Облыс әкімінің Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында
айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы мәлімет |
|
1 |
Ауданға инвестиция тарту мәселесі бойынша шетелдік инвесторлармен заңға сәйкес жұмыстарды жүргізіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнату |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі «ҚазПромЛит» ЖШС кварцит өндіру жобасына шетелдік инвестор тартылған (Қытай азаматы) және «ТасМаркет» ЖШС. Жоба құны: 5,0 млрд. теңге. БАҚЫЛАУДА
|
|
2 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстарды заңға сәйкес жүргізу |
2024 жылдың соңына дейін |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
2024 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жоспары Жамбыл облысы жер қатынастары басқармасымен 6 000 гектар болып бекітілді. Бүгінгі күнге 3 045 гектар жер телімдері қайтарды. Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сот №3115-24-00-2/101 шешімімен «Қайнар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 45000,0 гектар жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Бұл жұмыстар басты назарға алынып,әрі қарай жұмыстар жүргізілуде. ОРЫНДАЛУДА |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің барлық түрін (агро оқыту, арзандатылған бағада дизель отынын алу, тыңайтқыштарды алу т.с.с.) тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандыру |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округтерді аралап агрооқыту жүргізілген. Шаруалармен кездесу барысында шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен субсидиялау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2023 жылы 1,3 млрд теңгеге 128 техника сатып алынып, АШ техникасының паркі 13 пайызға жаңартылса, 2024 жылдың басынан (2024 жылға жоспар 6,5 %), 1,102 млрд теңгеге 28 бірлік (жоспардың 3,1%) АШ техникалары сатып алынды, жыл соңына дейін 55 дана техника алу жоспары бар. 2023 жылы 5937,4 тонна тыңайтқыштар алынса, 2024 жылға 6785,4 тонна тыңайтқышқа тапсырыс беріліп, бүгінгі күнге 143 АШТӨ-мен 6 374,7 тонна (жоспардың 55,9%) алынып, 25 498,6 гектар алқапқа сіңірілді. Жыл соңына дейін 5 038,8 тонна алу жоспарлануда. ОРЫНДАЛДЫ |
|
4 |
Аудандағы ағын судың жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, ауыл шаруашылығы мақсатында шаруа қожалықтардың дұрыс әрі тиімді пайдалануын қадағалау |
Вегетациялық кезең аяқталғанға дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі мен «Қазсушар» РМК мамандары тарапынан тәлімді егістік алқаптарына ағын суды қажет ететін дақылдардың орналастырылуына жол бермеу мақсатында және келісім-шартқа тұрмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суармалы жерлерге су берілмейтіндігі түсіндірілді. Қазіргі уақытта ағын сулары суармалы егістік алқаптарына ғана берілуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
5 |
Жарлысу ауылындағы ауыз су мәселесін түбегейлі шешілгенге дейін қатаң бақылауда ұстау |
Тұрақты |
Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жарлысу ауылының ауыз суы 2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 414,4 млн. теңгеге салынып, жыл соңында пайдалануға берілген. Жамбыл облыстық экономикалық сотына талап арыз беріліп, Аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, мердігер «Жигер-2004» ЖШС өз қаражаты есебінен өзара «Жамбылбурводстрой» ЖШС-мен келісім шарт арқылы бұрынғы қазылған ұңғымаларды жобаға сәйкестендіру, 200 метр тереңдік қазу жұмыстарын 20-шы наурызынан бастады. 2024 жылдың 4 мамырдағы жағдайы бойынша 1 су ұңғымасы 202 м тереңдікке қазылды. Алайда қажетті су көлемі жоқтығы анықталды. Бүгінгі таңда су көздерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде (С.Мұқанов көшесі №31 үйдің маңында анықталған су ұңғымасы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Архив құжаттарына сәйкес ұңғыма 1967 жылы қазылған, тереңдігі 175 м., дебет 7 л/сек., су көзі 82 м.) Сонымен қатар, аудан әкімдігінің тарапынан Алматы қаласында орналасқан «Южказнедра» филиалына арнайы хат жазылып, аталған ауылда су көздерін анықтау зерделеу бойынша кеңес ұйымдастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы күндері жоғары аталған мекеме өкілдерімен нысан басында зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Анықтама. 2023 жылы қосымша 3-ші су ұңғымасын қазу (300 м тереңдік) бойынша мердігер мекеме тарапынан ЖСҚ әзірленді. Жоба құны – 177,6 млн.теңге. Алайда су қоры бойынша геологиялық зерттеулер жүргізілмеген. 2015 жылғы су қоры бойынша құжаттарға сүйене отырып жасалынған. БАҚЫЛАУДА |
