Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында

айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

 

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.     

Қаратау қаласындағы саябақтарды ретке келтіру бойынша талдап  («Рухани Жаңғыру» және Орталық саябақ), мәселесін шешу

2024 жылғы шілде

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

1. 2023 жылы Қаратау қаласындағы «Орталық саябаққа» 16,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, абаттандыру (суландыру жүйесі жүргізіліп, келушілерге арналған әжетхана салынып, кіреберісіне субұрқақ орнатылды) жұмыстары жүргізілген.

2024 жылы саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жол бойы жарықтандырылды.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан 400,0 млн. теңгеге 2 жобаны (Орталық саябақ ішіне Этномәдени тұрғыда абаттандыру және 5 мөлтек ауданына спорт және балалар ойын алаңшалары) іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2. Қаратау қаласы «Рухани Жаңғыру» аллеясын 2025-2027 жылдары абаттандыру мақсатында 2024 жылы ЖСҚ әзірленді. Жоба құны - 361,8 млн. теңге. 2024 жылдың маусым айында аудан әкімдігіне ұсынылып, қаралу үстінде.   

 

2.     

Аудандағы жөндеуді қажет ететін каналдарды ретке келтіру бойынша ұсыныс енгізу (Бостандық а/о «Ұзын», «ЛВМК Жиембет», «Қыдыр», «Көккөл», «Әбіш» каналдарыы, Аққұм а/о «ПВМК Жиембет», «Аққұм» каналдары, С.Шәкіров а/о «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек» каналдары, Ойық а/о «ЛВМК Ойық», «МЛР» каналдары, Ақкөл а/о «Орта арық», «Жаңатоған» каналдары)

2024 жылғы қараша

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек, «Казсушар» РМК облыстық филиалы (келісімі бойынша),

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы табиғи ресурстар басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Аудан теңгеріміндегі 14 каналды қайта жаңғыртудан өткізу үшін 2023 жылы аудандық бюджеттен 168 млн. теңге қаржы қарасытырылып, ЖСҚ әзірленді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамада. Мемлекеттік сараптамадан шығу уақыты – 01.09.2024 жыл.

 

3.     

Аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету

2024 жылғы қыркүйек

Талас ауданының әкімі

Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің 18.03.2024 жылғы №23 бұйрығына сәйкес, «Таза-Талас» ШЖҚ КМК-нің теңгеріміндегі ғимарат «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теңгеріміне берілді. Бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

 

4.     

Ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды бақылауда ұстау және ірі инвестициялық жобалар тарту

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы,Талас ауданының әкімі (жинақтау)

 «Талас»  индустриялық аймақта жалпы құны 43,6 млдр. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда:

1. «Talas Investment Company» ЖШС-гі жобаны құны 25,8 млрд. теңгені құрайды. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Қазіргі таңда газ, су инфрақұрылымы тартылған. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жыл.

2. «Karatau Chemicals» ЖШС. Мақсаты жылына 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіру. Жалпы инвестиция                               2,8 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарлануда.

3. «Азия хим» ЖШС-не 20,4 га жер берілген. Жоба құны 15 млрд. теңгені құрайды. Жылына 150,0 мың тонна фосфор тыңайтқышын шығаратын болады. Жобаны іске асыру 2024-2026 жылдары жоспарлануда. Бүгінгі таңда зауыттың ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.

Сонымен қатар, «КазМеталГрупп» ЖШС жылына 20,0 мың тоннадан 100,0 мың тоннаға дейін металл магний өнімін өндіретін зауыт соғу жоспарлануда. Қазіргі таңда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

 

5.     

Қаратау қаласындағы үй кезегінде тұрған азаматтардың өз кезегімен үй алуын және кезек санын азайтуды тұрақты бақылауда ұстау

тұрақты

Талас ауданының әкімі

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 1 435 адам тіркелген (о.і. көп балалы отбасылар – 271, әлеуметтік осал топтар – 745,мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлер – 416).

2023 жылы облыстық бюджеттен 2 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту мен инженерлік-инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға 666,1 млн. теңге бөлінді (о.і. Қаратау қаласы 3 мөлтек аудандағы №5, №6 жатақханалар ғимаратын қайта жаңғыртуға әр қайсына 318 млн. 072 мың теңге бөлінді). Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды. Пәтер саны – 100.

Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді дайын күйінде сатып алуға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлініп, Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 (96 пәтер), Б.Момышұлы көшесі №13 (80 пәтер) 3 мөлтек ауданы №16 (96 пәтер) үйлер сатып алынды. Үнемделген қаржы есебінен Қаратау қаласынан қосымша 28 пәтерлер сатып алынды. Жапы кезекте тұрған 1 435 адамның 400-ін пәтермен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда Қаратау қаласындағы көпқабатты үйлердегі 160 пәтерді дайын күйінде сатып алу жоспарлануда.

