Жамбыл облысының 2024 жылғы қаңтар-тамыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 570,8 млрд.теңгені құрады, немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 2,4%-ға төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 7,7%-ға (370,3 млрд. теңге) төмендеді.
Өсім кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2,9%-ға (73,6 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 12,7%-ға (122,4 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 6,7%-ға (4,5 млрд.теңге) деңгейінде қалыптасқаны байқалады.
2024 жылы 93 жаңа жұмыс орнын құрумен 4,8 млрд. теңгеге 3 өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда («Kazchemtrading» ЖШС - цемент зауытының құрылысы, құны - 4,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 400 мың тн/жыл., 67 жаңа жұмыс орны құрылады (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС - мақсары майы өндірісін құру, құны - 120 млн. теңге, қуаттылығы - 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орны құрылады (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК - қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны - 0,2 млрд. теңге, қуаттылығы - қызанақ 250 тонна, қияр - 375 тонна, қызанақ шырыны - 35 мың литр, жасыл жем - 250 тн/жыл., 18 жаңа жұмыс орны құрылады (Жамбыл ауданы). Бүгінге «Genesis» ЖК-нің қызанақ шырынын, гидропоникада жасыл жем өндіру және көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу 1 жобасы іске қосылды.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 204,1 млрд. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 106,5%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 87,3 млрд. теңге (НКИ-112,5%), мал шаруашылығы – 116,5 млрд. теңге (НКИ – 101,8%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 22,8 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2024 жылдың 1 қыркүйегіне 17,9 млрд.теңге игерілді.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 626,7 мың га, оның ішінде дәнді масақты дақылдар - 399,2 мың га, майлы дақылдар - 32,9 мың га, қант қызылшасы – 11,3 мың га.
23.09.2024 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 586,4 мың тонна, онда өнімділік 16,6 ц/га құрады.Начало формы
А.ж. қаңтар-тамыз айларында мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 71,7 мың тоннаны (102,3%) құрады, сүт – 153,8 мың тонна (101,1%), жұмыртқа – 89,6 млн. дана (103,0%) өндірілді. МІҚ саны 507,7 мың басты (107,1%), қой – 3803,3 мың басты (122,2%), жылқы – 179,7 мың басты (105,9%), құс – 1971,6 мың басты (92,8%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2024 жылғы 1 тоқсанына шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 282,8 млрд. теңге (134,8%), жұмыспен қамтылғандар саны – 165,2 мың адамды (105,2%) құрады.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 105,3 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 88,2%-ды құрайды.
2024 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда айналымының көлемі 329,9 млрд.теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға өсті, көтерме тауар айналымы – 259,0 млрд. теңгені құрап, 2,9%-ға төмендеді.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 335,5 млн. АҚШ долларын немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 119,5%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 113,3 млн. АҚШ доллар (2 есе), импорт – 222,2 млн. АҚШ доллар (99,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 108,9 млн. АҚШ доллар. Начало формы Начало формы
Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылғы қаңтар-тамызда 388,8 млрд.теңгені (112,9%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 32,0 млн. тонна (108,9%), жүк айналымы - 29,0 млрд.ткм (104,6%), жолаушыларды тасымалдау – 43,3 млн. адам (113,7%), жолаушылар айналымы - 1,5 млрд. жкм (118,9%) құрады.
Конец формы
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 277,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 101,6%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсіміне Тараз қаласында негізгі құралдарды сатып алу есебінен («АГРС Батурова» АҚ, «НефтеХимПрибор» ЖШС, «Жамбылский НДФЗ» ЖШС), Қордай ауданында цемент зауытын салу арқылы («КорЦем» ЖШС), Талас ауданында цианидті өндіру бойынша зауытының екінші желісін салу арқылы («TalasInvestment Company» ЖШС) қол жеткізілді.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 153,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 112,5%-ды құрады.
Өсім Қордай ауданында «КорЦем» ЖШС үшін цемент зауытының құрылысы («Казградострой» ЖШС) есебінен, Меркі ауданында республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрыл Байтал» автожолының учаскесін (7-273 шқ, «Меркі-Шу» учаскесі) қайта жаңарту есебінен (Қазақстан Республикасындағы «Қытай Синсин құрылыс және даму компаниясы» ЖШС филиалы), Мойынқұм ауданында «Орталық-Оңтүстік» дәлізі шегінде «Күрті - Бұрыл Байтал» автожолының учаскесін қайта жаңарту («Синемедастрой» БК» ЖШС), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Балқаш-Бұрыл Байтал учаскесін қайта жаңарту («SinudroBurius 16» ЖШС Қазақстандағы филиалы), Сарысу ауданында «Қазақсода» ЖШС үшін кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысы («ChinasamsEngineering» компаниясының филиалы – Қазақстан Республикасындағы «China Sams Engineering Corporation» ААҚ) есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 392,1 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 100,6%-ды құрады.
298,7 мың м2 жеке тұрғын үй (1 607 бірлік үй), 567 пәтерге арналған 92,6 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (28 үй) пайдалануға берілді.
Инфляция деңгейі 2024 жылдың тамыз айында 2023 жылғы желтоқсанға 4,5% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,5%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 4,0%-ға, ақылы қызметтерге - 10,8% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,8 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 5,3%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылдың тамыз айында ақ қырыққабат - 9,3%-ға, апельсиндер - 8,0%-ға, картоп - 5,6%-ға, кондитерлік өнімдер - 4,2%-ға (о. і. шоколадпен глазурленген кәмпиттер - 6,0%-ға, шоколад 3,7%-ға), май және тоң май -1,5%-ға (о. і. өсімдік, күнбағыс майы - 3,7%-ға), сүт өнімдері - 0,5%-ға (о. і. йогурт - 1,7%-ға, қаймақ - 1,1%-ға, майлылығы 5-9% сүзбе - 0,9%-ға) бағасы өсті.
