Облыс әкімінің Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған
ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ |
|
1. |
Билікөл ауылдық округінде орналасқан 4 елді мекенді (Қарабастау, Дарбаза, Әбдіқадыр, Жылыбұлақ) табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу
|
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Билікөл ауылдық округіндегі Қарабастау, Абдықадыр, Дарбаза, Жылыбұлақ елді мекендеріне кварталішілік және магистралдық газ тарту жүйесінің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім өткізілді. Ендігі кезекте республикалық нақтылауда қаржы қарастырылса ағымды жылы газ тарту жүйесінің құрылысы басталатын болады. Тапсырма орындалу үстінде |
|
2. |
Б.Момышұлы ауылындағы «Тесік көпір» аталып кеткен өткелдің жанынан екі жолақты жол салуды қарастыру |
2024 жылдың қыркүйек айы |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Заман талабына сай, бір уақытта екі көлік қарама-қарсы сиып қатынайтындай ЖСҚ әзірлеп, тапсырысшы Жуалы ауданы әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі атына жалпы құны 1 018 446, 845 тг құрайтын 12.06.2024 жылғы №19-0253/24 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаржы қарастыру үшін тиісті мекемелерге хат жолданды. Тапсырма орындалу үстінде |
|
3. |
Ауданда құрылысы ұзаққа созылған Қайрат ауылындағы мәдениет үйі және Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені құрылыстарының сапалы аяқталуын бақылауға алып, өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған мердігерлерге заң аясында тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылдың тамыз айы |
Облыс әкімдігінің құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары бойынша Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз беріліп, сот ұйғарымы бойынша Мердігер бюджетке қаржыны қайтаратын болып шешілді. Мәдениет үйі объектісінің құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін жаңа Мердігері "Bek stroy 2010" ЖШС-мен келісім шарт рәсімделіп, 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, 20 маусым күні ашылды. Тапсырма орындалды |
|
4. |
«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағытын кеңінен насихаттау жұмыстары ұйымдастырылсын
|
Тұрақты |
«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша, бүгінгі күнге 5 ауылдық округ (Ақтөбе-2, Ақсай-5, Жетітөбе-3, Қарасаз-2, Қызыларық-2, Мыңбұлақ-5) тұрғындарымен жұмыстар атқарылды. 5 ауылдық округте кәсіпкерлік бағытта 19 жоба ұсынылып, бүгінгі күнге 10 жоба қаржыландырылды. 9 жоба құжаттары толық өткізіліп, қаржыландыруды күтіп отыр. Тапсырма орындалды |
|
5. |
Кадр мәселесін шешу мақсатында ауданға келіп жатқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету
|
Тұрақты |
Жуалы ауданының әкімі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығына сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган, жұмысшы органы болып табылатын Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2024 жылға 006 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасына республикалық бюджеттен 26 маманға 223 366,0 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекенге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада 175 370,0 мың теңге 19 маманға; ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада 110 760,0 мың теңге 15 маманға. 099 «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасында 322 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер» ерекшелігіне аудандық бюджеттен 60 маманға 22 152,0 мың теңге жоспарлануда. 2024 жылдың 09 сәуірдегі жағдай бойынша 100 (жүз) еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы әлеуметтік қолдау шарасы 10 маманға (3 692,0 мың теңге) ұсынылды. Оның ішінде: білім саласы – 4 маман, мәдениет саласы – 2 маман, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 3 маман және ауыл, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекет қызметшілері – 1 маман. Тапсырма орындалды |
|
6. |
Спорт нысандары жоқ елді мекендерде білім нысандарының спорт залдарын кешкі мезгілде ауыл тұрғындарының пайдалануына беруді ұйымдастыру
|
2024 жылдың 15 ақпанына дейін |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Білім мекемелерінің спорт залдарында кешкі мезгілде аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін, білім басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы және аудан әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасалып, спорт залдарында ауыл тұрғындарының шұғылдану кестесі жасалды. Тапсырма орындалды |
|
7. |
Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру
|
2024 жылдың қазан айы |
Жуалы ауданының әкімі |
