Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

            Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында

көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

11.10.2024 ж жағдай бойынша

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау

2023 жыл қараша

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Айдарлы ауылындағы №2 және Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға берілді.

ОРЫНДАЛДЫ

2

 

Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу

2024 жыл

1 сәуір

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланып 15.06.2024 жылы Өскемен қаласындағы «Кербулак» ЖШС құрылыс компаниясы 5 954 219,71 теңгеге жеңімпаз болып анықталды. Бүгінгі таңда мердігермен келісім шарт рәсімделіп, күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуде. Келісім шартқа сәйкес ЖСҚ ағымдағы жылдың           30 қарашасына дейін әзірленетін болады.  

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

3

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Көкжелек ауылының нақты мекен-жайын «Геолокация» жүйесіне енгізу бойынша «Ұлттық кеңістік деректер қоры»  филиалының тарапынан топографиялық карталарға нақты орындары белгіленіп, түзету жұмыстары жүргізілді.

ОРЫНДАЛДЫ

4

Көкжелек ауылында «Beeline» байланыс операторымен ұялы байланысты күшейту бойынша келіссөздер жүргізу

2023 жыл

15 қараша

Облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі

Көкжелек ауылында «Beeline» ұялы байланысы және «4G» интернет жылдамығымен  толық қамтамасыз  етілді.

ОРЫНДАЛДЫ

5

Аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың         

1-кезеңіне жоспарланған қаражаттың қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

 

 

 

 

 

 

2024 жыл

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Аудандық газ құбырлары жобасының           1 кезеңі  68,5 шақырым болатын трасса құбыры (Айдарлы, Бірлік, Биназар) жобалық құны 18 512 218,86 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы №19-0148/22 02.05.2023 жылы алынды.

Аталған жобаны қаржыландыру бойынша өтінім беріліп,  «Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынды.

Республикалық бюджетке берілген ұсыныстың негізінде құрылыстың                 1-кезеңіне жоспарланған 2600,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

ОРЫНДАЛДЫ

6

Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел бағытындағы облыстық мәндегі автомобиль жолының бойын сексеуілден тазалау

2024 жылдың             1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының жиегіндегі көпжылдық сексеуіл ағаштарын жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тазарту қажеттілігі жөнінде салалық басқармаға ұсыныс жолданған. Жамбыл облысының прокуратурасының 25.05.2023 жылғы №2-0723-05715 хатына сәйкес, облыстық маңызы бар автомобиль жолының екі жиегінде өсіп тұрған жабайы сексеуілдер мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тиесілі болуына және ҚР мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл ағашы қызыл кітапқа енуіне байланысты, барлық сексеуіл ағашын кесуге тыйым салынған. ОРЫНДАЛМАДЫ

7

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеп, жол картасына сәйкес құрылысын жүргізу

2024 жылы ЖСҚ әзірлеу,

2025 жылы құрылысын салу

Облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы,

Мойынқұм ауданының әкімі

(жинақтау)

Күшаман ауылына шағын спорт ғимаратын салу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасның 16.04.2024 жылғы шығыс №3-605 санды хатына сәйкес 2028-2030 жылдар аралығында келісім берілген. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттар бір жылға жарамды. Сол себептен жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу 2027 жылға жоспарлануда.

ОРЫНДАЛМАДЫ

8

Күшаман ауылдық округі аумағындағы жерлерінің жергілікті тұрғындардың пайдалану (үлесі) көрсеткіштеріне талдау жасап, ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу

2023 жыл

20 қараша

Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы (жинақтау),

Мойынқұм ауданының әкімі

Қызылотау ауылдық округіне тиесілі жердің жалпы көлемі 107 547,7 гектар, оның ішінде: ауылшаруашылығындағы жерлер                      24 932,11 гектар, елді мекендердің жерлері       2 272 гектар, орман жер қоры                               42 679,7 гектар, су қорының жері                        89,7 гектар, босалқы жерлер 37 574,21 гектар.

