Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Облыс әкімінің Сарысу ауданы Жаңаталап және Жаңаарық ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Сарыөзек және Жаңакәрітоған каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-тоқсан

Сарысу ауданының әкімі

2023 жылы 3 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындалып, бюджеттік өтінім берілді («Бүркітті» каналы бойынша өтінім 15.02.2023жылы №01-307 санды хатымен Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына). Оның ішінде, «Бүрк ітті» каналы (2,3 км) - 124,276 млн. тг (қайта жаңғырту) қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды («Байтұр-2050» ЖШС, келісім-шарт құны 113,130 млн. тг.).

Қалған 2 каналдың қаржысы («Жаңа Кәрітоған» - 329,7 млн. тг. (4,2 км) және «Сарыөзек» - 193 млн. тг. (4,3 км)) қолдау таппады. (15.02.2023 жылы №01-308 санды хатымен Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс хат беріліп, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы атынан бюджеттік өтінім қалыптастырылып облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған).

Осыған байланысты, «Сарыөзек» каналын жобасымен бірге «ҚазСуШар» РМК-нің теңгеріміне өткізу жұмыстары атқарылуда («Сарыөзек» каналын республикалық теңгерімге беру туралы 24.01.2024 жылғы №207 қаулысы шықты).

2023 жылы 10 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға 47 млн. теңге жергілікті бюджеттен қаралып, ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысымен бірге дайындалды.

11 каналдың құрылысын қаржыландыру «Ислам даму банкі» шартттарынан өткізіліп, оң нәтиже алды. Қаржыландыру күтілуде.

 

2.

Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде ангар типтегі спорт кешендерінің құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-жартыжылдық

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Сарысу ауданы бойынша Жаңатас қаласындағы Дегерес елді мекеніне, Жаңаарық және Ә. Бүркітбаев ауылдарына спорт зал құрылысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 18 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірленуде (мердігер "Асад-ЛТД" ЖШС, келісім-шарт құны 16,2 млн. теңге).

ЖСҚ дайындалған соң, бюджеттік өтінім ұсынылады.

 

3.

Жаңаталап ауылдық округінде бокс және күрес үйірмелерін ашуды ұйымдастыру

 

2024 ж.
қаңтар

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

 

 

Аудан аумағында орналасқан барлық спорт мектептері облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты болуына байланысты, 2023 жылдың 16 қарашасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының атына  «2024 жылға жоспарға бокс және күрес үйірмелерін ашу» бойынша №1-26-370 сұраныс хат жолданды. Басқарма тарапынан қосымша үйірмелер ашу қарастырылып, №11 Сарысу колледжі ғимаратынан бокс және қазақша-самбо күрестерінен үйірмелер ашылып, жұмыс жүруде.

 

4.

Аудан орталығында жаңа аурухана құрылысын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсыну

2024 ж.

І-тоқсан

Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы (жинақтау),

облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

 

Жаңатас қаласы, Әулие ата көшесінің бойынан 250 келушіге арналған жаңа талапқа сай емхана (200 тәулігіне төсектік стационарымен) құрылысын жүргізу және оған қызмет көрсету үшін 5,0 га жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығы берілді.

Бүгінгі таңда, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттік өтінім (жоба құны - 66,7 млн. теңге) беріліп, қаралуда.

 

5.

Аудандық орталық аурухананың лифтін қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру

 

 

 

2024 ж.

ІІ-тоқсан

Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Аудандық орталық аурухана крандарды және басқа көтергіш жабдықтарды/тиеу-түсіру жабдықтарын орнату (монтаждау) жұмыстарына (лифт) мердігер болып «Lift Pro Service» ЖШС анықталған (келісім-шарт құны ҚҚС-сыз 27,8 млн. теңге) Қазіргі уақытта монтаждау, орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

6.

«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның техникалық су сақтайтын резервуарын жаңарту үшін жаңа құралдарды (РВС - 2000 м.куб) алу бойынша бюджеттік өтінім ұсыну

 

2024 ж.

І-тоқсан

Сарысу ауданының әкімі

Қалалық қазандыққа 1976-1978 жылдары орнатылған сиымдылығы РВС-2000 м.куб техникалық су сақтайтын темір резевуарды ауыстыруға ЖСҚ дайындау үшін аудандық бюджеттен 2024 жылға 11,3 млн. теңге қаржы қаралып, ЖСҚ әзірленді.

