Облыс әкімінің Байзақ ауданы Мырзатай және Көктал ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Облыс әкімінің Байзақ ауданы Мырзатай және Көктал ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

 

№

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

 Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.            

Тараз қаласы Жамбыл даңғылы мен Мамбет батыр көшесі қиылысының Байзақ ауданы, Көктал ауылына қарай бұрылысының сол жағына қоғамдық көліктерге арналған аялдама және жаяу жүргіншілер жолағы мен жол белгілерін орнату

2024 жыл

2 тоқсан

(аралық ақпарат 2023 жылдың           20 желтоқсаны)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Тараз қаласының әкімі (жинақтау)

Тараз қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, жергілікті орынға комиссиялық түрде шығып, тексеру жүргізілген. Нәтижесінде аталған жерге автобус аялдамасын (жаяу жүргінші жолағы және белгі) орнату орны Жамбыл даңғылы - Мәмбет батыр көшесінің қиылысына жақын орналасқандықтан және сол аумақтағы кәсіпорындарға кіреберіс жолды жабатындықтан бастартылған. Бұдан бөлек, Мәмбет батыр көшесі, №1В (Жамбыл даңғылы - Мәмбет батыр көшесінің қиылысынан «Ауыл береке» базарына қарай) және №17А (Жамбыл даңғылы - Мәмбет батыр көшесінің қиылысынан Көктал ауылына қарай)  мекенжайында аялдамалар орналасқан. Аталған аялдамалардың ара қашықтығы 410 метрді құрайды.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің №349 бұйрығының 3 параграф, 25 тармақ, 1 тармақшасына сәйкес: «кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс» екендігі көрсетілген.

 

2.            

Мырзатай ауылдық округіне                                      «Ауыл аманаты» бағдарламасын енгізу жолдарын қарастыру

2024 жыл

4 тоқсан

(аралық ақпарат 2024 жылдың               1 наурызы)

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Мырзатай ауылдық округіне                                      «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% несие беру Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгкен жағдайда, 2024 жылы іске асырылатын болады.

 

3.            

Мырзатай ауылындағы орта мектебі жанындағы шағын орталықтың шатырын ауыстыру жолдарын қарастыру

2023 жылдың соңына дейін

Байзақ ауданының әкімі

Бүгінгі күнге Мырзатай орта мектебінің жанындағы шағын орталықтың шатыры жұмсақ жамылғымен  толықтай жабылды.

 

4.            

Сарыкемер ауылында 5 қабатты 60 пəтерлі тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4) құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы бес қабатты 60 пәтерлі төрт тұрғын үйге конкурс жарияланып, жеңімпазы «БИНОМ» ЖШС анықталған. Әр үйдің жалпы сметалық құны 651476,4 мың теңге, оның ішінде құрылыс монтаж жұмыстарына 607675,7 мың теңгені құрады. Нысанның конкурстық құны 438 004,0 мың теңге. құрады. Бүгінгі күнге 4 үйдің құрылысы және абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып,. Ағымдағы жылы шілде айында 240 пәтерді толығымен тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға пайдалануға беру жоспарлануда.

 

5.            

Сарыкемер ауылында қуаты 2х16000 кВА ВЛ-35 кВ 35/10 кВ ҚС 2 қосалқы станцияның мерзімде қосылуын қамтамасыз ету

2023 жылдың соңына дейін

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Аудан тұрғындарын және жаңадан салынып жатқан нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін,                       2022 жылдың қараша айында Сарыкемер ауылына қуаты 2х16000 кВт Вл 35кВ 35/10кВ екі тізбекті желілі подстанциясының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары «АСБ Электромонтаж» ЖШС-і арқылы                            855, 9 млн. теңгеге жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 100% аяқталды.

 

6.            

Сарыкемер ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан көп қабатты үйлердің және денсаулық нысандарының жарамсыз қалдықтары мен жалпы кәріз жүйесін қалыптастыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлесін

2024 жыл

4 тоқсан

(аралық ақпарат 2024 жылдың                 1 наурызы)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары,

Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылы тығыз орналасқандықтан әр көше бойымен кәріз жүйесін тарту мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты кәріз жүйесін қажетті аймақтарды қамти отырып, ауыл сыртына шығару жоспары қарастырылуда. Аталған нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және сараптамадан өткізу жұмыстарына болжамды түрде 200 млн. теңге қаржының қажеттілігі анықталды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарын бастау үшін 10 млн. теңге қаражат қарастырылды.

 

7.            

«Агрохолдинг Аspan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қызылша алаңында «Дала күні» (День поля) іс-шарасын ұйымдастыру

2023 жылдың қазан айының  3-онкүндігінде

 

 

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек,

облыс әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

«Дала күні» (День поля) іс-шарасы 2023 жылдың 28-қарашасы күні Байзақ ауданы «Агрохолдинг Aspan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 200 гектар жаңбырлатып суару технологиясымен өсірілген қант қызылшасы алқабында ұйымдастырылды.

 

8.            

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясындағы оқушылар санының өсуіне байланысты жаңа мектеп құрылысын салу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу

2024 жыл

4 тоқсан

(аралық ақпарат 2024 жылдың                 1 наурызы)

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров,

облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы,

облыс әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданының әкімі (жинақтау)

Сарыкемер ауылынан 600 орындық жаңа мектеп құрылысын салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жер телімін таңдау актісі,  мектептің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт әзірленіп «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-не ұсынылған. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан су құбыры желісін қосудың техникалық шарты, газ тарату жүйесіне және жобалауға арналған техникалық шарт, электр желілеріне қосылудың техникалық шарты алынды.

 

 

 

      

Облыс әкімінің Байзақ ауданы Мырзатай және Көктал ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы
Дата публикации
22 июля 2024