Елді мекендердегі жайылым жерлерді кеңейту мәселесі бойынша 24855 гектар жайылым жерлерді елді мекен жерлеріне қосу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Атап айтар болсақ 17 учаскеге арналған жерге орналастыру жобаларын әзірлеуге 23 128 548 теңге қаражат бөлініп оның ішінде Қызылотау ауылдық округтеріне 2000 гектар жайылым жер телімі ағымдағы жылдың соңына дейін берілетін болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

9

Күшаман ауылындағы Амангелді Иманов атындағы орта мектептің шатырын ауыстыру жұмыстарын жүргізу

2024 жылдың               1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінің шатырындағы жарамсыз бөлігін ауыстыру жұмыстары бойынша облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып,   1 млн. 800 мың қаражат қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, нәтижесінде 1 млн. 200 мың теңгеге жеңімпаз ЖК «Сито» анықталды.

Бүгінгі таңда шатырды жабу жұмыстары толығымен аяқталған.

ОРЫНДАЛДЫ

10

Ағын су тапшылығына байланысты Бірлік ауылы «Байбарақ-Агро» АШК ұжымының сұранысына сәйкес «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиелердің төлем мерзімін ұзартуды қарастыру

2023 жылдың соңына дейін

«Тараз ӘКК» АҚ басқарушы компаниясы

(келісім бойынша)

Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған «Байбарақ Агро» ауылшаруашылық кооперативі техникаларына төлем мерзімін ағын судың тапшы болуына байланысты қосымша          1-жыл жеңілдік (каникул) мерзімін ұзарту туралы сұранысына сәйкес, облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқарамасының басшысы Н.Жігітековке шығыс №8-1-228, 16.10.2023 жылы ұсыныс хат жолданып, сұранысы қанағаттандырылды.

Яғни қосымша 1-жылға жеңілдік (каникул) уақытын ұзартты.  

ОРЫНДАЛДЫ

11

Күшаман ауылының ветеринарлық пунктіне жаңа қызметтік көлік алу мүмкіндігін қарастыру

2024 жылдың               1-тоқсаны

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы

Облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің 2023 жылдың 31 қазанындағы «Жамбыл облысының ветеринария саласындағы кейбір заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы» №213 Қаулысына сәйкес, орталықтандырылған облыстық ветеринариялық станциясының құрылуына байланысты, кәсіпорынның шығындарын қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүргізілетіндігін хабарлайды.  Ветеринария басқармасының Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖК КМК Мойынқұм аудандық ветеринариялық бөлімі теңгерімінде қазіргі уақытта 25 дана қызметтік автокөліктер бар, оның ішінде         19 дана НИВА автокөліктері 2013 жылы берілгендіктен тозығы жетіп (кейбірі жарамсыз), қайта жаңартуды қажет етеді. Облыстық бюджет есебінен 1 бірлік УАЗ 236324 (Стандарт) автокөлігі берілді. Осыған байланысты аудан аумағындағы ветеринариялық пункттердің қызметтік көліктерін жаңарту мақсатында басқарма тарапынан жасалған ветеринария саласын материалдық-техникалық жабдықтаудың       3 (үш) жылдық жоспарына ұсынылған, яғни бюджет қаражатының бөлінуіне қарай шешілетін болады. 

ОРЫНДАЛМАДЫ

12

Жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасына орнатылған трансформаторды, аудандық электр желілері мекемесі арқылы іске қосуға қолдау көрсету

2024 жыл

1 наурыз

Мойынқұм ауданының әкімі, аудандық электр желілері мекемесі (келісім бойынша)

Зерделеу барысында жеке кәсіпкер «Ж.Бақбергенов» наубайханасында орнатылған трансформатор жоқ екендігі анықталды. Заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларды трансформатормен қамтамасыз ету қарастырылмаған.

ОРЫНДАЛДЫ

13

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жыл              20 наурыз

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін,  жобалық-сметалық құжаттары әзірлерді. ЖСҚ құны 8 млн. 200 мың теңгені құрады. 2025 жылдың бюджетінен қаражат қарастыру жоспарлануда.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

 

 14

Күшаман ауылына кіре берісіндегі автомобиль жолына жүргізілген жөндеу жұмыстарында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру

2023 жылдың соңына дейін

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылына кіре беріс автомобиль жолындағы кемшіліктер «АлКонСер ЛТД» ЖШС-гі тарапынан толығымен қалпына келтірілді.