Жұмыстарды жүргізуге «Дала» ЖШС келісім-шарт жасалды (келісім-шарт құны - 144,8 млн. тг). Бүгінгі күнге демонтажтау жұмыстары аяқталып, тамыз айында су резервуарын орнату және монтаждау жұмыстары аяқталады.

 

7.

«Жаңатас Су-Жылу» КМК-ның электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу бойынша 2024 жылға бюджеттік өтінімдер ұсыну

 

2023 жылдың соңына дейін

Облыс әкімдігінің энергетика басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Тиісті мекемеге электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу облыстық бюджеттен 2024 жылға 230,5 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге электр қуатын өндіретін электр генераторларын (1250 кВа - 1 дана, 410 кВа-3 дана) сатып алу бойынша (20.02.2024 жылы) «Silk Way Machinery» ЖШС келісім-шарт жасалды. Келісім-шартқа сәйкес 3 дана 410 кВа генератор (70 күн) жеткізілді, 1 дана 1250 кВа (180 күн) қыркүйек айында жеткізіледі.

 

8.

«ЕвроХим» МХК құрылысының 2-ші кезеңін жоспарға сәйкес аяқтауды қатаң бақылауда ұстау

Тұрақты

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

 

II кезеңді іске асыру мерзімі 2022-2026 жылдар. Күкірт қышқылы зауытының құрылысын аяқтау 2025 жылдың 4 тоқсанында жоспарланып отыр. Өндірістік қуаты жылына кемінде 1 млн. тонна минералды тыңайтқыштар мен индустриялық өнімдер. Жұмыс орындары, құрылыс сатысында 2 000-ға дейін жұмыс орны, сондай-ақ пайдалану сатысында кемінде        1 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Қосымша сервистік кәсіпорындарда (аутсорсинг) жұмыс орындары құрылады.

Бас мердігер - химия саласындағы жобаларға маманданған "CNCEC" (Chinese National Chemical Engineering Company) ірі қытай құрылыс-инжинирингтік компаниясы.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге, химиялық кешен объектілерінің тік орналасу (планировка) аяқталды, арматуралық болаттан жасалған 1 770 тонна қаңқа орнатылды, 8 000 текше метр бетон құйылды, ауданы 6 800 ш. м. дейінгі іргетастарды гидрооқшаулау орындалды, бетон-ерітінді торабы орнатылды, мердігер қызметкерлерінің тұруы үшін 600 адамға арналған ғимараттар салынды.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ-мен 500 мың тонна күкірт қышқылын сатып алу ниеті туралы келісім жасалды.

 

9.

«ЕвроХим» МХК-нің заңды тіркеуін Алматы қаласынан Жаңатас қаласына ауыстыру мәселесі бойынша салықтық және басқа да түсімдер мен төлемдерге тиісті зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу

 

2023 ж.
10 желтоқсан

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы (жинақтау), облыс әкімдігінің қаржы басқармасы, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша),

Сарысу ауданының әкімі

 

Бұл туралы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің бас директорына «ЕвроХим» кешені Жамбыл облысы Сарысу ауданында қызмет жүргізуіне байланысты, ауданның жер қойнауын пайдаланушы ретінде заңды мекен-жайын Сарысу ауданына қайта тіркеу туралы ресми хат ұсынылды.

А.ж. сәуір айында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының қатысуымен жиын өтті.

Жиын қорытындысымен ұсыныс, талаптар тыңдалып, Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «ЕвроХим» МХК АҚ-на қатысушыдан шешім алу (решение участника) үшін «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС тарапынан хат ұсынылды. Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «ЕвроХим» МХК АҚ кәсіпорынның заңды мекен жайын Алматы қаласынан Жаңатас қаласына ауыстыруға келісім бермеді.

 

10.

Ауданда жайылым жерлерді кеңейту жұмыстарын жандандыру

 

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

2021 жылы елді мекен жеріне 49,4 мың га, 2022 жылы 65,0 мың га жер бекітіліп берілді. Елді мекен жерлері 72 470 га-дан 182 470 га-ға ұлғайды.

