Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өнімдері 258,8 млрд. теңгені, НКИ - 91,0% құрады.

Өңдеу өнеркәсібі 17,5%-ға (163,9 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 0,5%-ға (57,5 млрд. теңге) төмендеді. 

Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 11,6%-ға (35,2 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметтерінің көлемі - 4,3%-ға (2,1 млрд.теңге) өсім байқалады.

2024 жылы 359 жаңа жұмыс орынын құрумен 34,9 млрд. теңгеге                           5 өнеркәсіптік-инновациялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда                             («Shagala Mining» ЖШС-гі - Мойынқұм ауданындағы мыс кендерін үймелеп шаймалау бойынша кәсіпорын салу,    құны - 29,6 млрд. теңге, қуаттылығы - 9,1 мың тонна жылына, 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда (Мойынқұм ауданы); «Kazchemtrading» ЖШС-гі - цемент зауытының құрылысы, құны - 4,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 400 мың тн/жыл., 67 жаңа жұмыс орны құрылды (Сарысу ауданы); «IMG Group» ЖШС-гі - мақсары майы өндірісін құру, құны - 120 млн. теңге, қуаттылығы - 360 тн/жыл., 8 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Genesis» ЖК - қызанақ шырынын өндіру, көкөніс өсіруге арналған жылыжай салу, гидропоникада жасыл жем өндіру, құны - 0,2 млрд. теңге, қуаттылығы - қызанақ 250 тонна, қияр - 375 тонна, қызанақ  шырыны - 35 мың литр, жасыл жем - 250 тонна жылына,                    18 жаңа жұмыс орыны құрылды (Жуалы ауданы); «Satellie GS» ЖШС                    мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауыт құрылысы, құны - 0,5 млрд. теңге, қуаттылығы - 30 мың тонна құрамында алтын бар кен концентраты жылына, 33 жаңа жұмыс орны құрылды (Мойынқұм ауданы)).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 62,1  млрд. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 102,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 0,5 млрд. теңге (НКИ-100%), мал шаруашылығы - 61,6 млрд. теңге (НКИ - 102,9%).

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2024 жылы облыстық бюджеттен 19,8 млрд. теңге субсидия бөлінді. 2024 жылдың 1 мамырына 10,1 млрд.теңге игерілді.

Өсімдік шаруашылығында 2024 жылға 161,6 мың га күздік егін егілді, бұл жоспарда көзделген 100%-ды құрайды.

Мал шаруашылығында шаруашылықтардың барлық санаттарында ет өндіру (тірі салмақта) 36,5 мың тоннаны (104,8%) құрады, сүт - 83,4 мың тонна (101,2%), жұмыртқа - 30,2 млн. дана (90,8%) өндірілді.

МІҚ саны 545,2 мың басты (103,0%), қой - 3882,5 мың басты (102,8%), жылқы - 190,3 мың басты (104,1%), құс - 2061,2 мың басты (97,8%) құрады.

 

 

Конец формы

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында  шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 1266,4 млрд. теңге (102,7%), жұмыспен қамтылғандар саны - 169,5 мың адамды (111,0%) құрады.

2024 жылдың 1 мамырына жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 106,1 мың бірлікті құрады. Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрғандарының үлесі 90,4%-ды құрайды.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда айналымы                                149,3 млрд.теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтар-сәуірге 2,3%-ға өсті, көтерме тауар айналымы - 97,7 млрд. теңгені құрап,  7,8%-ға төмендеді.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы сыртқы сауда айналымы                   66,8 млн. АҚШ долларын немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға                                71,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт - 17,9 млн. АҚШ доллар                           (61,4%), импорт - 48,9 млн. АҚШ доллар (76,2%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты 31 млн. АҚШ доллар. Начало формы Начало формы

Көлік. Көлік қызметтері 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында                     176,5 млрд.теңгені (111,6%) құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 15,4 млн. тонна (105,6%), жүк айналымы - 14,0 млрд.ткм (101,8%), жолаушыларды тасымалдау - 22,0 млн. адам (113,8%), жолаушылар айналымы - 0,7 млрд. жкм (121,6%) құрады.Конец формы

 

 

Конец формы

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 109,5 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 123,1%-ды құрады. 