Күреңбел ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында жаңа ауыз су құрылысына ЖСҚ әзірленіп Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы тиісті министрлікке бюджеттік өтінім жолданды. Тапсырма орындалу үстінде |
|
8. |
Ауданда қыс мезгілінің қатаңдығын ескеріп, шынжырлы трактор (гусеничный) алу бойынша тиісті жұмыстар атқару
|
2024 жылдың қазан айы |
Жуалы ауданының әкімі |
Жамбыл облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына аудан әкімі тарапынан 20.02.2024 жылы №217 шығыс хатымен қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау үшін 4 дана техникаға /859474,0 мың теңге сұраныс хат жолданған. Тапсырма орындалу үстінде |
|
9. |
«Билікөл» көлінің суының азаюына байланысты тиісті ғылыми мекемелерді тарта отырып, экологиялық апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізу |
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті (келісімі бойынша), Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)
|
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі – Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Билікөл көлімен және Ақкөл су қоймасымен бірге Аса өзеніндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерін анықтау бойынша жобалау сметалық құжаттамысын әзірлеп, 2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің 26 ақпанындағы «Жамбыл облысының Аса өзенінде, Билікөл көлінде, «Ақкөл» және «Бөгеткөл» су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» № 35 Қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) бекітілді. Қаулыға сәйкес Билікөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінде Кодекстің 125-бабының 2-тармағы негізінде қызметіне тыйым салынған 2 объекті бар (06-089-013-289 ТОО Керамик Инвест құрылыс құмын өндіру үшін; 06-089-013-236 Тулегенова Г. балық өнімін және тауарлық-балық шаруашылығын қайта өңдеу объектісін салу үшін), осыған байланысты бұл объектілерді су қорғау аймақтары мен белдеулерінен тыс жерлерге шығаруға ұсынылады (қосымша тіркеледі). Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығымен бекітілген, Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидасының 6 тармағына сәйкес, су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерiн iздестiру және жобалау жұмыстары нәтижесiнiң негiзiнде ғылыми жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми, мамандандырылған және жобалау ұйымдары әзiрлейдi делінген. Осыған байланысты, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының баға ұсынысы негізінде Билікөл көліне шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу бойынша бюджеттік өтінім әзірленуде. Қазіргі уақыттағы су деңгейі бақылауда. Тапсырма орындалды |
|
10. |
«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолды асфальттау бойынша ұсыныс енгізу |
2024 жылдың 1 наурызына дейін |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)
|
«Көксай» этно-туристік демалыс аймағына баратын жолға қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Тапсырма орындалу үстінде |
|
11. |
Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы 45-60 шақырым жол аралығын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылдың наурыз айы |
Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Облыстық мәндегі Б.Момышұлы – Қошқарата бағытындағы автомобиль жолының 45-60 шақырымдарын орта жөндеуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бүгінгі күнге ешқандай мердігер конкурсқа қатысқан жоқ. Тапсырма орындалу үстінде |
|
12. |
Ауданда өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша тиісті жұмыстар атқару |
Тұрақты |
Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау)
|
Ауданымызда 9 сүт өңдеу цехы тұрақты жұмыс атақарады олар: 1) «Бурный сүт компаниясы» ЖШС, 2) «Ақ мол-2025» ЖШС, 3) «СМТС» ЖШС, 4) «ЛФ команиясы» ЖШС, 5) «ALI-KО SUT 2023» сүт өнімдері ЖШС 6) «Бурненская сырная компания» АШӨК 7) «Алатау сүт өнімдері» АШӨК 8) «Бақдаулет» АШӨК 9) ЖК "Олжа" АШӨК Сонымен қатар, 2 сүт өңдеу цехын іске қосу жұмыстары атқарылуда олар: Қызыларық а/о «МолДаму» АӨК, Күреңбел а/о «Асылжан» АӨК. Тапсырма орындалды |
|
13. |
Рысбек батыр ауылынан 100 орындық мектеп құрылысын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау
|
2024 жылдың маусым айы |
Облыс әкімдігінің білім, құрылыс, басқармалары, Жуалы ауданының әкімі (жинақтау) |
Құрылыс басқармасы тапсырыс беруші ретінде Рысбек батыр ауылында 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын ЖСҚ-ын әзірлеп, 2023 жылдың 14 қарашасында жалпы сметалық құны 1 592 068,0 мың теңгені құрайтын сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаржы бөлуге сұраныс берілді. Тапсырма орындалу үстінде |