Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 15 қыркүйекке аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл облысының аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2024 жылғы
15 қыркүйекке Байзақ ауданының Жаңатұрмыс және Темірбек ауылдық округтерінің, Жамбыл ауданының Гродикова ауылдық округі, Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі, Меркі ауданының Меркі ауылдық округі, Сарысу ауданының Жаңаталап ауылдық округі және Талас ауданының С. Шәкіров ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
АСК шешімдері аудандық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және аудандық газеттерде жарияланды.
Аудандық сайлау комиссияларының шешімдеріне сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/article/details/176406?directionId=_57872&lang=kk
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы