Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1. |
Қаратау қаласындағы саябақтарды ретке келтіру бойынша талдап («Рухани Жаңғыру» және Орталық саябақ), мәселесін шешу
|
2024 жылғы шілде
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау |
1. 2023 жылы Қаратау қаласындағы «Орталық саябаққа» 16,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру (суландыру жүйесі жүргізіліп, келушілерге арналған әжетхана салынып, кіреберісіне субұрқақ орнатылды) жұмыстары жүргізілген. А.ж. саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол бойы жарықтандырылды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 400,0 млн. теңгеге 2 жобаны (Орталық саябақ ішіне Этномәдени тұрғыда абаттандыру және 5 мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшалары) іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. 2. Қаратау қаласы «Рухани Жаңғыру» аллеясын 2025-2027 жылдары абаттандыру мақсатында а.ж. ЖСҚ әзірленді. Жоба құны - 361 млн. 827,8 мың теңге. Аталған жобаларды 2025 жылы қаржыландыру күтілуде. |
|
3. |
Аудандағы жөндеуді қажет ететін каналдарды ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу (Бостандық а/о «Ұзын», «ЛВМК Жиембет», «Қыдыр», «Көккөл», «Әбіш» каналдарыы, Аққұм а/о «ПВМК Жиембет», «Аққұм» каналдары, С.Шәкіров а/о «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек» каналдары, Ойық а/о «ЛВМК Ойық», «МЛР» каналдары, Ақкөл а/о «Орта арық», «Жаңатоған» каналдары) |
2024 жылғы қараша |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы табиғи ресурстар басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Аудан теңгеріміндегі 15 каналды қайта жаңғыртудан өткізу үшін 2023 жылы аудандық бюджеттен 167,9 млн. теңге қарастырылып, ЖСҚ әзірленді. Оның ішінде 11 (ПВМК Жиембет, Жиембет, Шауашылық каналы, Ұзын, Жұмабек, Жаңатоған, Қыдыр, Әбіш, АВМК Жиембет, Аққұм, Көккөл) каналдың мемлекеттік сараптамасы алынып, а.ж. қыркүйек айында құжаттар топтамасы облыстық «КазСуШар» мекемесіне өткізілді. Қаржыландыру күтілуде. Бүгінгі таңда «Қазақбай (31.12.2024 ж)», «ЛВМК Ойық (31.11.2024 ж.)», «МЛР (31.01.2025 ж.)» «Орта Арық (31.01.2025 ж.)» каналдары мемлекеттік сараптамада. |
|
4. |
Аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету |
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
«Таза-Талас» ШЖҚ КМК-ның теңгеріміндегі Қаратау қаласындағы (Шахтер көшесі №22 мекенжайда) ескі «Қонақ үй» ғимараты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміне берілді (Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 18.03.2024 жылғы №23 бұйрығына сәйкес). Бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде. |
|
5. |
Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
«Талас» индустриялық аймақта 43,6 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: 1. «Talas Investment Company» ЖШС-гі жобаның құны 25,8 млрд. теңгені құрайды. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Қазіргі таңда жарық, инфрақұрылымы тартылуда, газ, су инфрақұрылымы тартылған. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жыл. 2. «Karatau Chemicals» (Каратау Кемикалс) ЖШС. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросульфитнатрий өндіру. Жалпы инвестиция 2,8 млрд. теңгені құрайды. Жобаны ағымдағы жылдың тамыз айына іске асырды. Толық қуаттылыққа шығу 31.03.2025 жылға жоспарлануда. 3. «Азия хим» ЖШС-не 20,4 га жер берілген. Жоба құны 15 млрд. теңгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фосфор тыңайтқышын шығаратын болады. Жобаны іске асыру 2024-2026 жылдары жоспарлануда. Бүгінгі таңда зауыттың ЖСҚ әзірленді. Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың наурыз айына жоспарлануда. Сонымен қатар, «КазМеталГрупп» ЖШС жылына 20,0 мың тоннадан 100,0 мың тоннаға дейін металл магний өнімін өндіретін зауыт соғу жоспарлануда. Қазіргі таңда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.
