Облыс әкімінің 2023 жылы Т.Рысқұлов ауданынының тұрғындарымен кездесулерінде
берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша
АҚПАРАТ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар
|
Орындалуы туралы мәлімет |
|
Облыс әкімінің Құлан және Жаңатұрмыс ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі |
||||
|
1. |
Шөңгер ауылының ағын және ауыз су мәселесін шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Шөңгер ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Шөңгер су қоймасын салу бойынша орналасатын жері жер пайдаланушылардан мемлекет мұқтажы үшін қайтарылды. Жерге орналастыру жобаларын жасау жұмыстары аяқталып, бюджетті нақтылау кезінде ЖСҚ дайындауға 16,2 млн.тг қаражат қарастырылды. Су қойманың жобалаушысы «Жалын» ЖШС анықталып жобалануда. ОРЫНДАЛУДА |
|
2. |
Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталығы ғимаратының жалпы алаңының жетіспеушілігіне байланысты, басқа ғимаратқа ауыстыру немесе жаңа ғимарат салу арқылы шешуді қарастыру
|
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
«Психологиялық-педагогикалық түзету» кабинеті «Балдырған» бөбекжай бақшасымен бір ғимараттар орналасқан. Аталған кабинет педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы музыка жетекшісі мен олигофрено педагогтармен қамтамасыз етіліп, бүгінгі күнге 166 балаға түзету–дамыту жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында М.Монтессори кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталды. Аудандық білім бөлімі мен Құлан ауылдық округі әкімдігінің тарапынан Құлан ауылында орналасқан «Туберкулезге қарсы диспансерлі» ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. ОРЫНДАЛУДА |
|
3. |
Т.Рысқұлов ауданына бөлінетін қайтарымсыз грант санын ұлғайту бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 30 қараша |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)
|
Ауданға бөлінетін қайтарымсыз грант санын ұлғайту бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылға қайтарымсыз грант санын ұлғайту үшін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобилдік орталығынаұсыныс хат жолданды. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
4. |
Құлан ауылын 2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасына енгізу бойынша ұсыныс енгізу
|
2023 жылғы 30 қараша |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс берілген. ОРЫНДАЛДЫ |
|
5. |
Құлан ауылы орталығындағы саябақты абаттандыру мәселесін қарастыру
|
2024 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылы орталығындағы саябақты абаттандыру бойынша демеушілер тарапынан13,5 млн теңгеге - 11,0 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер жолы; - 1,0 млн.теңгеге арка; - 1,0 млн.теңгеге стрит воркаут; - 500 мың теңгеге 5 дана орындық (скамейка) орнатылды. Аудандық бюджеттен9,3 млн теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді. - 2,0 млн.теңгеге «Белгісіз сарбаз» монументі қайта жаңғыртылды; - 4,5 млн.теңгеге саябақтың кіре-берісіне арка; - 1,8 млн.теңгеге жаяу жүргіншілер жолы; - 1,0 млн.теңгеге қоршау жұмыстары жүргізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
6. |
«Дулат баба» кесенесінің аумағын абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру
|
2024 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
«Дулат Баба» кесенесінің аумағын абаттандыру бойынша 2,2 млн теңге қаражат бөлініп, электр шамдары жаңартылды қосымша шамдар мен түрлі түсті жарық түсіргіш шамдар, 3 дана орындықтар,3 дана қоқыс салатын урнолар орнатылды. Кесененің бүлінген жерлері қалпына келтіріліп, ақтау-сырлау жұмыстары жүргізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
7. |
Құлан ауылындағы мал базарға баратын жолдың жарықтандыру мәселесін қарастыру (Қарақат ауылының бұрылысынан мал базарға дейін)
|
2023 жылдың соңына дейін |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
ЖСҚ құны 5,5 млн.теңгеге Қарақат ауылының бұрылысынан мал базарға дейінжарық қойылды. ОРЫНДАЛДЫ |
|
8. |
Ауыл шаруашылығы бағытындағы субсидияларды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету
|
2023 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы |
Субсидия алу үшін әр шаруа қожалық «ГосАгро» порталы арқылы жеке кілттерімен кіріп,өтінім беруде. Субсидия бюджеттен бөлінген жоспарға сәйкес төленуде. Осы бойынша АШТӨ-не түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
9. |
Ақыртөбе ауылы маңындағы «Топ ағашқа» баратын жолға шағал тас төсеу мәселесін қарастыру (3 шақырым)
|