ОРЫНДАЛДЫ

 

15

Күшаман ауылы ауыз су жүйесіне жаңа су сүзгіш (мембрана) қондырғы орнату

2024 жыл  

20 ақпан

Мойынқұм ауданының әкімі

Күшаман ауылында ауыз су жүйесіне су сүзгіш (мембрана) қондырғысын орнату үшін, ауыз су сынамалары алынып, 13.03.2023 жылғы №2230001011041846 хаттамасының қорытындысына сәйкес ауыз су ішуге жарамды, су сүзгіш қажет етпейтіндігі анықталды. 

ОРЫНДАЛДЫ

16

Көмір бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Мойынқұм ауданының әкімі (жинақтау)

Бөлім тарапынан Мойынқұм ауданы бойынша көмір бағасы негізсіз қымбаттау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында Мойынқұм ауданы аумағында көмір түсіретін темір жол тұйығы жоқ болуына байланысты,  көршілес  Шу ауданының кәсіпкерлік субъектілері Мойынқұм ауданына «Шұбаркөл», «Қаражыра» тас көмірлерін Шу қаласында орналасқан темір жол тұйығынан тоннасы 21000-22000 тенгеден тасып алынып Мойынқұм ауданына (жол шығындары, жанар-жағар май шығындары, салық шығындары, жұмыс күші шығындарын қоса алғанда) тоннасы 27000-28000 теңге аралығында аудан тұрғындарына өткеретіндігі анықталды.

Шу ауданының кәсіпкерлеріне көмір бағасын қыстық жылыту маусымында негізсіз көтермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ОРЫНДАЛДЫ

17

Күшаман ауылы тұрғындарына жедел жәрдем қызметінің уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Аудан бойынша дәрігерлік амбулаториялар бірнеше елді мекендерді біріктіре отырып құрылған. Себебі дәрігерлік амбулатория құрылуы үшін халық саны 1650-ден асуы қажет. (Күшаман ауылының халық саны – 651) Күшаман, Көкжелек және А.Назарбеков ауылдары Көкжелек дәрігерлік амбулатория құрамына кіретін болғандықтан, осы елді мекендегі жауапты фельдшерге жүгінеді.

ОРЫНДАЛДЫ

18

Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын қаржыландыру үшін республикалық бюджетке берілген ұсыныстың мерзімінде қаржыландырылуын қатаң бақылауда ұстау

2024 жыл

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«Радай» өзеніндегі көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын жобалаушы болып «Лидер Проект Дизайн» ЖШС-гі анықталып, жобалық-сметалық құны 626,4 млн теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан №19-0390/21, 27.09.2021 жылы оң қорытындысы шығып, жобаны қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылған. 2024 жылы  Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін жоба құны 626 млн теңге,       ( 555,5 млн. (ҰҚ-400,0 млн, ОБ-100,0 млн. АБ-55,5 млн) теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталына ашық конкурс жарияланды. 512,5 млн теңгеге жеңімпаз  «ЖБИ-С» ЖШС анықталып, келісім шарт жасалды.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары                  35 пайызға орындалған.

ОРЫНДАЛДЫ

19

№8 Мойынқұм колледжінің аттестатаудан өтуі және оның материалдық-техникалық базасын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, колледж аумағындағы жатақхана ғимаратын мекеменің теңгеріміне өткізу

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің білім басқармасы, (жинақтау)

Мойынқұм ауданының әкімі

№8 Мойынқұм колледжі ағымдағы жылдың                  1 сәуірінде Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің №258 бұйрығына сәйкес аттестатталған.

Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 5 - отбасы тұруда.

Бүгінгі таңға Мойынқұм ауылында 2 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы аяқталып, өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

Колледж аумағындағы жатақхана ғимаратында тұрып жатқан 5-отбасыны сол үйлермен қамтамасыз етіп, жатақхананы №8 Мойынқұм колледж теңгеріміне 2024 жылдың 2 жартыжылдығында өткізу жұмыстары жүргізілетін болады.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ

 

 

 

Облыс әкімінің 2023 жылғы 30 қыркүйекте Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Дата публикации
28 октября 2024