсатында ауданның мүмкіншілігіне қарай қолдау көрсетілетін болады.

Орындалу үстінде.

18.         

Шайқорық ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысын жүргізуге жер телімі мәселесін түпкілікті шешу

2024 жылдың

сәуір айы

Жамбыл ауданының әкімі

 

Жамбыл облыстық мәслихатының әлеуметтік салалар, жастар ісі, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 28 ақпанында Шайқорық ауылында жария тыңдау өткізілді. Шайқорық ауылында «Жайлы мектеп» құрылысына таңдалған Танта ауылының маңындағы жер телімі және Шайқорық ауылы Р.Момбаев көшесі бойындағы жер телімдеріне мемлекеттік актілері әзірленіп, екі жер телімі де ұсынысқа берілген. Зерделеу барысында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің 04.03.2024 жылғы шығыс №09-210 хатына сәйкес, Танта ауылы маңындағы жер телімі Тараз қаласының бас жоспары бойынша, радиусы 3000 м құрайтын Тараз металлургиялық зауытының санитарлық-қорғаныш аумағында орналасқаны анықталды. Алдағы уақытта Танта ауылы маңынан бас жоспарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жоспарланбаған.

Нәтижесінде Шайқорық ауылы Р.Момбаев көшесі бойынан таңдалған жер телімі 04.03.2024 жылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның теңгеріміне рәсімделіп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар талапқа сәйкес кәріз желісіне қосылу қажет болуына байланысты, «KDM Project» ЖШС-мен әзірленген мектептің сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету (газ, электр, су, телефон торабы және кәріз желісі) жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына қайта түзету енгізілуде. Қазіргі таңда ЖСҚ түзетіліп, «Сәулеттік бюро» мекемесінен 30.04.2024 ж. №70 хатымен келісім алынып, сараптама қарауына берілді. Сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың                             25 маусымына дайын болды. Қазіргі таңда заң аясында келесі сатыдағы  құжаттары рәсімделуде.

Орындалу үстінде.

19.         

Аса ауылындағы Ақсай көшесіндегі 18 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйлердің жарық жүйесі мен ауыз су тұрақты берілуін қамтамасыз ету

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Аса ауылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықтандыру орнатуға мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «АТS-Энергострой» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жалпы сомасы 1657000 теңгеге келісімшарт жасалынып, жарықтандыру құрылғылары орнатылып, іске  қосылады. Сынақ мерзімінде.  

Аса ауылындағы Ақсай көшесіндегі                     18 пәтерлі  2 көпқабатты тұрғын үйлердің ауыз су жүйесіне қосымша су айдағыш насостары орнатылды.

Орындалу үстінде.

 

20.         

Қаракемер ауылдық округіне қарасты Құмтиын елді мекенін Аса ауылдық округіне қосу мәселесін заңнама талаптарына сәйкес қарау

2024 жылдың

мамыр айы

Жамбыл ауданының әкімі

Жамбыл ауданы әкімінің 2001 жылғы                     14 шілдедегі №1498 шешімі негізінде Аса селолық округінен орталығы Қаракемер селосы болатын құрамына Қаракемер, Сеңгірбай селолары мен Құмтиын ауылы кіретін Қаракемер селолық округі құрылған.

Құмтиын ауылында барлығы 138 аулада 765 адам тіркелген. Барлығы  4 көшеден тұрады. Ауылда 1 мектеп,                                     1 медициналық пункт, мектеп жанынан ашылған шағын орталық (балабақша) және «Ботабай» мешіті халыққа қызмет көрсетеді. Құмтиын ауылы мен Қаракемер ауылының арасы 5 км. Ауыл электр жарығы, табиғи газ және ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Барлық көшеге асфальтты төсем төселген.

Орындалды.

 

21.         

«Дипломмен ауылға» жобасының құралдарын пайдалана отырып, келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидаларын іске асыру бойынша, ауылдық елді мекендердегі жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға екі бағытта қолдау көрсетіліп келеді. Бірінші бағыт - 100 АЕК (2024 жылы АЕК-3 692 теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беріледі (369 200 теңге). Екінші бағыт - қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01 пайыздық үстемемен 15 жылға дейін ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК мөлшерінен аспайтын (9 230 мың тг.), ал ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК мөлшерінен аспайтын (7 384 мың тг.) бюджеттік кредиттер беріледі.