|
|
6. |
Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |
Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегіне 1 392 азамат (ша) тіркелген (о.і. жетімдер – 3, көп балалы отбасылар – 238, әлеуметтік осал топтар – 722, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 429). 2023 жылы ОБ-тен 2 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 666,2 млн. теңге бөлініп, Қаратау қаласы 3 м/а №5, №6 жатақханаларына құрылыс монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды. Пәтер саны – 100. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға РБ-дан 2,5 млрд. теңге бөлініп, Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі №10 (96 пәтер) және №13 (80 пәтер), 3 м/а №16 (96 пәтер) үйлер сатып алынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі №17 (85 пәтерлі) және №15 (85 пәтерлі), Панфилов көшесі бойындағы 36 пәтерлі жаңа тұрғын үйлерді а.ж. «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қоры» АҚ-ның есебінен 2,7 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жыл соңына дейін сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жапы кезекте тұрған 1 392 азаматтың |
|
7. |
Ағымдағы жылға жопарланған аудандағы елді мекендерді ауыз су (Сейілбек,Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) және табиғи газбен қамтамасыз етуді (Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал а/о) мерзімімен жүргізу
|
тұрақты 2024-2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
1. Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 7 елді мекенге (Сейілбек, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) ауыз су тарту үшін барлығы 2,8 млрд.теңге (ҰҚ- 2 178 523,0 мың теңге, ОБ - 672 291,0 мың теңге) қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 31.12.2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Мердігерлер:«СамұрықКонстракшн», «ФортеКапитал», «ТемирСтрой», «Байсн», «Прақ-Құрылыс», «ИнтелектАзия» ЖШС. 2. Майтөбе, Қожағаппар ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге жалпы қажетті 2,9 млрд. теңгенің ағымдағы жылы Ұлттық Қордан 1,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Мердігер «AKBARS STROY Ltd» ЖШС. Ал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой, Көктал ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айында облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді. Жалпы сметалық құндары – 4,4 млрд. теңге. Қаржыландыру күтілуде.
|
|
8. |
Қаратау қаласы, А.Шымырұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Қаратау қаласы, А.Шымырұлы, Суханбаев, Көшек батыр, Сеченов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін 2024 жылы аудандық бюджеттен 39 млн. теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары а.ж. маусым айында толығымен аяқталды. Мердігер: «Тараз Көлік Жолдары» ЖШС.
|
|
9. |
Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы көшесін жарықтандыру мәселесін шешу |
2024 жылғы желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы, А.Момбеков және Фабричный көшелерін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 8,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары а.ж. шілде айында толық аяқталды. Мердігер: «АлираСервисКомпаний» ЖШС.
|
|
10. |
Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін қарастыру
|
2025 жыл желтоқсан |
Талас ауданының әкімі
|
Қаратау қаласындағы «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу жұмыстары үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қарастырылып, ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы мекеме «КазЦентрПроект» ЖШС. Аяқталуы мерзімі: 12.05.2025 жыл.
|
|
11. |
Қаратау қаласындағы көппәтерлі ғимараттардың алдын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
|
2024 жылғы қыркүйек |
Талас ауданының әкімі |
Қаратау қаласы бойынша барлығы 153 шағын және көпқабатты тұрғын үй бар (о.і. екі қабатты - 84 үй,үш қабатты – 2 үй, төрт қабатты – 17 үй, бес қабатты – 48 үй,тоғыз қабаттысы – 2 үй). А.ж. Қаратау қаласы бойынша жарықтардырылмаған Ә.Молдағұлова көшесі №20, №22, Тамды әулие көшесі №1 шағын қабатты және Б.Момышұлы көшесі №9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына тіректер (столб) орнатылып, демеуші есебінен толық жарықтандырылды. Бүгінгі таңда Қаратау қаласы бойынша шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары толық жарықтандырылған.
|
|
12. |
Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған екі спорт залының мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Тамды ауылы, Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған спортзалын техникалық жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, сейсмикалық күшейтіп күрделі жөндеуге қорытынды алынып, ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге қажетті 5,0 млн. теңге қаржы қарастыру үшін облыс әкімдігінің білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қаржыландыру күтілуде. Тамды ауылындағы Қойгелді орта мектебі 1990 жылы кірпіштен соғылған, типтік. Жобалық қуаттылығы 720 орынды. 2023-2024 оқу жылында 284 бала білім алды. Қазіргі таңда мектептің спорт залының тозығы жеткен. Осыған орай, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес 2026-2027 жылдары Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Білім басқармасы тарапынан құрылыс басқармасына 2025 жылы Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім жолданды.
