Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-маусымындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімдері 413,5 млрд. теңгені, НКИ-92,6% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 13,5%-ға (266,7 млрд. теңге) төмендеді.
Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2,8%-ға (54,2 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 4,8%-ға (89,3 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі 4,9%-ға (3,2 млрд.теңге) өсім байқалады.
2024 жылы 359 жаңа жұмыс орынын құрумен 34,9 млрд. теңгеге 5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда («Shagala Mining» ЖШС - Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны - 29,6 млрд. теңге, қуаттылығы - 9,1 мың тонна жылына, 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда; «Kazchemtrading» ЖШС - цемент зауытының құрылысы, құны - 4,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 400 мың тн/жыл., 67 жаңа жұмыс орны құрылады (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС - мақсары майы өндірісін құру, құны - 120 млн. теңге, қуаттылығы - 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орыны құрылады (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК - қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны - 0,2 млрд. теңге, қуаттылығы - қызанақ 250 тонна, қияр - 375 тонна, қызанақ шырыны - 35 мың литр, жасыл жем - 250 тн/жыл., 18 жаңа жұмыс орыны құрылады (Жуалы ауданы); «Satellie GS» ЖШС Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны - 0,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына, 33 жаңа жұмыс орны құрылады (Мойынқұм ауданы)).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 92,9 млрд. теңгені немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 104,0%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 3,5 млрд. теңге (НКИ-80,9%), мал шаруашылығы – 89,4 млрд. теңге (НКИ – 105,3%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 22,0 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2024 жылдың 1 маусымына 13,7 млрд.теңге игерілді.
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 644,7 мың га, оның ішінде дәнді масақты дақылдар – 378,4 мың га, майлы дақылдар – 35,2 мың га, қант қызылшасы – 11,1 мың га.
16.07.2024 жылғы жағдай бойынша масақты дәнді дақылдар 56,4 мың га немесе егін жинау алаңының 15,4% жиналды, онда өнімділік 11 ц/га құрады.Начало формы
А.ж. қаңтар-мамыр айларында мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 46,5 мың тоннаны (105,0%) құрады, сүт - 115,4 мың тонна (101,1%), жұмыртқа - 41,3 млн. дана (96,9%) өндірілді. МІҚ саны 547,1 мың басты (102,9%), қой - 3924,7 мың басты (101,4%), жылқы - 191,6 мың басты (103,1%), құс - 2195,4 мың басты (105,7%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2024 жылғы 1 тоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 282,8 млрд. теңге (134,8%), жұмыспен қамтылғандар саны – 165,2 мың адамды (105,2%) құрады.
2024 жылдың 1 шілдедегі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 105,3 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 88,8%-ды құрайды.
2024 жылғы қаңтар-маусымдағы бөлшек сауда айналымы 236,5 млрд.теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтар-маусымға 2,9%-ға өсті, көтерме тауар айналымы – 179,0 млрд. теңгені құрап, 2,8%-ға төмендеді.
2024 жылғы қаңтар-мамырда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 169,7 млн. АҚШ долларын немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 90,4%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 53,8 млн. АҚШ доллар (121,2%), импорт – 115,9 млн. АҚШ доллар (80,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 62,1 млн. АҚШ доллар. Начало формы Начало формы
Көлік. 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы көлік қызметтері 271,5 млрд.теңгені (107,4%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 23,4 млн. тонна (107,0%), жүк айналымы – 21,2 млрд.ткм (102,3%), жолаушыларды тасымалдау – 33,1 млн. адам (113,3%), жолаушылар айналымы – 1,0 млрд. жкм (117,7%) құрады.Конец формы
Конец формы
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 196,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 90,3%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің төмендеуі 2023 жылы электр қосалқы станциясының және Сарыкемер ауылындағы 5 көпқабатты үйге инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылыстарына, сондай ақ, «ҚТЖ» АҚ Жуалы филиалы 2023 жылы темір жолдарға күрделі жөндеуге, «Қазавтожол» АҚ «Құрты-Бурыбайтал» учаскесінің жолын реконструкциялауға инвестициялардың салынуына байланысты байқалады.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 122,9 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 112,3%-ды құрады.
Өсім Қордай ауданында цемент зауытын салу, Аухатты ауылының тұрғын алабы үшін электр желілерін салу, Қордай ауданында суармалы алқаптарды сумен жабдықтауды ұлғайту үшін су құбырын салу есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 311,0 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 102,3%-ды құрады.
234,9 мың м2 жеке тұрғын үй (1 237 бірлік үй), 1 992 пәтерге арналған 75,3 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй (21 үй) пайдалануға берілді.
