ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2024 жылғы 24 маусым Тараз қаласында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың төрағалығымен Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық сайлау комиссиясының мүшелері және Тараз қаласының және аудандардың өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
Комиссия отырысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша Тараз қалалық сайлау комиссиясының «Сайлау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары туралы (Байзақ және Жамбыл аудандарынан қала аумағына енетін елді мекендерде орналасқан сайлау округтері мен учаскелерінің шекараларын нақтылау жұмыстары туралы) Тараз қалалық сайлау комиссиясын төрағасы Ж.Паримбековтың есебі тыңдалды.
«Сайлау процесін даярлау және өткізу барысында сайлау комиссияларының саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен және сайлау процесін даярлауға қатысушы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстары туралы» Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Алтыбаева баяндама жасады
Келесі кезекте күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша облыстық сайлау комиссясының хатышсы мен мүшелері баяндама жасады.
Кеңейтілген комиссия отырысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов қорытындылап Тараз қаласы мен аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына баяндамашылардың есептері бойынша нақты тапсырмалар беріп, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру бойынша және мекенжай тіркелім кодтарын тиісті сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстарын үнемі бақылауды ұстау қажеттігін қатаң тапсырды.