Пресс релиз

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Серғали Өмірзақұлы Айдапкеловтың Жуалы ауданы

тұрғындарымен кездесуі

 

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалған Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері әкімдері сайлауын әзірлеу мен өткізу барысының дайындық жұмыстары аясында ауданға арнайы келіп, Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының ғимаратында Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Жуалы аудандық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Әбдікерім Үркімбаев, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев, Б.Момышұлы ауылының, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтерінің жергілікті қауымдастықтардың төрағалары, Б.Момышұлы ауылынан, Ақтөбе және Шақпақ ауылдық округтерінен сайланған мәслихат депутаттары, Жуалы аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиынды Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Алтыбаева ашып, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловке сөз берді. Серғали Өмірзақұлы кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заң нормалары туралы және  сайлаушылардың саны туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы ауылында 9175, Шақпақ ауылдық округінде 2363 сайлаушы болса, ал Ақтөбе ауылдық округінде 1388 сайлаушы бар екендігін жеткізді.

Сонымен қатар С.Айдапкелов «Сайлау қоғамдық саяси науқан болғандықтан, барлық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партия, байқаушылар мен сенімді өкілдер тарапынан үлкен бәсекелестік ахуал қалыптасуы - шартты жағдай. Бұл барлық дамыған елдерде өтіп жатқан сайлаулардың тәжірибесінде көрініс табатын құбылыстар. Сондықтан, қоғам ішіндегі таңдау жасау құқығы қандай жағдайда болмасын шектелмеуі тиіс және әр сайлаушы өз округіндегі қалаған кандидатқа ерікті түрде дауыс бере алатындығы» жөнінде айтып өтті. 

Кездесуге соңында Серғали Өмірзақұлы сайлаушылардың құқығын қамтамасыз ету туралы кеңірек тоқталды. Саяси науқанға белсенді азаматтық позицияларын білдіріп, сайлауға қатысуға атсалысу керектігін баса айтып, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Жуалы аудандық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Әбдікерім Үркімбаев «Сайланған әкімдерге өздерінің сайлауалды бағдарламаларын орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданылады және қандай органның тарапынан қолданылатындығы туралы сұрақ қойып,  толыққанды жауабын алды.  

Іссапар барысында С.Айдапкелов аудан орталығында орналасқан №200 сайлау учаскесінің сайлауға дайындық бойынша атқарылған жұмыстарымен танысып, сайлау күні дауыс беру процессінде ешқандай заң бұзушылық жол бермеу керектігін қатаң ескертті.

Дата публикации
08 июля 2024