Инфляция деңгейі 2024 жылғы маусым айында 2023 жылғы желтоқсанға 3,1% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 3,0%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 2,7%-ға, ақылы қызметтерге - 4,2% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,8 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 3,9%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылдың маусым айында жаңадан жиналған жемістер - 5,2%-ға (о.і. алма - 9,0%-ға), қызылша - 5,0%-ға, картоп - 4,6%, шай - 1,3%-ға, сүт өнімдері - 0,8%-ға (о. і. қатты ірімшік - 3,2%-ға, қаймақ - 1,3%-ға, майлылығы 2,5% айран - 0,3%-ға), өсімдік және күнбағыс майы - 0,5%-ға, жармалар - 0,4%-ға (о.і. қарақұмық - 0,8%-ға), макарон өнімдері - 0,3%-ға (о.і. кеспе - 1,6%-ға), ет - 0,2%-ға (о. і. шұжықтар - 1,2%-ға, сиыр еті - 0,4%-ға, қой еті - 0,1%-ға) бағасы өсті.
Жаңадан жиналған көкөністер - 5,6%-ға (о. і. қызанақтар - 9,7%-ға, ақ қырыққабат, қиярлар - 4,8%-ға, пияз - 3,8%-ға, сәбіз - 1,9%-ға), жұмыртқа - 3,2%-ға, қант - 0,9%-ға, жылқы еті - 0,2%-ға бағасы төмендеді.
Ұн, нан, шошқа еті, құс еті, ішетін сүт, күріш, кофе бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар - 1,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,9%-ға, сырт киім - 0,7%-ға, автокөлік құралдарын сатып алу - 0,5%-ға бағасы өсті.
Шыны бұйымдарының, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтарының - 4,9%-ға, тұрмыстық аспаптарының - 0,1%-ға бағасы төмендеді.
Бензин, дизель отыны, жуғыш және тазалағыш құралдар, кітаптар және кеңсе тауарлары бағасы өзгеріссіз қалды.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың маусым айында санаторийлер қызметтері - 2,5%-ға, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер - 1,9%-ға, амбулаториялық қызметтер - 0,4%-ға, көлік қызметі - 0,2%-ға (о. і. әуе жолаушылар көлігі - 3,2%-ға, темір жол жолаушылар көлігі - 0,8%-ға) бағасы өсті.
Туристерді медициналық сақтандыру - 12,0%-ға, сақтандыру - 5,1%-ға бағасы төмендеді.
Тұрғын үй үшін нақты жалгерлік төлем, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем, стоматологиялық қызметтер, кабельдік телевизия қызметтері, интернет бағасы өзгеріссіз қалды.
Салықтар. 2024 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке 118,8 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 109,5% (о.і. РБ – 32,1 млрд. теңге (88,8%), ЖБ - 86,7 млрд. теңге (119,8%) түсті.
Салық бойынша берешек 3,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 171,9%-ды құрады.
Бюджет. 2024 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 321,6 млрд. теңгені, о.і. өзіндік кірістері – 86,7 млрд. теңгені немесе болжамға 119,8%-ды (о.і. салықтық түсімдер – 76,4 млрд. теңге (117,3%), салықтық емес түсімдер – 5,6 млрд. теңге (128,2%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 4,7 млрд. теңге (165,8%)) құрады.
Бюджеттік шығындар 99,5 %-ға (314,3 млрд. теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жалпы 33963 адам құрады. Жұмыс берушілердің бос орындарына 13507 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 715 адам, жастар практикасымен 1167 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 9554 адам қамтылды.
Жаңадан 33440 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 19452. Жұмыс іздеп тіркелген 47385 адамның 24941-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 282100 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 10,8%-ға артты (2024 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2024 жылдың 1тоқсанына 134849 теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсті.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 37,5 мың тұрғынға 1 668,5 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 1 549,3 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 80,3 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 38,9 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 353,3 млрд. теңге қарастырылып, 176,9 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,8%.
Білім беру саласында 41 білім беру нысанын дамытуға 30,5 млрд. теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1 мектеп (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық а. 1 мектеп (600 орындық), Қордай ауданында 3 мектеп (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (600 орындық), Шу ауданында 2 мектеп (1200 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (600 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектеп (200 орындық), Жамбыл ауданында 2 мектеп (250 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында 1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (180 орындық) және 14 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 5 оқушыны құрайды.
Облыстағы 445 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 298 мектепте 921 интерактивті панельдер орнатылған.
Бүгінге, 587 мектепке дейінгі ұйымдармен (467 балабақша, 120 шағын орталықтар) 60,3 мың бала немесе 92,1% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
18,2 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге – 5,9 млрд. теңгесі игерілді, немесе 100%-ды құрады.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,8 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,9 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 6 063,8 млн. теңге бөлінді, есепті мерзімге 602,7 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5591 млн. теңге (о.і. РБ – 3 522,6 млн. теңге, ЖБ - 2 068,4 млн. теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП - 10 құрылысы, Қордай а. 270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана, Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы, Қордай ауданы Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).
2024 жылдың қаңтар-маусымында қант диабеті, психикалық бұзылулар және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Сонымен қатар, туберкулез, қатерлі ісік, наркологиялық және мерез аурулары мен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімінің 2 жағдайы Тараз қаласы мен Меркі ауданында тіркелді.