|
6 |
Ақыртөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйін және Жаңатұрмыс ауылындағы құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ақыртөбе ауылынан 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде нысанына 2023 жылдан өтпелі 81,0 млн.теңге қаралып игерілді. 2024 жылға 232,6 млн.тенге бөлінді. Мердігер «AKM Group» ЖШС. Келісім шарт құны 315,1 млн.теңгені құрайды. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Жаңатұрмыс ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізілуде Келісім-шарт құны 294,8 млн.теңгені. 2023 жылы 81,0 млн.теңге бөлініп игерілді. Мердігер «НұрТұрсын» ЖШС нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. 2024 жылға 204,0 млн тенге бөлінді. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
7 |
Ауданға қатысты әлеуметтік желідегі сын ескертпелердің барлығына дер кезінде жауап беріп, оларды қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастырсын |
Тұрақты |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Әлеуметтік желілерде сын ескертпелер дер кезінде жауап беріліп, шешу жолдары тұрақты бақылауда. БАҚЫЛАУДА |
|
8 |
Аудандық мектептердің рейтінгі мәселесі бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, облыстық 109 анықтама бюросының телефон нөмірлерін мектептерге орналастыру жұмыстарын жүргізу |
01.09.2024 жыл |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Т.Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты 39 мектеп, 14 бөбекжай бақшалары, 5 қосымша білім беру мекемесі, 1 педагогикалық-психологиялық түзету мекемесіне 109 анықтама бюросының телефон номерлерін орналастыру туралы жұмыстар жүргізіліп, орнатылды. ОРЫНДАЛДЫ |
|
9 |
Балалардың жазғы демалысы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша (тиым салынған көл-тоғандарға шомылу және т.б.) түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жазғы сауықтыру лагеріне жіберу мәселесін қарастырсын |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жазғы науқанды ұйымдастыру, сондай-ақ балалардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу және болдырмау мақсатында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» атты жас ерекшеліктері бойынша мектеп оқушыларына гайдбуктер (жадынамалар) таратылды. Осы мақсатта, біз жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі «Жазғы демалыс» қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынама әзірлеп, білім мекемелеріне, ата-аналар чаттарына таратылып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Сонымен қатар, жазғы маусымда балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында білім бөлімі тарапынан су тоғандарына жақын маңда орналасқан мектептерде кезекшілік кестесі бекітілді. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы «ҚР Оқу ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» атты №581 қаулысының балаларды сауықтыру, демалысын ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, ағымдағы жылы мектеп жанындағы лагерьлерге 9772-оқушы, қала сыртындағы лагерьлерге 350 оқушы қамтылады. ОРЫНДАЛДЫ |
|
10 |
Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізінде орналасқан көпірдің (Құлан-Луговой ауылының ортасындағы) астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Батыс Қытай-Батыс Еуропа авто дәлізінде орналасқан көпірдің (Құлан-Луговой ауылының ортасындағы) астына жолаушылардың заңсыз тұруын реттеу және бейне бақылау камерасын орнату бойынша Жамбыл облысы полиция департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасына хат жолданды. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
11 |
Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына (Қарағанды, Астана бағытына баратын үлкен жүк көліктері сол таразыдан айналып өту үшін Луговой ауылының ішімен өтуде) орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру
|
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша) облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа авто дәлізіндегі Меркі ауданында орналасқан үлкен жүк көліктерін өлшейтін таразыны Луговой ауылына бұрылатын көпір маңына (Қарағанды, Астана бағытына баратын үлкен жүк көліктері сол таразыдан айналып өту үшін Луговой ауылының ішімен өтуде) орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша Жамбыл облысы полиция департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасы, “ҚазАвтоЖол” АҚ Жамбыл облыстық филиалына хат жолданды. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