|
|
13. |
Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік мәселесін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізу |
тұрақты |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
2024 жылғы 1 шілде жағдайына Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасында барлығы 512 медицина қызметкерлері бар (91 дәрігер, 421 орта медицина қызметкерлері). Аудан бойынша Қаратау қаласында дәрігерлер тапшылығы 8 бірлік (ересектер мен балалар акушерия және гинекологиясы 2, Оториноларингология ересектер, балалар 1,травматология-ортопедия (камбустиология) ересектер, балалар 1, офтальмология (ересектер, балалар) 1, невропатолог ересектер 1, хирург (ересектер, балалар) 1, неонатолог 1) Өңірдегі кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Жоғарғы медицина уневерситеттерін бітіруші түлектердің «Дипломмен ауылға» жәрмеңкесіне қатысып, ауданға жас мамандарды шақыру жүргізілуде. Медициналық ұйымдардың есебінен, атап айтқанда, офтальмология және радиология (сәулелі диагностика) мамандықтары бойынша 2 дәрігерді резидентурада оқытып, мамандарды дайындауда. Оның ішінде радиология мамандығын бітірген резидент дәрігер 2023 жылы жұмысқа орналасты. 2024 жылы өңірге 1 жас маман келді, резидентураны тәмамдаған соң 2024 жылға жергілікті бюджетпен бітірген 3 дәрігердің, жұмысқа орналасуы күтілуде. Атап айтқанда Анестезиолог-реаниматолог - 1 , Неонатолог - 1, Кардиолог - 1. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 35 дәргер өңірге жұмысқа келді. Одан бөлек, 56 дәрігер резидентурада оқиды. 2024 жылғы 24 сәуірде Жамбыл облыстық мәслихатының «Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібімен мөлшерін айқындау туралы» №14-3 шешімі бекітілді. Шешімде, жұмыс үшін облысқа келетін медицина қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалды: 1) облыстың ауылдық жерлерінде, кенттерге, моноқалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға жіті тапшы мамандар бойынша 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде; 2) облыстың ауылдық жерлерінде, кенттерге, моноқалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде; 3) Тараз қаласына 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде. Сонымен қатар Республикалық бюджет ( 100 МРП ) көтерме ақы , пәтер, үй алуға бөлінген 5 пайызды несие және әкімшіліе есебінен берілетін қызметтік пәтер. |
|
14. |
Малдарға егілетін екпелердің (сібір жарасы, конго-кырым т.б.) мерзімінде егілуін, «Беккер» шұңқырының жетіспеушілігін шешуді қамтамасыз ету |
тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ветеринариялық басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
1. Аудан бойынша 7 сібір жарасының ошағы бар (Берікқара а/о-2; Қасқабұлақ а/о-1; Қаратау а/о-2; Үшарал а/о-1; Қаратау қ-1). А.ж. сібір жарасы ауруына қарсы аудан бойынша МІҚ малы – 12 000 бас, қой-ешкі малы – 183 800 бас, жылқы малы – 6 500 бас, түйе малы – 1 800 басқа егілді. II-жартыжылдықта МІҚ малына, жылқы малына, түйе малына және шошқа малына – 78 500 доза сібір жарасы ауруына қарсы вакцина егілді. Ал ұсақ қой-ешкі малына – 77 100 доза вакцина егілді. 2. Қаратау қ., Тамды, Үшарал, Кеңес, Бостандық, Аққұм, Ойық а/о кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 3 кезеңде жүргізілді. 10 елді мекенде дезинфекциялық шараларды жүргізуге аудандық бюджеттен барлығы 25,0 млн.тг қаражат қарастырылды («Дезинфекционный центр-Гарант» ЖШС). Қазіргі уақытта ҚКҚГҚ қарсы залалсыздандыру жұмыстарының 1,2 және 3-кезеңдері аяқталып, барлығы 457 601,2 ш.м. қора-жай, 75 636 ш.м. буферлік аумақ және 153 767 бас мал залалсыздандырылды. 3. Аудан аумағында Тамды ауылдық округіне биотермиялық шұңқыр (Беккери) құрылысын жүргізу мақсатында қажетті жер таңдау актісі әзірленуде. Қаражат қарастыру 2025 жылға жоспарлануда. |
|
15. |
Шаруа қожалықтармен кездесіп, ағын су, тыңайтқыш, субсидия мәселесін шешуді қарастыру |
2024 жылғы |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Көктемгі дала жұмыстары барысында су қоймалары, өзен арналары, канал жүйелері қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша а.ж. 915,3 тонна (2023 жылы 489,7) тыңайтқыш алу жоспарланған (о.і. 396,7 тн- азотты, 91,3 тн- фосфорлы, 427,4 тн- басқа түрлері). Қазіргі уақытта 734 тн тыңайтқыш алынған. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың негізгі бағыттары: мал шаруашылығын субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, егін шаруашылығындағы көп жылдық екпелерді, тыңайтқыштарды, тұқымдарды субсидиялау, өнімді қайта өңдеуді субсидиялау және т.б. Gosagro.kz ақпарат жүйесінде субсидияға өтінім беру тәртібі мен талаптарын шаруашылық төрағалары мен округ әкімдіктерінің сала мамандарына түсіндіру семинарлары өткізілді.