 

6.     

Ағымдағы жылға жопарланған аудандағы елді мекендерді ауыз су (Сейілбек,Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары)  және табиғи газбен қамтамасыз етуді (Берікқара, Қасқабұлақ, Қаратау, Көктал а/о) мерзімімен жүргізу

 

тұрақты

2024-2025 ж.ж.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

1. Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 7 елді мекенге (Сейілбек, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр, Ақтөбе, Қожағаппар ауылдары) ауыз су тарту үшін барлығы 2,8 млрд. теңге  (ҰҚ- 2 178 523,0 мың теңге, ОБ - 672 291,0 мың теңге) қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары 31.12.2024 жылы аяқтау жоспарлануда.

Мердігерлер: «СамұрықКонстракшн», «ФортеКапитал», «ТемирСтрой», «Байсн», «Прақ-Құрылыс», «ИнтелектАзия» ЖШС.

2. Майтөбе, Қожағаппар ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге  жалпы қажетті 2,9 млрд. теңгенің ағымдағы жылы Ұлттық Қордан 1,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға ауыспалы.

Ал, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой, Көктал ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айында облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді. Жалпы сметалық құндары – 4,4 млрд. теңге.

 

7.     

Қаратау қаласы, А.Шымырұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2024 жылғы желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қаратау қаласы, А.Шымырұлы, Суханбаев, Көшек батыр, Сеченов көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін 2024 жылы аудандық бюджеттен 39 млн. теңге қаржы қаралып, а.ж. маусым айында орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Мердігер: «Тараз Көлік Жолдары» ЖШС.

 

8.     

Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы көшесін жарықтандыру мәселесін шешу

2024 жылғы желтоқсан

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Қаратау қаласы, Қонысбай Назарбекұлы, А.Момбеков және Фабричный көшелерін жарықтандыру үшін аудандық бюджеттен 8,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жарық қосу жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер: «АлираСервисКомпаний» ЖШС.

 

9.     

Қаратау қаласындағы ескі «Авангард» кинотеатрын заманауи кинотеатр ретінде жөндеу мәселесін қарастыру

 

2025 жыл

желтоқсан

Талас ауданының әкімі

 

Ағымдағы жылы «Авангард» кинотеатрының ЖСҚ-сын әзірлеуге аудандық бюджеттен
5 млн. теңге қаржы қарастырылып,  қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

10.  

Қаратау қаласындағы көппәтерлі ғимараттардың алдын жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

 

2024 жылғы

қыркүйек

Талас ауданының әкімі

Қаратау қаласы бойынша барлығы 153 шағын және көпқабатты тұрғын үй бар (о.і.

екі қабаттысы - 84 үй, үш қабаттысы – 2 үй,

төрт қабаттысы – 17 үй, бес қабаттысы – 48 үй, тоғыз қабаттысы – 2 үй).

2024 жылы Қаратау қаласы бойынша жарықтандырылмаған Ә.Молдағұлова көшесі №20, №22, Тамды әулие көшесі №1 шағын қабатты және Б.Момышұлы көшесі №9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына тіректер (столб) орнатылып, демеуші есебінен толық жарықтандырылды. Бүгінгі таңда Қаратау қаласы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылған. Сонымен қатар, тағы да тұрғындарға тапсырылып жатқан тұрғын үйлер қосымша жарықтандырылуда.

 

11.  

Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектептегі жарамсыз тұрған екі спорт залының мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу

2024 жылғы маусым

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Тамды ауылындағы Қойгелді орта мектебі          1990 жылы кірпіштен соғылған, типтік. Жобалық қуаттылығы 720 орынды. 2023-2024 оқу жылында 284 бала білім алды.

Қазіргі таңда мектептің спорт залының тозығы жеткен.

Осыған орай, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес 2026-2027 жылдары Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Білім басқармасы тарапынан құрылыс басқармасына 2025 жылы Қойгелді орта мектебінің спорт залына қайта жанғырту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім жолданды.

 

12.  

Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлерінің жетіспеушілік мәселесін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізу

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

2024 жылғы 1 шілде жағдайына Талас аудандық көпбейінді  орталық ауруханасында барлығы 512 медицина қызметкерлері бар (91 дәрігер, 421 орта медицина қызметкерлері).