12 |
Кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс жүргізу бойынша ювеналды инспекторлардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізу |
Шешімін тапқанға дейін тұрақты |
Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Жамбыл облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы (15/1-4-34/1132-И 15.04.2021 ж.) 2023 жылғы 12 айдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жүктемелерін есептеп, қосымша 102 штат бөлуі туралы ұсыныс ҚР ІІМ-ге жолданған. Алайда, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың штат санын ұлғайтуға, мораторий белгілеп және қатаң үнемдеу режимін 2 жылға енгізуіне байланысты. Жамбыл облысы Полиция департаменті Тұрар Рысқұлов атындағы ауданы полиция бөлімінің штаттық санын ұлғайтуды, мораторийдің күші жойылғаннан кейінге қалдыруға ұсыныс білдіреміз. БАҚЫЛАУДА |
|
13 |
Малдыбай ауылы тұрғындарының (сот процесі жүріп жатыр) жер мәселесін бақылауға алу (пай үлескерлері туралы) |
Шешімін тапқанға дейін тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы Іс №3150-22-00-2/342 шешімімен және атқару парағына сәйкес 31 пай үлескерлерге ауданы 4,0 гектардан 124,0 гектар жер учаскесі бөлініп беру туралы шешім шыққан. Т.Рысқұлов аудандық сотының 2022 жылғы 05 қазандағы шешімін, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 19.12.2022 жылғы №3199-22-00-2а/781 қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы талап арызыңыз ҚР жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 26.06.2023 жылғы №6001-23-00-3Г/2423(2) санды қаулысымен қараусыз қалдырылған. Сот шешіміне сәйкес 31 жер үлескерлер есебінен ауданы 124,0 га егістік жер учаскесі «Ауыл» шаруа қожалығына (басшысы Ж.Турапов) Т.Рысқұлов аудандық жер қатынастарын реттеу туралы комиссиясының 31.01.2024 жылғы №43 қорытынды хаттамасының негізінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 29.03.2024 жылғы №91 қаулысымен 20 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен рәсімделіп берілген. БАҚЫЛАУДА |
|
14 |
Мемлекеттен бөлінетін жеңілдетілген дизель отынының лимитін көбейту бойынша және дизель отынын алу мәселесі бойынша шаруаларға түсіндіру және қолдау шараларын жүргізіп, заңға сәйкес таратылуына ықпал ету |
Тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудан әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округі әкімшіліктері тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шаруаларға жеңілдетілген бағада күзгі дала жұмыстарына 1579 тонна берілсе, көктемгі дала жұмыстарына 120 шаруа қожалықтары 2609,9 тонна дизель отынына өтінім берілген. Таратушы оператор «Wedo Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруа қожалықтарына дизель отынын 1 (бір) литр құны 245 теңгеден таратуда. Бүгінгі күнге, ауданға жеткізілгені 2336,2 тонна дизель отыны, оның 2336,2 тоннасы 107 шаруа қожалықтарына таратылды. БАҚЫЛАУДА |
|
15 |
Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізіп, нәтижесін баяндау |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Д.Қонаев ауылындағы электр желісі бағандарының жағдайына зерделеу жүргізілді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес электр желісі мен бағандарын ауыстыру қажеттігі анықталды. Ол бойынша Жамбыл электр желісін тарату мекемесі тарапынан жоспарланған тізімге сәйкес 2025 жылғы инвест жобаға енгізілген. ОРЫНДАЛДЫ |
|
16 |
Аудан аумағында орналасқан оңалту орталығындағы балаларды тасымалдау үшін қосымша көлік (инватакси) қарастыру бойынша ұсыныс беру |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі
|
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарақыстақ мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не 2023 жылы қыркүйек айында мүгедектігі бар балаларды тасымалдауға арналған 7 орындық Газель-NEXT инва такси арнаулы көлігі алынды. 2024 жылдың наурыз айында өткен облыстық мәжіліс депутаттарының кезекті отырысының шешімімен мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған автобусты алу мақсатында облыстық бюджеттен 35 000 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2024 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының мемлекеттік сатып алудың №65468838-ОК1 лоты, № 11952622-1 хабарландару бойынша «ашық конкурс» тәсілімен мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған автобусты сатып алу жарияланды. Қазіргі таңда ашық конкурс аяқталып, сапаны бақылау агенттігінің шешімі күтілуде. Автобусты жеткізудің жоспарланған мерзімі 2024 жылдың шілде айының 15-30 күндері аралығы. ОРЫНДАЛДЫ |