|
|
16. |
Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру |
2025 жылғы сәуір |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Талас ауданының әкімі (жинақтау) |
Үшарал ауылдық округі, Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін 176 млн. тг. ЖСҚ әзірленген. Алайда, қаражат қолдау таппауына байланысты жобаның мерзімі өтуіп, жобаны қайта түзету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. тг. қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Сметалық құны 540,6 млн. тг. 2024 жылы облыстық жол басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржыландыру 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.
|
|
17. |
Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына демеушілер есебінен қоймалар соғып беру мәселесін қарастыру
|
2024 жылғы шілде |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес «Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не заттар қоятын қойма соғып беру туралы ұсынысы негізінде аудан көлемінде демеушілер табылмаған. 2025 жылы қаржыландыру күтілуде. |
|
18. |
Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету |
2024 жылғы қараша
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі |
«№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-сін арнайы көлікпен қамту мақсатынжа басқарма тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджетті нақтылау барысында тапсырыс беріліп, екеуінде де қолдау таппады. Енді 2025 жылдың бюджеттік өтініміне тапсырыс беріледі. |
|
19. |
Қаратау қаласындағы колледждерде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тапшылығын зерделеп, ақпарат ұсыну |
2024 жылғы маусым |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Талас ауданының әкімі |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты 20 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын колледждердің саны – 10 (Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Қордай ауылшаруашылығы колледжі, №7 Бетқайнар колледжі, № 9 Меркі колледжі, № 3 Байзақ колледжі, № 8 Мойынқұм колледжі, № 10 Шу колледжі, № 11 Сарысу колледжі, № 16 Жуалы колледжі, № 17 Жамбыл колледжі). Аталған колледждер 7 білім беру бағдарламасы («Агрономия», «Ветеринария», «Зоотехния», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Балық шаруашылығы», «Ара өсіру және жібек шаруашылығы», «Орман шаруашылығы») бойынша жұмысшы және орта буын мамандарын (жұмысшы-11, орта буын-4) даярлауда. Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруда өңірдің мамандарға қажеттілігін анықтау үшін кәсіпорындарда жүргізілген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің ұсынған қажеттіліктері қаралады. Талас ауданының әкімінің келісімімен бекітілген 2024-2028 жылдарға арналған қажеттілікауылшаруашылығы, малшаруашылығы мамандықтары мамандықтар тізілімде жоқ. Алдағы уақытта, қажеттілік болған жағдайда Қаратау қаласында орналасқан Қаратау құрылыс техникалық колледжінде мамандықтарды ашу жұмыстары жүргізілетін болады.
|
|
20. |
Әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қадағалау |
тұрақты |
Талас ауданының әкімі |
Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі тарапынан 14 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. А.ж. 9 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – (298 отбасы) 1623 адамға (105438,3 мың теңге), кепілдендірілген әлеуметтік топтама – (247 отбасы) 481 балаға (15389,7 мың теңге) берілді. Тұрғын үй көмегі 378 отбасына 2250,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек – 333 адамға 34164,5 мың теңге, үйден оқыту – 43 мүгедектігі бар балаларға 1456,0 мың теңге төленді. Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына аудан тұрғындары тарапынан жыл басынан 41 шағым түскен. Аталған шағымдар толық Заң талаптарына сәйкес мерзімінде қанағаттандырылды. Емдеу алдын-алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет сапалы әрі қол жетімді түрде тұрақты көрсетуде. |