Облыста жайылым жетіспейтін 41 ауылдық округтердің тізіміне енген Тоғызкент, Досбол, Түркістан ауылдық округтерінің  мал басын қайта санағанда Түркістанда 2 483 га жайылым  артық, Досбол а/о 1 030 га және Тоғызкент а/о 675 га жайылымдық жетіспейтіндігі анықталды.

Бүгінгі күні аталған мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жүргізілетін жұмыстар:

1) Тоғызкент а/о-не мемлекет мұқтажы үшін 400 га жер учаскесі қайтарылып елді мекен жайылымына беріледі. Ауыл тұрғындары орман қоры жерінен 16 500 га жер учаскесін пайдаланып отыр. Қосымша шаруа қожалықтарымен 25 184 гектар жайылымды пайдалануға меморандум жасалған.

2) Досбол а/о мемлекет мұқтажы арқылы 500 га қайтарылып елді мекен жайылымына беріледі. Ауыл тұрғындары орман қоры жерінен 14 815 гектар пайдалануда. Қосымша меморандум арқылы 5 600 гектар жайылымды пайдалануға меморандум жасалған.

Сонымен қатар, үш ауылдық округтен игерілмеген  57 205 га жерлер анықталып, облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді. Нәтижесі күтілуде (нұсқама берілгеннен кейін 1 жыл).

- Тоғызкент а/о – 47 135 га;

- Досбол а/о – 5 847 га;

- Түркістан а/о – 4 223 га.

Қайтарылған жерлер елдімекен жайылымына бекітіліп берілетін болады.

 

11.

Ауданда іске асырылып жатқан құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімінде және сапалы атқарылуын қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

2024 жылға 18,5 млрд. теңгеге 51 жоба әзірленген. Оның ішінде, 21 жоба (9,6 млрд. тг.) қолдау тауып отыр. Олар: «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында - 2 жоба, 175,7 млн. теңге (оның ішінде: РБ – 169,8 млн.тг., аудандық бюджет-5,9 млн.тг.):

- Өндіріс  ауылындағы Отарбаев  орта мектебін күрделі жөндеу 116,1 млн. тг (РБ);

- Тоғызкент ауылындағы Т.Аубакиров (0,320 км) және Есмырза (1,150 км) көшелерінің жол жабынын орташа жөндеу, ұзындығы-1,47 км  1 жобаға 59,6 мың теңге (оның ішінде: РБ – 53,7 млн.тг., аудандық бюджет-5,9 млн.тг.).

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 14 жоба 8,1 млрд. теңге:

Жаңатас қаласындағы 2 шағын аудан №32 (90 пәтер) көпқабатты үй ғимаратын қайта жаңғырту 496,7 млн.теңге (ОБ);

-  Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға– 2675,7 млн. теңге (РБ-2671,7млн.теңге, АБ 4,0 млн.теңге);

- Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін кредит 409,9 млн. теңге (РБ);

- Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту 39,1 млн.теңге (ОБ);

- Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу 380,5 млн. теңге ( ОБ);

- Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру– 2537,7 млн. теңге (ҰҚ – 2283,9 млн.тг, ОБ –253,8 млн. тг);

- Жаңатас қаласындағы жылу жүйесін жөндеу 2 жоба 148,0 млн теңге (Жаңатас қаласында (орталық саябақтан 2-шағын ауданға дейін) жылу желілерін іріктеп күрделі жөндеу  және Жаңатас қаласындағы жылу желілерін таңдау бойынша күрделі жөндеу (1 шағын аудан 2 ғимарат және 2 шағын аудан 21 үйден 29 үйге дейін )(ОБ);

- Сарысу ауданы 14 елді мекендерін (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) (жеткізілетін, тарататын) газ құбырларын салу мен газдандыру 1210,4 млн. теңге (ҰҚ -848,9 млн. тг, ОБ -361,5 млн. тг);

- Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы) 10,0 млн.теңге (ОБ);

- Аудандық маңызы бар Тоғызкент ауылына кіре беріс жолын орта жөндеу  (0-0,730 км) 27,2 млн  теңге (ОБ -13,6 млн. тг, АБ – 13,6 млн.тг);

- Аудандық маңызы бар Жанаталап ауылына кіре беріс жолын орта жөндеу  (0-2,6 км) 110,0 млн  теңге (ОБ -56,5 млн. тг, АБ – 53,5 млн.тг);