Инвестиция көлемінің өсуі Жамбыл ауданында күн электростансасының құрылысы «AEC ASA» ЖШС), Жуалы ауданында Ертай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Момышұлы ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы («Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ)»), Түктібай және Б.Момышұлы ауылдарындағы орта мектептерге қосымша ғимарат, Тасбастау ауылында ФАП, Шыңбұлақ ауылындағы МП құрылысы («Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ), ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу арқылы («ҚАРАСАЗ-2023» АӨК, «АЛАТАУ БЕРЕКЕ» АӨК, «ОРАҚ БАЛҒА-МЫҢБҰЛАҚ» АӨК), Қордай ауданында Қордай ауылында тәулігіне 3500 тн клинкер өндіретін цемент өндіру зауытының құрылысы («Корцем» ЖШС), Талас ауданында вакуумдық сорғы, ортадан тепкіш сорғы, жартылай суасты сорғы, қап тігін машинасы, бункер сатып алу («TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

 Есепті кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 45,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 114,0%-ды құрады.

Өсім Қордай ауданында 3 ауылға газ құбырын тарту арқылы (Қордай, Еңбек, Керу), Қарасай ауылына газ құбырының 1 кезегі («АЛИЯ-СЕРВИС» ЖШС), Қордай ауылында тәулігіне 3500 тн клинкер өндіретін цемент өндіру зауытының құрылысы («КАЗГРАДОСТРОЙ» ЖШС), Меркі ауданында республикалық маңызы бар «Меркі-Бұрыл Байтал» автожолын қайта жаңғырту (7-273 шқ, «Мерке-Шу» учаскесі) («ҚР «СиньСинь» Құрылыс және даму жөніндегі Қытай компаниясы» ЖШС-гі филиалы), Сарысу ауданында «Опорная» қосалқы станциясын монтаждаудың аяқталуына, 220 кВ әуе желісін монтаждауды аяқтауға, «Шоқпарская» қосалқы станциясын монтаждауды аяқтауға, 35 кВ кабельдік желіні орнатуды аяқтау  («GCD PARTNER» ЖШС) есебінен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі                  159,7 мың ш.м немесе 2023 жылдың тиісті деңгейіне 102,9%-ды құрады.

Инфляция деңгейі 2024 жылғы сәуір айында 2023 жылғы желтоқсанға 2,8% құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 3,1%-ға, азық-түлік емес тауарларға  - 2,0%-ға, ақылы қызметтерге - 3,2%-ға өсті.

Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР - 3,1%).

Азық-түлік тауарлары бойынша 2024 жылдың сәуір айында бағалар ақ қауданды қырыққабат - 11,2%%-ға, қант - 8,4%%-ға, қызылша - 5,0%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,2%-ға, жаңадан жиналған жемістер - 2,1%-ға (о.і. алма - 3,4%-ға), күріш - 1,9%-ға, сүт өнімдері - 0,4%-ға (о. і. қаймақ - 2,0%-ға, ішетін сүт, майлылығы 2,5% айран - 0,3%-ға ), ет - 0,2%-ға (о. і. құс еті - 1,5%-ға, сиыр еті - 0,2%-ға ), ұн, нан, кофе - 0,1%-ға өсті.

Жұмыртқа - 7,9%-ға, жаңадан жиналған көкөністер - 3,4%-ға                            (о.і. қиярлар - 27,6%-ға, қызанақтар - 4,9%-ға, басты пияз - 2,6%-ға, сәбіз - 2,4%-ға), майлар және тоң майлар - 2,2%-ға (о. і. күнбағыс майы - 5,6%-ға, өсімдік майы - 5,5%-ға), жармалар - 0,6%-ға (о. і. қарақұмық - 1,1%-ға, арпа - 0,1%-ға) төмендеді.

Макарон өнімдері, шай, жылқы еті, қой еті және шошқа еті, шұжықтардың, қатты ірімшіктің бағасы өзгеріссіз қалды.

Азық-түлік емес тауарларға баға фармацевтикалық өнімдер, жуғыш және тазалағыш құралдарына - 0,9%-ға (о. і. жұғыш ұнтақ - 0,8%-ға), тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар - 0,6%-ға, сырт киімдерге - 0,4%-ға өсті.

Автокөлік құралдарын сатып алудың бағасы - 2,0%-ға, тұрмыстық аспаптар - 1,5%-ға төмендеді.

Бензин, дизель отыны, кітаптар және кеңсе тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды.

Ақылы қызметтер бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында сумен жабдықтау - 13,0%-ға, су бұру - 11,6%-ға, әуе жолаушылар көлігі - 8,7%-ға, интернет - 3,1%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 0,7%-ға бағалары өсті.

Туристердің медициналық сақтандыруы бойынша баға - 2,2%-ға, сақтандыру - 1,0%-ға, жолаушылар темір жол көлігі - 0,1%-ға төмендеді.

Тұрғын үй үшін жалгерлік төлем, электр энергиясы, білім берудің бағасы өзгеріссіз қалды.