Жаңадан жиналған көкөністер - 5,1%-ға (о. і. қызанақтар - 29,0%-ға, қиярлар - 6,8%-ға, қызылша - 5,2%-ға, сәбіз - 2,5%-ға), жаңадан жиналған жемістер - 4,5%-ға (о. і. лимондар - 5,4%-ға, банандар - 4,9%-ға, алмалар - 2,1%-ға), жармалар 3,9%-ға (о. і. сұлы жармасы - 8,0%-ға, арпа жармасы - 6,7%-ға, қарақұмық жармасы - 5,6%-ға, сөк 4,4%-ға), жұмыртқа - 2,8%-ға, балық және теңіз өнімдері - 1,8%-ға, күріш - 0,6%-ға, ұн 0,3%-ға бағасы төмендеді.
Нан, ет, шұжықтар, жаңғақтар, кофе бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар - 3,8%-ға автомобильдер - 1,3%-ға, автокөлік құралдарын сатып алу - 1,2%-ға, сырт киім - 0,4%-ға бағасы өсті.
Тұрмыстық аспаптар - 0,9%-ға (о. і. кір жуатын машина - 4,5%-ға), фармацевтикалық өнімдер - 0,5%-ға бағасы төмендеді.
Жиһаз, бензин, дизель отыны, кітаптар бағасы өзгеріссіз қалды.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында тарату желілері бойынша тасымалданатын газ - 14,8%-ға, , курьерлік қызметтер - 13,3%-ға, санаторийлер қызметтері - 2,6%-ға, туристерді медициналық сақтандыру - 2,4%-ға, ұялы байланыс қызметтері - 2,1%-ға, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу - 1,0%-ға, көлік қызметі - 0,5%-ға (о. і. жолаушылар автомобиль көлігі - 0,6%-ға,) бағасы өсті.
Жолаушылар әуе көлігі - 9,9%-ға бағасы төмендеді.
Тұрғын үй үшін нақты жалгерлік төлем, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем, стоматологиялық қызметтер, кабельдік телевизия қызметтері, интернет бағасы өзгеріссіз қалды.
Салықтар. 2024 жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке 167,7 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 110,9% (о.і. РБ – 47,3 млрд. теңге (92,5%), ЖБ - 120,4 млрд. теңге (120,3%) түсті.
Салық бойынша берешек 5,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 134,9%-ды құрады.
Бюджет. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 450,9 млрд. теңгені, о.і. өзіндік кірістері – 120,4 млрд. теңгені немесе болжамға 120,3%-ды (о.і. салықтық түсімдер – 103,2 млрд. теңге (115,9%), салықтық емес түсімдер – 10,6 млрд. теңге (150,4%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 6,7 млрд. теңге (163,2%)) құрады.
Бюджеттік шығындар 97,1 %-ға (424,8 млрд. теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жалпы 43829 адам құрады. Жұмыс берушілердің бос орындарына 19149 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 770 адам, жастар практикасымен 2002 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 10294 адам қамтылды.
Жаңадан 45145 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 28518. Жұмыс іздеп тіркелген 55814 адамның 31361-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 322778 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 10,6%-ға артты (2024 ж. 2 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2024 жылдың 1 тоқсанына 134849 теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсті.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында 39,3 мың тұрғынға 2 131,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 2 008,8 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 83,8 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 38,9 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 352,8 млрд. теңге қарастырылып, 220,0 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,8%.
Білім беру саласында 35 білім беру нысанын дамытуға 30,1 млрд. теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1 мектеп (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық а. 1 мектеп (600 орындық), Қордай ауданында 3 мектеп (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (600 орындық), Шу ауданында 2 мектеп (1200 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (600 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектеп (200 орындық), Жамбыл ауданында 2 мектеп (250 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында 1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (180 орындық), Дарынды балаларға арналған ІТ лицей - интернатының құрылысы және 14 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы 447 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 298 мектепте 921 интерактивті панельдер орнатылған.
Бүгінге, 587 мектепке дейінгі ұйымдармен (467 балабақша, 120 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 92,1% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
18,9 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге - 8,1 млрд. теңгесі игерілді, немесе 100%-ды құрады.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,9 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 2,3 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 6 144,6 млн. теңге бөлінді, есепті мерзімге 881,4 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 6281,2 млн. теңге (о.і. РБ – 4077,9 млн. теңге, ЖБ - 2 203,3 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП - 10 құрылысы, Қордай а. 270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана, Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы, Қордай ауданы Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).
2024 жылдың қаңтар-тамызында қант диабеті, қан айналымы жүйесімен, қатерлі ісік және психикалық бұзылулармен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Сонымен қатар, туберкулез, наркологиялық және мерез ауруларымен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 2 жағдайы Тараз қаласы мен Меркі ауданында тіркелді.
Қоғамдық қауіпсіздік. 2024 жылдың қаңтар-тамызда тіркелген қылмыстардың саны 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға төмендеді (оның ішінде, ауыр – 14,1%-ға, ауырлығы орташа – 17,7%-ға). Аса ауыр қылмыстар саны 23,3%-ға, онша ауыр емес қылмыстар – 2,2%-ға өсті.