- Тоғызкент ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту нысанын аяқтауға 86,6 млн.теңге (АБ);

- Жаңатас қаласы Құрылысша масивіне (Строитель, Горняк, Фосфарит) су құбыры желілерінің құрылысын салу 23,6 млн.теңге (ОБ);

«Облыстық дамыту бағдарламасы» аясында 4 жобаға 328,9 млн. теңге:

- Жаңатас қаласындағы Абай атындағы орта мектебін күрделі жөндеу – 258,1 млн. тг (ОБ)

- Жайылма ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы-24,3 млн. тг (АБ);

-  Досбол ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы-23,0 млн. тг (АБ);

-Түркістан ауылдық округінде биотермиялық шұңқыр құрылысы -23,5 млн тг (АБ);

«БЖК-2025» бағдарламасы аясында - 1 жоба, 939,7 млн. теңге:

Ауданда қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу (бірінші кезек) – 939,7 млн.тг. (РБ/ОБ).

 

12.

Аудандағы сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүйелі түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп, үстеме бағасының заң талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Сарысу ауданының әкімі

Сауда үстемақысын сатып алынған бағадан 15%-ға асырмау жөнінде Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне (16.02.2024 ж.) жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты  жүргізіліп жатыр.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы әкімдіктің әлеуметтік желілердегі (инстаграм, фейсбук) ресми парақшаларында, аудандық «Сарысу» газетінде ақпарат жарияланып отыр.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жолдаған жұмыс алгоритмі бойынша жұмыстар атқарылып, аудан әкімінің өкіміммен арнайы комиссия құрылды. 2024 жылдың 29 ақпанынан бастап сауда орындарын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Нәтижесінде, Байқадам ауылдық округінде орналасқан «Самұрық», «Марат», «Саудакент» және «Сұлтан» азық-түлік дүкендеріне ӘҚбтК 204 бабына сәйкес, ескерту түрінде шара қолданылды (2023 жылы 1 дүкенге айыппұл салынды).

Барлық атқарылған жұмыстардың ақпараты облыстық кәсіпкерлік басқармасына тұрақты жолданып отырады.

 

13.

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларға өндіріс кезеңіндегі мамандар қажеттілігін анықтап, колледждерде сұранысқа ие болған мамандықтар бойынша оқытуды қамтамасыз ету

 

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Ауданда жұмыссыз ретінде 1 135 адам (01.07.2024 ж. жағдаймен) тіркелген.

Жалпы ауданда 2 колледж  бар, олар:

1) «Жаңатас көпсалалы колледжінде» 12 мамандық және 18 біліктілік курстары бойынша 492 студент білім алады. Колледж тарапынан аудандағы барлық кәсіпорындармен 3 жақты меморандум жасалған. Бүгінге дейін колледж бітірген студенттердің ішінде «Қаратау» ТКӨК - 62, «ЕвроХим» ЖШС - 3, «Жаңатас ЖЭС» - 2 түлек тұрақты жұмысқа орналасқан.

2) «№11 Сарысу колледжінде» 5 мамандық бойынша студенттер білім алады. Жалпы студент - 217.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында                          М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен колледждегі тау-кен өңдеу саласындағы 4 мамандық бойынша арнайы пән оқытушыларын тағылымдамадан және біліктіліктерін арттыру курстарын өткізуге меморондум жасалған.

 

14.

Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін тиісті құзырлы органдардың сараптама қорытындысын алып, ұсыныс енгізу

 

 

2024 ж.

сәуір

Сарысу ауданының әкімі

Сорбұлақ тұз көлінің жер асты суларын ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану үшін ғылыми-негізделген қорытынды беру туралы «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры                 Н.Н. Балғабаевқа (№01-1998 14.11.2023 ж.) және «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директоры М.К. Абсаметовқа (№01-1999 14.11.2023 ж.) ресми хат ұсынылды. Ғылыми-негізделген қорытынды алынып, шаруашылыққа ұңғыма қазылып берілді.