2024 жылы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан «Топағаш» деп аталатын, шипа іздеген адамдардың зиярат жасап келетін орнына 3 шақырымдық жол салу мәселесі бойынша облыс әкімдігінің ЖК және АЖ басқармасымен бірлесе зерделеу жүргізілді. Аумағы1,5 га жерді құрайтын «Топағаш» шырақшы болып отырған Ғ.Ұзақбаевтың меншігінде екені анықталды. Сондықтан, ол жерге қандайда болмасын инфрақұрылымын жүргізуге, жол салуға (облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарына жатпайтындықтан) бюджеттен қаржы қарастыру мүмкіндігі жоқ. ОРЫНДАЛДЫ |
|
10. |
«Батыс - Қытай, Батыс - Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан елді мекендерге көлік жылдамдығын өлшеу құралдарын орнату
|
2024 жылғы |
Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан елді мекендерге көлік жылдамдығын өлшеу құралдарын орнату бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына, облыстық ЖК және АЖ басқармасына және облыстық ПД-не хат жолданды. ОРЫНДАЛУДА |
|
11. |
Ақыртөбе ауылы маңындағы таудан, құмнан келетін автожолдарға бейне бақылау камераларын орнату бойынша ұсыныс енгізу
|
2023 жылғы |
Облыстық Полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)
|
Т.Рысқұлов ауданы аумағында бейне бақылау камераларын орнату бойынша зерделеу жұмыстары нәтижесіндеҚоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1233 қаулысы)14.2 тармағына сәйкес елді мекендерді "Бейнебақылаумен толық қамту" (100 адамға 15 бірлік камера есебінен)бойынша 2024 жылға аудандық полиция бөлімінің ұсынысына сәйкес 20 жерге орнату жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта Ақыртөбе ауылы маңындағы таудан және құмнан келетін автожолдарға бейнебақылау камерасын орнату бойынша ұсыныс берілетін болады. ОРЫНДАЛУДА
|
|
12. |
Тараз қаласы мен барлық аудандарда жеке және заңды тұлғаларға мемлекет тарапынан берілетін барлық көмек түрлері бойынша ақпараттандыру үшін бір типті жадынама әзірлеп, тиісті орындарға орналастыру (қайтарымсыз грант, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдетілген несие, ауыл шаруашылығы техникаларын алу және т.б.)
|
тұрақты |
Облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ішкі саясат басқармасы |
Биылғы жылы аудандық мансап орталығының әлеуметтік желісіне аудан тұрғындары үшін арнайы 10 хабарландыру, қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері бойынша 3 бейнеролик, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша 19 түсіндірме посттар, 3 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
13. |
Аудан тұрғындарын кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін зерделеп, аталған бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауда ұстау
|
2023 жылғы 30 қараша |
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Ауыл тұрғындарын амбулаторлық деңгейде кепілдендірілген көмек көлемінде тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылға сұраныс қайта зерделеніп, науқастардың жаңадан есепке алынуына байланысты қосымша сұраныс берілді. Дәрі- дәрмектер «ИСЛО» бағдарламасы арқылы ашық түрде базада тұр, базадағы қалдық арқылы табуға болады. Алыс елді мекендердегі тұрғындарды аудан орталығына қатынастырмай алу үшін елді мекенде орналасқан дәрігерлік амбулатория ұйымдары аға мейірбикелері рецептпен алып, жеткізуде. Амбулаторлық деңгейде диспансерлік есептетұратын пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында291 млн теңгеге, барлығы 32382 рецепт жазылып, 29525 адам дәрі алды. ОРЫНДАЛДЫ |
|
14. |
«Казпочта» АҚ ЖОФ Т.Рысқұлов ауданындағы бөлімшесіне қатысты сын-ескертпелерді ескере отырып, көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тұрғындарға қолайлы жағдай жасау
|
тұрақты |
«Казпочта» АҚ ЖОФ (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан сын-ескертпе жоқ,тұрғындар үшін қызмет түрлері қолжетімді. ОРЫНДАЛДЫ, БАҚЫЛАУДА |
|
15. |
Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға ықпал ету және тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
тұрақты |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 128 техника алынып, техника паркі 13 пайызға жаңартылды (жоспар 12 пайыз). Ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы техникалар паркін жыл соңына дейін жаңарту жоспары 6,8% пайыз. Қазірдің өзінде 68 техника сатып алынып, жоспар 4,5 % орындалды. ОРЫНДАЛДЫ, БАҚЫЛАУДА |
|
16. |
Аудандағы «Арай» тұрғын үй алқабындағы берілген көп қабатты тұрғын үйде кезектілікпен алған тұрғындардың өздері тұратындығын немесе тұрмайтындығы туралы мән-жайды зерделеп, тиісті ақпарат ұсыну
|
2023 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылы «Арай» тұрғын үй алқабындағы көп қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй Құлан ауылы әкімдігінің теңгерімінде. Кезектілікпен алған тұрғындардың өздері тұратындығын немесе тұрмайтындығы туралы мән-жайды зерделеу бойынша Құлан ауылдық округ әкімдігі және «Ақ жүніс» көп балалы аналар ұйымымен бірге зерделеу жұмыстары жүргізілді, заң бұзушылықтар анықталған жоқ ОРЫНДАЛДЫ |
|
17. |
Жаңатұрмыс ауылына таудан келетін ағын су мәселесін шешу жолдары қарастыру |
2024 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі ККПТ каналының жер телімдерінің құжаттары дайындалуда. Ағымдағы жылы бюджеттен су каналына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындауға қаражат бөлініп, жобаға сәйкес бюджеттік өтінім берілетін болады. ОРЫНДАЛУДА |
|
18. |
Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектеп директорын тағайындауды заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру
|
2023 жылғы 15 қараша |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарын бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын негізінде биылғы жылдың 6 наурызы №12-Ж/Қ бұйрығымен Қаныш Сатпаев атындағы орта мектебіне Уалиев Ербол Серикбаевич директор лауазымына тағайындалды. Негіздеме: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2024 жылдың 29 ақпандағы бос тұрған басшы лауазымына үміткерлермен өткізілген әңгімелесу отырысының №4 хаттамасы. ОРЫНДАЛДЫ |
|
19. |
Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың жоспарына енгізу
|
2024 жылғы 30 қараша |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Қ.Сәтпаев атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары облыстық білім басқармасының 2025 жылдың жоспарына енгізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
20. |
Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің асхана мен акт залының жылыту жүйесін ретке келтіру
|
2023 жылғы 15 қазан |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Қ.Сәтпаев атындағы мектебінің асханасы мен акт залына 4 дана радиатордан қойылды. Қазіргі кезде жылу жүйесі ретке келтірілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
21. |
Жаңатұрмыс ауылына 140 орындық мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну
|
2023 жылдың соңына дейін |
облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау)
|
Республикалық бюджеттен мәдениет үйінің құрылысынжүргізуге 121,8 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
22. |
Жаңатұрмыс ауылын 2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасына енгізу бойынша ұсыныс енгізу
|
2023 жыл 30 қараша |
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жаңатұрмыс а/о «Ауыл аманаты» бағдарламасына 2023 жылы енгізілген. Жоба аясында бүгінгі күнге «Тараз ӘКК-ге» 127 құжат (600 115,0 мың теңге) қабылданды (88,0 %). мақұлданған 80(490 963 мың.тг.), кепіл шарт 41 (248 863,1 мың.тг.), төленгені 31(202 063,1 мың.тг.). ОРЫНДАЛДЫ |
|
23. |
Жаңатұрмыс ауылындағы бірқатар нысандарға (саябаққа, мәдениет үйіне және т.б.)атау беру мәселесін қарастыру |
2024 жыл |
Облыс әкімдігінің мәдениет және құжаттама басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жаңатұрмыс ауылындағы бірқатар нысандарға атау беру мәселесі бойынша кезектен тыс аудандық жұмысшы тобының №3 отырысы 11.10.2023 жылы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолданыстағы «Тарихи тұлғалар», «Жер су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінің қайта қарастырылуына байланысты, қайта атау беру жұмыстары республика тарапынан уақытша тоқтатылған. ОРЫНДАЛУДА |
|
24. |
Жаңатұрмыс ауылындағы «гемодиализ» ауруына шалдыққан азамат Е.Қалдыбектің еміне квота қарастырып, ем алуына көмек беруді заңға сәйкес қарастырсын
|
тұрақты, аралық ақпарат 2023 жылғы 15 қазанға дейін
|
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Жаңатұрмыс ауылы тұрғыны Е.Қалдыбек «ХПН, терминальная стадия» Тараз қаласындағы гемодиализ емін тұрақты қабылдауда. Е.Қалдыбек «ХПН, терминальная стадия» диагнозымен 2023 жылы жоспарлы түрде гемодиализ орталығында тұрақты ем қабылдады. Қазіргі кезде Туркия елінде ем қабылдауда. Бүйрек ауыстыру үшін донор қарастырылуда, донор органның сәйкестігіне тексерілу жүргізілуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
25. |
Жаңатұрмыс ауылындағы жағдайы төмен, көп балалы, мүгедек баласы бар отбасыларының үйлеріне тегін газ кіргізу мүмкіндігін қарастыру
|
2023-2024 жж.
