Әуелік электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жария сервитут белгілеу туралы

Әуелік электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет

көрсету үшін жария сервитут белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әуелік электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 15 қазанына дейін осы қаулының қосымшасына сәйкес жария сервитут белгіленсін.
  2. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOС» акционерлік қоғамы қуаты 500 кВт Шу-Жамбыл, Жамбыл-Шымкент әуелік электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету кезінде қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтасын, жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуден келтірілген залалдар мен төлемақыны қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өтесiн.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

         Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

Әуелік электр желілерінің құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жария сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
27 сентября 2024