Аудан бойынша Қаратау қаласында дәрігерлер тапшылығы 8 бірлік (ересектер мен балалар акушерия және гинекологиясы 2, Оториноларингология ересектер, балалар 1,травматология-ортопедия (камбустиология) ересектер, балалар 1, офтальмология (ересектер, балалар) 1, невропатолог  ересектер  1,  хирург (ересектер, балалар) 1, неонатолог    1)

Өңірдегі кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Жоғарғы медицина уневерситеттерін бітіруші түлектердің  «Дипломмен  ауылға» жәрмеңкесіне қатысып, ауданға жас мамандарды шақыру жүргізілуде. Медициналық ұйымдардың есебінен, атап айтқанда,   офтальмология және радиология (сәулелі диагностика) мамандықтары бойынша 2 дәрігерді резидентурада оқытып, мамандарды дайындауда. Оның ішінде радиология мамандығын бітірген резидент дәрігер 2023 жылы жұмысқа орналасты.

2024 жылы өңірге 1 жас маман келді, резидентураны тәмамдаған соң  2024 жылға жергілікті бюджетпен бітірген 3 дәрігердің,  жұмысқа орналасуы күтілуде. Атап  айтқанда   Анестезиолог-реаниматолог - 1 ,   Неонатолог  - 1,  Кардиолог  - 1.

 Сонымен  қатар жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды

Жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 35 дәргер өңірге жұмысқа келді.

Одан бөлек, 56 дәрігер резидентурада оқиды.

2024 жылғы 24 сәуірде Жамбыл облыстық мәслихатының «Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібімен мөлшерін айқындау туралы» №14-3 шешімі бекітілді.

Шешімде, жұмыс үшін облысқа келетін медицина қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалды:

1) облыстың ауылдық жерлерінде, кенттерге, моноқалаларға, аудандық  маңызы бар қалаларға жіті тапшы мамандар бойынша 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

2) облыстың ауылдық жерлерінде, кенттерге, моноқалаларға, аудандық  маңызы бар қалаларға 1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге мөлшерінде;

3) Тараз қаласына 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде.

 Сонымен  қатар  Республикалық  бюджет ( 100 МРП )  көтерме  ақы ,   пәтер,  үй алуға  бөлінген   5  пайызды  несие   және   әкімшіліе  есебінен  берілетін  қызметтік  пәтер.

 

13.  

Малдарға егілетін екпелердің (сібір жарасы, конго-кырым т.б.) мерзімінде егілуін, «Беккер» шұңқырының жетіспеушілігін шешуді қамтамасыз ету

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ветеринариялық басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

1. Аудан бойынша 7 сібір жарасының ошағы бар (Берікқара а/о-2; Қасқабұлақ а/о-1; Қаратау а/о-2; Үшарал а/о-1; Қаратау қ-1). 2024 жылы кешенді ветеринариялық  іс-жоспарға сәйкес наурыз-сәуір айларында сібір жарасы ауруына қарсы аудан бойынша                         МІҚ малы – 12 000 бас, қой-ешкі малы – 183 800 бас, жылқы  малы – 6 500 бас, түйе малы – 1 800 басқа вакцина егілді.

II-жартыжылдықта МІҚ малына, жылқы малына, түйе малына және шошқа малына – 78 500 доза сібір жарасы ауруына қарсы вакцина егіледі деп жоспарлануда. Ал ұсақ қой-ешкі малына – 77 100 доза вакцина егіледі.

2. 2024 жылғы 25 қаңтарда Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКҚГҚ) табиғи ошағында қоныстанған Қаратау қ., Тамды, Үшарал, Кеңес, Бостандық, Аққұм, Ойық ауылдық округтерінің тұрғындарын қорғау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы №01-09 қаулысы қабылданды. Аталған қаулыға сәйкес аудан аумағында көктем және күз мезгілдерінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 3 кезеңде жүргізіледі.

10 елді мекенде дезинфекциялық шараларды жүргізуге аудандық бюджеттен барлығы 25,0 млн.тг қаражат қарастырылды.  Жеңімпазы «Дезинфекционный центр-Гарант» ЖШС.

Сонымен қатар, дезинфекциялау жұмыстарына қажетті 8 751,0 кг дельтометрин, 2 004,9 л ципек, 334,1 л парисар препараттары облыстық бюджеттен 29 304,0 мың теңге қарастырылып, сатып алынды. Жеңімпаз «Защита растений» ЖШС. Препараттар толық ағымдағы жылдың 14-15 мамыр аралығында таратылды.

Қазіргі уақытта ҚКҚГҚ қарсы залалсыздандыру жұмыстарының                1 және 2-кезеңдері аяқталып, барлығы  457 601,2 ш.м. қора-жай, 75 636 ш.м. буферлік аумақ және 153 767 бас мал залалсыздандырылды.

