Тараз қаласы город Тараз
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын
субсидиялау нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 187 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29195 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.