|
17 |
Бала күнінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де (мүгедектікті қайта-қайта өтпеу үшін) мүгедектікті өмір бойы беру мәселесін қарастыру бойынша ұсыныс беру |
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №260 бұйрығында бала күннен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 жасқа толғаннан кейін де мүгедектікті өмір бойына беру мәселесі қарастырылмаған. Әлеуметтік маңызы бар аталған ұсыныстың шешімін табу мақсатында, облыстық ДСБ на арнайы хат жолданатын болады. ОРЫНДАЛУДА |
|
18 |
Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйді беру жұмыстарын заңға сәйкес жүргізу |
01.08.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылы Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйді беру жұмыстарын заңға сәйкес жүргіз, атап айтқанда “Тұрғын үй қатынастары” туралы заңға сәйкес жүргізілуде. А.ж. 12 шілде күні кезекте тұрған тұрғындарды қоныстандыру жоспарланып отыр. ОРЫНДАЛДЫ |
|
19 |
Шөңгер, Ақыртөбе, Р.Сабденов ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізсін
|
2025 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Шөңгер ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға қаржы бөлінді. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ақыртөбе ауылына ауыз сумен қамту бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралып, жоба әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Р.Сабденов ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтіінм берілді. 2025 жылға жоспарланды. ОРЫНДАЛУДА |
|
20 |
Құлан агротехникалық жоғарғы колледжіне Қазақстан Республикасының «Еңбек ері» С.Дөненбаевтың есімін беру мүмкіндігін заңға сәйкес қарастыру |
2024 жылдың соңына дейін |
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінде орналасқан Құлан ауылшаруашылық жоғары колледжіне Дөненбаев Сайранбайдың есімін беру үшін: «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 25-5-бабы, яғни Ономастика жұмысының критерийлері басшылыққа алынады: Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері: 1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру; 2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік; 3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру; 4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту; 5) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың жеке есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру болып табылады. Сайранбай Дөненбаев есімін жоғарыда аталған нысандарға беру үшін көрсетілген критерийдің 5-тармағына сәйкес Сайранбай Дөненбаев есімімен нысанды, көшені атау үшін жоғарыда көрсетілгендей қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң есімін беруге мүмкіндік туады. ОРЫНДАЛДЫ |
|
21 |
Қайыңды ауылына кіре беріс 5 шақырым жолды жөндеуге ЖСҚ әзірлеу |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Қайыңды ауылына кіре беріс 5 шақырым жолды жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛУДА |
|
22 |
Құлан ауылы, Панфилов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау
|
31.12.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылы, Панфилов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінгі таңда тиісті келісімшарттарға тұру жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛУДА |
|
23 |
Абай ауылдық округіне мәдениет үйін және спорт кешенін салу бойынша ұсыныс енгізу
|
2024 жылдың соңына дейін |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Еңбекші ауылына 140 орындық мәдениет үйінің жобасы дайын, Сметалық құны – 333,750 млн.тг Сараптама қортындысы 2022 жылы 16 желтоқсанда №СAPC-0239/22 алынған. Бюджетті өтінім облыстық экономика басқармасына өткізілді. Спорт кешенін соғу мақсатында ауыл әкімінің тарапынан жер телімі анықталып қажетті жұмыстар жүргізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының 2023-2027 жылдарға бекітілген бас жоспарына Абай ауылына дене шынықтыру спорт кешенін соғу туралы ұсыныс берілген, қазіргі кезде қолдау таппады. ОРЫНДАЛУДА |
|
24 |
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылын бөлек ауылдық округ ретінде бөлу мәселесін заңға сәйкес қарастырып, жауабын беру
|
01.07.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