2024 жылы 20 маманға                            (6 денсаулық сақтау, 7 білім беру,                     1 мемлекеттік қызметкер, 2 мәдениет, 2 спорт, 2 агроөнеркәсіп кешені)  жалпы сомасы 7 384,0 мың теңге көтерме жәрдемақы және 10 маманға (2 білім беру, 2 денсаулық сақтау,  2 мәдениет, 2 спорт, 1 агроөнеркәсіп кешені, 1 мемлекеттік қызметкер) жалпы сомасы  81 224,0 мың теңгеге бюджеттік кредит беру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 9 маманға (2 білім беру, 2 спорт, 3 денсаулық сақтау, 2 агроөнеркәсіп кешені) жалпы сомасы  3 3228,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Орындалу үстінде.

22.         

Көктемгі және күзгі көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

Көктемгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудан әкімдігінің  27.02.2024 жылғы №107 қаулысымен Жамбыл ауданы аумағында  тазалық жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру  іс-шаралары жоспарға сәйкес  жүргізілді. Жалпы аудан аумағындағы елді мекендерге кіреберіс автомобиль жолдары бойындағы талдары әктеліп, бұтақтарын балақтап, шөптері шабылып, тырмалап тазаланды.  5000 түп әртүрлі сәндік ағаш көшеттері отырғызылды. 250 ш.м. гүлзарлар, 300 ш.м. көгалдар орналастырылды. 81,4 шақырым арық және каналдар тазаланды. 435 шқ автомобиль жолдарының бойын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. 380 тонна күл-қоқыс орындары шығарылды. Көктемгі санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда.

Орындалды.

 

23.         

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелерді назарға алып, кері байланыс орнату арқылы оларды ретке келтіру бойынша шаралар қабылдау

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Ағымдағы жылы БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін 48 млн тг. бөлінген («Шұғыла-Радуга» газетіне 42 млн, БАҚ-на  2 млн, телеарналарға 4 млн),   Нәтижесінде республикалық газеттерде 29, облыстық газеттерде 48, «Аймақ 08 info» ақпараттық сайтында 13, интернет-ресурстарда 37, республикалық телеарналарда 4, облыстық телеарналарда 104 бейнесюжет көрсетілген. Аудан әкімінің, Ақбұлым, Айшабибі, Қызылқайнар а/о әкімдерімен Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз  конференциясы өткізілген. Аудан әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында 17000 оқырманға 20180 жариялым ұсынылған.

Орындалу үстінде.

24.         

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында күнделікті бақылауға алу

тұрақты

Жамбыл ауданының әкімі

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы                    5 наурыздағы №137 қаулысы негізінде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жасау бойынша комиссия құрылды. Аталған комиссия ағымдағы жылдың сәуірінде комиссия құрамымен аудан аумағындағы сауда дүкендеріне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде  2 сауда дүкеніне акт толтырылып, Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ұжымдық  арыз жолданды. Тұрақты бақылауда.

Орындалды.

 

25.         

Тараз қаласы, Төле би даңғыльның бойындағы Қ.Рыскұлбеков атындағы саябағы аумағындағы орналасқан «Желтоқсан, 86» орталығының ғимаратын заң талаптарына сәйкес Желтоқсаншыларға беру мүмкіншілігін қарастыру

2024 жылдың

мамыр айы

Тараз қаласының әкімі

 

Ғимаратты Желтоқсаншыларға беру мәселесі бойынша мемлекеттік меншік нысанын «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңымен Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға (оның ішінде «Желтоқсан 86», «Желтоқсан ақиқаты» және «Жамбыл облысының ерекше мақсатты бөлімшелері мүгедектері мен ардагерлері және жауынгер интернационалистері» қоғамдық бірлестіктерге) өтеусіз негізде беру тетіктері қарастылмаған.     

 

 

 

Облыс әкімінің Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Дата публикации
29 октября 2024