2024 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІІ тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) бекітілген Тізілімге сәйкес 174 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 281 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 270 қызмет (96,1 %);
  • қағаз түрінде – 11 қызмет түрі (3,9 %).

Мемлекеттік корпорация арқылы   – 89 қызмет (31,7 %) түрі көрсетіледі.

2024 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 3 275 595 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    3 210 331 қызмет (98%);
  • қағаз түрінде –     259 қызмет (0,01 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   65 005 қызмет (1,99%). 

Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 970 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.

2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 12.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 1 255 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.

         2024 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО-ның және бағынысты мекемелерінің 54 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІІ тоқсанында

көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің сапасына

жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары бойынша

қысқаша есебі

 

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 31 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 15 жергілікті атқарушы органдар, 14 ведомстволық бағынысты ұйымдар және 2 ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсететін заңды тұлғаларды (мемлекеттік органдар немесе ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылмайтын)  қамтыды (31 нысан).

Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.

Нәтижесінде 606 заңбұзушылықтар анықталды және 64 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Сонымен қатар бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша
10 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

         Бақылау барысында анықталған бұзушылықтардың ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 21 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 66 фактісі, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 63 фактісі, көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде және Мемлекеттік корпорациясы филиалдарының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауыдың 1 фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 455 фактісі орын алды.

2024 жылдың ІІ тоқсанында көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
12 июля 2024