Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен «Nur Otan» партиясы арқылы
азаматтарды қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтардың
ТІЗІМІ
Онлайн режимде
25.09.2020 ж. сағат 17.30
6-қабаттағы мәжіліс залы
|
№ |
Аты-жөні, тегі |
Көтеретін мәселесі |
Ескертпе |
|
1. |
Қалыбаев Жамбыл Мойынқұм ауылы телефоны 87771010144
|
Ауданға газ тарту мәселесі бойынша нақты қандай шаралар қабылданып жатыр, ауылға газ қашан қамтылады.
|
Мойынқұм ауданындағы 24 елді мекенде 32 727 адам тұрады. Аудан газдандырылмаған. Мойынқұм ауданына іргелес жатқан Шу ауданының аумағында өтіп жатқан «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырының қысымы өте жоғары (98,1 МПа). Ол газ құбырына қосылу үшін, бірінші кезекте газ қысымын төмендететін автоматты газ тарқатушы станциясын салу қажет. Бұл тұрғыдан, Шу ауданындағы Д.Қонаев ауылының қасында «Шу» АГТС-ның құрылысына жоба әзірленіп, ағымдағы жылдың 10 сәуірде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құрылыс құны - 4 629,8 млн. теңге. Жобаланған АГТС қуаттылығы - 160 мың м3/сағ. Аталған жобаның құрылыс жұмыстарын қаржыландыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2020 жылғы 20 сәуірде бюджеттік өтінім тапсырылған. Сондай-ақ, 2020 жылғы 7 қыркүйекте бюджеттік өтінім ҚР Энергетика және Қаржы министрліктеріне қайта жолданды. Бұл жоба іске асқан кезде, Шу және Мойынқұм ауданындағы 59 елді мекенінің 160 мың тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкін болады.
|
|
2. |
Сатыбалдыиев Болат Сагындыкович Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мойынқұм ауылы Телефоны 87766660042
|
Меркі-Шу-Бұрыл-Байтал тас жолы бойынша Шу-Мойынқұм арасындағы жолдар қашан бітеді және біткен жолдар қашан қолданысқа беріледі.
|
Республикалық мәні бар «Мерке-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының бүгінгі күні 105 шақырымы аралығында асфальт жамылғысы төселді, соның ішінде |
|
3. |
Аманжолов Тілеш Есімұлы Мойынқұм ауданы, Мыңарал станциясы Телефоны: 87779460096 |
1. Мыңарал ауылындағы мәдениет үйін ретке келтіру, күрделі жөндеуден өткізу;
2. Мыңарал ауылындағы медициналық пунктын учаскелік полиция бөліміне, «Казпочта» АҚ-ға және кітапханаға мекемесіне беру;
3. Нұрсұлтан-Алматы тасжолы астынан өтетін үлкен жүк көлігі және мал өтетін 2 немесе 3 өткел керек. |
1. Биылғы жылы аудандық бюджеттен Мыңарал ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмысын жасату үшін 4 млн тг бөлінді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттар дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары дайындалуда (200 орындық). Жалпы Мыңарал ауылдық округіндегі халық саны 1830.
2. Мыңарал ауылдық округінде орналасқан бұрынғы медициналық пункт ғимаратын ауыл әкімі аппаратының теңгеріміне беруге облыстық денсаулық басқармасына хат жолданды. Рұқсатты басқарма береді.
3. Қазіргі таңда «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан-Алматы автомобиль жолының 2069-2214 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 48,3 млрд.теңге. Жобаны іске асыру мерзімі – 2019-2022 жылдар.
Жоба бойынша Мыңарал ауылдық округының маңында |
|
4. |
Сейтимбетова Майра Темирбековна Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы Куляшай Сыздыққызы көшесі, 8 үй телефоны 87766990017 |
Жилстройсбербанк арқылы алатын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мүгедек-мақау баласына пәтер сұрайды. |
Мойынқұм ауданының тұрғыны Сейтимбетова Майра Темирбекова келіні Досыбаева Жанайым «мүгедек баланы тәрбиелеуші» санаты бойынша 2020 жылдың 05-наурызынан бастап №29 болып тұрғын үй-кезегінде тұр. Ағымдағы жылы Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкысы арқылы алатын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша наурыз айынан бері екі рет ауданнан жолдама берілді, енді банк тарапынан жұмыстар жүргізілуі қажет. Өтініш иесінің келіні 2020 жылдың наурыз айында ауданнан жолдама алып, Қазақстан Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкіне (ары қарай - ҚТҮҚЖБ) келген уақытта облысқа енгізілген карантин режиміне сәйкес, өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. ҚТҮҚЖБ-нің ішкі жүйесіне сәйкес, арыз иесінің келіні толық құжаттар тапсырып, өтініш білдірмегендігі анықталды. Ағымдағы жылдың 11 мамырында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау жұмыстары басталып, құны 3,4 млрд сомаға 364 адам қабылданды. Бүгінгі таңда 253 азамат аталған бағдарлама бойынша несие рәсімдеген. облысқа бөлінген қаражаттың лимитіне сәйкес, 29 мамырда өтініштерді қабылдау аяқталған. Қазіргі таңда облысқа қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда өтініштер қабылданатындығын хабарлайды. |
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен «Nur Otan» партиясы арқылы
азаматтарды қоғамдық қабылдауына жазылған азаматтардың
ТІЗІМІ
Онлайн режимде
25.09.2020 ж. сағат 17.30
6-қабаттағы мәжіліс залы
|
№ |
Аты-жөні, тегі |
Көтеретін мәселесі |
Ескертпе |
|
1. |
Бекбосынова Кулчат Алмабековна Шу ауданы Шу қаласы Қабанбай батыр көшесі №175 үйдің тұрғыны Телефоны 87754742407 |
Шу қаласы, Қабанбай батыр көшесінің ауыз су мәселесі |
«Шу қаласы Қосқұдық мөлтек ауданындағы су құбырының құрылысы" жобасының құны 680 469,0 мың теңге. Мемлекеттік сараптама қортындысы (№ЕО-0007/19) 2019 жылдың 28 маусымында алынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2020 жылы жобаны бастауға 212 796,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 190 574,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 22 000,0 мың теңге қарастырылды. Мердігер мекеме «КДСМ» ЖШС. Келісім шарт құны 565 478,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстары 14.05.2020 жылы басталды. Нысан 2021 жылға өтпелі. Жобада Қабанбай батыр көшесі қаралмаған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «КДСМ» ЖШС-мен Қабанбай батыр көшесіне су құбырын жүргізу бойынша келіссөздер жүргізіліп, аталған көшеге мердігер мекеме өз қаражаты есебінен ауыз су жүйесін жүргізетін болды.
|