 

15.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер асты суларын пайдалану бағытындағы қазылатын ұңғымаларға төленетін субсидия көлемі туралы ақпаратты тұрғындарға насихаттау

 

 

Тұрақты

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

2023 жылы жайылымдық алқаптарды 36 дана су ұңғымасы қазылған. Мемлекет тарапынан осы жұмыстарға 307,4 млн теңгеге субсидия қаржысы аударылған. 2023 жылы қазылған қосымша 4 су ұңғымасының өтініші ауыл шаруашылығы басқармасына жолдандыған.

Шаруа қожалықтар өз қаражаты есебінен су ұңғымаларын қаздырады.  Мемлекет тарапынан су ұңғымас қазылған жер бедерінің түріне байланысты субсидиялау жұмыстары жүргізіледі. Инвестициялық салымдар шығынын бір бөлігінің субсидиялау жаңа талаптары туралы аудан тұрғындарына тұрақты түрде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

 

16.

Ауданда балық шаруашылығын дамыту мәселесін қарастыру

 

 

2024 ж. тамыз

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау),

Сарысу ауданының әкімі

Сарысу ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысу үшін 4 су айдыны уақытша пайдалануға берілген. Олар Ынталы су қоймасы, Бүркітті су қоймасы, Үлкен Қамқалы көлі және Жылқыбай су айдыны.

1) Ынталы су қоймасы ЖК «Ерхан» 2022 жылы балық шаруашылығымен айналысуға алды. Кәсіпкер 2023 жылдың қараша айында су қоймасына 11 500 дана сазан және зеркальный карб шабақтары жіберілді. Ағымдағы жылы күз мегзілінде балық аулау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

2) Бүркітті су қоймасы ЖК «DXSTILL» 2022 жылы балық шаруашылығымен айналысуға алды. Кәсіпкер жоспар бойынша 2024 жылдан бастап 2,5 тонна тауарлы балық өндіруі тиіс.

3) Үлкен Қамқалы су айданын ЖК «Сәтті» (Баушенов Ринат Бақытұлы)  2021 жылы балық шаруашылығымен айналысуға алды. Су айданының жалпы жайылатын көлемі 301 га құрайды. 2022 жылдың қараша айында аталған көлге  құны 7 мың дана белый амур және 25 мың дана сазан шабақтары жіберілді. Ағымдағы жылы аталған 15 тонна балық өндірілді. Балық аулау жұмыстары жалғасуда. Балықтарды Тараз қаласындағы «Қайқармет» және «Ауыл Береке» базарларына шығарылуда. Алдағы уақытта 70 мың дана шабақ жіберуді жоспарланған. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4,5 млн. теңгеге балық ыстауға арналған сатып алуды жоспарлап отыр.

4) Жылқыбай су айдыны ЖК «Халиев» Мурат Халиевке 2024 жылы балық шаруашылығымен айналысуға алды. Қазіргі таңда су айдыны Талас өзенінде судың болмауына байланысты тартылып қалған. Бүгінде балық өсіру жұмыстары тоқтап тұр.

 

17.

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың (Қазақсода, ЕвроХим және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту

2026 жыл

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,

Сарысу ауданының әкімі (жинақтау)

Ауданда іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың («Қазақсода», «ЕвроХим» және т.б.) маңында жергілікті кәсіпкерлерді тарта отырып, шағын және орта бизнес кластерін дамыту мақсатында 2 субаймақ құру жоспарланды. Субаймақ құрудың Жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күнге 2 субаймақтың Сарысу-1» қосалқы аймағы - 38 га (Qazaq Soda ЖШС жанында), «Сарысу-2» қосалқы аймағы - 30 га («ЕвроХим-Қаратау» ЖШС маңы) жер телімдері анықталды. Бұл ретте инженерлік-инфрақұрылым желілеріне ең жақын қосылу нүктелері анықталып, алдын ала шығындар есебі жүргізіліп, «Тараз» Индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-не ұсынылды.

Қосымша 2 нүктеден (бұрынғы ДСК, ЖБИ зауыты маңынан -9,2 га, «Тараз көлік жолы» ЖШС асфальт-бетон зауыты маңынан - 60,0 га) субаймақтар ашу және қажетті инженерлік-инфрақұрылым желілеріне ең жақын қосылу нүктелері анықталып, алдын ала шығындар есебі жүргізіліп, «Тараз» индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-не ұсынылды.

 

 

 

Дата публикации
26 июля 2024