3. Аудан аумағында Тамды ауылдық округіне биотермиялық шұңқыр (Беккери) құрылысын жүргізу мақсатында ағымдағы жылы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, биотермиялық шұңқыр (Беккери) құрылысына қажетті жер таңдау актісі әзірленуде. Қаражат қарастыру ағымдағы жылдың                             ІІ-жартыжылдыққа жоспарлануда.

 

14.  

Шаруа қожалықтармен кездесіп, ағын су, тыңайтқыш, субсидия мәселесін шешуді қарастыру

2024 жылғы
30 мамыр

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Тамабек,

облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауы бойынша шаруаларға несие, субсидия алу, техника жаңалау, минералды тыңайтқыш, дизель майы, т.б. жеңілдіктер жайлы түсіндіру, насихаттау семинарлары тұрақты өткізілуде.

Көктемгі дала жұмыстары барысында су қоймалары, өзен арналарындағы нысандардың қақпаларының толық өз деңгейінде жұмыс істеуі тексеріліп, ағын судың кедергісіз ағуы үшін елді-мекендердегі арық-атыздар, канал жүйелері және көпір асты арықтары қамыс пен қоқыстан тазартылды.

Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын орнату, жер асты суларын пайдалану, сонымен қатар су сорғы құралдарын заңсыз қолданбау (анықталған жағдайда айыппұл салу), ағын суды жүйелі, келісім-шарт жасасу арқылы пайдалану бойынша аудандық Қазсушар мекемесімен бірлесіп, Талас өзені бойындағы егінмен айналысып отырған шаруашылықтарға түсіндірілді. Осыған байланысты каналдардағы судың ретімен берілуіне тұрақты кезекшілік жасау мақсатында 5 бірлік ақылы қоғамдық жұмысшыларға өтінім қабылданды.

Қазіргі таңда «КазСуШар» РМК Ақкөл өндірістік бөлімшесімен келісім-шартқа отырған 102 шаруа қожалықтарға су бөлініп, егіс алқаптарын суару жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 2024 жылы жалпы 915,3 тонна (2023 жылы 489,7) тыңайтқыш алу жоспарланған. Оның ішінде: 396,7 тн- азотты, 91,3 тн- фосфорлы, 427,4 тн- басқа түрлері. Қазіргі уақытта 548,2 тн тыңайтқыш алынған.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың негізгі бағыттары: мал шаруашылығын субсидиялау, инвестициялық субсидиялар, егін шаруашылығындағы көп жылдық екпелерді, тыңайтқыштарды, тұқымдарды субсидиялау, өнімді қайта өңдеуді субсидиялау және т.б. Gosagro.kz ақпарат жүйесінде субсидияға өтінім беру тәртібі мен талаптарын шаруашылық төрағалары мен округ әкімдіктерінің сала мамандарына түсіндіру семинарлары өткізілді.

 

15.  

Үшарал ауылдық округіне қарасты Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолды (11 шқ, ЖСҚ әзірленген) жөндеу мәселесін қарастыру

2025 жылғы сәуір

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы,

Талас ауданының әкімі (жинақтау)

Үшарал ауылдық округі, Арал, Қайыр елді мекендеріне қатынайтын жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін 176 млн. тг. ЖСҚ әзірленген. Алайда, қаражат қолдау таппауына байланысты жобаның мерзімі өтуіп, жобаны қайта түзету үшін аудандық бюджеттен 1,6 млн. тг қаражат қарастырылып, жұмыстар жүргізілді. Сметалық құны 540,6 млн. тг. 2024 жылы облыстық жол басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржыландыру                    2024-2025 жылдарға жоспарлануда.

 

16.         

Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына демеушілер есебінен қоймалар соғып беру мәселесін қарастыру

 

2024 жылғы шілде

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі

Облыс  әкімдігінің жұмыспен  қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес «Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не  заттар қоятын қойма соғып беру туралы ұсынысы негізінде аудан көлемінде демеушілер табылмаған.

Басқарма тарапынан қажетті қоймалардың ЖСҚ (7,0 млн. тг) дайындалып, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына екі рет нақтылау кезінде (ақпан және сәуір айларында) өтінімдер берілген. Алайда, облыстық бюджеттік комиссиясы тарапынан қолдау таппады. Енді тамыз айындағы нақтылауға тапсырыс беріледі.

 

17.         