Салықтар. 2024 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке                             81,3 млрд.теңге салықтар мен басқа міндетті төлемдер немесе болжамға 117,7%  (о.і. РБ - 21,3 млрд. теңге (84,7%), ЖБ  - 60,0 млрд. теңге (136,7%) түсті.

Салық бойынша берешек 5,3 млрд.теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 185,2%-ды құрады.

Бюджет. 2024 жылдың 1 мамырына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 192,8 млрд.теңгені, о.і. өзіндік кірістері - 60,0 млрд. теңгені немесе болжамға 136,7%-ды (о.і. салықтық түсімдер - 53,1 млрд. теңге (133,8%), салықтық емес түсімдер - 3,3 млрд. теңге (165,5%), негізгі капиталды сатудан түсімдер  -  3,7 млрд. теңге (161,2%)) құрады.

Бюджеттік шығындар 99,5%-ға (175,9 млрд.теңге) игерілді.  

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жалпы 20010 адам құрады. Жұмыс берушілердің бос орындарына 5880 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 473 адам, жастар практикасымен 660 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен  - 7966 адам қамтылды.

Жаңадан 19417 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы -                       9002. Жұмыс іздеп тіркелген 30743 адамның 14431-і жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 287585 теңгені құрады,                 бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда - 18,1%-ға                     артты (2023 ж. 4 тоқсан).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 
139608 теңгені құрап, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда                   19,6%-ға өсті (2023 ж. 4 тоқсан).

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 34,2 мың тұрғынға 1 126,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді (о.і. атаулы әлеуметтік көмек -                  1036,9 млн. теңге, тұрғын үй жәрдемақысы - 65,3 млн. теңге, үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы - 24,5 млн. теңге төленді).

Білім беру. 2024 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 351,6 млрд. теңге қарастырылып, 98,7 млрд. теңге игерілді немесе есепті кезең жоспарына 99,9%.

Білім беру саласында 34 білім беру нысанын дамытуға 29,7 млрд. теңге бөлінді.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Байзақ ауданында    1 мектеп (600 орындық), Жамбыл ауданы Шайқорық а.  1 мектеп                             (600 орындық), Қордай ауданында 3 мектеп (1500 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп (600 орындық), Шу ауданында 2 мектеп (1200 орындық), Тараз қ.                      1 мектеп  (600 орындық) құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ұлттық жобадан тыс Байзақ ауданында 2 мектеп                       (200 орындық), Жамбыл ауданында 2 мектеп (250 орындық), Меркі ауданында 1 мектеп  (150 орындық), Мойынқұм ауданында 2 мектеп (200 орындық), Т.Рысқұлов ауданында 1 мектеп (120 орындық), Сарысу ауданында  1 мектеп (50 орындық), Шу ауданында 1 мектеп (100 орындық), Тараз қ. 1 мектеп                         (180 орындық) және 14 мектепке жапсарлас құрылысы қарастырылған.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен              1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.

Облыстағы 445 мектеп Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылған. 342 мектепте 799 интерактивті панельдер орнатылған.

Бүгінге, 586 мектепке дейінгі ұйымдармен (465 балабақша, 121 шағын орталықтар) 63,1 мың бала немесе 92,1% (1-6 жас) қамтылды,                          бұл 2023 жылдың деңгейінен 0,4 пайыздық тармаққа жоғары.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2024 жылы
17,7 млрд. теңге бөлініп, есепті кезеңге - 3,4 млрд. теңгесі игерілді, немесе 98,5%-ды құрады.

Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге - 3,8 млрд. теңге бөлініп, есепті мерзімге                               1,6 млрд. теңгесі игерілді, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 6686,2 млн. теңге бөлінді, есепті мерзімге          113,4 млн. теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5063,1 млн. теңге                               (о.і. РБ - 3023,0 млн. теңге, ЖБ  - 2040,1 млн.теңге) қарастырылған.

Бөлінген қаражатқа 26 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу қарастырылған (ДА - 5, МП - 7, ФАП - 10 құрылысы, Қордай а.                    270 төсекке арналған орталық аудандық аурухана, Масаншы а. ауруханасының емханасына қосымша құрылысы, Қордай ауданы Сортөбе а. бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана салу, Меркі ауданының ОАА ғимаратын қайта жаңғырту).

2024 жылдың қаңтар-сәуірінде қатерлі ісік, психикалық бұзылулар және қан айналымы жүйесімен алғаш сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

Сонымен қатар, туберкулез, қант диабеті, наркологиялық және мерез ауруларымен алғаш сырқаттанушылықтың деңгейі төмендеді.

Ана өлімі тіркелмеген.

 

Жамбыл облысының 2024 жылдың қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Дата публикации
25 июня 2024