|
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өңдірістік филиалы (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ауылдық округтегі жағдайы төмен 2 отбасыға«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өңдірістік филиалы Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесінің тарапынан тегін газ кіргізілді. Қосымша жағдайы төмен, көп балалы, мүгедек баласы бар отбасылардың құжаттары зерделенуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
26. |
Ауданға ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізсін (жаңа жұмыс орындарын ашу)
|
тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан аумағында бүгінгі күнге жоспарланған құны 16,3 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл инвестициялық жобалар іске асырылған жағдайда 504 адам жұмыспен қамтылатын болады. Инвест жобаларды атап айтар болсақ: 1) «ҚазПромЛит» ЖШС-гі құны 5,0 млрд.теңгені құрайтын кварцит өндіру жобасы (жұмыспен қамтылатындар – 40 адам, іске асыру мерзімі – 2025 жыл); 2) «Мухиев Е.» ЖШС-гі құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын кірпіш зауытының құрылысы (жұмыспен қамтылатындар – 200 адам, іске асыру мерзімі – 2024, 2025 жылдар); 3) «NOMAD AQUA INVEST» ЖШС-гі құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «форель» балығын өсіріп, балық етін бөлшектеп орап, мұздатып сату жобасы (жұмыспен қамтылатындар – 30 адам, іске асыру мерзімі – 2022-2025 жылдар); 4) «ФудИнвестГрупп» ЖШС-гі құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын құрама жем шығару зауытын соғып, көтерме бағада сату-тарату, уақытша сақтау қоймасының жобасы (жұмыспен қамтылатындар – 30 адам, іске асыру мерзімі – 2025 жыл); 5) «ХАМЗА» ШҚ-ның 400 басқа арналған сүт тауарлы фермасының құрылысы және сүтті қабылдап сүт өнімдерін өңдеу, ет өңдеу, шұжық цехын ашу, мал сою алаңын салу, тері, жүн қабылдау пунктін ашу. Кешен жобасының құны 1,0 млрд. теңге.(жұмыспен қамтылатындар – 11 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 6) «Шалқар» ШҚ-ның 1500 бас «МІҚ» арналған мал бордақылау кешенінің жобасы, құны 680 млн. теңге құрайды(жұмыспен қамтылатындар – 20 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 7) «Бауырсақ» ЖШС-нің «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің 414 шақырымында жол бойында қызмет көрсету кешенінің жобасы. Құны 650 млн. теңге.(жұмыспен қамтылатындар – 50 адам, іске асыру мерзімі – 2025 жыл); 8) «Концерум-КазСтройСити» ЖШС-нің «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің Луговой а/о аумағындағы жол бойында автобекет салу, жолауышыларға қызмет көрсету кешенінің жобасы. Құны 450 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 45 адам, іске асыру мерзімі – 2024, 2025 жылдар); 9) ЖК «Софи» «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің Луговой а/о аумағындағы жанармай құю бекетінің жобасы. Құны 250 млн. теңге.(жұмыспен қамтылатындар – 25 адам, іске асыру мерзімі – 2024, 2025 жылдар); 10) «Керең» ШҚ-ның сүтті қайта өңдеп, сүт өнімдерін шығаратын цехтың және сүт тауарлы фермасын кеңейту бойынша жобасы. Құны 220 млн. теңге.(жұмыспен қамтылатындар – 25 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 11) «Парус-Т» ЖШС-нің минералды су құю зауытының жобасы. Құны 200 млн. теңге.