«ҚР Әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне хаттамасы әзірленді. Бүгінгі күні, елді мекендердің жаңа шекаралары және мәселені өз мәнісінде шешу үшін маңызы бар өзгеде жағырапиялық деректері көрсетеліген схемалық карта әзірлеу үшін қажетті қаражатты есептеуге Т.Рысқұлов аудандық тіркеу және жер кадастры бөлім басшысы Н.Сансызбаевқа хат жолданған. Бүгінгі күнге, карта әзірлеу жұмыстары шешімін таппады. ОРЫНДАЛУДА |
|
25 |
Қорағаты ауылдық округі, Қорағаты стансасын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірлеу |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Қорағаты ауылдық округі, Қорағаты стансасын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаржы қаралып, жоба әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. ОРЫНДАЛУДА |
|
26 |
Луговой ауылындағы темір жол торабында орналасқан вокзалдың айналасын жөндеу, жаңарту және ретке келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізу |
01.07.2024 жыл |
Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Луговой ауылындағы темір жол торабында орналасқан вокзалдың айналасын жөндеу, жаңарту және ретке келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс енгізілді. Демеуші тарапынан ЖСҚ әзірлеуге демеушілермен келіссөздер жүргізілуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
27 |
Көгершін ауылына қосымша дәрігерлік амбулатория салу немесе ұлғайту бойынша ұсыныс әзірлеу және тиісті мекемеге енгізу
|
01.07.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Көгершін ауылына қосымша 10 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу 2025 жылы Даму жоспарына енген. ЖСҚ құны 200,0 млн.теңге. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
28 |
Ақыртөбе ауылының ортасына жылдамдық өлшегіш камерасын орнату мүмкіндігін қарастыру |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша), облыс әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Ақыртөбе ауылының ортасына жылдамдық өлшегіш камерасын орнату мүмкіндігін қарастыру бойынша Жамбыл облысы полиция департаменті және Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі басқармасына хат жолданды ОРЫНДАЛДЫ |
|
29 |
Аудандық емхананы қайта жаңғырту және жаңа құрылыс жүргізу үшін қаражат қарастыру |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің құрлысы басқармасы, денсаулық сақтау басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Аудандық аурухананың 260 келушіге арналған аудандық емхана бөлімі бейімделген ғимаратта орналасқан, осы ғимаратты типтендіру мақсатында қосымша құрылыс жүргізуге құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжат дайындалып мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Аудандық емхананың қосымша құрылысы (500,0 млн теңге), 2026 жылға өтпелі (673,0 млн теңге), жобалық- сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптама алынған. Бюджеттің 1 жарты жылдық нақтылау жұмыстары жүргізулуде. Құрылыс жоспарына енгізілді. ОРЫНДАЛУДА |
|
30 |
Бос тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын тиімді пайдалану бойынша ұсыныс беру |
01.06.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Құлан ауылында орналасқан бос тұрған бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратын пайдалану бойынша облыс әкіміне ұсыныс енгізілді. Күрделі жөндеуден өткізу бойынша ЖСҚ әзірленуде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
31 |
К.Бекебаев атындағы орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін (ЖСҚ әзірленген, 456 млн. теңге) қаражат қарастыру мәселесін пысықтау |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (жинақтау), Т.Рысқұлов ауданының әкімі |
Құлан ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын, Сметалық құны - 435,820 млн.тг. Жобалаушы "BS ARCHI GROUP" ЖШС. Сараптама қортындысы 2023 жылы 17 қаңтарда алынған. № ОСАР-0002/23 бюджетті өтінім құрылыс басқармасына өткізілді. ОРЫНДАЛУДА |
|
32 |
Сұмқайты елді мекеніне табиғи газ тарту, жол салу үшін қаражат қарастыру мәселесін пысықтау |
01.08.2024 жыл |
Облыс әкмінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары басқармалары, Т.Рысқұлов ауданының әкімі (жинақтау) |
Сұмқайты елді мекеніне табиғи газ тарту, жол салу үшін қаражат қарастыру бойынша демеуші “Шәушен” Шаруақожалығы тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Жоба әзірленгеннен кейін тиісті қаржы қарастыруға өтінім жолданатын болады. ОРЫНДАЛУДА |