Облыс әкімінің 2024 жылғы 11 қазанда Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Облыс әкімінің 2024 жылғы 11 қазанда Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында

көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 №

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

1.    

Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру жобасының жоспар кестеге сәйкес аяқталып, іске қосылуын қамтамасыз ету

2024 ж.

Қараша

 

Сарысу ауданының әкімі

 

2.    

Ауданда тұрақты жаңа жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар ашуды ұйымдастыру, кәсіпорын басшыларымен бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін пысықтау

 

"2025 ж. I тоқсан"

 

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау), облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

 

3.    

Саудакент ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесінің               ІІ-кезеңі және Жайылма мен Маятас ауылдарының орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңғырту бойынша дайындалған жобаларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

ІV тоқсан

 

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

4.    

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, «Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларының су табанын тазарту және бөгетті көтеру жұмыстарының тиімділігін жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізу

 

2025 ж.

ІІ тоқсан

 

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау),

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалы (келісімі бойынша),

Сарысу ауданының әкімі

 

5.    

Жаңатас қаласынан аудандық орталық аурухана мен           қалалық емхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен пысықтау және тиісті жұмыстарды жүргізу

 

2024 ж.

ІV тоқсан

 

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі

 

6.    

Аудан мектептеріне оқушылар тасымалына қажетті жаңа автобустар қажеттілігін зерделеп, ұсыныс енгізу

 

2024 ж.

қараша

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

7.    

«Қазфосфат» ЖШС теңгеріміндегі «Үш алып» ғимаратын қайта пайдалану бойынша кәсіпорын басшылығымен жұмыс жүргізіп, ұсыныс енгізу

 

2025 ж.

ІІ-тоқсан

 

Сарысу ауданының әкімі

 

 

8.    

Егін орағынан жинақталған арпа және бидайдың нарықтағы сатылым бағасын тұрақтандыруын зерделеп, ұсыныстар енгізу

2024 ж.

қараша

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

9.    

Жаңатас-Саудакент бағыты бойынша жол бойындағы көпірді су шаюдың алдын алу мақсатында қоқыстан уақытылы тазартуды ұйымдастыру

 

"2025 ж. I тоқсан"

 

Сарысу ауданының әкімі

 

10.        

«Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры арқылы алынған трактор техникаларына төленетін мемлекеттік жеңілдіктердің төленбеуі бойынша зерделеу жүргізіп, ұсыныстар енгізу

 

"2025 ж. I тоқсан"

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

11.        

Талас өзені суының Тоғызкент, Досбол,  Игілік және Жайылма ауылдық округтеріне жетіспейтіндігін ескере отырып, оны шешу жолдарын қарастыру, оның ішінде заң аясында бекітілген ережелерге өзгерістер енгізуге ұсыныстар енгізу

 

                                           

 

 

2024 ж. қараша

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (жинақтау),

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы

«ҚазСуШар» РМК Жамбыл филиалы (келісімдері бойынша),

Сарысу ауданының әкімі

 

12.        

Байқадам ауылдық округі аумағында жалдамалы жұмысшылардың және ауыл тұрғындарының артуына байланысты Саудакент ауылындағы учаскелік полициясының штат бірлігін ұлғайту бойынша ұсыныс енгізу

 

"2025 ж. I тоқсан"

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау),

Жамбыл облысы Полиция департаменті

(келісімі бойынша)

 

13.        

«Жаңатас-Су-Жылу» КМК-ның жылу, су қызметтерінің қолданыстағы тарифтік бағаларын өзгертіп, қайта бекітілуін қамтамасыз ету

 

2024 ж. желтоқсан

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

14.        

«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішіне толыққанды зерттеу жұмыстарына қажетті қаржы сомасын нақтылап, ұсыныс енгізу

2025 ж.

2-ші тоқсаны

Облысы әкімдігінің

мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

 

 

 

15.        

«Саудакент (Кентау) қалажұрты» археологиялық ескерткішінің оңтүстік жағына қоршау орнату жұмыстарын қарастыру

 

2025 ж.

2-ші тоқсаны

Сарысу ауданының әкімі

          

 

Облыс әкімінің 2024 жылғы 11 қазанда Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
18 октября 2024