(жұмыспен қамтылатындар – 30 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 12) «Бай Алғабас» ШҚ-ның 300 бас ірі және 1000 бас ұсақ малдарға арналған мал бордақылау алаңының жобасы. Құны 200 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 10 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 13) «Ақтоған» ШҚ-ның 500 бас ірі малдарға арналған мал бордақылау алаңының жобасы. Құны 200 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 10 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 14) «ҚазПромЛит» ЖШС-нің құны 180 млн. теңгені құрайтын темір жол тұйығын салу жобасы (жұмыспен қамтылатындар – 15 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 15) «Жамбыл-БТТ» ШҚ-ның 718 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жобасы. Құны 148 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 18 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жыл); 16) «Пенгар-1» ЖШС-нің бетон бұйымдарын құятын шағын зауытының жобасы. Құны 100 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 20 адам, іске асыру мерзімі – 2025 жыл); 17) «Құлан Бетон» ЖШС-нің бетон бұйымдарын құятын шағын зауытының жобасы. Құны 50 млн. теңге(жұмыспен қамтылатындар – 18 адам, іске асыру мерзімі – 2025 жыл); ОРЫНДАЛУДА |
|
27. |
Суармалы жерлерді тиімді пайдалануды қолға алу
|
тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Ауданда 5 су қоймасын салу бойынша жер телімдері таңдалып, жерге орналастыру жобаларын жасау жұмыстары аяқталып, бюджетті нақтылау кезінде ЖСҚ дайындауға 16,2 млн.тг қаражат қарастырылды. 4 су қойманың жобалаушысы «Жалын» ЖШС анықталып жобалануда. Биылғы жылы 4 ұңғыма (былтыр 7 ұнғыма қазылды, 300 га қамтылды) қазылып, қосымша 250 га жер қамтылатын болады. Су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында былтырғы жылы 2876 га алқап суарылды, (оның ішінде 1195 га алқап жаңбырлатып, 1691 га тамшылатып). Сонымен қатар АШТӨ-не су үнемдеу технологиясын енгізгенде заңға сәйкес төленетін субсидиялар мен жеңілдіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛУДА |
|
28. |
Елді мекен жеріндегі жайылымдық жерлерді кеңейту жұмыстарын жандандыру
|
тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Ауданда 9000 га жер мемлекеттік жер қорындағы жерлер. Аталған жер көлемін ауылдық округтерге бекітіп беру бойынша MПA базасынан келісім алынып, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, халық қажеттілігі үшін «Қорағаты» ЖШС-нен 2604 га жер өз еркімен мемлекеттік жер қорына қайтарылды. «Қайнар-Агро» ЖШС-нен 45000 га жер сот арқылы қайтарылды. Қазіргі уақытта, мал басы тіркелмеген шаруақожалық жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде, және анықталған жер көлемі мемлекет меншігіне қайтарылып, ауылдық округ теңгеріміне берілетін болады. 2023 жылы мал жайылымдары бойынша жетіспеушілік 143 мың га құрады, бұл мақсатта шаруашылықтармен меморандумдар жасау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 234 мың га (163%)пайдалануға қол жеткізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
29. |
Аудан аумағындағы санитарлық-тазалық, абаттандыру (тал егу және т.б.) жұмыстарын жүргізіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстау
|
тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Үстіміздегі жылдың 28 тамызында күзгі 2 айлық (1 қыркүйек-1 қараша) абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру туралы аудан әкімдігінің №266 қаулысы қабылданып, іс-шара жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, - 820 дана тал ағаштар отырғызу жоспарланып, 645 дана ағаштар отырғызылып, орындалуы 78,6%-ды құрады ; - 35 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау жоспарланып, 27 шақырым тазаланып, орындалуы 77%-ды құрады; - 230 шақырым көшелерді тазалау жоспарланып, 187 шақырымы тазаланып, орындалуы 81%-ды құрады; - 1 400 шаршы метр саябақтар мен скверлерді тазалау жоспарланып, 1 180 шаршы метр тазаланып, орындалуы 84%-ды құрады; - 225 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жоспарланып, 190 тонна күл қоқыс шығарылып, орындалуы 84%-ды құрады; Жалпы ауданда күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша 8 сенбілік ұйымдастырылып, сенбілікке жалпы 750-ден астам адам қатысты. ОРЫНДАЛДЫ |
|
30. |
Әр ауылдық округ әкімдері жаңа өңдірістерді ашу, кіші және орта бизнесті дамыту бағытында жұмыстарды жүргізу
|
тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2024 жылға 1201,4 млн. теңгеге 22 жоба іске асырылып, нәтижесінде 188 жұмыс орны ашылды 107 тұрақты 81 уақытша. Атап айтқанда: Құлан ауылдық округі бойынша: - Базар салу (құрылыс жұмыстары) 150 млн. тг. жұмыс орны 25 - Жихаз цехы 40 млн. тг. 10 жұмыс орны, 2 уақытша. - Азық-түлік дүкені 37 млн.тг. жұмыс орны 6 -Ойынсауық орталығы (дәмхана) 70 млн. тг. 4 жұмыс орны, 1 уақытша. Луговой ауылдық округі бойынша: - Азық-түлік дүкені 10 млн.тг. жұмыс орны 2 -Жатақхана 110 млн. тг. 1 жұмыс орны - Азық-түлік дүкені 20 млн.тг. жұмыс орны 1 Ақниет ауылдық округі бойынша -Тігін цехі жоба құны 3 млн. теңге 1 жұмыс орны. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша - Газ құю бекеті 8 млн. тг. 3 жұмыс орны. - Миниралды су құю зауытының құрылысы басталды.15 уақытша жұмыс орны 200 млн. тг., жоба толық іске асырылғанда 15 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. - Демалыс орны (бассейн) 10 млн. 3 жұмыс орны. Абай ауылдық округі бойынша -Кірпіш өндіру цехі 17 млн. тг. 3 жұмыс орны - «Техникалық байқау және сақтандыру» кешені 10 млн.тг 3 жұмыс орны. Қайыңды ауылдық округі бойынша -Азық-түлік дүкені 10 млн. тг.2 жұмыс орны - 2 жоба Сүт өнімдерін өңдеу 3 млн. тг.3 жұмыс орны Көгершін ауылдық округі бойынша - Азық-түлік дүкені 3 млн. тг. 2 жұмыс орны - Темір дәнекерлеу цехы 1,2 млн. тг. 2 жұмыс орны Өрнек ауылдық округі бойынша - Азық-түлік дүкені 12 млн. тг. 2 жұмыс орны. Құмарық ауылдық округі бойынша -Тұшпара(пельемен) өңдеу цехы 1,5 млн.тг. 2 жұмыс орны. Қарақыстақ ауылдық округі бойынша -Қымыз-хана ашу 20 млн. тг 2 жұмыс орны Тереңөзек ауылдық округі бойынша - Азық-түлік дүкені 35 млн. тг. 1 жұмыс орны - Жүн қабылдау пункті 15 млн. тг. 2 жұмыс орны Ақыртөбе ауылдық округі бойынша -«Этноауыл» жолға қызмет көрсету орталығы, дүкен, TIR-PАRK 50 млн. тг. 2 жұмыс орны. - Азық-түлік дүкені 50 млн. тг. 1 жұмыс орны. Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша - Автокөлік жуу орталығы 5 млн. тг. 2 жұмыс орны, 1 уақытша. -Газ құю бекеті 8 млн. тг. 5 жұмыс орны, 2 уақытша. -Шағын маркент 10 млн. тг. 4 жұмыс орны тұрақты. Қорағаты ауылдық округі бойынша - Шаштараз 1,2 млн. тг. 1 жұмыс орны тұрақты. Көгдөнен ауылдық округі бойынша - Көлік жуу орыны 3,5 млн. тг. 1 жұмыс орны - Нан өнімдері 4 млн. тг. 2 жұмыс орны ОРЫНДАЛУДА |
|
31. |
Қыс мезгіліне мал азығын (жем-шөп) дайындау жұмыстарын жүргізу
|
2023 жылғы |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2023-2024 жылғы мал қыстату науқанына 245 000 тн. Мал азығындайындау тапсырылып, науқан кезінде аудан бойынша дайындалған мал азығы - 245 150 тонна болып, тапсырма 100,1 пайызға орындалды. ОРЫНДАЛДЫ |