Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімдері 330,7 млрд. теңгені, НКИ - 90,5% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі 16,6%-ға (212,0 млрд. теңге) төмендеді.
Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 3,5%-ға (44,4 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 2,7%-ға (71,6 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі - 3,2%-ға (2,7 млрд.теңге) өсім байқалады.
2024 жылы 359 жаңа жұмыс орынын құрумен 34,9 млрд. теңгеге 5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда («Shagala Mining» ЖШС-гі - Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу, құны - 29,6 млрд. теңге, қуаттылығы - 9,1 мың тонна жылына, 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда (Мойынқұм ауданы); «Kazchemtrading» ЖШС-гі - цемент зауытының құрылысы, құны - 4,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 400 мың тн/жыл., 67 жаңа жұмыс орны құрылды (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС-гі - мақсары майы өндірісін құру, құны - 120 млн. теңге, қуаттылығы - 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК - қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны - 0,2 млрд. теңге, қуаттылығы - қызанақ 250 тонна, қияр - 375 тонна, қызанақ шырыны - 35 мың литр, жасыл жем - 250 тонна жылына, 18 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Satellie GS» ЖШС мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны - 0,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына, 33 жаңа жұмыс орны құрылды (Мойынқұм ауданы)).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 81,0 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-мамырға 103,1%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,9 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 80,1 млрд. теңге (НКИ - 103,1%).
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 23,0 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2024 жылдың 1 маусымына 13,1 млрд.теңге игерілді.
Өсімдік шаруашылығында 2024 жылға 157,7 мың га күздік егін егілді, бұл жоспарда көзделген 101,4%-ды құрайды.
Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 46,5 мың тоннаны (105,0%) құрады, сүт - 115,4 мың тонна (101,1%), жұмыртқа - 41,3 млн. дана (96,9%) өндірілді.
МІҚ саны 547,1 мың басты (102,9%), қой - 3924,7 мың басты (101,4%), жылқы - 191,6 мың басты (103,1%), құс - 2195,4 мың басты (105,7%) құрады.
Конец формы
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1266,4 млрд. теңге (102,7%), жұмыспен қамтылғандар саны - 169,5 мың адамды (111,0%) құрады.
2024 жылдың 1 маусымына жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 105,4 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 89,2%-ды құрайды.
2024 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда айналымы 185,0 млрд.теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтар-мамырға 2,5%-ға өсті, көтерме тауар айналымы - 127,2 млрд. теңгені құрап, 10,2%-ға төмендеді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі сыртқы сауда айналымы 107,3 млн. АҚШ долларын немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 83,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт - 27,6 млн. АҚШ доллар (74,4%), импорт - 79,7 млн. АҚШ доллар (87,3%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 52,1 млн. АҚШ доллар. Начало формы Начало формы
Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 221,5 млрд.теңгені (108,0%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 19,3 млн. тонна (105,9%), жүк айналымы - 17,5 млрд.ткм (101,4%), жолаушыларды тасымалдау - 27,9 млн. адам (113,3%), жолаушылар айналымы - 0,9 млрд. жкм (119,3%) құрады.Конец формы
Конец формы
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 149,8 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 122,8%-ды құрады.
Инвестиция көлемінің өсуі Тараз қаласында сауда үйлерін, супермаркеттерді, мейрамханаларды, кафе және қонақ үйлерді пайдалануға беру есебінен, негізгі құралдарды сатып алу есебінен («НефтеХимПрибор» ЖШС), құрал жабдықтарды сатып алу есебінен («НДФЗ фосфорлық зауыты» Жамбылдық филиалы), Жамбыл ауданында күн электростансасының құрылысы («AEC ASA» ЖШС), Қордай ауданында Қордай ауылында тәулігіне 3500 тн клинкер өндіретін цемент өндіру зауытының құрылысы («Корцем» ЖШС), Талас ауданында вакуумдық сорғы, ортадан тепкіш сорғы, жартылай суасты сорғы, қап тігін машинасы, бункер сатып алу («TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.
Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 55,4 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 103,4%-ды құрады.
Өсім Меркі ауданында республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрыл Байтал» автожолын қайта жаңғырту (7-273 шқ, «Мерке-Шу» учаскесі) («ҚР «СиньСинь» Құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС-гі филиалы), Сарысу ауданында «Опорная» қосалқы станциясын монтаждаудың аяқталуына, 220 кВ әуе желісін монтаждауды аяқтауға, «Шоқпарская» қосалқы станциясын монтаждауды аяқтауға, 35 кВ кабельдік желіні орнатуды аяқтау («GCD PARTNER» ЖШС), Қордай ауданында 3 ауылға газ құбырын тарту арқылы (Қордай, Еңбек, Керу), Қарасай ауылына газ құбырының 1 кезегі («АЛИЯ-СЕРВИС» ЖШС), Қордай ауылында тәулігіне 3500 тн клинкер өндіретін цемент өндіру зауытының құрылысы («КАЗГРАДОСТРОЙ» ЖШС), есебінен қамтамасыз етілді.
Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 215,7 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 102,0%-ды құрады.
Инфляция деңгейі 2024 жылғы мамыр айында 2023 жылғы желтоқсанға 2,7% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 2,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 2,2%-ға, ақылы қызметтерге - 3,7% - ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,8 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 3,5%).
Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылдың мамыр айында бағалар пияз - 35,8%-ға, картоп - 12,8%, қызылша - 7,9%-ға, зәйтүн майы - 3,1%-ға, сәбіз - 2,8%-ға, жаңадан жиналған жемістер - 2,3%-ға (о.і. алма - 4,9%-ға), күріш - 3,7%-ға, макарон өнімдері - 0,5%-ға (о.і. лапша - 2,1%-ға), ет - 0,4%-ға (о. і. құс еті - 1,2%-ға, сиыр еті - 1,0%-ға), сұлы жармасы - 0,1%-ға өсті.
Жаңадан жиналған көкөністер - 10,1%-ға (о.і. ақ қырыққабат - 42,4%-ға, қияр - 39,9%-ға, қызанақтар - 17,2%-ға), жармалар - 3,6%-ға (о.і. қарақұмық - 6,9%-ға), жұмыртқа - 12,6%-ға, өсімдік, күнбағыс майы - 1,0%-ға, тұз - 0,4%-ға, қант - 0,3%-ға, сүт өнімдері - 0,1%-ға (о.і. майлылығы 5-9% сүзбе - 1,4%-ға, майлылығы 2,5% айран - 0,1%-ға) төмендеді.
Ұн, нан, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, ішетін сүт, қаймақ, қатты ірімшік, шай, кофе бағасы өзгеріссіз қалды.
Азық-түлік емес тауарларға баға кітаптар және кеңсе тауарлары - 1,3%-ға, тұрмыстық аспаптарға - 0,9%-ға, автокөлік құралдарын сатып алу - 0,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,2%-ға өсті.
Шыны бұйымдары, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтарының бағасы - 0,5%-ға төмендеді.
Бензин, дизель отыны, жуғыш және тазалағыш құралдар бағасы өзгеріссіз қалды.
Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында көлік қызметі - 0,5%-ға (о.і. әуе жолаушылар көлігі - 9,3%-ға, автомобиль жолаушылар көлігі - 0,5%-ға, темір жол жолаушылар көлігі - 0,1%-ға), демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 4,7%-ға, тұрғын үй жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер - 2,2%-ға бағалары өсті.
Тұрғын үй үшін нақты жалгерлік төлем, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем, стоматологиялық қызметтер, кабельдік телевизия қызметтері, интернет бағасы өзгеріссіз қалды.
Салықтар. 2024 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке 107,8 млрд. теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 117,6% (о.і. РБ - 28,2 млрд. теңге (88,8%), ЖБ - 74,5 млрд. теңге (134,1%) түсті.
Салық бойынша берешек 6,5 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 213,1%-ды құрады.
Бюджет. 2024 жылдың 1 маусымына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 245,9 млрд. теңгені, о.і. өзіндік кірістері - 74,5 млрд. теңгені немесе болжамға 134,1%-ды (о.і. салықтық түсімдер - 66,1 млрд. теңге (131,2%), салықтық емес түсімдер - 4,5 млрд. теңге (153,0%), негізгі капиталды сатудан түсімдер - 3,9 млрд. теңге (173,3%)) құрады.
Бюджеттік шығындар 99,6%-ға (237,2 млрд. теңге) игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жалпы 25598 адам құрады. Жұмыс берушілердің бос орындарына 8693 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 608 адам, жастар практикасымен 865 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен - 8866 адам қамтылды.
Жаңадан 24940 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы - 12737. Жұмыс іздеп тіркелген 37400 адамның 19511-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 282100 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 10,8%-ға артты (2024 ж. 1 тоқсан).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
128843 теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға өсті (2023 ж. алдын-ала деректер).
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 36,7 мың тұрғынға 1 368,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек – 1 266,8 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы – 74,6 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы – 27,3 млн. теңге төленді).
Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 353,3 млрд. теңге қарастырылып, 128,3 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,9%.
Білім беру саласында 34 білім беру нысанын дамытуға 30,5 млрд. теңге бөлінді.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында 1 мектеп (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық а. 1 мектеп (600 орындық), Қордай ауданында 3 мектеп (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (600 орындық), Шу ауданында 2 мектеп (1200 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (600 орындық) құрылысы жоспарлануда.
Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектеп (200 орындық), Жамбыл ауданында 2 мектеп (250 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында 1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қ. 1 мектеп (180 орындық) және 14 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстағы 445 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 298 мектепте 921 интерактивті панельдер орнатылған.
Бүгінге, 586 мектепке дейінгі ұйымдармен (465 балабақша, 121 шағын орталықтар) 63,1 мың бала немесе 92,1% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
18,2 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге – 4,8 млрд. теңгесі игерілді, немесе 97,3%-ды құрады.
Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,8 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге 1,9 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 6 063,8 млн. теңге бөлінді, есепті мерзімге 298,1 млн. теңгесі игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5522,6 млн. теңге (о.і. РБ - 3023,0 млн. теңге, ЖБ - 2 499,6 млн.теңге) қарастырылған.
Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП - 10 құрылысы, Қордай а. 270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана, Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы, Қордай ауданы Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).
2024 жылдың қаңтар-мамырында қант диабеті, психикалық бұзылулар және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Сонымен қатар, туберкулез, қатерлі ісік, наркологиялық және мерез ауруларымен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.
Ана өлімі тіркелмеген.