Қаратау қаласы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын арнайы көлікпен қамтамасыз ету

 

2024 жылғы қараша

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (жинақтау),Талас ауданының әкімдігі

«№ 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-сі,  Сізден Орталықтағы мүмкіндігі шектеулі яғни (қол арбаға таңылған) қызмет алушыларды тасымалдауға арналған Газель мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықтармен (гидравликалық көтергішпен) жабдықталған 7 (жеті) орындықты ГАЗ А31R33, 2022 жылғы  1 дана - 31360,0 мың тенге қажетті қаражатты бюджет есебінен қосымша бөлінуіне ықпал ету бойынша екі рет (09.04.2024 жылғы №1-21/114, 16.05.2024 жылғы №1-23/144) сұраныс хаттар жолданған. Басқарма тарапынан облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджетті нақтылау барысында тапсырыс беріліп, екеуінде де қолдау таппады. Енді 2025 жылдың бюджеттік өтініміне тапсырыс беріледі.

18.         

Қаратау қаласындағы колледждерде ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мамандықтары тапшылығын зерделеп, ақпарат ұсыну

2024 жылғы маусым

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау),

Талас ауданының әкімі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты 20 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын колледждердің саны – 10 (Құлан агротехникалық жоғары колледжі, Қордай ауылшаруашылығы колледжі, № 7 Бетқайнар колледжі, № 9 Меркі колледжі, № 3 Байзақ колледжі, № 8 Мойынқұм колледжі, № 10 Шу колледжі, № 11 Сарысу колледжі, № 16 Жуалы колледжі, № 17 Жамбыл колледжі).

Аталған колледждер 7 білім беру бағдарламасы («Агрономия», «Ветеринария», «Зоотехния», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Балық шаруашылығы», «Ара өсіру және жібек шаруашылығы», «Орман шаруашылығы») бойынша жұмысшы және орта буын мамандарын (жұмысшы-11, орта буын-4) даярлауда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруда өңірдің  мамандарға қажеттілігін анықтау үшін кәсіпорындарда жүргізілген  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің ұсынған қажеттіліктері қаралады.

Талас ауданының әкімінің келісімімен бекітілген  2024-2028 жылдарға арналған қажеттілікауылшаруашылығы, малшаруашылығы мамандықтары   мамандықтар тізілімде жоқ.

Алдағы уақытта, қажеттілік болған жағдайда Қаратау қаласында орналасқан Қаратау құрылыс техникалық колледжінде мамандықтарды ашу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

19.  

Әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерімен көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қадағалау

тұрақты

Талас ауданының әкімі

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі тарапынан 14 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

2024 жылдың 5 айында әлеуметтік көмек түрлері келесідей тағайындалып төленді:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік                    көмек – 273 отбасындағы 1 499 адамға (2 029 бала) 59 982,0 мың теңге;

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама – 231 отбасындағы 444 балаға 8 295,0 мың теңге;

Көмек түрі: жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен (32362 тг.) төмен аз қамтылған отбасыларға, табысы мен кедейшілік шегінің айырмасы ретінде тағайындалады.

Тұрғын үй көмегі – 76 отбасындағы 378 адамға 1 900,0 мың теңге;

Көмек түрі: аз қамтылған отбасыларға, коммуналдық шығындарын өтеу үшін, табысы мен тұрғын үй алаңын ескеріп тағайындалады.

Біржолғы әлеуметтік көмек – 131 адамға 15 444,0 мың теңге;

Үйден оқыту – 43 мүгедектігі бар балаларға 1 456,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Көмек түрі: мүгедектігі бар, денсаулығына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға үйден оқыту кезеңінде төленеді.

Отын сатып алу – әлеуметтік сала мамандарына, маусым айынан төленеді. Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасына аудан тұрғындары тарапынан 2024 жылдың басынан 41 шағым оның ішінде 5 шағым (СРР) программасына арқылы, 5 шағым денсаулық сақтау басқармасы арқылы. 35 шағым call center орталығы, е-өтініш арқылы түскен. 8 шағым  мүгедектік берілмегендігі туралы, 5 шағым «Денсаулық» медициналық орталығына жолдама берілмегендігі және 4 шағым МРТ КТ жолдама берілмегендігі туралы,  ал, қалған шағымдар әр түрлі негізсіз себептермен жасағандар. Аталған шағымдар толық Заң талаптарына сәйкес мерзімінде қанағаттандырылды. Емдеу алдын-алу мекемелерінде көрсетілетін қызмет сапалы әрі қол жетімді болу үшін стационарлық жағдайларда тәулік бойы білікті және мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде медициналық себептер бойынша профилактикалық, диагностикалық және терапевтік қызметтерді тұрақты көрсетуде.

 

 

Облыс әкімінің Талас ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Дата публикации
22 июля 2024